Олфен™ Гель

МНН: Диклофенак
Производитель: Меркле ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Diclofenac
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013718
Информация о регистрации в РК: 11.04.2014 - 11.04.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Олфен™ Гель

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диклофенак

Дәрілік түрі

1% гель

Құрамы

100 г гельдің құрамында

белсенді зат – 1, 00 г натрий диклофенагы,

қосымша заттар: сүт қышқылы, диизопропиладипат, изопропил спирті, натрий метабисульфиті, гидроксиэтилцеллюлоза, гидроксипропил-целлюлоза, тазартылған су.

Сипаттамасы

Бозаңданатын, изопропанол иісі бар, түссізден ашық-сары түске дейінгі гель.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Диклофенак.

АТХ коды М02 АА15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі (сіңуі)

Тері арқылы сіңгендегі плазмадағы ең жоғары концентрациясы парентеральді қолдануға қарағанда 10% төмен.

Таралуы

Олфен™ гелін тізе буындары және қол буындары терісіне жаққанда диклофенак плазмадағыға қарағанда синовиальді сұйықтықта және тіндерде жоғары концентрацияда болады, диклофенактың 99,7% плазма ақуыздарымен байланысады (негізінен альбуминдермен).

Метаболизмі

Диклофенактың бір бөлігі интактілі молекулалардың глюкоронизациясы жолымен биотрансформацияланады, бірақ негізгі бөлігі бірнеше туындылар түзе отырып, гидроксилдену жолымен биотрансформацияланады, осы метаболиттердің екеуі биологиялық белсенді болады, бірақ олардың белсенділігі диклофенакқа қарағанда біршама төмен.

Шығарылуы

Диклофенак және оның метаболиттері, негізінен глюкоронидтер түрінде, көбіне несеппен шығарылады. Диклофенактың жалпы жүйелік плазмалық клиренсі орташа алғанда 263мл/мин, ал шығарылудың соңғы кезеңі 1-2 сағатты құрайды.

Ерекше клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы

Диклофенактың плазмалық клиренсі бауыр және бүйрек жеткіліксіздігіне тәуелді емес, бірақ мұндай жағдайда метаболиттердің клиренсі төмендеуі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Олфентм гель - сыртқа қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес дәрі (ҚҚСД). Негізгі әсер ету механизмі простагландиндер синтезін басу болып табылады. Сонымен қатар, жергілікті ауыруды басатын әсерге ие. Жергілікті қолданғанда Олфен™ гелді тері арқылы енеді де, тиісті тіндерде жинақталады. Олфен™ гелі ревматизмдік және жарақаттан кейінгі қабынуларда ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсер етеді, қимыл-қозғалыс функциясының қалпына келуін жылдамдатады.

Қолданылуы

- байламдардың созылуынан, соғылуынан және физикалық күш түскеннен кейінгі жергілікті ауыруды, қабынуды және ісінуді емдеуде

- сүйек-бұлшықет жүйесінің ревматизмдік бұзылуын жергілікті емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Зақымданған жердің көлеміне байланысты Олфен™ гелінің 2-4 грамын алып, таратып теріге күніне 3-4 рет жағу керек (ысқылауға болмайды).

15 грамм күндізгі дозасынан арттырып жібермеу керек!

Ең жоғары бір реттік доза – 4 грамм.

Ең жоғары тәуліктік доза – 15 грамм.

Емдеу курсының ұзақтығын дәрігердің кеңесінсіз 14 күннен асырмау керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥1/100 ˂1/10)

- аллергииялық дерматит (оның ішінде жанаспалы), бөртпе, экзема, эритема, қышыну, гиперемия

Сирек (≥1/10 000 ˂1/1000)

- буллезді дерматит

Өте сирек (˂1/10 000)

- аса жоғары сезімталдылық реакциялары (мысалы, есекжем, бронх демікпесі), Квинке ісінуі

- теріде бөртудің пайда болуы (іріңді бөртпе)

- фотосенсибилизация

Гельді жергілікті қолданған соң жүйелік жағымсыз әсерлердің туындау мүмкіндігі аз, бірақ гельді терінің ауқымды жерлеріне ұзақ уақыт бойы жаққан кезде, жүйелік жағымсыз әсерлердің туындау мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • ацетилсалицил қышқылы сияқты, басқа да қабынуға қарсы дәрілерге жоғары сезімталдық

  • экземаның терілік көріністері

  • тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы

  • жүктілік және лактация кезеңі

- балалар және 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты осы дәрілік түрінде қолданғанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Олфен™ гелін тек зақымданбаған теріге жағу керек. Препараттың зақымданған теріге, ашық жараларға, көзге және шырышты қабықтарға жанасудан сақтану керек.

Олфен™ гель жағылған тері бөліктеріне тығыз тұмшалайтын таңғыш таңбаған жөн.

Тікелей күн сәулесінің әсерінен аулақ болған жөн.

Гельді терінің үлкен бөліктеріне және жоғары дозада ұзақ пайдаланудан аулақ болған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

 

Артық дозалануы

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен байланысты жедел улануларды емдеу – демеуші және симптоматикалық. Гельдің артық дозалануының әдеттегі клиникалық симптомдары белгісіз.

Қарқынды диурез, диализ немесе гемоперфузия сияқты арнайы ем ҚҚСД плазма ақуыздарымен жоғары дәрежеде байланысатындығына және экстенсивті метаболизміне байланысты шамалы ғана көмектеседі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г препараттан бұралатын пластмасса қақпағы бар алюминий сықпада.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Меркле ГмбХ, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Teva Pharmaceutical Industries Limited, Израиль

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

Нұрлы Тау бизнес орталығы 1 Б, 603 кеңсе

Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail: teva@teva.co.il

 

Прикрепленные файлы

202189281477976750_ru.doc 47 кб
524154781477977916_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники