Отофа (2.6%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Отофа
Халықаралық патенттелмеген атауы
Рифамицин
Дәрілік түрі
Құлаққа тамызатын дәрі, 2,6 %, 10 мл
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 2.60 рифамицин натрий
2 000 000 ХБ рифамицинге баламалы,
қосымша заттар: макрогол 400 (полиэтиленгликоль 400), аскорбин қышқылы, динатрий эдетаты, калий метабисульфиті, литий гидроксиді, тазартылған су.
Сипаттамасы
Мөлдір, қызғылт сары-қызыл түсті ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Сезім ағзалары. Отологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Инфекцияға қарсы препараттар. Рифамицин.
АТХ коды S02AA12
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қатысы жоқ
Фармакодинамикасы
Отоларингологияда жергілікті қолдану үшін рифамициндер тобының жартылай синтетикалық антибиотигі. Бактерицидті әсерге ие. Рифамициннің әсер ету механизмі бактериялардың өсуіне кедергі келтіретін ДНҚ-тәуелді РНҚ-полимеразамен тұрақты кешеннің түзілуімен байланысты. Ортаңғы құлақтың инфекциялық-қабыну ауруларының дамуын тудыратын грамоң және грамтеріс бактериялардың көпшілігіне қатысты белсенді.
Қолданылуы
- жедел сыртқы отит
- созылмалы ортаңғы отиттің асқынуы, оның ішінде дабыл жарғағының тұрақты тесілуі болған кезде
- ортаңғы құлақта операциялық араласудан кейінгі жағдайда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге: құлаққа тәулігіне 3 рет 5 тамшыдан тамызады немесе препаратты құлаққа тәулігіне 2 рет бірнеше минутқа құяды.
Препарат аттиктік канюля арқылы дабыл қуысын шаю үшін пайдаланылуы мүмкін.
Балаларға: құлаққа тәулігіне 3 рет 3 тамшыдан тамызады немесе препаратты құлаққа тәулігіне 2 рет бірнеше минутқа құяды.
Емнің ұзақтығы – 7 күннен артық емес.
Пайдалану тәсілі
1. Құлаққа салқын сұйықтықтың түсуіне байланысты жағымсыз сезімдерді болдырмау үшін, құлаққа тамызатын дәріні пайдаланар алдында оны қолда ұстап тұрып, құтыны дене температурасына дейін жылыту ұсынылады.
2. Бас бармақ пен сұқ саусақ арасында пластик түтікті ұстап тұрып, пипетканы жауып тұрған қорғағыш қалпақшаны бұрап ашыңыз.
3. Құтыны төңкеріп, оны құлақ өзегі үстіне тігінен ұстаңыз.
4. Екі саусақпен пластикалық тамшылатқыш түтігін сәл қысыңыз, медициналық препарат тамшылап ағып бастайды.
Бұл дәрілік препаратты қысыммен пайдалануға болмайды.Жағымсыз әсерлері
Сульфиттің бар болуына байланысты анафилаксиялық реакциялар және бронх түйілулерін қоса алғанда, аллергиялық реакциялардың даму қаупі бар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препарат компоненттерінің біріне аса жоғары сезімталдық, көбінесе рифамицинге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қатысы жоқ
Айрықша нұсқаулар
Жергілікті антибиотиктерді енгізу аллергиялық реакциялардың пайда болуы ықтимал белсенді заттарға сенсибилизацияның пайда болуына қатысады.
Тері бөртпесінің алғашқы белгілері немесе жергілікті немесе жалпы жоғары сезімталдықтың басқа да белгілері байқалғанда емдеуді тоқтату керек.
Қысыммен енгізуге, жұтуға болмайды.
Пайдалану кезінде ластану қаупін азайту мақсатында қондырманың құлаққа немесе саусаққа тиіп кетуін болдырмаңыз.
Бұл препаратты басқа жергілікті емдеуге арналған препараттармен біріктірмеу ұсынылады.
Егер симптомдар 10 күндік емдеу курсынан кейін жойылмаса, пациент диагнозды және емдеу стратегиясын қайта қарау үшін дәрігерге жүгінуі тиіс.
Жүктілік және лактация
Рифамицин класына жататын молекулаларға қатысты жүйелі сіңірілу төмендігін және клиникалық деректерді ескере отырып, рифамицинді жүктілік кезінде мерзіміне қарамастан пайдалануға болады.
Лактация
Емшек сүтіне рифамициндердің төмен өткізгіштігін назарға ала отырып,
рифампицинді аурикулярлық жолмен енгізу кезінде бала емізуге болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
10 мл препараттан полиэтилен тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшамен қаусырылған күңгірт шыны құтыда.
1 құтыдан және полиэтилен тығын-тамшылатқышпен (полиэтиленге герметикалық қапталған) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
ӨндірушіФАРМАСТЕР
Краффт өнеркәсіп аймағы, 67150 Эрстен, Франция
Тіркеу куәлігінің ұстаушысыЛаборатории БУШАРА-РЕКОРДАТИ
Immeuble Le Wilson, 70
avenue du General de Gaulle
92800 Puteaux, Франция
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«FIC MEDICAL» (ФИК МЕДИКАЛЬ) ЖШС Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Төле би көшесі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25
e-mail: fic_kz@ficmedical.kz