Оциллококцинум®

Производитель: БУАРОН
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020561
Информация о регистрации в РК: 12.11.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Оциллококцинум®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1,0 г түйіршіктер

Құрамы

1 г түйіршіктер құрамында:

белсенді зат - 0.01 мл аnas barbariae hepatis et cordis extractum 200 К,

қосымша заттар: сахароза, лактоза

Сипаттамасы

Р суда оңай еритін, ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктер

Фармакотерапиялық тобы

Басқа емдік өнімдер. Басқа дәрілік препараттар.

АТХ коды V03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гомеопатиялық дәрілік заттар үшін қолданылмайды.

Фармакодинамикасы

Оциллококцинум® гомеопатиялық дәрі болып табылады, оның фармакологиялық қасиеттеріне оның компоненттерінің әсері түрткі болады. Тамақтың ауыруы, қырылдау, жұтқыншақтың жыбырлауы, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, ринорея, көзден жас парлау, құрғақ немесе ылғалды жөтел, құлақтың тұнуы, жалпы уыттану және әлсіздік, миалгия, бас ауыруы, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы сияқты тұмау және суық тию ауруларының симптомдарын кешенді емдеуде организмнің спецификалық емес реактивтілігін арттырады. Гомеопатиялық емдеу әдісі ауруды ұғыну және организмнің өзіндік қорғаныш күшін, оның өздігінен емделуге қабілеттілігін белсендіре отырып, қолдану тұрғысынан дәстүрлі медицинадан айтарлықтай ерекшеленеді. Организмнің гомеопатиялық дәрілік затқа жауабы аса жоғары. Осы себептерге байланысты дезоспецификалық әсерлерін, сондай-ақ фармакокинетикалық мәліметтерді анықтау мүмкін емес.

Қолданылуы

- тұмау тәрізді аурулар мен ЖРВЖ алдын алуда

- тұмау тәрізді аурулар мен ЖРВЖ-ға тән симптомдарды кешенді емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған.

Препаратты ас қабылдаудан 15 минут бұрын немесе одан кейін бір сағат өткен соң қабылдау керек.

Түбек ішіндегісін тілдің астына салып, толық ерігенше ұстау керек. Балалар үшін: Түбек ішіндегісін аздаған мөлшерлі суда ерітіп, қасықпен немесе емізікшесі бар бөтелкенің көмегімен беру керек.

Қысқы маусымда: аптасына 1 рет 1 дозадан қабылдау керек.

Тұмау тәрізді симптомдардың бастапқы сатысы: 1-3 күн бойына күніне 3 рет 1 дозадан қабылдау керек.

Егер 5 күннен кейін жақсару басталмаса немесе нашарлау басталса, онда дәрігерге қаралған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Қазіргі таңда препараттың жағымсыз әсерлері жөнінде ақпараттар жоқ. Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда дәрігерге қаралған жөн. Аллергиялық реакциялары болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гомеопатиялық препараттарды қабылдау басқа дәрілік заттармен емдеуді жоққа шығармайды.

Егер сіз басқа дәрілік заттарды қазір қабылдап жүрсеңіз немесе қабылдағаныңызға көп уақыт өтпесе, мұны дәрігерге мәлімдеңіз, өйткені дәрілік заттар бір-бірінің әсерлерін өзгертіп жіберуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препарат, егер емдеу аурудың алғашқы симптомдарынан бастап жүргізілсе, тезірек және тиімдірек әсер етеді.

Оциллококцинумнің® құрамында сахароза және лактоза бар. Қант жақпайтын емделушілер абайлап қабылдауы керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік немесе емшек емізу кезінде гомеопатиялық дәрілік зат Оциллококцинум® қолданар алдында дәрігерден кеңес алу қажет.

Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары қазіргі кезге дейін тіркелмеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 г түйіршіктерден полиэтилен қақпағы бар полипропилен түбекте. Пішінді ұяшықты қаптамада 3 түбектен. 2 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын тепературада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препараттың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

БУАРОН

20, rue de la Libération

69110 SAINTE FOY-LES-LYON

Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

БУАРОН, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, 2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ., ҚР, тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56; e-mail: pv@vivapharm.kz

 

Прикрепленные файлы

920412981477976684_ru.doc 48 кб
866694851477977816_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники