Панкреатин-ЛекТ

МНН: Панкреатин
Производитель: Тюменский химико-фармацевтический завод ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Multienzymes (lipase, protease etc.)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019175
Информация о регистрации в РК: 20.08.2012 - 20.08.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Панкреатин – ЛекТ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар.

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар - 0.09 г панкреатин

протеолитикалық - 200 ӘБ ФИП

амилолитикалық - 3500 ӘБ ФИП

липолитикалық - 3500 ӘБ ФИП белсенділігі кем емес,

қосымша заттар: лактоза (сүт қанты), төмен молекулалы поливинилпирролидон (ПВП), микрокристалды целлюлоза (МКЦ), кальций стеараты,

қабықтың құрамы: твин-80 (полисорбат 80), титанның қостотығы Е 171, колликут МАЕ 100Р, понсо бояғышы 4R Е124, тальк, полиэтиленгликоль-6000 (ПЭГ-6000).

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, екі жағы дөңес, қызғылт немесе қою қызғылт түсті ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабат көрінеді, сызығы жоқ.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорытуға әсер ететін препараттар. Ас қорыту ферменттік препараттары

АТХ коды А09АА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Панкреатин ферменттері – ұйқы бездері ферменттері тапшылығын толықтырып, астың қорытылуы мен сіңуіне ықпал ететін ақуыз тектес заттар. Панкреатин ферменттері асқазан сөлінің әсерінен қабықпен қорғалатындықтан, аш ішек сілтілік ортасында дәрілік түрінен босатылады. Асқазан-ішек жолында панкреатин ферменттерінің айтарлықтай сіңуі байқалмайды, сондықтан жүйелік қан ағымында анықталмайды; гидролиз үдерісінде белсенділігі жойылып, қорытылады. Әсері жүзеге асу үшін олардың сіңірілуі талап етілмейді. Керісінше, толық емдік әсері асқазан-ішек жолының саңылауында жүзеге асады. Олар ақуыз молекулалары болып табылатындықтан, ферменттер бұдан әрі пептидтер немесе амин қышқылдары түрінде сіңірілгенше асқазан-ішек жолында жылжу шамасына қарай протеолитикалық қорытылуға ұшырайды. Ең жоғары ферменттік белсенділігі ішу арқылы қабылдағаннан кейін 30-45 минуттан соң білінеді. Панкреатин сіңбейді, бірақ негізінен ас қорыту сөлдері немесе бактерияларымен ыдыраған немесе денатурацияланған нәжіс арқылы шығарылады. Фармакодинамикасы

Панкреатин-Лек Т – полиферментті препарат. Ұйқы безінің сыртқы сөліністік қызметі жеткіліксіздігінің орнын толтырып, астың катаболизмін жылдамдатады және ас қорыту бұзылуының клиникалық білінуін жояды. Панкреатин-Лек Т құрамына кіретін ферменттер (липаза, альфа-амилаза, трипсин, химотрипсин) ақуыздардың амин қышқылдарына дейін, майлардың глицерин немесе май қышқылдарына дейін, крахмалдың декстриндер мен моносахаридтерге дейінгі қорытылуын жеңілдетеді, бұл олардың аш ішекте толық сіңуіне ықпал етеді. Ұйқы безі аурулары кезінде препарат оның сыртқы сөлініс қызметі жеткіліксіздігінің орнын толтырып, ас қорыту үдерісінің жақсаруына ықпал етеді. Қызметтік тұрғыда асқазан-ішек жолының жағдайын жақсартады әрі ас қорыту үдерісін қалыпқа түсіреді.

Трипсин ауырғанды басатын әсер бере отырып, ұйқы безінің көтермеленген сөлінісін тежейді.

Қолданылуы

Ұйқы безінің сыртқы сөліністік қызметі жеткіліксіздігі кезіндегі орын басушы ем:

- созылмалы панкреатитте, панкреатектомияда, сәулелендіруден кейінгі жағдайда, диспепсияда, Ремхельд синдромында (гастрокардиальді синдром), муковисцидозда, метеоризмде, шығу тегі жұқпалы емес диареяда

Ас сіңірудің бұзылуы:

- асқазан мен аш ішекті кесуден кейінгі жағдайда, АІЖ қызметі қалыпты адамдарда тамақтың қорытылуын жақсарту үшін және дұрыс тамақтанбағанда (майлы тамақ әрі асты артық мөлшерде ішу, жүйесіз тамақтану)

- шайнау қызметінің бұзылуында

- қозғалысы аз өмір салтында, ұзақ иммобилизацияда.

Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ мен рентгенологиялық зерттеулерге даярлауда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты тамақтану кезінде немесе одан кейін, шайнамай, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып, қабылдайды.

Ересектер: тәулігіне 3-4 қабылдауға 1-3 таблеткадан.

Балаларға – дәрігердің тағайындауы бойынша. Балалар арналған дозаны емдеуші педиатр жекелей белгілейді. Мынадай дозада тағайындау ұсынылады: 6-7 жастағыларға – тәулігіне 1 таблетка, 8-9 жас – 1-2 таблетка, 10-14 жас – 2 таблетка.

Емдеу ұзақтығы бірнеше күннен (ем-дәмдегі қателіктің салдарынан болған ас қорыту үдерісінің бұзылуы кезінде) бірнеше айға немесе жылға дейін (тұрақты орын басу емі қажет болғанда) өзгеріп отыруы мүмкін.

Рентгенологиялық немесе ультрадыбысты зерттеудің алдында оған дейін 2-3 күн бұрын 2 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

-жүрек айну, асқазан аймағында жайсыздықты сезіну, іштің ауыруы, диарея, іш қату

- гиперурикозурия, жоғары дозада ұзақ қолданған кезде қан плазмасында несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы

- панкреатинді балаларға жоғары дозада қолданған кезде перианальді тітіркену және ауыз қуысы шырышты қабығының тітіркенуі

- муковисцидозбен науқастарда илеоцекальді бөлік пен жоғарылаған жиек ішекте стриктуралардың дамуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жедел панкреатит

- созылмалы панкреатиттің өршуі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Панкреатин-Лек Т-мен бір мезгілде қолданғанда парааминосалицил қышқылы (ПАСҚ) препараттарының, сульфаниламидтердің, антибиотиктердің сіңуі күшейеді; темір препараттарының сіңуі төмендеуі мүмкін. Панкреатикалық ферменттер фолий қышқылының сіңуін бәсеңдетеді. Осындай әсері бар басқа препараттарды (мысалы, бикарбонаттар немесе циметидинді) бір мезгілде немесе панкреатиннің жоғары дозасымен ұзақ емдеген кезде қан сарысуындағы фолат деңгейін ауық-ауық бақылап отыру және/немесе фолий қышқылын қосымша қабылдау ұсынылады. Құрамында кальций карбонаты және/немесе магний гидроксиді бар антацидтік дәрілерді бір мезгілде қолдану Панкреатин-Лек Т тиімділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Стриктуралардың (фиброзды колонопатияның) даму қаупі жоғары болатындықтан муковисцидозада Панкреатинді жоғары дозада қолдану ұсынылмайды. Доза тамақтың сапасы мен мөлшерін ескере отырып, майлардың сіңуіне қажетті ферменттер мөлшеріне баламалы болуы тиіс. Ұзақ қолданған кезде бір мезгілде темір препараттарын тағайындайды. Жүктілік және лактация

Анасы үшін күтілетін пайдасы ұрыққа/балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперурикозурия, гиперурикемия. Балаларда – іш қату.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден, лакталған және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 немесе 15 таблеткадан

салынған.

БП типті бұралатын қақпағы бар полимер банкаға 60 таблеткадан салынған. Банкадағы бос кеңістік гигроскопиялық медициналық мақтамен толтырылған.

Әрбір банкіге заттаңбалық қағаздан жасалған өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылған.

6 (10 таблетка) немесе 4 (15 таблетка) пішінді ұяшықты қаптама немесе әрбір банка медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 20 °С -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Тюмень химия-фармацевтикалық зауыты» ААҚ

Ресей, 625005, Тюмень қ., Береговоя к-сі, 24.

Тел/факс (3452) 46-23-50.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Тюмень химия-фармацевтикалық зауыты» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

150000, ҚР, Петропавл қ., Букетов к-сі,58/63, «GREEN LANE» ЖШС.

Тел: (7152) 46-15-71; 36-35-48.

E-mail: Spectr farm@farmoptom.net

Прикрепленные файлы

223804541477977018_ru.doc 52 кб
244205381477978198_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники