Офлокаин-Дарница

МНН: Лидокаин, Офлоксацин
Производитель: Фармацевтическая фирма «Дарница» ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противомикробные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013638
Информация о регистрации в РК: 03.02.2014 - 03.02.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Офлокаин – Дарница

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

15 г жақпамай

Құрамы

Бір грамм жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: офлоксацин – 0,001 г, лидокаин гидрохлориді – 0,03 г;

қосымша заттар: пропиленгликоль, полоксамер, макрогол 400, макрогол 1500, макрогол 6000.

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі бар ақ түсті біркелкі жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Микробтарға қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Микробтарға қарсы басқа да препараттар.

АТХ коды D06BX.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Офлоксацин және лидокаин сау теріге жақпамайды жаққанда жүйелік қан ағысына түспейді дерлік. Терінің бөгегіш функциялары бұзылғанда жара бетіне жаққаннан кейін офлоксациннің 3%-ға жуығы жүйелік қан ағысына түседі. Қанда зат концентрациясының ең жоғары шыңы 3-4 сағаттан соң байқалады. Жақпамайды жаққаннан кейін 6 сағаттан соң офлоксацин қаннан табылмайды.

Фармакодинамикасы

Офлокаин-Дарница микробтарға қарсы фторхинолондар тобына жататын дәрі – офлоксациннің және негізі гидрофильді, гиперосмолярлы және суда еритін жергілікті анестетик лидокаиннің біріктірілімі болып табылады. Жақпамайдың фармакологиялық әсерлері оның құрамына кіретін әсер етуші заттардың қасиеттерімен жүзеге асады.

Офлоксацин бактериялық фермент ДНҚ-гиразаға және бактериялық IV топоизомеразаға әсер етеді. Бактериялардың ДНҚ тізбегінің тұрақтылығын бұзу есебінен бактерицидтік әсер береді.

Офлоксацин жақпамайдың микробтарға қарсы әсерін грамоң және үлкен дәрежеде грамтеріс бактерияларға, аэробтық және анаэробтық, моноөсірінді және микробтық бірлесу түрінде спора түзетін және аспорогендік микрофлораға әсер етуі есебінен қамтамасыз етеді. Офлоксацин сондай-ақ антибиотиктерге және сульфаниламидтерге тұрақты госпиталдық штаммдарға қатысты да тиімді.

Препараттың гиперосмолярлы, полимерлі жақпамайлық негізі жарадағы судың жақпамай негізіне қарай бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді. Осының есебінен жараның маңайындағы ісіну азаяды, жараның ішіндегі іріңді-некрозды заты сорылады. Жақпамай негізінің қосымша заттары офлоксацинді жараны қоршап тұрған тіндерге өткізуге қабілетті, осынысымен беткейлік те, сонымен қатар тереңдегі де жұқпаларға ықпалын тигізеді.

Лидокаиннің жергілікті анестезиялаушы әсерінің механизмі, нейрональді жарғақшаның натрий иондары үшін өткізгіштігінің төмендеуі есебінен, тұрақтануы болып табылады, бұл әсер ету потенциалының пайда болуына және импульстардың жүйке талшықтары бойымен жүруіне кедергі жасайды. Кальций иондарымен қарама-қайшылық болуы мүмкін. Ауыру импульстарын ғана емес, сонымен қатар басқа да модальді импульстардың жүруін басады. Тіндердің әлсізсілтілік ортасында тез гидролизденеді және қысқа латентті кезеңнен кейін 60–90 минут ішінде әсер береді. Лидокаиннің анестезиялық әсері прокаинге қарағанда 2–6 есе күштірек. Жергілікті қолданған кезде қантамырлар кеңейеді, жергілікті тітіркендіргіш әсер бермейді. Қабынған кезде (тіндік ацидоз) анестезиялаушы белсенділігі төмендейді. Жергілікті ауыруды басудың барық түрлерінде тиімді. Қантамырларды кеңейтеді. Тіндерді тітіркендірмейді.

Қолданылуы

- орнығуы және шығу тегі әртүрлі жара үдерісінің 1-ші фазасында жұқпа жұққан асқынған жараларда: аяқ-қолдардың ампутациялық тұқылдары, іріңді ошақтарды хирургиялық өңдеуден кейінгі жаралар, ойылулар, трофикалық ойық жаралар, операциядан кейінгі асқынған жаралар және, хирургиялық өңдеуден кейінгі жақсүйегі-бет аймағындағы фистулалар абсцестер және флегмоналар

- күйік жараларының іріңдеуін емдеуге және алдын алуға

- офлоксацинге сезімтал бактериялық микрофлорадан туындаған іріңді-қабыну ауруларында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Офлокаин-Дарница препаратын жергілікті қолдану керек.

Жаралар мен күйіктерді әдеттегідей хирургиялық өңдеуден кейін жақпамайды тікелей жара бетіне жағып, содан соң стерильді дәке таңғыш салу керек. Жақпамайды алдымен таңғыш материалға салып, ал содан кейін оны жара бетіне таңуға болады.

Хирургиялық өңдеуден кейін іріңді жаралардың қуысын жақпамай сіңірілген тампондармен толтырып, ал жақпамайы бар дәке турунданы фистула жолына енгізу керек.

Іріңді жараларды емдеген кезде жақпамайды тәулігіне 1 рет, күйіктерді емдеген кезде күн сайын немесе іріңді бөлінділердің қарқындылығына байланысты аптасына 2-3 рет қолданады.

Пайдаланылатын жақпамай мөлшері жара бетінің ауданымен (жақпамай зақымданған барлық аймақты жауып тұруі тиіс) және іріңді экссудация дәрежесімен анықталады. Емдеу ұзақтығын дәрігер жараның іріңді экссудаттан тазару динамикасына және қабыну үдерісінің басылуына қарай анықтайды.

Дерматологиялық ауруларды емдеген кезде жақпамайды терінің зақымданған жеріне күніне 1-2 рет жұқа етіп жағады немесе дәке таңғышқа әрі қарай аппликация жасау арқылы жағады.

Жағымсыз әсерлері

- қышыну, күйдіру сезімі, бөртпелер, гиперемия, дымқылдану, дерматитті, есекжемді, Квинке ісінуін қоса алғанда, аллергиялық реакциялар.

Препараттың құрамына кіретін пропиленгликоль теріде тітіркенудің пайда болуын туындатуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- офлоксацинге немесе хинолонның басқа да туындыларына жоғары сезімталдық

- лидокаин гидрохлоридіне немесе амид типті басқа жергілікті анестезияға (мысалы, бупивакаин, этидокаин, мепивакаин және прилокаин) жоғары сезімталдық

- препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Лидокаиннің тері арқылы сіңуі әдетте төмен, алайда препаратты аритмияға қарсы I класс препараттарын (токаинид, мексилетин) немесе басқа да жергілікті анестетиктерді қабылдап жүрген науқастарға абайлап қолдану керек, өйткені біріккен жүйелік әсерлердің туындау қаупі болуы мүмкін.

Моноаминооксидаза тежегіштері лидокаиннің жергілікті анестезиялаушы әсерін күшейтеді.

Препаратты басқа дәрілік заттармен араластырмаған дұрыс.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты жара бетіне жағар алдында, жараны асептикалық ерітіндімен шайған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде немесе емшек емізу кезінде қолданбау керек.

Балалар

Препаратты балаларға қолданбау керек.

Дәрілік заттың автокөлікті және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат жүйке-бұлшықет өткізгіштігі жылдамдығына ықпалын тигізбейді, ұсынылған дозаларда оны автокөлікті басқаратын және күрделі механизмдермен жұмыс жасайтын адамдарға қолдануға болады.

Артық дозалануы

Артық дозалануы жөнінде мәлімдеме жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Медициналық мақсатқа арналған жарғақшасы бар немесе пластмасса қақпақпен бұрап жабылатын импортты алюминий сықпаларда 15 г-нан.

Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 15°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ

Украина, 02093, Киев қ-сы, Борисполь көшесі, 13.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

телефон/факс: (+ 380 44) 207 73 27

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

http://www.darnitsa.kiev.ua

 

Прикрепленные файлы

298791541477976817_ru.doc 54 кб
804152421477977972_kz.doc 60 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники