Палора® (сироп)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Палора®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шәрбат, 100 мл
Құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында
белсенді зат - 694,444 мг пассифлора шөбінің сұйық сығындысы,
қосымша заттар: кристалды қант, глицерин, этанол 96%, метилпарабен, пропилпарабен, тазартылған су
Сипаттамасы
Күңгірт-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Психопропты препараттар. Ұйықтатын және тыныштандыратын дәрілер. Ұйықтатын және тыныштандыратын басқа да препараттар
АТХ коды N05CM
Фармакологиялық қасиеттері
Пассифлора сығындысы (страстоцвет) Passiflora incarnata өсімдігінен алынады. Пассифлора сығындысының құрамында гарман, гармол, гармалин (галлюциноген), гармин, гармалол және арибин сияқты алколоидтер тобы және кейбір витексин, ориентин сияқты флавоноидтер бар. Сонымен қатар, сығынды құрамында спазмолитикалық белсенділікке ие апигенин бар.
Бұл заттар тыныштандыратын, ұйықтататын, ауруды басатын, анксиолитикалық және спазмолитикалық қасиеттерді иеленген.
Табиғи пассифлора сығындысы тәуелділік және жағымсыз құбылыстар тудырмайтындықтан транквилизаторлар және барбитураттармен салыстырғанда анағұрлым қауіпсіз болып саналады.
ПАЛОРА® орталық жүйке жүйесіне абстиненция кезеңінде тыныштандыратын әсер береді. Препарат невроздық бұзылуларды жояды, көңіл күйді, ұйқыны жақсартады, еңбекке қабілеттілігін көтереді, бас айналуын, құлақтың шуылын азайтады.
Қолданылуы
- неврастенияда- климакстық және климакс алдындағы кезеңдерде - қатты ашушаңдықта - ұйқының бұзылуында - симптоматикалық артериялық гипертензияда - эпилепсияда (қосалқы зат ретінде) - Меньер ауруында (кешенді ем құрамында)
Қолдану тәсілдері және дозалары
Ересектерге
Тыныштандыратын әсерге қол жеткізу үшін - 5-10 мл-ден /1-2 өлшеуіш қасықпен тамақтанар алдында күніне 3 рет.
Ұйқы бұзылғанда 10 мл препараттан, ұйықтар алдында қабылдау керек. Орташа емдеу курсы – 10 - 30 күн.
Ең жоғары бір реттік доза – 10 мл, тәуліктік – 30 мл.
Жағымсыз әсерлері
- ұйқышылдық
- шаршау сезімі
- бас айналу
- бұлшықет әлсіздігі
- аллергиялық реакциялар
- экзантема
- асқазан-ішек жолы бұзылыстары (жүрек айну, құсу, түйілулер, қыжыл, диарея, іш қату)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- стенокардия
- миокард инфаркті
-
ми және жүрек қантамырларының атеросклерозы
- препарат компоненттерінің біріне жеке сезімталдық
- бауыр аурулары
- созылмалы маскүнемдік
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- ми жарақаттары
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза көтереалмаушылық немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты орталық жүйке жүйесінің жұмысын бәсеңдететін заттармен (алкоголь, барбитураттар, транквилизаторлар) бірге қабылдау тыныштандыратын және ұйықтататын әсерін күшейтуі мүмкін. Палора® препаратын дисульфираммен бірге қолданудан сақтанған жөн. Аспартам қабылдайтын (фенилкетонурия кезінде) адамдар несебінде шөгінді пайда болуы мүмкін.
Палора спазмолитиктер әсерін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Асқазан-ішек жолының ауыр органикалық ауруларында (ойық жара ауруы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА), қатерлі ісіктер, өт-тас ауруы, созылмалы панкреатит), қант диабеті кезінде абайлап тағайындау керек.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделу кезеңінде зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұру қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: бас кезінде – ұйқышылдық, жабырқаушылық сезімі, кейіннен – жүрек айнуы, асқазандағы ауырлық сезімі.
Емі: симптоматикалық. Арнайы у қайтарғысы жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпағы бар күңгірт шыны құтыға салынған. Қақпақтың бетіне полипропиленнен жасалған өлшеуіш қалпақша кигізіледі. Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.
1 құты өлшеуіш қасығымен немесе өлшеуіш стақанымен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.
Қаптаушы
«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ
Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ
Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.
Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50
Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60
Электронды поштасы nobel@nobel-aff.kz