Орнисид® (250 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Орнисид®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Орнидазол
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 250 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 250 мг орнидазол,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (102 типті), жүгері крахмалы, гидроксипропилметилцеллюлоза (Е-15), магний стеараты
қабықтың құрамы: Opadry White 06F280004 (НРМС 2910 /Гипромеллоза (15cP) (Е464), макрогол/PEG (MW 4000) (Е1521), титанның қостотығы (Е171), тальк, НРМС 2910 /Гипромеллоза (5cP) (Е464), натрий бензоаты (Е211))
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде сызығы бар, ақ немесе сарғыш-ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Амебиазды және басқа да протозой инфекцияларын емдеуге арналған препараттар.
Нитроимидазол туындылары. Орнидазол
АТХ коды P01AB03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Орнидазол асқазан-ішек жолынан жеңіл сіңеді. Биожетімділігі - 90. Қан плазмасында ең жоғары концентрациясына 2 сағаттың ішінде жетеді. Ең жоғары 1,5 г тәуліктік дозасын оральді түрде қолданғаннан кейін қан плазмасындағы орнидазолдың концентрациясы 30 мг/мл жетеді, 24 сағат өткенде плазмалық концентрациясы 9 мг/мл дейін төмендейді.
Қан ақуыздармен байланысуы 15 азырақ.
Орнидазол жұлын-ми сұйықтығын қоса, организмнің барлық тіндері мен сұйықтықтарына жақсы өтеді. Орнидазолдың биотрансформациясы бауырда жүреді. Орнидазолдың жартылай шығарылу кезеңі 12-14 сағатты құрайды. Бір рет қабылдағаннан кейін 5 күннің ішінде организмнен дозаның 85 метаболиттер түрінде шығарылады. Орнидазол негізінен метаболиттер түрінде бүйрек арқылы (63) және нәжіспен бірге (22) шығарылады. Орнидазолдың өт жолдары арқылы да шығарылуы мүмкін.
Фармакодинамикасы
Орнисид® бактерияларға қарсы, протозойға қарсы әсерге ие. Микробтық жасушаның ДНҚ өзара әрекеттесіп, оның спиральді құрылымын бұзып, талшықтарын үзеді, нуклеин қышқылдарының синтезін басады және микробтық жасушалар мен қарапайымдылардың жасушаларын қырады.
Орнисид® мына қарапайымдыларға: Trichomonas vaginalis, Entamoeba histolitica, Gardnerella vaginalis, Giardia intestinalis, Lambіlia қатысты белсенді. Сондай-ақ анаэробтық коктар: Peptostrepococcus, Peptococcus қатысты да белсенді.
Қолданылуы
-
әйелдер мен еркектердегі трихомониазда: трихомонадты вульвовагинитте, уретритте, бартолинитте, цервицитте, простатитте, аднекситте және т.б.
-
амебиазда: амебалық дизентерия, ішектен тыс амебиаз (соның ішінде бауырдың амебалық абцесі)
-
лямблиозда
-
анаэробты бактериялар туындатқан инфекцияларда: септицемия, менингит, перитонит, офтальмологиядағы абсцесс
-
хирургиялық және гинекологиялық араласудан кейінгі инфекция профилактикасында
Қолдану тәсілі және дозалары
Таблеткаларды тамақтан кейін қабылдайды.
Ересектердегі трихомониазды емдеген кезде біріктірілген емнің мынадай екі сызбасы қолданылады:
Емдеу курсы |
1 сызба |
2 сызба |
Бір рет қабылдау |
1,5 г (6 таб.) ішке кешке |
1 г (4 таб.) ішке + 1 қынаптық таб. (Орнисид) ұйықтар алдында |
5 күн |
500 мг (2 таб.) таңертең және 500 мг (2 таб.) ішке кешке |
500 мг (2 таб.) таңертең және 500 мг (2 таб.) кешке + 1 қынаптық таб. (Орнисид) ұйықтар алдында |
Балаларға дозаны тәулігіне дене салмағының әр кг шаққанда 25 мг есебінен белгілейді.
Амебалық дизентерияда ересектер мен дене салмағы 35 кг асатын балаларға кешке ішуге тәулігіне 1 рет 1,5 г (6 таб.) тағайындайды;
дене салмағы 60 кг асатын ересектерге – тәулігіне 2 г (4 таб. таңертең және 4 таб. кешке).
Дене салмағы 35 кг аздау балаларға препаратты тәулігіне 1 рет дене салмағының әр кг шаққанда 40 мг есебімен тағайындайды. Емдеу курсы – 3 күн.
Амебиаздың басқа түрлерінде ересектер мен дене салмағы 35 кг асатын балаларға тәулігіне 2 рет 500 мг (2 таб. таңертең және 2 таб. кешке) ішуге тағайындайды.
Емдеу курсы– 5-10 күн.
Лямблиоз кезінде ересектер мен дене салмағы 35 кг асатын балаларға 1-2 күн бойы кешке тәулігіне 1 рет 1,5 г (6 таб.), немесе 5-10 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг (2 таб. таңертең және 2 таб. кешке) тағайындайды. Дене салмағы 35 кг аздау балаларға препаратты 1-2 күн бойы қабылдағанда тәулігіне 1 рет дене салмағының әр кг шаққанда 40 мг есебінен тағайындайды.
Анаэробтық бактериялардан туындаған инфекцияларды емдеу үшін ересектерге 500 мг тәулігіне 2 рет (2 таб. таңертең және 2 таб. кешке) 5-10 күн бойы. Балаларға арналған тәуліктік доза дене салмағының әр кг шаққанда 25 мг есебімен белгіленеді. Профилактика үшін операция алдында 500 мг және операциядан кейін 500 мг тәулігіне 2 рет 1-5 күн бойы тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
- диспепсия, АІЖ қызметінің бұзылуы (оның ішінде жүрек айнуы), дәм сезудің бұзылуы
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)
Сирек:
- полиурия (өйткені ангиотензин II-рецепторларын ішінара бөгеуі мүмкін)
- ұйқышылдық, бас ауыру, бас айналу, шаршау, уақытша естен тану, ОЖЖ
(атаксия, дизартрия, тремор, құрысулар) және шеткергі жүйкелердің
зақымдануы (ашытып-күйдіру сезімі, аяқ-қолдың ұюы, парестезиялар)
- лейкопоэздің тежелуі
- «бауыр» ферменттері белсенділігінің өзгеруі, аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- ОЖЖ органикалық аурулары
- жүктілік және лактация кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Орнисид® 5-нитроимидазолдың басқа туындыларымен бірге қолданғанда шеткергі невропатия, депрессия және эпилепсия түріндегі құрысулар байқалуы мүмкін.
Орнидазол альдегиддегидрогеназаны тежемейді, сондықтан алкогольмен өзара әрекеттеспейді.
Микросомальді ферменттердің индукторларымен (барбитураттар, бензодиазепиндер, рифампициндер және т.б.) бір мезгілде қолдану орнидазолдың сарысуда жартылай ыдырау кезеңін қысқартады. Микросомальді ферменттердің тежегіштері (циметидин, макролидтер және т.б.) орнидазолдың жартылай ыдырау кезеңін ұзартады.
Орнидазол қанның ұюына қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді, бұл олардың дозасын түзетуді қажет етеді.
Орнисидті нейроуытты және гемоуытты препараттармен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты орталық жүйке жүйесі ауруларымен, бауыр функциясының бұзылуымен және қан түзілудің бұзылуымен зардап шегетін емделушілерге, сондай-ақ алкогольді шамадан тыс пайдаланатын емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.
Инфекцияның қайтадан жұғуына жол бермеу үшін, трихомониаз кезінде жыныстық жұптасына да бір мезгілде ем жүргізген жөн.
Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлері білінуінің күшеюі.
Емі: у қайтарғысы жоқ, симптоматикалық ем жүргізіледі, құрысулар кезінде диазепам тағайындайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«ABDI IBRAHIM», Стамбул, Түркия
Тіркеу куәлігінің иесі
"ABDI IBRAHIM", Стамбул, Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
"Абди Ибрахим Глобал Фарм" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі 184 «г», тел. +7 727 309 74 07, факс +7 727 309 74 14,
e-mail: info@aigp.kz