Панадол® Адванс

МНН: Парацетамол
Производитель: ГлаксоСмитКляйн Дангарван Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Paracetamol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021215
Информация о регистрации в РК: 25.02.2015 - 25.02.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Панадол® Адванс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Парацетамол

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 500 мг парацетамол,

қосымша заттар: желатинделген крахмал, кальций карбонаты, альгин қышқылы, кросповидон (А типті), повидон К 25, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий парабендердің қоспасы (құрамында натрий метилпарагидроксибензоаты (Е219), натрий этилпарагидроксибензоаты (Е215), натрий пропилпарагидроксибензоаты (Е217), қабығының құрамы: опадрай ақ YS-1-7003 (құрамында титанның қостотығы (Е 171), гипромеллоза 2910, макрогол 400, полисорбат 80 бар), карнауб балауызы.

Сипаттамасы

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да анальгетик-антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол.

АТХ коды N02BE01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол асқазан-ішек жолынан тез және іс жүзінде толығымен сіңеді. Парацетамол фето-плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтімен болмашы мөлшерде бөлініп шығады. Зерттеулерде парацетамолдың геноуытты және тератогендік әсердің жоқтығы анықталған. Емдік концентрацияда плазма ақуыздарымен байланысуы ең аз шамада. Парацетамол бауырда метаболизденеді, оның көп бөлігі глюкурон қышқылымен және сульфаттармен белсенді емес метаболиттер түзе отырып, конъюгация реакциясына түседі және сульфаттық және глюкурондық конъюгаттар түрінде несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (соның ішінде егде жастағыларда) орташа алғанда 2,3 сағатты құрайды.

Optizorb формуласымен парацетамолдың құрамында стандартты парацетамолмен салыстырғанда таблетканың ыдырауын жеделдететін дезинтеграциялаушы жүйе бар. Зерттеулер Optizorb формуласымен парацетамолдың дозаны қабылдағаннан кейін 5 минуттан соң ыдырай бастайтынын растап отыр. Бұл ретте парацетамол плазмада 10 минуттан соң анықталады. Парацетамолдың ерте сіңірілуі стандартты парацетамолмен салыстырғанда Optizorb формуласымен парацетамолда 32%-ға жоғары болады. Optizorb формуласымен парацетамолда Optizorb плазмадағы ең жоғары концентрациясына 25 %-ға жылдамырақ жетеді.

Фармакодинамикасы

Парацетамол – анальгетик-антипиретик. Гипоталамустағы простагландиндер синтезін бәсеңдету арқылы ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсер береді.

Шеткергі тіндердегі простагландиндер синтезіне бөгегіш әсерінің болмауы онда асқазан-ішек жолы шырышты қабығына жағымсыз әсерлерінің болмауына себепші болады. Осыған байланысты шеткергі тіндердегі простагландиндер синтезін бәсеңдету қажет етілмейтін емделушілерге, мысалы сыртартқыда асқазан-ішектен қан кету болғанда немесе егде жастағы емделушілерде қолданған дұрыс болады.

Шеткергі тіндердегі простагландиндер синтезіне әсер етпейтіндіктен, препарат су-тұз алмасуына әсер етпейді.

 

Қолданылуы

Препарат мынадай кезде қолданылады

- ауырлығы жеңіл және орташа ауыру синдромында: бас ауыруы, бас сақинасы, бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, етеккір уақытында ауыру, тамақтың ауыруы, тіс жұлғаннан немесе басқа да стоматологиялық араласулардан кейінгі ауыру, тіс ауыру, остеоартрит кезіндегі ауыруда симптоматикалық ем ретінде

- суық тию аурулары мен тұмау кезіндегі жоғары температурада

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер (егде жастағыларды қоса) және 12 жастан асқан балалар: 1-2 таблеткадан әрбір 4-6 сағат сайын, қажет болғанда қабылдаулар арасы 4 сағаттан кем болмайтын аралықпен ішке қабылдау керек. 24 сағат ішінде 8 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.

6-11 жастағы балалар: ½ - 1 таблетка әрбір 4-6 сағат сайын, қажет болғанда қабылдаулар арасы 4 сағаттан кем болмайтын аралықпен. 24 сағат ішінде 4 таблеткадан артық қабылдауға болмайды. Парацетамолдың бір реттік дозасы дене салмағына 10-15 мг/кг, ең жоғары тәуліктік дозасы дене салмағына – 60 мг/кг құрайды.

Егер симптомдар сақталып қалған болса, дәрігерге көрініңіз.

Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 3 күннен артық қабылдау ұсынылмайды. Көрсетілген дозаларынан жоғарылатпаңыз. Артық дозаланған жағдайда, тіпті Сіз өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, дереу дәрігерге қаралыңыз. Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдаланбаңыз.

6 жастан кіші балаларға ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек(<1/10,000)

- тромбоцитопения, агранулоцитоз

- анафилактикалық реакциялар

- тері бөртпесі, ангионевротикалық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромын қоса, аса жоғары сезімталдықтың тері реакциясы

- аспиринге және басқа да ҚҚСП жоғары сезімталдығы бар емделушілердегі бронх түйілуі

- бауыр функциясының бұзылуы

Жоғарыда аталған реакциялар туындаған кезде, сондай-ақ қабыршықтану, ауыз қуысындағы ойық жаралар, тыныс алудың қиындауы, гематомалар, қан кетулер немесе препаратқа кез келген басқа да жағымсыз реакциялар пайда болғанда препарат қабылдауды тоқтату және дереу дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- парацетамолға немесе препарат компонентінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұзақ уақыт бойы қабылдағанда препарат тікелей емес антикоагулянттардың (варфарин және басқа кумариндер) әсерін күшейтеді, бұл қан кетулер қаупін арттырады. Препаратты жүйесіз қабылдау мұндай әсер бермейді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қабылдар алдында төмендегілерде дәрігердің кеңесі қажет:

- бауыр немесе бүйректің созылмалы аурулары болуы.

Препарат құрамына кіретін метил-, этил- және натрий пропил-парагидроксибензоаты (Е219, Е215, Е217) аллергиялық реакцияларды, оның ішінде кейін пайда болатындарын туындатуы мүмкін.

Құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік жүргізу мен механизмдермен жұмыс жасау жөнінде шектеулер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы, тершеңдік, тері жабындарының бозаруы. 1-2 тәуліктен соң бауырдың зақымдану белгілері (бауыр тұсының ауыруы, «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы) анықталады. Ауыр жағдайларда бауыр жеткіліксіздігі, энцефалопатия және коматозды жағдай дамиды.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату және дереу дәрігерге қаралу керек. Асқазанды шаю және энтеросорбенттерді (белсендірілген көмір, полифепан) қабылдау ұсынылады. N-ацетилцистеинді және метионинді қолдануға болады.

Кездейсоқ артық дозаланған жағдайда, тіпті өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, дереу медициналық жәрдемге жүгінген жөн.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

12 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

ГлаксоСмитКляйн Дангарван Лтд, Ирландия

Knockbrack, Dungarvan, County Waterford, Republic of Ireland

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«ГлаксоСмитКляйн Консьюмер Хелскер», Ұлыбритания

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Эс.Си. Еврофарм С.А., Румыния

2 Panselelor str, Brasov, county of Brasov, 500419, Romania

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд» ӨК

Алматы қ., Фурманов к-сі, 273. тел. +7 (727) 258 28 92, (727) 244-69-99, факс +7 (727) 258 28 90 (автомат). kz.safety@gsk.com

 

Прикрепленные файлы

249740811477976573_ru.doc 60 кб
783941271477977733_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники