Орнисид® (500 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Орнисид®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Орнидазол
Дәрілік түрі
500 мг қынаптық таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - орнидазол 500,00 мг
қосымша заттар: кальций гидрофосфаты, лактоза моногидраты, сусыз лимон қышқылы, поливинилпирролидон К 30, магний стеараты, желатинделген крахмал, жүгері крахмалы, авицелл рН 102.
Сипаттамасы
Екі жақ беті аздап дөңес келген, алмұрт тәріздес, ақ немесе ақ дерлік таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Амебиазды және басқа да протозойлы инфекцияларды емдеуге арналған препараттар. Нитроимидазол туындылары. Орнидазол
АТХ коды G01AF06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Төмен жүйелі адсорбциясына байланысты препараттың фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілген жоқ.
Фармакодинамикасы
Орнисид® бактерияларға қарсы және протозойға қарсы әсерге ие. Микробтық жасушаның ДНҚ өзара әрекеттесіп, оның спиральді құрылымын бұзып, талшықтарын үзеді, нуклеин қышқылдарының синтезін басады және микробтық жасушалар мен қарапайымдылардың жасушаларының қырылуын туындатады.
Орнисид® (орнидазол) мына қарапайымдыларға: Trichomonas vaginalis, Entamoeba histolitica, Gardnerella vaginalis. Giardia intestinalis, Lambilia қатысты белсенді. Сондай-ақ анаэробтық кокктар: Peptostrepococcus, Peptococcus қатысты да белсенді.
Қолданылуы
-
әйелдердегі трихомониазда: трихомонадты вульвовагинитте, уретритте, бартолинитте, цервицитте, аднекситте және т.б.
-
бактериялық вагинозда
- әдеттегі пиогенді флора туындатқан бактериялық вагинитте
- хирургиялық және гинекологиялық араласулардан кейінгі инфекцияның профилактикасында; гинекологиялық операция алдында, босану немесе аборт алдында, ЖІС қойғанға дейін және кейін, жатыр мойнын диатермокоагуляциялауға дейін және кейін, гистерография алдында
Қолдану тәсілі және дозалары
Қынаптық және пероральді дозаны біріктіріп қолдану ұсынылады.
Трихомониазды емдеу үшін:
Қолдану тәсілі |
|
Бір ретік доза |
1,0 г (2 оральді таблетка 500 мг-ден) ішке + ұйықтардың алдында 1 қынаптық таблетка |
5 күндік ем |
500 мг (1 оральді таблетка) таңертең, 500 мг (1 оральді таблетка) кешкісін + Ұйықтар алдында 1 қынаптық таблетка |
Ұйықтар алдында қынаптық Орнисид® таблеткасын алдын ала қолды мұқият жуып қынапқа енгізу керек. Енгізгеннен кейін 10-15 минут жату керек.
Жағымсыз әсерлері
- ашытып күйдіруді сезіну, жергілікті тітіркену (емнің басында)
- аллергиялық реакциялар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- ОЖЖ органикалық аурулары
- жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Орнисид® 5-нитроимидазолдың басқа туындыларымен бірге қолданғанда шеткергі невропатия, депрессия және эпилепсия түріндегі құрысулар байқалуы мүмкін.
Орнидазол альдегиддегидрогеназаны тежемейді, сондықтан алкогольмен өзара әрекеттеспейді.
Микросомальді ферменттердің индукторларымен (барбитураттар, бензодиазепиндер, рифампициндер және т.б.) бір мезгілде қолдану орнидазолдың сарысуда жартылай ыдырау кезеңін қысқартады. Микросомальді ферменттердің тежегіштері (циметидин, макролидтер және т.б.) орнидазолдың жартылай ыдырау кезеңін ұзартады.
Орнидазол қанның ұюына қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді, бұл олардың дозасын түзетуді қажет етеді.
Орнисидті нейроуытты және гемоуытты препараттармен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Инфекцияның қайтадан жұғуына жол бермеу үшін, трихомониаз кезінде жыныстық жұптасына да бір мезгілде ем жүргізген жөн.
Жүктілік
2 және 3 триместрде препарат ана және бала үшін күтілетін пайда ұрық үшін әлеуеттік қауіптен артқан жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Қынаптық таблеткаларды ішу арқылы қолдануға болмайды!
Артық дозалануы
Жүйелі қанағысында сіңу дәрежесі төмен болуына байланысты артық дозалану ықтималдығы аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяқшықты қаптамада 3 таблеткадан.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге жиналатын картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«ABDI IBRAHIM» Стамбул, Түркия
Тіркеу куәлігінің иесі
«ABDI IBRAHIM» Стамбул, Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік зат қауіпсіздігінің тіркеуден кейінгі қадағалануына жауапты ұйымның мекенжайы
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85, электрондық поштасы: info@aigp.kz