Орнимед (500 мг)

МНН: Орнидазол
Производитель: Рубикон ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ornidazole
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023944
Информация о регистрации в РК: 12.03.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Орнимед

Халықаралық патенттелмеген атауы

Орнидазол

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар.

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - орнидазол 500 мг;

қосымша заттар: картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, гипромеллоза, магний стеараты, қабық (поливинил спирті, макрогол 3350, тальк, титанның қостотығы).

Сипаттамасы

Цилиндр тәрізді, екі беті дөңес, ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Басқа бактерияға қарсы препараттар. Имидазол туындылары. Орнидазол.

АТХ коды J01XD03

Фармакологиялық қасиеттері

  • Фармакокинетикасы

  • Пероральді қабылдаудан кейін орнидазол жылдам сіңіріледі. Орташа алғанда, сіңірілуі 90% құрайды. Плазмадағы ең жоғарғы концентрацияларға 3 сағат шегінде жетеді.

  • Орнидазолдың ақуыздармен байланысы шамамен 13 % құрайды. Белсенді зат жұлын-ми сұйықтығына, организмнің басқа да сұйықтықтарына және тіндерге өтеді.

  • Плазмадағы орнидазол концентрациялары препараттың түрлі қолданылу көрсетілімдері үшін тиімді диапазонда (6-36 мг/л) болады. 500 мг немесе 1000 мг дозаларды дені сау еріктілер көп рет қабылдағаннан кейін жинақталу коэффициенті 12 сағат сайын 1.5-2.5 тең болды.

  • Орнидазол негізінен, 2-гидроксиметил- және альфа –гидроксиметилметаболиттер түзумен бауырда метаболизденеді. Екі метаболит те өзгермеген орнидазолға қарағанда Trichomonas vaginalis және анаэробты бактерияға қатысты белсенділігі төменірек.

  • Жартылай шығарылу кезеңі 13 сағатқа жуық. 85 % дозаны бір рет қабылдаудан кейін негізінен, метаболиттер түрінде алғашқы 5 күн ішінде шығарылады. Қабылданған дозаның 4 % жуығы өзгермеген күйде бүйрек арқылы шығарылады.

  • Фармакодинамикасы

    Орнидазол Trichomonas vaginalis, Entamoeba histolytica, Giardia lamblia (Giardia intestinalis), сондай-ақ Bacteroides және Clostridium spp., Fusobacterium spp. сияқты кейбір анаэробты бактерияларға және анаэробты кокктарға қатысты тиімді.

    Қолданылуы

    - трихомониаз (Trichomonas vaginalis туындатқан әйелдер мен еркектердегі несеп-жыныс инфекциялар);

    - амёбиаз (Entamoeba histolytica туындатқан барлық ішек инфекциялары, оның ішінде амёбалық дизентерия және амёбиаздың барлық ішектен тыс формалары, әсіресе бауырдың амёбалық абсцесі);

    - лямблиоз;

    - жуан ішек операцияларында және гинекологиялық араласулар кезіндегі анаэробты инфекциялардың профилактикасы.

    Қолдану тәсілі және дозалары

    Аздаған мөлшердегі сумен ішіп, тамақтан кейін ішке қабылдайды.

    Трихомониаз:

    Препарат дозасының ұсынылған сызбалары:

    а) емдеу курсы - 1 күн:

    - Ересектер мен дене салмағы 35 кг жоғары балалар - 3 таблетка кешкі қабылдауға;

    - Дене салмағы 20 кг жоғары балалар үшін тәуліктік доза дене салмағының 25 мг/кг құрайды және 1 қабылдауға тағайындалады;

    б) емдеу курсы - 5 күн:

    - Ересектер мен дене салмағы 35 кг жоғары балалар - 2 таблетка (1 таблеткадан таңертең және кешке).

    Дене салмағы 35 кг төмен балаларға - ұсынылмайды.

    Қайта жұқтыру мүмкіндігін болдырмау үшін жыныстық жұптасы осындай курстан өтуі тиіс.

    Амёбиаз.

    Рұқсат етілген емдеу сызбасы:

    а) амёбалық дизентериямен ауыратын науқастарды 3-күндік емдеу курсы;

    б) амёбиаздың барлық формаларында 5-10-күндік емдеу курсы.

    Препарат дозасының ұсынылған сызбасы:

    Емдеу ұзақтығы

    Тәуліктік доза

    Ересектер мен дене салмағы 35 кг жоғары балалар

    Дене салмағы 35 кг дейінгі балалар

    а) амёбалық дизентерия - 3 күн

    3 таблетка кешке қабылдауға.

    Дене салмағы 60 кг жоғары болғанда

    4 таблетка (2 таблеткадан таңертең және кешке)

    35 кг - 3 таблетка 1 қабылдауға

    25 кг - 2 таблетка 1 қабылдауға

    13 кг - 1 таблетка 1 қабылдауға

    (Дене салмағының 1 кг 1 қабылдауға 40 мг орнидазол ретінде есептеледі)

    б) амёбиаздың басқа формалары - 5-10 дней

    2 таблеткадан (1 таблеткадан таңертең және кешке)

    35 кг - 2 таблетка 1 қабылдауға

    20 кг - 1 таблетка 1 қабылдауға

    (Дене салмағының 1 кг 1 қабылдауға 25 мг орнидазол ретінде есептеледі)

    Лямблиоз:

    Ересектер мен дене салмағы 35 кг жоғары балаларға бір рет 3 таблетка кешке тағайындалады, дене салмағы 35 кг төмен балаларға - тәулігіне дене салмағының 40 мг/кг есебінен дозаны бір рет қабылдау. Емдеу ұзақтығы 1-2 күнді құрайды.

    Анаэробты бактериялар туындатқан инфекциялардың профилактикасы:

    Операциядан кейінгі емнің ұзақтығы, әдетте, 5 - 10 күнді құрайды, алайда оны операция жасалған науқастың клиникалық деректеріне сүйене отырып, анықтау керек. Орнидазолды операция жасалған науқастың жағдайы тұрақталғаннан және өз бетімен қолдану мүмкіндігінен кейін тағайындау керек.

    12 сағат сайын 1 таблеткадан тағайындайды.

    Балалар үшін тәуліктік доза 5-10 күн бойы 2 қабылдауға дене салмағының 1 кг-на 20 мг құрайды.

    Аралас инфекциялардың профилактикасы үшін орнидазолды аминогликозидтермен, пенициллиндік және цефалоспориндік қатардағы антибиотиктермен біріктірілімде қолдану керек. Дәрілік заттарды жеке-жеке қолдану керек.

    Жағымсыз әсерлер

    Орнидазолдың жағымсыз әсерлері дозаға тәуелді.

    Қан тарапынан: сүйек кемігіне әсері және нейтропения.

    Иммундық жүйе тарапынан: тері реакциялары және аса жоғары сезімталдық реакциялары.

    Жүйке жүйесі тарапынан: тремор, сіресу, зейін қоюдың бұзылуы, құрысулар, уақытша естен тану, сенсорлық немесе аралас шеткері нейропатия белгілері, бас айналуы, ұйқышылдық.

    Ас қорыту жолы тарапынан: жүрек айнуы, құсу, ауыздағы металл дәмі.

    Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгендері асқынса немесе нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлер байқалса дереу дәрігерге хабарласу керек.

    Қолдануға болмайтын жағдайлар

    Препаратқа немесе нитроимидазолдың басқа туындыларына аса жоғары сезімталдық. Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы (эпилепсия, мидың зақымдануы, жайылған склероз). Қанның патологиялық зақымданулары немесе басқа да гематологиялық аномалиялар.

    Сақтықпен:

    - жүктілік, лактация кезеңі;

    - бауыр ауруы және маскүнемдік.

    Дәрілермен өзара әрекеттесуі

    Нитроимидазолдың басқа туындыларынан айырмашылығы орнидазол альдегиддегидрогеназаны тежемейді және сондықтан алкогольмен үйлесімді. Алайда орнидазол кумариндік қатардағы пероральді антикоагулянттардың әсерін күшейтеді, бұл олардың дозасының тиісінше түзетілуін керек етеді.

    Орнидазол векуроний бромидінің миорелаксациялайтын әсерін ұзартады.

    Фенобарбитал мен бауыр ферменттерінің басқа да индукторларын бірге қолдану қан сарысуындағы орнидазол циркуляциясының кезеңін төмендетеді, ал фермент тежегіштері (мысалы циметидин) жоғарылатады.

    Айрықша нұсқаулар

    Препараттың жоғарғы дозаларын қолданғанда және 10 күннен артық емдеген жағдайда клиникалық және зертханалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

    Анамнезінде қан тарапынан бұзылыстары бар адамдарда, әсіресе қайталама емдеу курстарын жүргізгенде лейкоциттерді бақылау ұсынылады.

    Орталық немесе шеткері жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстардың күшеюі препаратпен емделу кезеңінде байқалуы мүмкін. Шеткері нейропатия, қимыл үйлесімінің бұзылуы (атаксия), бас айналуы немесе сананың шатасуы кезінде емді тоқтату керек.

    Кандидомикоздың асқынуы байқалуы мүмкін, ол тиісті емді қажет етеді.

    Гемодиализ жүргізген жағдайда жартылай шығарылу кезеңінің азаюына ескеру және гемодиализге дейін немесе одан кейін препараттың қосымша дозаларын тағайындау қажет.

    Литиймен емдеуді қолданғанда литий тұздарының, креатининнің концентрациясы және электролиттер концентрациясын бақылау қажет.

    Басқа дәрілік заттардың әсері емдеу кезінде жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін.

    Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

    Орнимед препаратын қолданғанда ұйқышылдық, сіресу, бас айналуы, тремор, құрысулар, зейін қоюдың төмендеуі, уақытша естен тану сияқты белгілер болуы мүмкін. Мұндай белгілердің болу мүмкіндігін көлік басқаратын немесе басқа да механизмдермен жұмыс істейтін пациентер үшін ескеру қажет.

    Артық дозалануы

    Симптомдары:

    - жағымсыз реакциялардың күшеюі (эпилепсия түріндегі құрысулар, депрессия, шеткері неврит).

    Емі:

    - симптоматикалық ем, спецификалық антидоты белгісіз. Орнидазолдың организмнен шығару үшін асқазанды шаю немесе гемодиализ ұсынылады. Құрысу жағдайында диазепамды вена ішіне енгізу ұсынылады.

    Трихомониазды емдегенде жыныстық жұптастарды бір уақытта емдеу қажет.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    10 таблеткадан полимер үлбірден (ПВХ немесе ПВДХ) және алюминий фольгадан жасалған блистерде.

    1 немесе 2 блистерден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

    Сақтау шарттары

    Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Сақтау мерзімі

    2 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Дәрігердің рецептісі арқылы.

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    «Рубикон» ЖШҚ, Беларусь Республикасы, 210002, Витебск қ.,

    М. Горький к. 62 Б, тел/факс +375 (212) 34-06-29,

    e-mail: secretar@rubikon.by, www.rubikon.by

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «Рубикон» ЖШҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Қазақстан Республикасы, Алматы, Пушкин к-сі, 2/76, 905 кеңсе, тел/факс:+77017865802, email: Rubikon.kz@mail.ru

    Прикрепленные файлы

    Инструкция_Орнимеда.doc 0.06 кб
    орнимед_105138.docx 0.04 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту