Оригинальный Большой Бальзам Биттнера®

Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для лечения заболеваний ЖКТ и нарушений обмена веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019379
Информация о регистрации в РК: 21.11.2012 - 21.11.2017
Номер регистрации в РБ: 1336/95/2000/04/05/10/16
Информация о регистрации в РБ: 07.09.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Биттнердің® Түпнұсқалық Үлкен Бальзамы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке және сыртқа қолдануға арналған бальзам

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар – ақшаған шырыны - 0.1360г, ұзын куркума тамыр сабағы - 0.1380г, дәрілік аюбалдырған - 0.1360г, сары шерменгүл тамыры - 0.0500г, мускатты жаңғақ тұқымы - 0.0280 г, сабақсыз тікенше тамыры - 0.0680г, жалаң мия тамыры - 0.0170г,биік андыздың тамырсабағы және тамыры - 0.0020г, кәдімгі толғақшөп - 0.0013г, қалампыр ағашының гүлдері - 0.0030г, нағыз калганның тамырсабағы - 0.0014г, нағыз имбирь тамырсабағы - 0.0015г, бұйра тікен қурай шөбі - 0.0015г, мускатты мыңжапырақ шөбі - 0.0006г, германдық ирис тамырсабағы - 0.0005г, кәдімгі сиырқұйрық гүлдері - 0.0014г, ащы померанц жемісінің қабығы - 0.0031г, сазандыз тамырының тамырсабағы - 0.0047г, ащы жусан шөбі - 0.0035г, кюрасао апельсині жемісінің қабығы - 0.0038, кубеб бұрышының жемістері - 0.0017г, нағыз даршын жемісі - 0.0046г, тәтті апельсин жемісінің қабығы - 0.0011г, үшжапырақты сүбеде жапырақтары - 0.0120г, кептірілген шайырлы мирра камеді - 0.0700г, териак - 0.0970г, камфора - 0,0648-0,0792

қосымша заттар: этил спирті 43,4%, тағамдық бояғыш (Е 150 а),тазартылған су.

Сипаттамасы

Сарғыш-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық. Препараты бар құтыда шөгінді болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолдарының және зат алмасуы бұзылулары ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды A16A

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикалық қасиеттері туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Биттнердің® Түпнұсқалық Үлкен Бальзамы құрамында басқа заттар арасында бірнеше табиғи заттар және эфир майы бар.

Биттнердің® Түпнұсқалық Үлкен Бальзамы тұтас алғанда физиологиялық және психикалық жай-күйді жақсартады және реабилитация кезеңінде анаболикалық әсерді индукциялайды. Биттнердің® Түпнұсқалық Үлкен Бальзамы тышқандарда гуморальдық және лимфоцитке тәуелді жасушалық иммунитетті өте төмен дозаларға дейін стимуляциялағанын көрсетті.

Клиникалық зерттеулер иммуномодуляциялайтын әсерінің барын көрсетті.

Ащы дәмді сезуден импульстердің орталық жүйке жүйесіне берілуі асқазан сөлі мен сілекей сөлінісінің ұлғаюын туындатады. Бұл асқазанда тұз қышқылы сөлінісі мен пепсиннің түзілуі жоғарылауына алып келеді. Амароидтар (ащының бастапқы әсері) асқазан безін көтермелейді және тамақ ішумен үйлескенде гастрин сөлінісін ұлғайтады.

Гастрин асқазанды, ұйқы безін және бруннеров бездерін (дуоденалдық бездер немесе он екі елі ішек безі) көтермелейтін полипептид болып табылады. Барлық механизмі тамақтың тиімдірек қорытылуына және сіңуінің жоғары болуына алып келеді.

Қолданылуы

Ішке қабылдау:

- диспепсиялық симптомдар (жүрек айнуы, метеоризм, тамақтанғаннан соң асқазандағы ауырлық сезімі) және астениялық синдромда.

- асқазан-ішек жолдарының ауруларын кешенді емдеу құрмында: ойық жаралы ауру, созылмалы гастриттің асқынудан тыс сатысында, өт шығару жолдарының дискинезиясы, іш қатуына бейімділікте.

- седативті дәрі (тыныштандыратын) ретінде жүйке жүйесінің жоғары қозғыштығында және ұйқы бұзылуында;

- ауырулардан, операциялардан кейінгі сауығу кезеңінде, физикалық және ақыл-ой еңбегі жүктемесі жоғары болғанда, жарақаттарда, стресстерде жалпы нығайтатын дәрі ретінде;

- жүрек-қан тамыр аурулары бар науқастарды реабилитациялау кезеңінде кешенді емнің бір бөлігі ретінде;

- липидті алмасу бұзылуында, гиперлипидемияда кешенді емде;

- салдарлы иммунологиялық жеткіліксіздігі бар науқастарды, оның ішінде радиотерапия алатын науқастарды емдеу үшін ағзаның спецификалық емес төзімділігін арттыратын дәрі ретінде.

Сыртқа қолданылуы:

- жарақаттан кейінгі ауыруларды емдеуге ауырғанды басатын жеңіл әсері бар жергілікті қабынуға қарсы дәрі ретінде;

- жәндіктер шаққан орындағы қабыну мен қышуды қойдыру үшін;

- жұтқыншақ пен ауыз қуысы қабыну ауруларын емдеу және алдын алуда .

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға:

- асқазан-ішек жолдары патологиясы Ересектерге қышқылдылық қалыпты немесе төмен болғанда 1-2 шай қасықтан (5 - 10 мл) сұйылтылмаған немесе 50-100 мл сумен сұйылтылған препаратты күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын қабылдау керек. Қышқылдығы жоғары болғанда: тамақтан соң бір сағаттан кейін күніне 2-3 рет. Емдеу курсы бір ай. Балалар мен жасөспірімдер 12 жастан бастап: 50-100 мл сумен сұйылтып 0,5-1 шай қасықтан күніне 3 рет (2,5-5 мл). Емдеу курсы бір ай.

- сауығу кезеңіндегі жүрек-қан тамырлары аурулары – Ересектерге 2 шай қасықтан тамақтан 30 минут бұрын күніне 3 рет бір ай бойына. Балалар мен жасөспірімдер 12 жастан бастап: 0,5-1 шай қасықтан (2,5-5 мл) күніне 3 рет бір ай бойына. Қолданар алдында сумен сұйылтады.

- жұқпалы аурулардан, операциялардан, жарақаттардан кейін жалпы нығайтатын дәрі ретінде – Ересектерге 10 мл күніне 3-4 рет 21-28 күн бойына. Балалар мен жасөспірімдер 12 жастан бастап: 0,5-1 шай қасықтан (2,5-5 мл) күніне 3 рет 21-28 күн бойына. Қолданар алдында сумен сұйылтады.

- сәулемен емдеуден кейін қалпына келу кезеңінде – сәулеленгеннен кейін бірінші күннен бастап, сұйылтылған түрде (100 мл су) 10 мл-ден күніне 3 рет тамаққа дейін 2,5 – 3ай бойына.

Сыртқа қолдануға:

- ауыз қуысының және жұтқыншақтың жедел немесе созылмалы қабыну ауруларының асқынуында жергілікті қабынуға қарсы дәрі ретінде – 3 шай қасық препаратты жеткілікті мөлшердегі сумен сұйылтып және күніне үш рет 1-3 минут бойына ауызды немесе тамақты шаю.

- буын ауруларында және жұмсақ тіндердің жабық жарақаттық зақымдануларында – бальзамның қажетті мөлшерін ауыратын орынға жағу және теріге толық сіңгенше сылап жағып, осыдан кейін қыздырғыш құрғақ компресс қояды немесе қымтайды.

- жәндіктер шаққанда, тері мен шырышты қабықтың қабыну ауруларында (тері жабындыларының екіншілей зақымдануынсыз) – зақымданған орынды препараттың қажетті мөлшерімен ылғалдау.

Жағымсыз әсерлері

- препараттың жекелеген компоненттеріне аллергиялық реакциялар

- кейде жүрек айнуы немесе қыжыл туындауы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе кез келген толтырғыштардың біріне жоғары сезімталдық

- бауырдың күрделі аурулары, өт жолдарының бітелуі, холелитиаз (өт-тас аурулары), асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы

- құрамында камфора болғандықтан Биттнердің® Түпнұсқалық Үлкен Бальзамы сәбилер мен жасы 12 дейінгі балаларда қолданылмауы тиіс

- құрамында камфора болғандықтан Биттнердің® Түпнұсқалық Үлкен Бальзамын тыныс алу жолдарының әр түрлі өте жоғары сезімталдықпен байланысты басқа да респираторлық аурулармен немесе бронхиалдық демікпемен ауыратын емделушілер қабылдамауы тиіс. Биттнердің® Түпнұсқалық Үлкен Бальзамын иіскеу бронхиалдық түйілуге алып келуі мүмкін

-жүктілік, бала емізу кезеңі

-жергілікті қолданғанда – препаратты болжамды енгізу аумағындағы дерматологиялық аурулар, зақымданулар, терінің тітіркенуі, ашық және қанайтын жаралар

- маскүнемдік

- бүйрек жеткіліксіздігі

- бауыр циррозы, бауыр жеткіліксіздігі, өт шығару жолдарының обтурациялық аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі кезде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Биттнердің® Түпнұсқалық Үлкен Бальзамы құрамында дозасына 1,6 г жуық алкоголь бар, сондықтан оны бауыр ауруымен, маскүнемдікпен ауыратын, эпилепсиясы, бассүйек-ми жарақаты бар емделушілер, жүкті әйелдер және балалардың қабылдауына болмайды.

Асқазан сөлінің базальді сөлінісінің жоғары деңгейінде препаратты аш қарынға қабылдау жеңіл қыжылмен немесе жайсыздықпен бірге жүруі мүмкін. Бұл жағдайда препаратты тамақ ішуден бір сағаттан соң қабылдау ұсынылады.

Спирттің жергілікті күйдіретін әсеріне байланысты сұйылтылмаған препаратты ашық жараға жағу ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Құрамында алкоголь болуына байланысты препаратты автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда қабылдау ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Құрамында алкоголь болуына байланысты артық дозаланғанда этанолмен уыттану симптомдарына алып келуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Мойны бұрандалы, бұралып кигізілетін металл қақпақпен тығындалған қоңыр шыныдан жасалған құтыларға 50,100 немесе 250 мл препараттан құйылған.

Құтыға екі жағынан заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Рихард Биттнер АГ

Вена, Австрия.

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Хербс Трэйдинг ГмбХ» өкілдігі Алматы қ-сы, Бегалин к-сі 115.

Телефон: +7(727) 390-98-93, факс (727) 291-65-11

Электронды поштасы: www.omegapharma.kz

 

Прикрепленные файлы

729724361477976983_ru.doc 53.5 кб
577740901477978156_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ