Осмолак

МНН: Лактулоза
Производитель: Биофарма Илач Сан. ве.Тидж. А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lactulose
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003917
Информация о регистрации в РК: 01.02.2013 - 01.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Осмолак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лактулоза

Дәрілік түрі

Ішуге арналған ерітінді, 10 г/ 15 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 667 мг сұйық лактулоза

Сипаттамасы

Ашық-сары түсті мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Іш жүргізгіштер. Осмостық іш жүргізгіштер. Лактулоза.

АТХ коды A06AD11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаған кезде лактулозаның сіңуі төмен. Лактулоза өзгермеген түрде тоқ ішекке дейін жетеді, сол жерде ішек флорасымен метаболизденеді. Толық метаболизмі 25-50 г немесе 40-75 мл дозаларда байқалады; дозасы жоғары болған кезде ішінара өзгермеген түрде шығарылуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Тоқ ішектің саңылауында лактулоза ішек флорасының көмегі арқылы төмен молекулалы органикалық қышқылға дейін ыдырайды. Бұл қышқылдар тоқ ішек саңылауының рН-н төмендетуге және осмостық әсер ету арқылы ішек ішіндегісінің көлемін арттыруға ықпал етеді. Бұл ішек перистальтикасын стимуляциялайды және нәжіс консистенциясын қалпына келтіреді. Нәтижесінде іштің қатуы қайтып, тоқ ішектің физиологиялық ритмі қалпына келеді.

Бауыр энцефалопатиясы (бауыр прекомасы мен кома) кезінде емдік әсері жүзеге асады:

- ацидофильді бактериялардың (лактобацилл) көбеюі салдарынан протеолитикалық бактериялардың өсуін бәсеңдетумен

- тоқ ішек ішіндегісінің қышқылдауы арқылы ионды түрде аммиакты қармаумен

- осмостық әсердің және тоқ ішектің ішіндегісі pH төмен болуы салдарынан ішектің босауымен

- азоттық қосылыстардың бактериялық метаболизмінің өзгеруі нәтижесінде жасушаішілік ақуыз синтезі үшін аммиакты утилизациялаумен.

Алайда, гипераммониемияның өздігінен бауыр энцефалопатиясының нейропсихиатриялық көріністеріне себепшісі емес екендігін ескеру керек. Өз кезегінде аммиакты басқа азоттық қосылыстар үшін модель ретінде қарастыруға болады.

Осмолак пребиотикалық зат ретінде пайдалы бактериялардың (бифидобактериялар мен лактобациллалар) өсуін күшейтеді, оған қоса потенциальді патогенді бактериялардың (клостридия мен ішек таяқшаларының) өсуін бәсеңдетеді. Бұл ішек флорасының теңгеріміне жағымды ықпал етуі мүмкін.

Қолданылуы

  • іш қатуында (тоқ ішектің физиологиялық ритмін реттеу)

  • бауыр энцефалопатиясында (бауыр комасы немесе прекомасының алдын алу және емдеу).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішуге арналған Осмолак ерітіндісін сұйылтып немесе сұйылтпастан қолдануға болады. Бір реттік дозаны ауызда ұзақ уақыт бойы ұстамастан бірден жұту керек. Препараттың қолдану тәсілін емделушінің жекелей қажеттілігіне байланысты таңдайды.

Егер препарат бір реттік қабылдаумен ұсынылса, онда тәуліктік дозаны бір уақытта, мысалы таңғы ас қабылдау кезінде қабылдау керек. Іш жүргізгішті қабылдау кезінде сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін, күніне 1,5-2,0 л дейін, немесе 6-8 стақан су қабылдау ұсынылады.

Іш қатуын емдеу және медициналық мақсатта нәжісті жұмсарту үшін

Іш қатуын емдеу кезінде препаратты таңертеңгі ас кезінде тәулігіне 1 рет пероральді қабылдау керек. Осмолакты сүтпен, шырынмен, сұйық тағаммен қабылдауға болады.

Ересектерге 1 – 2 өлшегіш стақан (15 – 30 мл) тәулігіне 1 рет.

Қажет болған кезде дозаны 60 мл-ге (4 стақанға) дейін арттырады.

Әсеріне қол жеткізу үшін 2-3 күн қажет болуы мүмкін, емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды. Демеуші доза 10 – 25 мл.

Балаларға:

7-ден 14 жасқа дейін – тәулігіне 15 мл (1 өлшегіш стақан), демеуші доза – тәулігіне 10 мл;

1-ден 6 жасқа дейін – тәулігіне 5-10 мл-ден, демеуші доза тәулігіне 5-10 мл; 0 – 1 жас – тәулігіне 5 мл-ден.

Науқастың қажеттілігіне байланысты препарат дозасын әр адамға жекелей анықтайды.

Бауыр комасын және прекомасын емдеу үшін (тек ересектер үшін)

Бауыр комасын және прекомасын емдеу кезінде, Осмолак ерітіндісі 30 – 45 мл-ден тәулігіне 3 рет тағайындалады. Одан кейін жекелей таңдалған демеуші дозаға өтеді, бұл кезде нәжістің жұмсаруы тәулігіне 2-3 ретке дейін байқалады және нәжіс массасының рН көрсеткіші 5,0 – 5,5 шегінде болады.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, құсу, кекіру, іштің түйілуі және ауыруы, метеоризм, диарея (жоғары дозада пайдаланған кезде)

- диарея кезінде электролитті теңгерімнің бұзылуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- лактулозаға немесе кез келген басқа ингредиентке асқын сезімталдық

- галактоземия

- ішек бітелісі

- ректальді қан кетулер (себебі геморрой болып табылмайтын)

- колостома, илеостома

- аппендицитке күдіктену

- галактоза немесе фруктозаны көтере алмаушылық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Неомицинді немесе басқа да антибиотиктерді пероральді қабылдап жүрген емделушілерде тоқ ішектегі бактерияларды бәсеңдету салдарынан лактулозаның аздап ыдырағаны байқалуы мүмкін. Мұндай емделушілерді лактулозамен емдеу кезінде мұқият бақылау керек.

Антацидтерді Осмолакпен бір мезгілде қолданған кезде, ол тоқ ішекте қышқылдықтың төмендеуінің алдын ала отырып, оның тиімділігін төмендетеді.

Басқа іш жүргізетін дәрілерді Oсмолак препаратымен емдеу кезінде, әсіресе бастапқы кезеңінде қолдануға болмайды, өйткені препараттың дозасын таңдау қиын болуы мүмкін.

Осмолакты босап шығуы рН-қа байланысты ішекте еритін препараттармен бір мезгілде қабылдаған кезде лактулозаның ішек құрамындағы рН төмендететінін және осыған байланысты бұл препараттардың босап шығуын да өзгертетінін ескеру керек.

Айрықша нұсқаулар

Балаларда іш жүргізетіндерді пайдаланғанда медициналық бақылау талап етіледі. Препаратты қабылдағаннан кейін бірнеше күн бойы емдік әсер жеткіліксіз болған жағдайда дәрігерге қайтадан көріну қажет.

Емдеу нәтижесінде дефекация рефлексінің бұзылуы мүмкін екендігін назарға алу керек.

Диарея пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Ұзақ (6 айдан астам) емдеген кезде қан плазмасында калий, хлор және көмірқышқыл газының деңгейін ұдайы бақылап отыру керек.

Осмолак құрамында лактоза, галактоза және аздаған мөлшерде фруктоза бар. Сондықтан галактоза немесе фруктозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы синдромы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы сияқты сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын емделушілер Осмолакты қабылдамаулары керек.

Препаратты қант диабеті бар науқастарға, әсіресе бауыр энцефалопатиясын емдеу кезінде абайлап тағайындау керек, өйткені бауыр прекомасы мен команы емдеу кезінде пайдаланылатын доза әдетте жоғарылау болады (лактулоза мөлшерін ескеру керек).

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде тек көрсетілімі бойынша, егер ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін қауіптен артқан жағдайда ғана тағайындау керек. Осмолакты лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Осмолакты қолдану психомоторлық реакциялар жылдамдығына және көлікті немесе қауіптілігі зор машиналар мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: іштің ауыруы және диарея.

Емі: тоқтату немесе препараттың дозасын төмендету. Диарея немесе құсу салдарынан сұйықтықты көп жоғалту электролитті теңгерімді түзетуді қажет етуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ақ пластик қақпақтармен жабылған, күңгірт шыныдан жасалған құтыларға препарат 250 мл-ден салынады.

Көлемі 15 мл өлшегіш стақаны бар 1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Биофарма Илач Сан. ве Тидж. А.Ш. / Түркия

Стамбул қ-сы, Санджактепе, Акпинар ауданы, Османгази к-сі, №156

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Биофарма Илач Сан. ве Тидж. А.Ш. / Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«AVITA (АВИТА)» ЖШС, 050000, Қазақстан Республикасы Алматы қ., Сейфуллин д-лы 458-460/95, 315 кеңсе. Тел./факс +7 727 279 47 32

E-mail: info@avitafarma.kz, infoavita@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

537404971477976917_ru.doc 58.5 кб
866033311477978075_kz.doc 75 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники