Онкаспар®

МНН: Пэгаспаргаза
Производитель: Сигма-Тау ФармаСорс Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pegaspargase
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№001434
Информация о регистрации в РК: 05.07.2016 - 05.07.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 429 921.33 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Онкаспар®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пэгаспаргаза

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 3750 ХБ 5 мл ерітінді

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 750 ХБ пэгаспарагаза,

қосымша заттар: 1,2 мг натрий дигидрофосфаты, 5.58 мг натрий гидрофосфаты, 8,50 мг натрий хлориді, 1,00 мл дейінгі инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Құрамында көрінетін бөгде бөлшектері жоқ мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы басқа препараттар. Ісікке қарсы өзге де препараттар. Пэгаспаргаза.

АТХ коды L01XX24

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Лейкоздары мен лимфомалары бар ересек пациенттерде көктамыр ішіне енгізуден кейін плазмадағы L-аспарагиназаның бастапқы деңгейлері енгізілген дозаға байланысты. Көктамыр ішіне енгізу кезінде Онкаспардың® жартылай шығарылу кезеңі 315-588 сағат (орта есеппен 14,9 күн) құрайды. Жартылай шығарылу кезеңіне дозасы немесе енгізу жиілігі, жас, жыныс, дене беткейі ауданы, бауыр мен бүйрек функциясы, диагноз және аурудың ауырлығы ықпал етпейді. Нақты таралу көлемі плазманың анықталған көлеміне баламалы. Пэгаспаргазаның көктамырішілік инфузиясынан кейін бір сағаттан соң L-аспарагин амин қышқылы қан плазмасында табылмайды, осы орайда пэгаспаргазаны бірінші енгізуден кейін кем дегенде 15 күннен соң анықтауға болатын L-аспарагиназа мәндері плазмада сақталады. Фермент несептен анықталмайды.

Онкаспардың® қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 5,8 күн құрайды, бұл E.coli-ден алынған (1,4 күн) нативті аспарагиназаның плазмадан жартылай шығарылатын кезеңінен едәуір ұзақ.

Индукциялық емнің бір бөлігі ретінде бұлшықетішілік дене беткейіне 2500 ХБ/м2 дозада Онкаспармен® ем алған бірнеше қайталануларымен ЖЛЛ бар пациенттерде 1 және 15-ші индукция күні Онкаспардың® орташа жартылай шығарылу кезеңі аллергиялық реакциялары жоқ пациенттерде 4,5 күн (қисық астындағы аудан (AUC) 8,9 ХБ/мл/тәулік) және аллергиялық реакциялары бар пациенттерде 2,3 күн (AUC 5,8 ХБ/мл/тәулік) құрайтыны анықталған.

Фармакодинамикасы

Жедел, әсіресе, лимфобластты лейкозы бар көп пациенттерде, қалыпты жасушаларға қарағанда, ісік жасушалары өзіндік L-аспарагинді синтездеуге қабілетсіз, ал олардың тіршілік қабілеті L-аспарагиннің сыртқы көзіне байланысты. Қалыпты жасушалар эндогендік L-аспарагинді синтездейді және оның болмауынан аспарагиназамен емдеу кезінде елеулі дәрежеде зардап шекпейді. Бұл ісік жасушаларымен L-аспарагин синтезінің метаболизмдік ақауы негізінде бірегей ем табуға мүмкіндік береді.

Қолданылуы

Онкаспар® балалар мен ересектерде оларда L-аспарагиназаның нативті түрлеріне аса жоғары сезімталдық дамыған жағдайда жедел лимфобластты лейкоздың реиндукциялық еміне арналған ісікке қарсы басқа препараттармен біріктірілімде қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Онкаспар®, әдетте, ісікке қарсы басқа препараттармен қосып біріктірілген емде пайдаланылады. Препаратты индукциялық, консолидациялаушы немесе демеуші ем аясында тағайындауға болады.

Монотерапия режимінде Онкаспар® айрықша жағдайларда ғана, винкристин, метотрексат, цитарабин, даунорубицин немесе доксорубицин сияқты басқа да химиялық ем препараттары олардың уыттылығы немесе пациент жай-күйімен байланысты басқа факторлар себепті көрсетілмеген болса, тек индукция фазасында қолданылады.

Жағымсыз әсерлердің дамуын жорамалдау мүмкін емес болғандықтан, Онкаспарды® біріктірілген емде цитоуытты дәрілік заттармен жұмыс істеу тәжірибесі бар мамандар енгізуі тиіс.

Басқа нұсқаулар болмағанда, келесі дозалау режимдері қолданылады:

Ұсынылатын Онкаспар® дозасы әр 2 апта сайын 1 м2 дене беткейіне 2500 ХБ (3,3 мл Онкаспарға® баламалы) құрайды.

Дене беткейінің ауданы > 0,6 м2 балаларға әр 2 апта сайын 1 м2 дене беткейіне 2500 ХБ доза (3,3 мл Онкаспарға® баламалы) құрайды.

Дене беткейінің ауданы < 0,6 м2 балаларға 1 кг дене салмағына 82,5 ХБ (0,1 мл Онкаспарға® баламалы) тағайындалады.

Пациентте ремиссия фазасының басталуынан кейін демеуші емге көшу қажет.

Онкаспарды® көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізуге болады.

Көктамыр ішіне енгізумен салыстырғанда, осы енгізу жолында гепатоуыттылық, коагулопатия, асқазан-ішек бұзылыстары және бүйрек жеткіліксіздігінің аз даму жиілігінің байқалуы салдарынан Онкаспарды® бұлшықет ішіне енгізу жолы дұрыс болып табылады. Бұлшықет ішіне енгізу кезінде бір орынға енгізілген Онкаспардың® ең көп көлемі балаларда 2 мл-ден және ересектерде 3 мл-ден аспауы тиіс. Онкаспар® 2 мл-ден көп көлемде енгізілгенде препарат дозасын бөліп, дененің әртүрлі бөліктеріне енгізу қажет.

Көктамыр ішіне тағайындалғанда Онкаспар® 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% декстроза ерітіндісінде 1-2 сағат бойы тамшылатып енгізілуі тиіс.

Аталған препарат жанасқан жерді тітіркендіруі мүмкін. Сондықтан ерітіндімен жұмыс істеу және оны енгізу аса сақтықпен жүргізілуі тиіс. Ерітіндінің буымен дем жұтпау немесе терінің немесе шырышты қабықтың бетіне, әсіресе, көзге тигізіп алмау қажет. Препаратты теріге немесе шырышты қабықтарға кездейсоқ тигізіп алған жағдайда жанасқан жерді мол су мөлшерімен 15 минуттай жуып-шаю қажет.

Ем жүргізілген соң пайдаланылмаған препарат, сондай-ақ пайдаланылған материалдар жергілікті талаптарға сәйкес жойылуы тиіс.

Шайқауға болмайды. Бұлыңғырланып кетсе немесе шөгіндісі болса пайдаланылмайды. Егер препарат 48 сағаттан артық бөлме температурасында болса, пайдалануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Препараттың құрамында организмге жат текті және иммунологиялық реакция туғызуы мүмкін ақуыз болуы мүмкін, бұдан бөлек, пэгаспаргазамен емдеу ақуыздардың қарқынды синтезі жүзеге асатын ағзалар мен жүйелерде (әсіресе, бауырда және ұйқы безінде) бұзылуларға әкелуі мүмкін. Пэгаспаргазаның жағымсыз реакциялар бейіні L-аспарагиназаның осындайымен өте ұқсас. Қауіпсіздік мақсатында

аталған бөлімде L-аспарагиназаны қолданғанда кездескен және пэгаспаргазаны қолданғанда ешқашан тіркелмеген жағымсыз реакциялар да тізбеленген.

Пэгаспаргаза басқа цитоуытты дәрілермен бір мезгілде енгізілетіндіктен препаратты қолдану мен осы немесе өзге жағымсыз реакция арасындағы себеп-салдарлы байланысты анықтау көбіне өте қиынға түседі.

Жағымсыз реакциялардың кездесу жиілігі әдетте мына үлгіде жіктеледі:

Өте жиі (>1/10)

Жиі (>1/100, <1/10)

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

Сирек (>1/10000, <1/1000)

Өте сирек (<1/10,000), бірлі-жарым жағдайларды қоса

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша жиілігін анықтау мүмкін емес)

Ағзалар мен жүйелер

Жиілігі және симптомдары

Зертханалық көрсеткіштер

Жиі

Қандағы амилаза деңгейінің жоғарылауы.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі гемопоэздің барлық үш өскін миелосупрессиясы; ақуыздар синтезінің бұзылуы салдарынан қан ұюының бұзылуы: қан кетулер, диссеминацияланған тамырішілік қан ұю (ДТҰ синдромы) немесе тромбоз; ми қан айналымының жедел бұзылу симптомдары (инсульт), құрысулар, бас ауыру немесе естен тану.

Өте сирек

Гемолиздік анемия.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

қозу, депрессия, елестеулер, сананың шатасуы, ұйқышылдық (ауырлығы орташа сана бұзылулары); ЭЭГ өзгерістері (альфа-белсенділіктің төмендеуі мен тета- және дельта-белсенділіктің жоғарылауы), гипераммониемия салдарынан болуы мүмкін.

Сирек

Құрысулар және команы қоса, сананың ауыр бұзылулары дамуы мүмкін. Артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы (АҚЛС).

Өте сирек

Саусақтардың орташа треморы.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі тәбеттен айрылу, жүрек айну, құсу, іш аумағының түйіліп ауыруы, диарея және салмақ жоғалту сияқты асқазан-ішек бұзылыстары.

Жиі

Жедел панкреатит, диареямен болатын ұйқы безінің экзокриндік функциясының бұзылулары.

Жиі емес

Паротит.

Сирек

Геморрагиялық немесе некроздық

панкреатит.

Өте сирек

Ұйқы безіндегі жалған цисталар, өліммен аяқталатын панкреатит, жедел паротитпен қатар жүретін панкреатит.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Сирек

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі.

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Жиі

Аллергиялық тері реакциялары.

Өте сирек

Уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы).

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі

Диабеттік кетоацидозбен болатын ұйқы безінің эндокриндік функциясының өзгерістері, гиперосмолярлы гипергликемия.

Өте сирек

Транзиторлы салдарлы гипотиреоз, тироксин-байланыстырушы глобулин деңгейінің төмендеуі, гипопаратиреоз.

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Қандағы липидтер деңгейінің өзгерістері (мысалы, холестерин деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП) деңгейінің жоғарылауы және тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) деңгейінің төмендеуі, липопротеиндік липаза белсенділігінің жоғарылауы), көпшілік жағдайларда клиникалық көріністерсіз; метаболизмнің бүйректен тыс бұзылулары салдарынан қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы.

Жиі емес

Қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы (гиперурикемия), гипераммониемия

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Белгісіз

Инфекциялар.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

Өте жиі

Енгізген жердегі ауыру, ісіну.

Жиі

Дене температурасының көтерілуі, ауыру (арқада, буында, іш аумағында).

Сирек

Өмірге қатерлі қатты қызба (гиперпирексия).

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі

Аллергиялық реакциялар (жергілікті эритема, есекжем, қышыну, Квинке ісінуі, температураның көтерілуі, миалгия, ентігу), бронх түйілуі, тахикардия, артериялық қысымның көтерілуі, анафилаксиялық шок.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Бауыр ферменттері деңгейінің өзгерістері (мысалы, сілтілік фосфатаза, сарысулық трансаминазалар, лактатдегидрогеназа, сарысулық билирубин деңгейінің жоғарылауы,), бауырда май инфильтрациясының дамуы, ісінулердің дамуына әкелуі мүмкін гипоальбуминемия.

Сирек

Холестаз, сарғаю, бауырдың жасушалар некрозы және өліммен аяқталуы мүмкін бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Пэгаспаргаза гемопоэздің барлық үш өскінінің бұзылуымен жеңіл және орташа дәрежеде миелосупрессия туындатуы мүмкін. Жалпы, оның жүргізілетін ем үшін қандай да бір үлкен маңызы жоқ. Жекелеген жағдайларда гемолиздік анемияның дамуы білінген.

Ақуыз синтезінің бұзылуы есебінен қанағыштық және диссеминацияланған тамырішілік ұю (ДТҰ) немесе тромбоз түрінде қан ұюының бұзылуы туындауы мүмкін; тромбоздар қаупі емді тоқтатудан кейінгі уақыт ұзаруымен арта түседі.

Алайда, пегаспаргазадан тыс, басқа миелосупрессиялық препараттармен қатарлас емдеу немесе аурудың өзі жоғарыда аталған бұзылыстарға себеп болуы мүмкін.

Жағдайлардың шамамен жартысында ауыр қан кетулер мен тромбоздар ми тамырларын зақымдайды, бұл ми қан айналымының жедел бұзылуына, құрысуларға немесе сананың бұзылуына әкелуі мүмкін.

Жоғары тромбоз қаупі нативті аспарагиназамен ем алған V фактор мутациялары, белсенділенген С протеиніне төзімділігі бар немесе S протеині, III антитромбин немесе С протеинінің сарысулық деңгейлері төмен балаларда жүргізілген ALL-BFM95 зерттеуінде сипатталған. Ондай пациенттерде, мүмкіндігінше, орталық көктамырлық катетерлерді пайдаланбау керек, өйткені бұл тромбоэмболия бұзылыстарының бұрыннан бар қаупін арттыруы мүмкін. Жедел лимфобластты лейкозға шалдыққан пациенттерде индукциялық ем жүргізгенде орталық көктамырлық катетерді, мүмкіндігінше, пэгаспаргазамен емделіп біткен соң орнату керек.

Зертханалық қан талдаулары жасалғанда, мысалы, фибриноген, IX фактор, XI фактор, III антитромбин, С протеині мен плазминоген деңгейінің күрт төмендеуі түріндегі, сонымен қатар Виллебранд факторының, 1 типті плазминоген белсендіргіші тежегішінің, 1 және 2 протромбин фрагменттерінің және фибриноген ыдырау өнімдерінің (D-димерлер) жоғарылауы сияқты ұюдың және фибринолиздің бұзылуын байқауға болады.

Тромбоцитопения немесе сепсис қан кету қаупін арттырады.

Қанның ұю көрсеткіштерін жүйелі бақылау қажет. Фибриногенді коагуляция кезіндегі және коагуляцияға қарсы жүйені бақылау көрсеткіші ретінде қарастыруға болады. Сондықтан фибриноген немесе антитромбин III деңгейлері елеулі төмендегенде іріктелген орын басу емін жүргізуге болады. Антитромбин III инфузия түрінде: (100 – ағымдағы сарысулық деңгей, %) х кг дене салмағы дозалануында тағайындалады. Фибриноген 10-15 мл/кг дене салмағы дозалануында жаңа мұздатып қатырылған плазма түрінде тағайындалады.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Пэгаспаргаза қозу, депрессия, елестеулер, сананың шатасуы, ұйқышылдық (орташа сана бұзылулары) және сирек, команы қоса, құрысулар мен ауыр сана бұзылулары түрінде жиі көрініс беретін ОЖЖ функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін. ЭЭГ өзгерістері альфа-белсенділіктің жалпы төмендеуі мен тета- және дельта-белсенділіктің жоғарылауын қамтуы мүмкін.

Болжамды себебі гипераммониемия болуы мүмкін.

Өте сирек жағдайларда саусақтардың орташа треморы кездесті.

Сирек жағдайларда көбінесе мидың артқы бөлімдерінде орналасқан және бірнеше аптадан бірнеше айға дейінгі уақытта басылатын сипаттас зақымданулар/ісінулер бойынша МРТ түсірілімдерінде диагностикаланатын артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы (АҚЛС) дамуы мүмкін. АҚЛС қан қысымының көтерілуі, құрысулар, бас ауыру, психикалық жай-күй өзгерісі және көрудің жедел бұзылуы (көбінесе қыртысты соқырлық немесе трактус гемианопиясы) симптомдарымен көрініс береді.

Пэгаспаргаза қамтылатын біріктірілген химиялық ем алған пациенттерде АҚЛС даму жағдайлары хабарланған. Бұл жағдайларда АҚЛС пэгаспаргаза әсерінен, қатарлас емделуден немесе негізгі аурудан туындады ма, ол жағы түсініксіз күйде қалады. АҚЛС емі симптоматикалық тұрғыда жүргізіледі.

Осындай жағдайдағы негізгі іс-шаралар гипертензияға қарсы ем және эпилепсияға қарсы препараттармен құрысуларды басу болып табылады. Сонымен бірге, дозаны азайту немесе иммуносупрессиялық емді тоқтату ұсынылады.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Пациенттердің шамамен жартысында тәбеттен айрылу, жүрек айну, құсу, іштің түйіліп ауыруы, диарея және салмақ жоғалту сияқты ауырлығы жеңіл немесе орташа асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылулары дамуы мүмкін.

Жедел панкреатит жиі дамуы мүмкін. Кейбір жағдайларда жалған циста түзілуі (соңғы циклдан кейін 4 ай ішінде) білінген. Қатарлас зерттеулер (мысалы, ультрадыбыстық) пэгаспаргазаны соңғы енгізуден кейін 4 ай бойы жүргізілуі тиіс. Нақты патогенез белгісіз болғандықтан, демеуші емді ғана ұсынуға болады.

Сирек жағдайларда геморрагиялық немесе некроздаушы панкреатит дамып, бірлі-жарым жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін. Аспарагиназамен емделу кезінде панкреатиттің жедел паротитпен біріккен бір жағдайы сипатталған.

Әдебиетте панкреатитпен байланысты паротит дамыған 2 жағдай хабарланған. L-аспарагиназаны енгізуді тоқтатудан кейін бұзылулар бірнеше күн ішінде басылған. Бір Chan et al (2002) зерттеуінде аспарагиназамен ем баяндалған хаттама бойынша емдеуден кейін төрт балада паротиттің дамуы да сипатталған.

Ұйқы безінің экзокриндік функциясының бұзылуы диареяның дамуына әкелуі мүмкін.

Қандағы амилаза деңгейі пэгаспаргазаны қолдану кезінде, сондай-ақ ол аяқталған соң артуы мүмкін. Ондай жағдайларда пэгаспаргаза қолдану тоқтатылуы тиіс.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі пэгаспаргаза қамтылатын біріктірілген емді пайдалану кезінде сирек жағдайларда дамуы мүмкін. Бұл жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігін пэгаспаргаза әсері, қатарлас ем немесе негізгі аурудың туындатқаны түсініксіз күйде қалады.

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Аллергиялық реакциялар теріде көрініс беруі мүмкін. Аспарагиназа қолданумен астасқан уытты эпидермалық некролиздің (Лайелл синдромы) бір жағдайы сипатталған.

Эндокриндік бұзылулар

Ұйқы безінің эндокриндік функциясының бұзылулары глюкоза метаболизмінің бұзылуы түрінде жиі байқалады. Осы орайда экзогенді инсулин енгізумен басылатын диабеттік кетоацидоз да, гиперосмолярлы гипергликемия да туындауы мүмкін.

Болжамды себептері пэгаспаргаза туғызған ақуыз синтезінің бәсеңдеу нәтижесі ретінде инсулин синтезінің бұзылуы және инсулин секрециясының бұзылуы немесе инсулиндік рецепторлар санының азаюы болып табылады.

Гипергликемияның қауіп факторларына > 10 жас, дене салмағының артуы және Даун синдромы жатады.

Сондықтан пэгаспаргазамен емделу кезінде қандағы және несептегі қантты жүйелі бақылау ұсынылады.

Транзиторлы және салдарлы гипотиреоз және тироксин-байланыстырушы ақуыз деңгейінің күрт төмендеуі бірлі-жарым жағдайларда кездескен. Гипопаратиреоз жағдайлары да сипатталған.

Метаболизм бұзылулары

Кейде көпшілік жағдайларда клиникалық көріністерсіз болатын және емдеу нысанасын өзгерту қажет болмайтын сарысулық липидтер деңгейлерінің өзгеруін (мысалы, холестерин деңгейлерінің жоғарылауы немесе төмендеуі, триглицеридтердің, тығыздығы өте төмен липопротеиндер фракциясының жоғарылауы және тығыздығы төмен липопротеидтер фракциясының төмендеуі, липопротеинлипаза белсенділігінің жоғарылауы) байқауға болады. Бұл өзгерістер глюкокортикоидтарды қатарлас тағайындаумен де байланысты болуы мүмкін. Осы көрсеткіштердің елеулі артуында (мысалы, триглицеридтер > 2000 мг/дл) панкреатиттің даму қаупінің жоғарылауы салдарынан мұқият мониторинг өткізу ұсынылған. Әдетте, бүйректен тыс метаболизмнің бұзылу көрінісі болып табылатын қандағы мочевина концентрациясының дозаға тәуелсіз жоғарылауы жиі байқалады. Қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы (гиперурикемия) және гипераммониемия білінуі мүмкін.

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Пэгаспаргаза қамтылған ем қолданылғанда инфекция дамуы мүмкін. Оның пэгаспаргаза әсерінен, қатарлас емнен немесе негізгі аурудан туындауы көбіне түсініксіз күйде қалады.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

Енгізуден кейін 2-5 сағаттан соң дене температурасының көтерілуі болуы мүмкін. Бұл құбылыстар, әдетте, өздігінен басылады. Аллергиялық реакциялар мен панкреатиттің дамуымен бірге ауыру (арқада, буында, іш аумағында) жиі байқалады. Сирек жағдайларда өмірге қатерлі температура көтерілуі (гиперпирексия) байқалады.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Кейде пэгаспаргазадай бөгде текті ақуызға спецификалық антиденелер түзілуі байқалады; клиникалық тұрғыда бұл аллергиялық реакциялар түрінде көрініс беруі мүмкін, сондай-ақ пэгаспаргаза белсенділігінің жойылуына әкелуі де мүмкін. Пэгаспаргаза қолданудан кейін анафилаксиялық шокқа дейін апаратын жергілікті эритема, есекжем, қышыну, Квинке ісінуі, енгізген жердегі ауырсыну, температураның көтерілуі, миалгия, ентігу, бронх түйілуі, тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі түрінде аллергиялық реакциялар жиі байқалады. Қайталап қолдану кезінде аллергиялық реакциялардың туындау қаупі артады. Сирек жағдайларда пэгаспаргазаны алғаш енгізу кезінде аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Кейбір пациенттерде пэгаспаргазаға бейтараптандырушы антиденелер түзілуі аса жоғары сезімталдықтың клиникалық көріністерінсіз жүруі мүмкін. Дегенмен де, олардың әсері белсенділіктің жылдамырақ жойылуына және пэгаспаргазаның жеделдетілген элиминациясына («белсенділіктің баяу жойылуы») әкелуі мүмкін. Сондықтан аспарагиназа деңгейін өлшеу (Boos, J. et al.; Eur. J. Cancer 32A: 1544-50 (1996) немесе аспарагиназа медак белсенділік тестісіне арналған өнім туралы ақпараттандыру (medac Asparaginase Activity Test, MAAT) ұсынылады.

Тері ішіне тестілер өткізу анафилаксиялық реакциялар қаупін жоққа шығармайды.

Аллергиялық реакциялар дамыған жағдайда препарат енгізу дереу тоқтатылуы тиіс. Симптомдар айқындылығына қарай антигистаминді препараттар, кортикостероидтар және, мүмкін, микроайналымды тұрақтандыратын препараттар тағайындау көрсетілген.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Бауыр функциясының өзгерістері өте жиі кездеседі. Олар сілтілік фосфатаза, сарысулық трансаминазалар, ЛДГ және сарысулық билирубин деңгейінің дозаға тәуелденусіз жоғарылауымен жиі білінуі мүмкін.

Бауырдың май инфильтрациясы өте жиі дамуы мүмкін. Бірлі-жарым жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін холестаз, сарғаю, бауырдың жасушалар некрозы және бауыр функциясының жеткіліксіздігі орын алған.

Протеиндер синтезінің бұзылуы сарысулық ақуыз деңгейлерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Пациенттердің көпшілігінде емделу барысында енгізілген дозаларға тәуелденбей сарысулық альбумин деңгейі төмендеуі мүмкін. Бұзылулар жиірек α2 және β фракцияларына қатысты болады, ал α1 фракциясы өзгеріссіз күйде қалады. Сарысулық альбумин деңгейлері кейбір дәрілік заттарды байланыстыру және тасымалдау үшін маңызды болуы мүмкін екендіктен, әсіресе, біріктірілген ем кезінде сарысулық альбуминді бақылау қажет. Ісінулер гипоальбуминемия нәтижесі болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- емдеудің басталу сәтіндегі немесе анамнездегі панкреатит

- анамнездегі L-аспаргиназа емімен байланысты күрделі геморрагиялық асқынулар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық (анамнезде Онкаспарға® ауыр аллергиялық реакциялары (жайылған есекжем, бронх түйілуі, көмей ісінуі, артериялық қысымның төмендеуі немесе басқа да ауыр жағымсыз реакциялар сияқты)

- жүктілік және бала емізу кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пэгаспаргаза туғызған сарысулық ақуыздар деңгейінің төмендеуі ақуыздармен байланысатын басқа дәрілік заттар уыттылығын арттыруы мүмкін.

Оның үстіне, ақуыздар синтезін және жасушалар репликациясын бәсеңдете отырып, пэгаспаргаза фармакотерапиялық әсері жасушалық репликациямен байланысты метотрексат сияқты басқа препараттардың әсер ету механизмін бұзуы мүмкін. Онкаспар® бауыр функциясына ықпал етіп, басқа препараттардың уыттылығын күшейтуі мүмкін. Пэгаспаргаза, әсіресе, бауырдағы басқа дәрілік заттар метаболизміне ықпал етуі мүмкін. Онкаспар® қолдану қан ұю факторлары концентрациясының өзгерісін туындатуы мүмкін, өз кезегінде, бұл қан кетулер және/немесе тромбоздар қаупін арттыруға қабілетті. Сондықтан Онкаспар® препаратын кумарин, гепарин, дипиридамол, ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да қабынуға қарсы стероиды емес дәрілер сияқты қан ұюына және тромбоциттер агрегациясына ықпал ететін дәрілік заттармен бірге қолдану кезінде сақтық таныту қажет.

Пэгаспаргазаны тікелей енгізер алдында немесе онымен бір мезгілде винкристин қолдану пэгаспаргаза уыттылығын арттыруы мүмкін және анафилаксиялық реакциялар қаупін жоғарылатады.

Пэгаспаргазамен бірге преднизон қолдану қан ұю жүйесінде бұзылулар қаупін (қан сарысуындағы фибриноген және антитромбин ІІІ концентрациясының төмендеуін қоса) арттыруы мүмкін.

Метотрексат және цитарабин пэгаспаргазамен әрқалай өзара әрекеттесуі мүмкін: осының алдында бұл препараттарды енгізу пэгаспаргаза әсерін синергиялық күшейте алады, пэгаспаргазадан кейін метотрексат пен цитарабин енгізу оның әсерін антагонистік тұрғыда әлсіретуі мүмкін.

Тірі вакциналармен вакцинация жасау біріктірілген химиялық ем жүргізу аясында, соның ішінде аурудың өзінің әсер етуі салдарынан ауыр инфекциялардың даму қаупін арттырады. Сондықтан тірі вакциналармен иммунизациялау ісікке қарсы емдеу курсының аяқталуынан кейін 3 ай өткен соң барып жүргізілуі тиіс.

Онкаспар® препаратымен емделу кезеңінде алкоголь тұтынудан аулақ болу керек.

Айрықша нұсқаулар

Өмірге қатерлі анафилаксиялық реакцияларды қоса, болуы мүмкін Онкаспарға® аса жоғары сезімталдық реакциялары L-аспарагиназаның басқа түрлеріне аса жоғары сезімталдығы белгілі пациенттерде жиірек кездеседі. Аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупі енгізілген препарат дозалары санының көбеюіне қарай артады. Алайда, сирек жағдайларда, аллергиялық реакциялар пэгаспаргазаны алғаш рет енгізгенде дамуы мүмкін.

Онкаспар® енгізуден кейін бір сағат бойы міндетті түрде пациентті қадағалау және реанимациялық құрылғы мен анафилаксияны емдеуге арналған препараттардың (оттегі, эпинефрин, көктамыр ішіне енгізуге арналған кортикостероидтар) қолжетімді болуы дағдылы ереже болуы тиіс.

Аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда препарат енгізуді дереу тоқтатып, қажетті емдеу шаралары қабылдану керек.

Симптомдар айқындылығына қарай антигистаминді препараттар, кортизон және қажет болса гемодинамиканы тұрақтандыратын препараттар енгізу қажет.

Пациент, анафилаксиялық реакцияның екпінді даму мүмкіндігін қоса, Онкаспарға® болжанатын аса жоғары сезімталдық реакциясынан хабардар болуы тиіс.

Онкаспар® алатын пациенттерде, әсіресе, егер ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да қабынуға қарсы стероиды емес дәрілер сияқты қан ұюын тежейтін басқа препараттармен бір мезгілде тағайындағанда қан кету қаупі жоғары. Пациент қан кету қаупін арттыратын препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайтыны туралы ескертілуі тиіс.

Онкаспардың® иммуносупрессиялық әсері бар. Сондықтан Онкаспар® пациенттерде инфекциялық асқынулардың дамуына себеп болуы мүмкін. Онкаспармен® бірге дәрілік заттарды біріктіріп тағайындау гепатоуыттылық дамуына және орталық жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуіне себеп болуы мүмкін.

Пациенттерге Онкаспар®, әсіресе, бауыр функциясы бұзылған пациенттерге басқа гепатоуытты препараттармен бір мезгілде сақтықпен тағайындалу қажет.

Пациенттерге арналған ақпарат

Пациенттерді, жылдам дамитын анафилаксияны қоса, аллергиялық реакциялардың дамуы мүмкін екенінен хабардар ету қажет. Онкаспар® қабылдайтын пациенттерде қан кету қаупі жоғары. Пациенттерге Онкаспарды® қан кету қаупін арттыратын басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайтынын түсіндіру қажет.

Зертханалық көрсеткіштер

Ем басталған соң алғашқы күндері қанда айналатын ісік жасушалары (лимфобласттар) санының төмендеуі (көбіне елеулі) анықталады, лейкоциттер концентрациясы қалыпты күйінен едәуірге дейін төмендеген болуы мүмкін. Бұл орайда қан сарысуында несеп қышқылы концентрациясы елеулі артуы мүмкін, бұл уремиялық нефропатияның даму қаупімен қатар жүреді. Емдеу тиімділігін бақылау үшін шеткері қанға және сүйек кемігіне талдау жасау қажет.

Панкреатитті ерте анықтау үшін қан амилазасы деңгейін жүйелі айқындау қажет. Панкреатит туындағанда емдеу әріқарай жалғастырылмай тоқтатылуы тиіс.

Онкаспармен® емделу кезінде гипергликемияның даму қаупіне байланысты, қан глюкозасы деңгейін бақылау қажет.

Онкаспар® гепатоуытты химиялық препараттармен бірге пайдаланылғанда бауыр функциясына мониторинг өткізу қажет.

Онкаспар® плазма ақуыздарына әсер ететіндіктен, фибриноген, протромбин уақыты және ішінара тромбопластиндік уақытқа мониторинг өткізу қажет.

Жүктілік және бала емізу кезеңі

Онкаспардың® ұрпақ өрбіту функциясына әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген. Сондықтан Онкаспармен® емдеу шарананың зақымдануына немесе ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуына алып келу мүмкіндігі жөнінде деректер жоқ. Жануарларға L-аспарагиназа белсенді субстанциясымен жүргізілген зерттеулер тұқым мальформациясының болуын және өліп қалуын көрсетті. Бұл орайда Онкаспар® жүктілік кезінде пайдаланылмауы тиіс.

Емделу кезінде тиісті контрацепция әдістерін қолдану керек.

Пэгаспаргазаның емшек сүтіне өту деректері жоқ. Көптеген препараттар емшек сүтіне өтуі мүмкін және емшектегі сәбиде Онкаспардың® жағымсыз әсерлерінің даму қаупі бар екендіктен, ем кезінде бала емізуді тоқтату немесе ана үшін препаратты қолданудың қаншалықты маңызды болуына қарай емдеуді тоқтата тұру қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Онкаспар® психомоторлық реакцияны (ұйқышылдық, қажу және сананың шатасуы) төмендетуі мүмкін, соған сәйкес, әсіресе, бір мезгілде алкоголь қабылдағанда көлікті және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілеті төмендейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың үш артық дозалану жағдайлары тіркелген. Пациенттер көктамыр ішіне тамшылатып 10.000 ХБ/м2 Онкаспар® алған. Олардың бірінде сарысулық бауыр трансаминазаларының аздап артуы білінген, екіншісінде инфузия басталуынан кейін 10 минуттан соң инфузия жылдамдығын баяулатудан және антигистаминді препараттар тағайындаудан кейін басылған бөртпе пайда болды. Үшінші пациентте жағымсыз әсерлер көріністері болмаған.

Емі: Онкаспарға® арналған антидот белгісіз. Анафилаксиялық реакциялар эпинефрин, оттегі, көктамырішілік кортикостероидтар мен антигистаминді препараттардың дереу енгізілуін талап етеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл (3750 ХБ) препарат алюминий қаусырмасы бар резеңке тығынмен және flip-off пластик қорғағыш қалпақшасымен тығындалған бейтарап шыны құтыда (І тип, ЕФ).

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 құтыдан картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

2 °С  8 °С температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Сигма-Тау Фармасорс, Инк, АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі және қаптаушы

медак ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«медак фарма» ЖШС, Алматы, 050060, Гагарин даңғылы, 258 В,

318 кеңсе, телефон, факс: +7 7273962037, эл.пошта: info_kaz@medac.de

 

 

Прикрепленные файлы

245528961477976210_ru.doc 67.61 кб
921904561477977467_kz.doc 120 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники