Панавир® (гель 0.002%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Панавир®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа және жергілікті қолдануға арналған 0,002% 3 г немесе 30 г гель
Құрамы
100 г гельдің құрамында
белсенді зат: Панавир® (Solanum tuberosum өркендерінің полисахаридтері) - 0,002 г;
қосымша заттар: глицерол, макрогол 4000, макрогол 400, этанол 95 %, натрий гидроксиді, лантан нитраты гексагидраты, су.
Сипаттамасы
Фармакотерапиялық тобы
Өсімдік тектес вирусқа қарсы дәрі.
АТХ коды D06BB
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препараттың осы дәрілік түрінің фармакокинетикасы зерттелген жоқ.
Фармакодинамикасы
Панавир® - Solanum tuberosum өсімдігі өркендерінің тазартылған экстрактісі; негізгі әсер етуші заты - глюкозадан, рамнозадан, арабинозадан, маннозадан, ксилозадан, галактозадан, урон қышқылдарынан тұратын гексоздық гликозид.
Панавир® препараты вирусостатикалық әсер етеді. I және II типтегі Herpes simplex вирустарына қатысты белсенді. Тері және/немесе шырышты қабықтардың зақымданған жасушаларындағы вирустық ДНК-ның синтезін бөгей отырып, вирустардың өсуін және полимеразды реакцияларды бәсеңдетеді.
Сынақтар мутагендік, тератогендік, канцерогендік, аллергия туындататын және эмбриоуытты әсердің жоғын көрсетті. Клиникаға дейінгі зерттеулерде зертханалық жануарларда ұрпақ өрбіту функциясына және тұқымның дамуына теріс әсері анықталмаған.
Қолданылуы
- I және II типтегі Herpes simplex қарапайым герпестің вирустары (соның ішінде генитальді герпес) туындатқан терінің және/немесе шырышты қабықтардың инфекциялық-қабыну ауруларында
- өткір ұшты кондиломаның лазерлік деструкциясымен біріктірілімде гениталий және перианальді аймақ терісін және/немесе шырышты қабықтарының папилломавирустық инфекциясында
Қолдану тәсілі және дозалары
- сыртқа және жергілікті
- гельді тері және/немесе шырышты қабықтың зақымданған жерлеріне жұқа қабатпен жағады
-I және II типтегі Herpes simplex қарапайым герпестің вирустары (соның ішінде генитальді герпес) туындатқан терінің және/немесе шырышты қабықтардың инфекциялық-қабыну ауруларын емдеу үшін – тәулігіне 5 рет 4-5 күн ішінде.
Емдеу курсы 10 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
- папилломавирустық инфекцияны емдеу үшін – тәулігіне 2 рет кондиломаның лазерлік деструкциясына дейін 5 күн және кейін 10 күн
Жағымсыз әсерлері
- гельді жаққан жердің терісінің және/немесе шырышты қабықтарының жылдам қайтатын қызаруы мен қышуы пайда болуы мүмкін
Егер Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, дәрігерге хабарлаңыз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- жеке көтере алмаушылық және препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тіркелмеген.
Айрықша нұсқаулар
Емдеуді мүмкіндігінше аурудың ерте сатысында, белгілері (қышу, шаншу, қызару, ширығу сезімі) алғаш білінген сәтте бастаған дұрыс, бұл жағдайда аурудың күлбіреуікті сатысының дамуын толықтай болдырмауға болады.
Панавир® препаратын офтальмологияда қолдануға болмайды. Гельді бетке жаққанда оның көзге түсуін болғызбау керек.
Жүктілік және емшек емізу кезеңі
Жүктілік кезінде қолдану шарана үшін әлеуетті қауіптен ана үшін күтілетін пайда артық болған жағдайда тағайындайды.
Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажеттілігі болғанда емшек емізуді препаратты қабылдау уақытына тоқтатқан жөн.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары анықталмаған.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Сыртқа және жергілікті қолдануға арналған 0,002% гель. Қорапты картон қорапшада мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге ішкі жағы лакпен қапталған алюминийлік сықпадағы гель 3 г-нан немесе 30 г-нан.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2 оС-ден 25 оС-ге дейін температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Зеленая Дубрава» ЖАҚ
Ресей, 141800, Мәскеу облысы, Дмитров қаласы, Профессиональная к-сі, 151-үй.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Ұлттық Зерттеу Компаниясы» ЖШҚ
Ресей, 301414, Тула облысы, Суворов ауданы, Варушица ауылы, 104-үй.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Шамсун» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050052, Алматы қ-сы, Тепличная к-сі, 12/16-үй, 1-пәтер, тел: 8(727) 239-19-59, e-mail: Amanzholov.Shamsun@gmail.com.