Панангин® (таблетки)

МНН: Калия, магния аспарагинат
Производитель: Гедеон Рихтер ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты прочих минеральных веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016300
Информация о регистрации в РК: 22.06.2015 - 22.06.2020
Номер регистрации в РБ: 8968/95/2000/05/09/14/18/22
Информация о регистрации в РБ: 18.12.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Панангин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: магний аспарагинаты 140 мг (магний аспарагинат тетрагидраты түрінде 175 мг), калий аспарагинаты 158 мг (калий аспарагинат гемигидраты түрінде 166,3 мг),

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, картоп крахмалы, повидон К-30, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы,

қабықтың құрамы: макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), эудрагит E 100, тальк.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, аздап жылтыр және беткейі елеусіз дәрежеде тегіс емес, иіссіз дерлік, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Басқа да минералды заттар.

АТХ коды А12СХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Магний:

Дене салмағы 70 кг адам организмінде жалпы магний қоры орташа алғанда 24 г (1000 ммоль) құрайды; оның ішінде >60% сүйек тініне және 40 % қаңқа бұлшықеті мен басқа тіндерге тиесілі. Организмдегі жалпы магний қорының 1 % жуығын жасуша сыртындағы сұйықтықта, негізінен қанда анықталуы мүмкін. Дені сау ересек адамдарда қандағы магний концентрациясы 0,7-1,10 ммоль/л диапазонында болады.

Магний тұтынудың ұсынылатын нормасы ер адамдар үшін күніне 350 мг және әйелдер үшін күніне 280 мг құрайды. Жүктілік және емшекпен қоректендіру кезінде магнийге қажеттілік артады.

Магний асқазан-ішек жолынан белсенді тасымалдану жолымен сіңіріледі. Организмде магний теңгерімінің негізгі реттегіші бүйрек болып табылады. 3-5 % иондалған магний несеппен шығарылады.

Несеп көлемінің ұлғаюы (мысалы, тиімділігі жоғары ілмектік диуретиктермен ем жүргізу) иондалған магнийдің экскрециясының артуына әкеледі. Егер ішектің жіңішке бөлігінде магний сіңірілуі төмендесе, одан кейінгі гипомагниемия экскрецияның азаюына әкеледі (күніне <0,5 ммоль).

Калий:

Дене салмағы 70 кг адам организмінде жалпы калий қоры орташа алғанда 140 г (3570 ммоль) құрайды. Ол әйелдерде біршама аздау және жасына қарай аздап төмендейді. Организмдегі жалпы калий қорының 2 %-ы жасушадан тыс табылуы мүмкін, ал қалған 98 %-ы жасушалар ішінде болады.

Калий тұтынудың оңтайлы нормасы күніне 3 - 4 г (75-100 ммоль) құрайды. Калий шығарылуының негізгі жолы – бүйректік, күнделікті 90 % калий жоғалту сонымен байланысты. Қалған 10 % асқазан-ішек жолы арқылы шығарылады. Осылайша, бүйрек ұзақ мерзімді калий гомеостазына, сондай-ақ қандағы калий концентрациясы үшін жауап береді. Қысқа мерзімді келешекте қандағы калий мөлшері жасушаішілік және жасушадан тыс кеңістік арасындағы калий ағымымен де реттеледі.

Фармакодинамикасы

Магний және калий иондары маңызды жасушаішілік катиондар болып табылады және көптеген макромолекулаларды жасушаішілік құрылымдармен байланыстыруда, сондай-ақ бұлшықет жиырылуының молекулалық механизмінде ферменттер жұмыс істеуінде шешуші рөл атқарады. Калий, кальций, натрий және магний иондарының жасушаішілік және одан тыс концентрациясының арақатынасы миокардтың жиырылуына әсер етеді. Аспартат – эндогенді қосылыс ретінде жасушаларға ұқсастығы жоғары болатын иондардың сәйкес келетін өткізгіші ретінде жүреді. Оның тұздары әлсіз диссоциациялайды, соның салдарынан иондар жасуша ішіне кешенді қосылыстар түрінде енеді. Магний және калий аспарагинаттары миокард метаболизмін жақсартады. Магний/калий тапшылығы артериялық гипертензия, коронарлық артериялардың атеросклероздық зақымдануы, аритмия мен миокардтың метаболикалық өзгерістері қаупін жоғарылатады.

Қолданылуы

- магний және калий тұтынылуын тамақпен арттыру үшін қоспа ретінде

- емдеуші дәрігердің мақұлдауымен созылмалы жүрек аурулары (миокард инфарктісінен кейін жүрек жеткіліксіздігі кезінде), жүрек ырғағының бұзылуы (негізінен қарыншалық аритмия) кезінде қосымша ем ретінде

- емдеуші дәрігердің мақұлдауымен жүрек гликозидтерімен емге қосымша ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер үшін әдеттегі тәуліктік доза тәулігіне 3 рет 1-2 таблетканы құрайды. Дозаны тәулігіне 3 рет 3 таблеткаға дейін арттыруға болады. Асқазан сөлі препарат тиімділігін азайтуға қабілетті, сондықтан таблеткаларда тамақтанудан кейін қабылдау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- нәжістің жиілеуі (препараттың үлкен дозаларын қолданғанда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші заттарға немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

- Аддисон ауруы

- III дәрежелі атрио-вентрикулярлық блокада, кардиогенді шок (АҚ < 90 мм с.б.)

- 18 жасқа дейінгі балалар (қауіпсіздіг мен тиімділігі жөнінде дәлелдеу базасы жоқ)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пероральді тетрациклиндер, темір тұздары мен натрий фториді асқазан-ішек жолынан препараттың сіңірілуін тежейді. Жоғарыда аталған дәрі-дәрмектермен біріктіріп емдегенде қабылдаулар арасында кем дегенде 3 сағат аралық болуы қажет.

Препаратты калий жинақтаушы диуретиктермен және/немесе АӨФ тежегіштерімен, бета-адреноблокаторлармен, циклоспоринмен, гепаринмен және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде тағайындау гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Гиперкалиемия қатар жүретін аурулары бар науқастарға препаратты тағайындаған кезде сақ болу керек. Бұл санаттағы емделушілерге қандағы калий иондарының деңгейін тұрақты зерттеу ұсынылады.

Бұл дәрілік препараттың әр таблеткасының құрамында 36,2 мг калий болады, бүйрек функциясы төмендеген емделушілерге немесе калий емдәмінде жүрген емделушілерге осыны ескерген жөн.

Жүктілік және лактация

Қазіргі кезге дейін осы санаттағы емделушілерге препаратты қолданғанда қандай да бір қауіпсіздіктің туындағаны жөнінде хабарланбаған.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды, өйткені оны педиатрияда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Панангин® препаратының, үлкен дозалар қабылдағаннның өзінде, артық дозалануы туралы ақпараттар жоқ. Бүйректің калийді көп мөлшерде шығаратын қабілетін ескере отырып, препарат дозасын арттыру калий шығарылуының жедел немесе айқын бұзылулары аясында ғана гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.

Магний кең емдік диапазонымен сипатталады, бүйрек жеткіліксіздігі болмағанда күрделі жағымсыз әсерлері өте сирек болады.

Әдебиет деректері бойынша магний үстемелерін ішке қабылдау диарея типті жеңіл жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін.

Панангин® препаратының жоғары дозалары олардың құрамында магний болуына байланысты нәжісті жиілетуі ықтимал.

Көктамыр ішіне қолданғанда жылдам енгізген жағдайда гиперкалиемия/ гипермагниемия симптомдары дамуы мүмкін.

Гиперкалиемия симптомдары: жалпы әлсіздік, парестезия, брадикардия, салдану, аритмия.

Гипермагниемия симптомдары: жүрек айну, құсу, летаргия, бұлшықет гипотониясы, брадикардия, әлсіздік, гипорефлексия.

Артық дозаланғанда препарат қабылдауды тоқтату қажет, симптоматикалық ем ұсынылады (к/і кальций хлоридін енгізу; қажет болғанда диализ).

Шығарылу түрі мен қаптамасы

50 таблеткадан сақтандырғыш сақинасымен жабдықталған қалпақшасы мен полиэтиленнен жасалған гофрланған төселімі бар полипропилен құтыда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

15 °C-ден 30 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Гедеон Рихтер» ААҚ

1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21, Венгрия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР өкілдігі

E-mail: info@richter.kz

Телефон: 8-(727)258-26-22, 8-(727)258-26-23

 

Прикрепленные файлы

379990491477976437_ru.doc 61.5 кб
341058981477977713_kz.doc 69 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ