Оргил™

МНН: Орнидазол
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ornidazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011691
Информация о регистрации в РК: 18.01.2023 - 18.01.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Оргил™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Орнидазол

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 500мг орнидазол,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, крахмал, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты

қабықтың құрамы: Опадрай 03В53217 қызғылт-сары *

*-қабықтың құрамы: FD&C сары № 6 алюминий лагы (AP0072), полиэтиленгликоль, FD&C сары № 6 алюминий лагы (AP0024), гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, қызғылт-сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Амебиазды және басқа да протозой жұқпаларын емдеуге арналған препараттар. Нитроимидазол туындылары. Орнидазол

АТХ коды P01AB03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Орнидазол ішке қабылдағанда жеңіл және жылдам сіңеді. Биожетімділігі 90%-ды құрайды. Плазмадағы ең жоғары концентрациясына қабылдағаннан кейін 3 сағаттан соң жетеді. Ақуыздармен байланысуы шамамен 13%-ға жуықты құрайды. Жұлын сұйықтығына, организмнің басқа да сұйықтықтары мен тіндеріне өтеді. Орнидазол бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі 13 сағатты құрайды. Препараттың несеппен 63%-ға дейіні, ал ішек арқылы–22%-ға дейіні шығарылады

Фармакодинамикасы

Оргил™ – протозойға қарсы дәрі, 5-нитроимидазолдың туындысы. Протозойлық және бактериялық жұқпаларды емдегенде тиімділігі жоғары.

Trichomonas vaginalis, Entomoeba Histolytica, Giardia lamblia (Giardia intestinalis), сондай-ақ, Bacteroides spp., және Clostridium spp., Fusobacterium spp. сияқты кейбір анаэробты бактерияларға және анаэробты кокктарға қатысты белсенді.

Қолданылуы

- трихомониазда (трихомонадты вульвовагинит, уретрит, бартолинит, цервицит, простатит, аднексит)

- амебиазда (амебалы дизентерия, ішектен тыс амебиаз, оның ішінде бауырдың амебалы абсцессі)

- лямблиозда

- хирургиялық және гинекологиялық араласулардан кейінгі жұқпалардың алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Оргил™ таблеткаларын тамақтанудан кейін қабылдайды.

Трихомониаз: 500 мг (1 таблетка) тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) 5 күн бойы немесе бір рет 1,5г (3 таблетка) кешке. Антибактериялық әсеріне қол жеткізу үшін қосымша қынаптық таблеткаларды қолдану ұсынылады.

Жұқпаны қайта жұқтырмау үшін жыныстық жұптасына да емдеу курсын жүргізу қажет.

Ішек амебиазында: - 1.5 г (3 таблетка) тәулігіне 1рет, дене салмағы 60 кг астам болғанда - 2 г/тәулігіне (4 таблетка: 2 таблетка таңертең және 2 таблетка кешке). Емдеу курсы - 3 күн.

Ішектен тыс амебиазда: - 0.5 г –дан (1 таблетка) ішке, 5-10 күн бойына таңертең және кешке.

Лямблиозда: - ішке, 1.5 г/ тәулігіне (3 таблетка). Емдеу курсы - 1-2 күн.

Анаэробты бактериялардан туындаған жұқпалардың алдын алу: Операция алдында 0,5-1г (1-2 таблеткадан), операциядан кейін - 1 таблеткадан 3-5 күн бойына тәулігіне 2 рет.

Жағымсыз әсерлері

- диспепсия, АІЖ функциясының бұзылуы (оның ішінде жүрек айнуы), дәм сезудің бұзылуы

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)

Сирек:

- полиурия (ангиотензин II-рецепторларын ішінара бөгеуі мүмкіндігінен )

- ұйқышылдық, бас ауыру, бас айналу, қажығыштық, уақытша естен тану,

ОЖЖ (атаксия, дизартрия, тремор, құрысулар) және шеткергі жүйкелердің (күйдіру сезімі, аяқ-қол ұюы, парестезиялар) зақымдануы

- лейкопоэздің бәсеңсуі

- «бауыр» ферменттері белсенділігінің өзгеруі, аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- орталық жүйке жүйесінің аурулары (эпилепсия, мидың зақымдануы, жайылған склероз)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Оргил™ кумаринді қатардағы антикоагулянттардың әсерін күшейтеді, векуроний бромидінің миорелаксациялаушы әсерін ұзартады.

Басқа 5-нитроимидазол туындыларымен бірге қолданғанда шеткергі невропатия, депрессия эпилепсия түріндегі құрысулар байқалуы мүмкін. Орнидазол альдегиддегидрогеназаны тежемейді, сондықтан алкогольмен өзара әрекеттеспейді.

Микросомалалық ферменттер тежегіштерімен (барбитураттар, бензодиазепиндер, рифампициндер және т.б.) бір мезгілде қолдану орнидазолдың сарысуда жартылай ыдырау кезеңін қысқартады. Микросомалалық ферменттердің тежегіштері (циметидин, макролидтер және т.б.) орнидазолдың жартылай ыдырау кезеңін ұзартады.

Нейроуытты және гемауытты препараттармен Оргил™ біріктірілімі ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Трихомониазды емдеген кезде жұптастардың екеуін де емдеу керек.

Бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігінде, сондай-ақ егде жастағы науқастарда жас ерекшелігіне байланысты бауыр қызметінің жеткіліксіздігіне байланысты дозалауды төмендетуді қарастырған жөн.

Орталық жүйке жүйесінің аурулары бар (органикалық ауруларда және құрысу реакцияларына бейімділікте) науқастарға, және де қан түзу жүйесі, бауыр аурулары, маскүнемдік кезінде сақтықпен қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару, дәлдікті және реакция жылдамдығын талап ететін механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығын төмендетуі мүмкін екендігін ескерген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: құрысулар, депрессивті реакциялар, шеткергі неврит

Емі симптоматикалық. У қайтарғысы белгісіз. Құрысулар кезінде – диазепам.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), Риико Индл. Ареа Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Кусум Хелткер Пвт. Лтд.» Үндістан серіктестігінің өкілдігі

заңды мекенжайы: Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан Тәңірі» БО 

орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан Тәңірі» БО.  

Телефон: 295-26-50, 295-26-51 (54) , Факс: 295-26-55 

E-mail: Office@kusumhealthcare.kz

 

Прикрепленные файлы

416017401477976924_ru.doc 50.5 кб
128236461477978092_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники