Орунгал® (10 мг/мл)

МНН: Итраконазол
Производитель: Янссен Фармацевтика Н.В.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Itraconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012149
Информация о регистрации в РК: 21.11.2012 - 21.11.2017
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 10 595.69 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Орунгал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Итраконазол

Дәрілік түрі

Ішуге арналған 10 мг/мл ерітінді

Құрамы

Бір мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 10 мг итраконазол,

қосымша заттар: гидроксипропил--циклодекстрин, хлорсутек қышқылы 36%, пропиленгликоль, натрий гидроксидінің 2М ерітіндісі, натрий сахаринаты, сорбитолдың кристалданбайтын 70% ерітіндісі (Е420), шие хош иістендіргіші 1, шие хош иістендіргіші 2, карамель хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Шие иісі бар сары немесе ашық қызыл-сары ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Зеңге қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар.

Триазол туындылары. Итраконазол.

АТХ коды J02AC02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жалпы фармакокинетикалық сипаттамалары

Итраконазол фармакокинетикасы дені сау тұлғаларда, емделушілердің ерекше топтарында, сондай-ақ препарат бір рет және қайталап тағайындалған кездерде зерттелді. Жалпы, итраконазол жүйелі қан ағымына жақсы сіңеді. Плазмадағы ең жоғары концентрацияларына ішке қабылдауға арналған ерітіндіні ішкен соң 2,5 сағат ішінде жетеді. Итраконазол бауырдағы қарқынды метаболизмімен сипатталады, соның нәтижесінде көптеген метаболиттер түзіледі. Негізгі метаболиті - плазмадағы концентрациясы өзгермеген дәрілік зат концентрациясынан шамамен екі есе жоғары болатын гидрокси-итраконазол. Итраконазолдың соңғы жартылай ыдырау кезеңі препаратты қайта қабылдағанда 40 сағатқа жуық құрайды. Итраконазол фармакокинетикасы дозаға байланысты емес, тиісінше, препарат қайта қабылданғаннан кейін плазмада жиналады. Плазмадағы тепе-тең концентрацияларына күніне бір рет 200 мг препаратты ішу арқылы қабылдау кезінде 2 мкг/мл Cmax мәнімен 15 күн ішінде жетеді. Итраконазолды өте жоғары дозаларда қабылдаған кезде оның клиренсі төмендейді, бұл бауырдағы метаболизм жүйелерінің қаныққыштығымен байланысты. Итраконазол белсенді емес метаболиттер түрінде несеппен (~35%) және нәжіспен (~54%) шығарылады.

Сіңірілуі

Итраконазол ішуге арналған ерітіндіні ішкенде жылдам сіңеді. Плазмадағы өзгермеген дәрілік препарат ең жоғары концентрациясына ішу арқылы қабылдағаннан кейін 2,5 сағат ішінде жетеді. Итраконазол биожетімділігінің абсолютті деңгейі ас ішуден соң 55%-ға жуық құрайды, ерітіндіні ашқарынға ішкенде 30% артады.

Таралуы

Плазма итраконазолының басым бөлігі ақуыздармен (99,8%), негізінен, альбуминмен (гидрокси-метаболит үшін 99,6%) байланысқан. Итраконазолдың липидтерге айқын туыстығы да бар. Плазмадағы итраконазолдың еркін фракциясы небәрі 0,2% құрайды. Итраконазолдың организмде таралуы үлкен болжамды таралу көлемінде (> 700 л) жүреді, бұл тіндердегі қарқынды таралуын жорамалдауға мүмкіндік береді. Препараттың өкпеде, бүйректе, бауырда, сүйектерде, асқазанда, көкбауырда және бұлшықеттерде шоғырлануы плазмадағы тиісті концентрацияларынан екі-үш есе жоғары. Препараттың мидағы және плазмадағы деңгейлерінің арақатынасы 1-ге тең деуге болады.

Итраконазолдың кератинді тіндерге, атап айтқанда, теріге түсу деңгейі плазмадағыдан төрт есе жоғары.

Метаболизмі

Итраконазол бауырдағы қарқынды метаболизмімен сипатталады, соның нәтижесінде, метаболиттердің үлкен саны түзіледі. Негізгі метаболиті, итраконазолмен салыстырғанда, зеңге қарсы in vitro белсенділігін көріністеген гидрокси-итраконазол болып табылады. Плазмадағы гидрокси-метаболит концентрациясы итраконазолдың тиісті концентрациясынан шамамен екі есе жоғары. Іn vitro зерттеулерінде байқалуына сай, итраконазол метаболизміне қатысатын негізгі фермент - CYP3A4.

Шығарылуы

Итраконазол ағзадан белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады: 35%-ға дейін алғашқы аптада бүйрекпен, 54%-ға дейін ішек арқылы шығарылады. Бастапқы препараттың бүйрекпен шығарылу деңгейі 0,03%-дан аз дозаны құрайды, осы тұста өзгермеген дәрілік препараттың ішек арқылы шығарылуы 3-18% доза аралығында ауытқиды. Итраконазолдың соңғы жартылай шығарылу кезеңі 40 сағат құрайды. Итраконазол клиренсі, бауыр метаболизмінің қанығуы салдарынан, жоғарырақ дозалар тұсында азаяды.

Емделушілердің ерекше топтары

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер

Итраконазол көбіне бауырда метаболизденеді. Алты дені сау еріктімен салыстырылған бауыр циррозы бар 12 емделушіге бағалау жүргізілді: итраконазолдың ішуге арналған бір реттік дозасынан кейін (100 мг бір капсула) Cmax, AUC көрсеткіштері мен соңғы жартылай ыдырау кезеңі өлшеніп, топтар арасында салыстырылды. Итраконазолдың орташа Cmax көрсеткіші бауыр циррозы бар емделушілерде едәуір төмендеген (47%). Бауыр қызметі бұзылмаған тұлғалардағы сәйкесті көрсеткішпен салыстырғанда, жартылай шығарылуының орташа кезеңі ұзарған (16 сағатқа қарама-қарсы, тиісінше, 37). Итраконазолдың әсер көрсетуінің жалпы деңгейі, AUC мәніне сай, бауыр циррозы бар емделушілерде және дені сау еріктілерде ұқсас болды. Бауыр циррозы бар емделушілерде итраконазолды ұзақ уақыт қолдану жөнінде деректер жоқ («Қолдану тәсілі және дозалары», ««Айрықша нұсқаулар және сақтандыру шаралары» бөлімдерін қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде итраконазолдың ішуге арналған дәрілік түрлерін қолдану жөніндегі деректер шектеулі. Емделушілердің қарастырылған тобын емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Фармакодинамикасы

Итраконазол, триазолды қатар препараты, кең ауқымды белсенділігі бар.

Іn vitro зерттеулерінде итраконазолдың зеңдер жасушаларындағы эргостерол синтезін бұзатыны көрсетілген. Эргостерол - зеңдердің жасушалық жарғақшасының тіршілік үшін маңызды компоненті. Сондықтан осы заттар өндірісіндегі бұзылу зеңге қарсы әсерге әкеледі. Итраконазолға тән сезімталдықтың шектес мәндері беткейлік микоздар кезінде бөлінетін Candida зеңдерінің штаммдары үшін ғана анықталған (CLSI M27-A2 әдісі бойынша (сұйық қорек ортасында сұйылту арқылы сезімталдықты анықтаудың эталонды әдісі), EUCAST критерийлері бойынша бағалау жүргізілмеген). CLSI критерийлері бойынша микроорганизмдер сезімталдығының шектес мәндері әріқарай шифрлы белгіленген: сезімтал, ≤ 0,125; сезімталдығы дозаға байланысты, 0,25 - 0,5; төзімді, > 1 мкг/мл. Мицелиальді зеңдерге тән түсіндірілетін шектес мәндері анықталмаған.

Іn vitro зерттеулерінде итраконазолдың әдеттегі ≤1 мкг/мл концентрацияларында адамға тән патогенді зеңдердің кең өрісінің өсуін тежейтіні жария етілген. Олардың арасында:

дерматофиттер (Trichophyton spp., Microsporum spp., Epidermophyton floccosum); ашытқылар (Candida spp. C. albicans қоса, Cryptococcus neoformans, Malassezia spp., Trichosporon spp., Geotrichum spp.); Aspergillus spp.; Histoplasma spp.; Paracoccidioides brasiliensis; Sporothrix schenckii; Fonsecaea spp.; Cladosporium spp.; Blastomyces dermatitidis; Coccidiodes immitis; Pseudallescheria boydii; Penicillium marneffei; және ашытқылар мен зеңдердің басқа да алуан түрлері.

Candida krusei, Candida glabrata және Candida tropicalis, әдетте, итраконазол әртүрлі Candida штаммдарының ішінде ең аз сезімталдығымен сипатталады, олардың кейбір изоляттары in vitro жағдайларында итраконазолға дәрежесі бірдей емес төзімділігін көріністейді.

Итраконазол тежемейтін зеңдердің негізгі типтеріне зигомицеттерді жатқызуға болады (мысалы, Rhizopus spp., Rhizomucor spp., Mucor spp. және Absidia spp.), Fusarium spp., Scedosporium spp. және Scopulariopsis spp.

Азолды қатардың зеңге қарсы препараттарына төзімділік баяу дамиды, көбінесе бірнеше генетикалық мутациялардың салдары болып саналады. Анықталған даму механизмдері межелі 14α-деметилаза ферментін кодтайтын ERG11 генінің шамадан тыс синтезін, препараттың эффлюксті жоғарылататын тасымалдағышының нысанасымен және/немесе шамадан тыс синтезімен тектестігін төмендететін ERG11 генінің нүктелік мутацияларын қамтиды. Candida spp. үшін, кластың бір өкіліне төзімділігінің болуы басқа препараттарға міндетті түрдегі төзімділігін білдірмесе де, азолды қатар препараттарының жекелеген өкілдері арасындағы айқаспалы төзімділігі анықталған. Итраконазолға төзімді Aspergillus fumigatus штаммдары туралы хабарланған.

Қолданылуы

Ішуге арналған Орунгал ерітіндісін қолданудың мынадай көрсетілімдері бар:

  • АИВ-оң тұлғаларда немесе басқа санаттағы иммунитеті түсіп кеткен емделушілерде ауыз қуысы және/немесе өңеш кандидозын емдеу

  • қатерлі гематологиялық жаңа түзілімдері бар емделушілердегі, сүйек кемігі трансплантациясы жасалған емделушілердегі, сондай-ақ нейтропенияның дамуы жорамалданатын емделушілердегі (яғни, нейтрофильдер санының <500 жасуша/мкл дейін азаюы) терең микоздардың алдын алу

  • жорамалданатын жүйелі микоздар аясындағы фебрильді нейтропениясы бар емделушілерді эмпирикалық емдеу, Орунгал препаратының к/і дәрілік түрімен емдеуді жалғастыру ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Оңтайлы сіңіп кетуі үшін Орунгал ерітіндісі ас ішуден бөлек қабылдануы тиіс (емделушілер препарат қабылдағаннан кейін ең кемі бір сағаттан соң тамақтануға болатыны жөнінде ескертілуі тиіс).

Ауыз қуысы және/немесе өңеш кандидозын емдегенде ерітіндіні ауызда ұстап тұрып (20 секундтай), сосын жұтып жібереді. Препаратты қабылдағаннан кейін ауызды шаю керек емес.

Ауыз қуысы және/немесе өңеш кандидозын емдеу: 1 апта ішінде күн сайын екі қабылданатын, әлде, нұсқа ретінде, бір қабылданатын 200 мг (2 өлшегіш ыдыс). 1 аптадан соң оң әсері болмаған жағдайда емдеуді тағы бір апта жалғастырған жөн.

Флуконазолға төзімділік кезінде ауыз қуысы және/немесе өңеш кандидозын емдеу: 2 апта бойы күн сайын күніне екі рет 100-200 мг (1-2 өлшегіш ыдыс). 2 аптадан соң оң әсері болмағанда емдеуді тағы екі апта жалғастырады. 400 мг тәуліктік дозада емдеуді, егер жақсару белгілері болмаса, 14 күннен соң тоқтатады.

Зең жұқпаларының алдын алу: Күн сайын екі қабылдауға 5 мг/кг/тәулік. Клиникалық зерттеулерде алдын алу емі тікелей цитостатикалық емге дейін, әдетте, трансплантацияға дейінгі бір апта ішінде басталды. Емдеу нейтрофильдер деңгейі қалыптанғанша жалғасты (яғни, нейтрофильдер саны > 1 000 жасуша/мкл дейін көбейгенше).

Жорамалданатын жүйелі микоздар аясындағы фебрильді нейтропениясы бар емделушілерді эмпирикалық емдеу

Емдеуді Орунгал препаратының к/і дәрілік түрін енгізуден бастаған дұрыс. Ұсынылатын дозалау режимі: күніне екі рет 200 мг (барлығы төрт доза), артынан 14 күнге дейін күніне бір рет 200 мг. Барлық көктамырішілік инфузиялар ұзақтығы 1 сағаттан көп болуы тиіс. Көктамырішілік инфузиялар курсы біткеннен кейін клиникалық мәнді нейтропения басылғанша күніне екі рет 200 мг (20 мл) дозада ішуге арналған Орунгал ерітіндісіне көшеді. Жорамалданатын жүйелі микоздары бар фебрильді емделушілерді 28 күнге созылатын эмпирикалық емдеуде Орунгал препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Балалар жасында қолдану

Айрықша нұсқаулар

Зең жұқпаларының алдын алу: нейтропениясы бар балаларда әсер ету тиімділігі туралы деректер жоқ. Күніне екі қабылданатын препаратты 5 мг/кг дозада қолданудың шектеулі тәжірибесі туралы деректер бар. Диарея, іштің ауыруы, құсу, қызба, бөрту және мукозит сияқты қолайсыз құбылыстар жиілігі (ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы) балаларда ересектердегіден жоғары. Алайда, оның Орунгал ерітіндісін қолданумен немесе химиялық ем жүргізумен байланысты екені анық емес.

Егде жаста қолдану

Айрықша нұсқаулар

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолдану

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде итраконазолдың ішуге арналған дәрілік түрлерін қолдану жөніндегі деректер шектеулі. Емделушілердің қарастырылған тобын емдеу абайлап жүргізілуі тиіс («Фармакокинетика», «Емделушілердің ерекше топтары», «Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер» бөлімін қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолдану

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде итраконазолдың ішуге арналған дәрілік түрлерін қолдану жөніндегі деректер шектеулі. Емделушілердің қарастырылған тобын емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Ең жоғары тәуліктік доза - 400 мг немесе 5 мг/кг. Ең жоғары курстық дозалау - 11200 мг.

Жағымсыз әсері

Қолайсыз дәрілік реакциялар келесі санаттарға сәйкес тіркелу жиілігіне қарай келтірілген:

  • Өте жиі (≥ 1/10)

  • Жиі (≥ 1 / 100 және < 1 / 10)

  • Жиі емес (≥1/1000 және <1/100)

  • Сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1000)

  • Өте сирек (<1/10 000), бірлі-жарым хабарламаларды қоса.

Өте сирек (<1/10 000), бірлі-жарым хабарламаларды қоса:

- лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

- сарысу құю ауруы, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық, анафилактоидтық және аллергиялық реакциялар

- гипертриглицеридемия, гипокалиемия

- шеткергі нейропатия, парестезия, гипестезия, бас ауыру, бас айналу

- көрудің бұлыңғырлануы немесе анық болмауы, диплопия

- құлақтың шыңылдауы немесе шуылдауы, уақытша немесе үнемі естімей қалу

- іркілісті жүрек жеткіліксіздігі

- өкпенің ісінуі, ентігу

- панкреатит, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, жүрек айну, диарея, іш қату, дисгевзия, іштің ауыруы

- гепатит, бауыр ферменттері деңгейлерінің қайтымды жоғарылауы, бауырдың ауыр уытты зақымдануы (өліммен аяқталған жедел бауыр жеткіліксіздігі жағдайларын қоса)

- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез, көп түрлі эритема, эксфолиативті дерматит, лейкоцитокласты васкулит, есекжем, алопеция, фотосезімталдық, бөрту, қышыну

- миалгия, артралгия

- поллакиурия, несептің ұстамауы

- етеккір оралымының бұзылуы, эректильді қызметтің бұзылуы

- ісіну, қызба

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Ішуге арналған Орунгал ерітіндісі итраконазолға немесе қандай да бір қосымша заттарға аса жоғары сезімталдығы белгілі емделушілерге қарсы көрсетілімді

  • Ішуге арналған Орунгал ерітіндісімен емдеу кезінде келесі дәрілік препараттарды қабылдау қарсы көрсетілімді («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін де қараңыз):

  • QT аралығын ұзартатын CYP3A4 арқылы метаболизденетін препараттар, мысалы, астемизол, бепридил, цизаприд, дофетилид, левацетилметадол (левометадил), мизоластин, пимозид, хинидин, сертиндол және терфенадин. Оларды бір мезгілде қабылдау қан плазмасында осы дәрілік заттар концентрацияларын жоғарылатады, бұл QT аралығының ұзаруын, сирек жағдайларда - «пируэт» типті екі бағытты қарыншалық тахикардияны туғызуы мүмкін

  • ловастатин мен симвастатин сияқты CYP3A4 арқылы метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері

  • триазолам және мидазоламның ішуге арналған дәрілік түрлері

  • дигидроэрготамин, эргометрин (эргоновин), эрготамин және метилэргометрин (метилэргоновин) сияқты қастауыш алкалоидтары

  • нисолдипин

    • Ішуге арналған Орунгал ерітіндісі қарынша қызметінің бұзылу белгілері, мысалы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (ІЖЖ) немесе сыртартқыдағы ІЖЖ бар емделушілерге тағайындалмауы тиіс, өмірге қатер төндіретін немесе өзге күрделі жұқпаларды емдеу жағдайларын қоспағанда. «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз.

    • Жүктілік кезінде ішуге арналған Орунгал ерітіндісімен емдеу қарсы көрсетілімді (өмірге қатер төндіретін жұқпаларды емдеу жағдайларынан басқа). «Жүктілік және лактация» бөлімін қараңыз.

    Орунгал қабылдайтын бала туу жасындағы әйелдер тиісті контрацепция әдістерін пайдалануы тиіс. Тиімді контрацепция Орунгал ерітіндісімен емдеу аяқталғаннан кейін алғашқы етеккір кезеңінде де жалғастырылуы тиіс.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

1. Итраконазол метаболизмін бұзатын дәрілік препараттар

Итраконазол көбінесе CYP3A4 цитохромы жүйесімен метаболизденеді.

CYP3A4 ферменттерінің қуатты индукторлары болып табылатын рифампицинмен, рифабутинмен және фенитоинмен өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілді. Осы зерттеулерде анықталған итраконазол мен гидрокси-итраконазол биожетімділігінің төмендеуі арқылы зерттеуге алынған зат тиімділігінің төмендеуі жорамалданады, сондықтан итраконазолды осы қуатты ферменттік индукторлармен бір мезгілде тағайындау ұсынылмаған.

Осы ферменттік жүйенің ритонавир, индинавир, кларитромицин және эритромицин сияқты қуатты тежегіштері итраконазол биожетімділігін арттыруы мүмкін.

2. Итраконазолдың басқа дәрілік препараттар метаболизміне әсері

2.1 Интраконазол 3А цитохромы тектестігімен метаболизденетін дәрілік препараттар метаболизміне тежегіш әсер көрсетеді. Бұл олардың әсерлерінің, соның ішінде жағымсыз әсерлерінің күшеюіне және/немесе ұзаруына әкеледі. Препараттар тағайындалмас бұрын тиісті нұсқаулықтарда олардың метаболизм жолдарын анықтап алу қажет. Итраконазолмен емдеуді тоқтатқаннан кейін оның плазмадағы концентрациясы, дозасына және емдеу ұзақтығына қарай, біртіндеп төмендейді («Фармакокинетика» бөлімін қараңыз). Бұл жөнінде итраконазолдың бір мезгілде тағайындалған дәрілік препараттарға тежегіш әсерін болжағанда есте сақтау керек.

Итраконазолмен емделу кезінде келесі препараттарды қабылдау қарсы көрсетілімді:

  • астемизол, бепридил, цизаприд, дофетилид, левацетилметадол (левометадил), мизоластин, пимозид, хинидин, сертиндол және терфенадил: оларды бір мезгілде тағайындау осы дәрілік заттардың плазмадағы концентрацияларын жоғарылатуы мүмкін, бұл QT аралығының ұзаруын, сирек жағдайларда - пируэтті-қарыншалық тахикардияны туындатуы мүмкін;

  • ловастатин мен симвастатин сияқты CYP3A4 арқылы метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері;

  • триазолам және мидазоламның ішуге арналған дәрілік түрлері;

  • дигидроэрготамин, эргометрин (эргоновин), эрготамин және метилэргометрин (метилэргоновин) сияқты қастауыш алкалоидтары;

  • нисолдипин

ІЖЖ-нің жоғары даму қаупімен байланысты, итраконазол мен кальций өзектерінің блокаторларын бір мезгілде тағайындау сақтықпен жүргізілуі тиіс. CYP3A4 дәрілік метаболизмі ферментімен оқшауланған болжамды фармакокинетикалық өзара әрекеттесуден тыс, кальций өзектері блокаторларының итраконазолдың сәйкесті әсерін күшейтіп жіберетін теріс инотропты әсері бар.

Келесі дәрілік препараттар сақтықпен тағайындалуы тиіс, бұл олардың плазмадағы концентрацияларын, тиімді әсерлерін немесе жағымсыз әсерлерін бақылауды білдіреді. Қажет болса, дозаны азайтуға болады:

  • ішуге арналған антикоагулянттар;

  • индинавир, ритонавир және саквинавир сияқты АИВ-протеаза тежегіштері;

  • бусульфан, доцетаксел, триметрексат және барвинк алкалоидтары сияқты ісікке қарсы кейбір препараттар;

  • дигидропиридиндер және верапамил сияқты CYP3A4 арқылы метаболизденетін кальций өзектерінің блокаторлары;

  • кейбір иммунодепрессанттар: циклоспорин, рапамицин (сиролимус) және такролимус;

  • аторвастатин сияқты CYP3A4 арқылы метаболизденетін кейбір ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері;

  • будесонид, дексаметазон, флутиказон және метилпреднизолон сияқты кейбір глюкокортикостероидтар;

  • дигоксин (Р-гликопротеинін тежеу арқылы өзара әрекеттеседі)

  • басқа препараттар: алфентанил, алпразолам, бротизолам, буспирон, карбамазепин, цилостазол, дизопирамид, эбастин, элетриптан, фентанил, галофантрин, К/І мидазолам, ребоксетин, репаглинид, рифабутин.

2.2. Итраконазолдың зидовудинмен (AZT) және флувастатинмен өзара әрекеттесулері анықталмаған. Итраконазолдың этинилэстрадиол мен норэтистерон метаболизмін индукциялау әсері байқалмаған.

3. Ақуыздармен байланысуына әсер етуі

Іn vitro зерттеулерінде итраконазолдың плазма ақуыздарымен байланысу деңгейіне ықпал етуі мүмкін итраконазол мен имипрамин, пропранолол, диазепам, циметидин, индометацин, толбутамид пен сульфаметазин арасындағы өзара әрекеттесулері анықталмаған.

Айрықша жағдайлар

Жүрек жағынан болатын асқынулар

Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген Орунгал препаратының к/і дәрілік түрін зерттегенде сол жақ қарынша лықсыту фракциясының белгісі білінбейтін өтпелі төмендеуі хабарланған. Бұл көрсеткіш препараттың келесі инфузиясына дейін қалпына келді. Осы байқалымның препараттың ішуге арналған дәрілік түрлеріне тән клиникалық релеванттығы белгісіз. Қолжетімді деректерге сай, итраконазолдың теріс инотропты әсері бар, ал Орунгал препаратымен емдеу аясында іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің жағдайлары хабарланды. Жүрек жеткіліксіздігі жалпы тәуліктік 400 мг дозадағы препаратпен емдеу жөніндегі күрт түскен хабарламаларда, одан төмен жалпы тәуліктік дозалармен емдеу жөніндегі хабарламалармен салыстырғанда, жиі баяндалды, бұл итраконазолдың жалпы тәуліктік дозасынан болатын жүрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауын жорамалдауға мүмкіндік береді. Орунгал препараты, мұндай емдеуден болатын пайда оның қатерінен күдіксіз артық болатын жағдайларды қоспағанда, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі немесе сыртартқыдағы іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге ұсынылмаған. Жекелеген емделушілер үшін пайда/қауіп арақатынасын бағалағанда көрсетілім ауырлығы, дозалау режимі (мысалы, жалпы тәуліктік доза) және іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің жекелеген қауіп факторлары сияқты факторларды есепке алу қажет. Оларға ишемиялық жүрек ауруын және жүрек клапандарының зақымдануларын қамтитын жүрек аурулары, өкпенің созылмалы тарылу ауруын, бүйрек жеткіліксіздігін қамтитын тыныс алу мүшелерінің ауыр сипатты аурулары және ісінулерге бейімділікпен қатар жүретін өзге аурулар жатады. Мұндай емделушілер іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің симптоматикасы туралы ескертілген болуы тиіс, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі белгілерін емдеу және бақылау кезінде олар жүргізілген уақытта айрықша назар аудару қажет болады. Сәйкесті симптомдары анықталғанда Орунгал препаратын қабылдауды тоқтату керек. Кальций өзектері блокаторларының теріс инотропты әсері бар, бұл осы препараттарды бір мезгілде тағайындағанда итраконазолдың сәйкесті әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Бұдан басқа, итраконазол кальций өзектері блокаторларының метаболизмін тежейді. Осылайша, ІЖЖ дамуының жоғары қаупіне орай, итраконазолмен және кальций өзектері блокаторларымен бір мезгілде емдеу абайлап жүргізілуі тиіс.

Өзара әрекеттесу әлеуеті

Ішуге арналған Орунгал ерітіндісі клиникалық мәні бар дәрілік өзара әрекеттесулерге түсуі мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз).

Муковисцидоз

Муковисцидозы бар емделушілерде күніне екі рет 2,5 мг/кг ішуге арналған ерітіндіні дозалаудың өзгермейтін режимінде итраконазолдың емдік деңгейлерінің өзгергіштігі байқалды. Тепе-тең >250 нг/мл концентрацияларына шамамен 16 жастан асқан 50% емделушіде жетті, бірақ 16 жасқа толмаған емделушілердің біреуінде де емес. Ішуге арналған Орунгал препаратының ерітіндісіне жауап болмаған жағдайда Орунгал препаратының к/і дәрілік түрімен емдеуге көшуге немесе емдеудің баламалы нұсқасын қарастыруға болады.

Балалар жасында қолдану

Ішуге арналған Орунгал ерітіндісін балаларда қолдану жөнінде клиникалық деректер шектеулі болғандықтан, балалар жасындағы емделушілерді онымен әлеуетті пайдасы ықтимал қаупінен артық болғанда ғана емдеуге болады.

Егде жаста қолдану

Ішуге арналған Орунгал ерітіндісін егде жастағы адамдарда қабылдау жөнінде клиникалық деректер шектеулі болғандықтан, егде жастағы емделушілерді онымен әлеуетті пайдасы ықтимал қаупінен артық болғанда ғана емдеуге болады.

Бауыр тарапынан асқынулар

Орунгал препаратымен емдеу аясында ауыр гепатоуыттылық жағдайлары, соның ішінде өлімге ұшырататын жедел бауыр жеткіліксіздігінің бірнеше жағдайлары өте сирек хабарланды. Олардың көпшілігі осының алдында бауыры зақымданып, жүйелі көрсетілімдер бойынша Орунгал алған, осы орайда басқа да елеулі аурулары болған және/немесе гепатоуытты әсері бар өзге дәрілік препараттар қабылдаған емделушілерде дамыды. Кейбір емделушілерде бауыр зақымдануларының көзге көрінетін қауіп факторлары болған жоқ. Бірнеше жағдайлары емнің алғашқы айында, соның ішінде алғашқы аптасында хабарланды. Орунгал препаратымен емдеу аясында бауыр қызметін бақылау керек. Емделушілер анорексия, жүрек айну, құсу, қатты шаршау, іштің ауыруы немесе несептің күңгірттенуі сияқты гепатиттің жорамал симптомдарының болатыны ескертілген болуы тиіс, бірден дәрігерге хабарлау қажет. Бұл жағдайларда Орунгал препаратын қабылдауды дереу тоқтатып, бауыр қызметіне бағалау жүргізу қажет. Бауыр ферменттерінің жоғары деңгейлері, бауырының белсенді ауруы немесе басқа дәрілік препараттар туғызған гепатоуыттылық белгілері бар емделушілерге емдеуді оның болжамды пайдасы бауырдың зақымдану қатерінен артық болғанда ғана жүргізуге болады. Мұндай емделушілерге бауыр ферменттерінің деңгейлерін бақылау талап етіледі.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде итраконазолдың ішуге арналған дәрілік түрлерін қолдану жөнінде деректер шектеулі. Емделушілердің қарастырылған тобын емдеу абайлап жүргізілуі тиіс («Фармакокинетикасы», «Емделушілердің ерекше топтары», «Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер» бөлімін қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде итраконазолдың ішуге арналған дәрілік түрлерін қолдану жөнінде деректер шектеулі. Емделушілердің қарастырылған тобын емдеу абайлап жүргізілуі тиіс.

Нейтропенияның ауыр түрі бар емделушілерді емдеу

Ішуге арналған Орунгал ерітіндісі нейтропенияның ауыр түрі бар емделушілерде ауыз қуысы және/немесе өңеш кандидозын емдеу нұсқасы ретінде зерттелмеген.

Итраконазолдың фармакокинетикалық қасиеттеріне орай («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз), ішуге арналған Орунгал ерітіндісі жүйелі кандидоздың тікелей қаупі бар емделушілерді емдеуді бастауға сай келмейді.

Аса жоғары сезімталдықтың айқаспалы реакциялары

Итраконазол мен азолды қатардың зеңге қарсы басқа препараттары арасында аса жоғары сезімталдықтың айқаспалы реакцияларының даму мүмкіндігі жөнінде деректер жоқ. Ішуге арналған Орунгал ерітіндісін азолды қатардың басқа препараттарына сезімталдығы аса жоғары емделушілерге тағайындау туралы шешім ойластырылып қабылдануы тиіс.

Төзімділіктің айқаспалы реакциялары

Итраконазолға төзімді Candida штаммдары туғызған жүйелі кандидоз дамыған жағдайда итраконазолға төзімділік пайда болуы мүмкін. Осыған орай, итраконазолмен емдеуді бастар алдында сезімталдыққа тест жүргізу ұсынылады.

Өзара алмасу

Капсулаларды ішуге арналған ерітіндіге алмастыру ұсынылмайды, өйткені

ішуге арналған ерітіндіні қолдану, дәл солай дозаланған капсулалар қолдануға қарағанда, едәуір жоғары әсер ету көрсеткіштерімен сипатталады.

Нейропатия

Ішуге арналған Орунгал ерітіндісінің жағымсыз әсері болуы мүмкін нейропатия дамыған жағдайда препаратты қабылдау тоқтатылуы тиіс.

Естімей қалу

Итраконозолмен емделу кезінде уақытша немесе үнемі естімей қалу жөнінде хабарланды. Бірнеше хабарламаларда хинидинді бір мезгілде қабылдау жайында айтылды, бұл қолданылуы жөніндегі нұсқауларға қарама-қайшы келеді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз. Итраконазолдың басқа дәрілік препараттар метаболизміне ықпал етуі). Есту, әдетте, емдеуді тоқтатқаннан кейін қалпына келеді, дегенмен естімей қалу кейбір емделушілерде сақталуы мүмкін.

Нейтропенияның ауыр дәрежесі

Ауыз қуысы және/немесе өңеш кандидозын емдеуге арналған ішу арқылы қабылданатын Орунгал ерітіндісі нейтропенияның ауыр дәрежесі бар емделушілерді емдеуде зерттелмеген.

Орунгал ерітіндісінің фармакологиялық сипаттамаларын ескеріп, оны жүйелі кандидоздың жылдам даму қаупі жоғары емделушілерді емдеуге арналған бастапқы дәрі ретінде қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік

Орунгал ерітіндісін, препараттың ана үшін әлеуетті пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен артық болатын өмірге қатерлі жұқпаларды емдеу жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде қолдану қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Орунгал ерітіндісін жүктілік кезінде қолдануға қатысты деректер шектеулі.

Бала туу жасындағы әйелдер

Ішуге арналған Орунгал ерітіндісін қабылдайтын бала туу жасындағы әйелдер тиісті контрацепция әдістерін пайдалануы тиіс. Орунгал ерітіндісімен емдеу аяқталғаннан кейінгі алғашқы етеккір кезеңінде де тиімді контрацепция жалғастырылуы тиіс.

Лактация

Өте аздаған мөлшерлерде итраконазол ана сүтінде анықталады. Емшек емізу кезеңінде Орунгал ерітіндісімен емдегенде емдеудің болжамды пайдасы мен бала емізуді жалғастырудың ықтимал қаупіне мұқият бағалау жүргізу қажет. Күдік туындаса, бала емізуді уақытша тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне зерттеулер жүргізілмеген. Көлік құралдарын басқарғанда және механизмдермен жұмыс істегенде кейбір жағдайларда бас айналу, көрудің нашарлауы және естімей қалу сияқты қолайсыз құбылыстардың дамуы мүмкін екенін назарға алу керек («Жағымсыз әсері» бөлімін қараңыз).

 

Артық дозалануы

Артық дозаланған жағдайда белгісіне қарай ем жүргізу қажет.

Препаратты жоғары дозаларды қабылдағаннан кейінгі алғашқы сағатта асқазанға шаю жүргізген жөн. Сорбент ретінде, егер бұл мақсатқа сай келсе, белсенділендірілген көмір беруге болады. Итраконазол гемодиализ кезінде шығарылмайды.

Арнайы у қайтарғысы анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Балалардың кездейсоқ ашуынан қорғау механизмімен бұралатын қақпағы бар күңгірт шыны құтыда 150 мл ерітіндіден.

1 құтыдан 10 мл өлшеуіш ыдысымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препарат қолдануға 1 ай бойы жарамды.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Янссен Фармацевтика Н.В., Бельгия

Турнхоутсевег 30, В-2340 Беерсе.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы:

«Джонсон & Джонсон» ЖШҚ, Ресей 121614,

Мәскеу, Крылатская к-сі, 17/2

 

 

Қазақстан Республикасының аумағында өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның атауы:

Қазақстан Республикасындағы «Джонсон & Джонсон» ЖШҚ филиалы

Мекенжай: 050040, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, №23«А» павильоны Қазақстан Республикасы

Тел./Факс: +7 (727) 3568811

E-mail: DrugSafetyKZ@its.jnj.com

 

Прикрепленные файлы

156148491477977007_ru.doc 128.5 кб
064087061477978182_kz.doc 186.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники