Олфен™-75

МНН: Диклофенак, Лидокаин
Производитель: Меркле ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Диклофенак в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004397
Информация о регистрации в РК: 30.01.2017 - 30.01.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Олфентм-75

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Бұлшықет ішіне инъекцияға арналған ерітінді 2 мл

Құрамы

Бір ампула ішіндебелсенді заттар: 75 мг натрий диклофенагы 20 мг лидокаин гидрохлориді,қосымша заттар: натрий эдетаты, N-ацетилцистеин, натрий гидроксиді, полиэтиленгликоль 400, пропиленгликоль, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссізден сәл сарғыш түске дейінгі ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидтық емес препараттар. Сірке қышқылының туындылары.

АТХ коды М01АВ55

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы.Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін плазмадағы ең жоғары концентрациясына жету уақыты 20 минутқа жуықты құрайды. Ауыруды басатын әсері 15-30 минуттан кейін байқалады. Гидроксилглюкуронид пен сульфаттық метаболиттер іс жүзінде биологиялық белсенділікке ие емес және тек сол заттардың 1 жуығы ғана өзгермеген күйінде бүйрек арқылы бөлініп шығады. Жартылай шығарылу кезеңі 2 сағатты құрайды және бүйрек жеткіліксіздігіне байланыссыз. Жинақталмайды. Плазма ақуыздарымен (негізінен альбуминдермен) байланысуы 99,7 құрайды. Синовиальдық сұйықтыққа өтеді: мұнда ең жоғары концентациясына плазмадағыға қарағанда 2-4 сағат кешігіп жетеді. Синовиальдық сұйықтықтан жартылай шығарылу кезеңі 3-6 сағат. Белсенді заттың жүйелік клиренсі шамамен 263 мл/мин құрайды. Фармакокинетикасы науқастың жасына байланысты өзгермейді. Бүйрек қызметі айқын бұзылған (креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен) науқастарда метаболиттердің өтпен шығуының үлес салмағы арта түседі, сондықтан олардың плазмадағы концентрациясының артқаны байқалмайды.

Фармакодинамикасы Олфентм-75 құрамында ревматизмге қарсы, қабынуға қарсы, ауыруды басатын және антипиретикалық қасиеттері бар стероидтық емес белсенді зат натрий диклофенагы бар. Әсер ету механизмі - қабыну, ауыру мен қызбаның патогенезінде басты орында тұратын, простагландиндердің ізашары болып табылатын арахидон қышқылы метаболизмінің негізгі ферменті - циклооксигеназаның белсенділігін бәсеңдетуімен байланысты. Ауыруды басатын әсері екі түрлі механизммен жүзеге асады: шеткергі (простагландиндер синтезін бәсеңдету арқылы) және орталық (орталық жүйке жүйесінде простагландиндер синтезін тежеу есебінен). Шеміршектегі протеогликанның синтезін тежейді. Ревматизм аурулары кезінде препарат өзінің қабынуға қарсы және ауыруды басатын қасиеттерінің арқасында буындардағы ауыруды сезінуді (қозғалыста да, тыныштықта да бірдей), буындардың таңертеңгі сіреспесі мен домбығуын азайтады, сөйтіп емделушінің жай-күйін жақсартады.

Жарақаттан және операциядан кейінгі қабынуларда Олфентм-75 өздігінен болатын ауырудың және қозғалыс кезіндегі ауырудың жылдам басылуына ықпал етеді, сондай-ақ қабынған ісінулерді азайтады. Препарат шығу тегі ревматизмдік емес қатты және орташа ауырулар кезінде анальгетикалық әсер етеді. Бастапқы дисменореяда ауыруды жеңілдетеді.

Қолданылуы

Препарат бұлшықет ішіне енгізуге арналған инъекция түрінде мына жағдайларда тағайындалады:- тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті ауруларының асқынуында (ревматизм, ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилит, дегенеративті спондилоартрит, вертебралды ауыру синдромы, подагра)- бүйректің және бауырдың шаншуында- жарақаттан және операциядан кейінгі ауыру синдромындаҚолдану тәсілі мен дозаларыЕресектерге

Ерітінді тәулігіне бір рет бөксенің жоғарғы сыртқы шаршысына терең бұлшықетішілік инъекция жолымен енгізіледі. Ауыр жағдайларда (мысалы, шаншуларда) препарат тәулігіне кемінде 12 сағат аралықпен екі инъекция түрінде тағайындалуы мүмкін (инъекция орнын ауыстырып отыру керек).

Препараттың парентеральді қолданылуы Олфеннің™ басқа түрлерімен (Лактаб™ немесе Ректокапс) тәуліктік ең жоғарғы 150 мг дозаға дейін біріктірілуі мүмкін.

Препаратты инъекция түрінде пайдалану ұзақтығы 2 күннен аспайды.Қажет болған жағдайда емдеуді Олфеннің™ басқа түрлерімен (Лактаб™ немесе Ректокапс) жалғастыруға болады.

Жағымсыз әсерлері

- анорексия, жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қатуы, абдоминальді түйілулер, эпигастральді аймақтың ауыруы, диспепсия, метеоризм - асқазан-ішектік қан кетулер (қан құсу, мелена, қанды диарея)- қан кетусіз және перфорациясыз пептидтік ойық жара - спецификалық емес геморрагиялық колит және ойық жаралы колиттің немесе Крон ауруының асқынуы

- афтозды стоматит, глоссит, эзофагит

- панкреатит

- іш қатуы, геморройдың асқынуы - бас ауыруы, бас айналуы, вертиго, шаршағыштық- сезіну бұзылулары, парестезиялар, тремор- есте сақтаудың бұзылуы, бағдарсыздық - ұйқысыздық, тітіркенгіштік, мазасыздық, депрессия, қорқынышты түстер көру, психотикалық реакциялар- асептикалық менингит- көрудің бұзылуы (көрудің бұлыңғырлануы, диплопия), естудің бұзылуы, құлақтағы шуыл, дәм сезудің бұзылуы- тері бөртпелері, соның ішінде буллезді бөртпелер, сирек - есекжем, экзема, мультиформалы эритема, Стивенс – Джонсон синдромы, Лайелл синдромы (уытты эпидермальді некролиз), эритродермия (эксфолиативті дерматит), шаштың түсуі, фотосенсибилизация, пурпура, оның ішінде аллергиялық пурпура- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия, протеинурия, интерстициальді нефрит, нефроздық синдром, некроздаушы папиллит- қан сарысуында аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, кейде орташа немесе жоғары дәрежеге дейін, сарғаюмен немесе сарғаюсыз гепатит, жекелеген жағдайларда – шұғыл дамитын гепатит

- тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия,

апластикалық анемия

- өте жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, бронх

түйілуі,гипотензияны қоса анафилактикалық / анафилактоидты жүйелік

реакциялар)

- жекелеген жағдайлардағы жүрек соғысының жылдамдауы, кеуде ауыруы, гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі

- инъекция орнында шектелген ауыру, қатаю, кейде абцесстер және

оқшауланған некроздар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді заттарына немесе препараттың басқа компоненттеріне өте жоғары сезімталдық
  • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы
  • сыртартқысында ацетилсалицил қышқылын немесе простагландинсинтетазаға бәсеңдететін әсері бар басқа дәрілерді қабылдаудан кейін пайда болған демікпе ұстамалары, уртикария немесе жедел ринит
  • жүктілік пен лактация кезеңі
  • балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Литий, дигоксинДиклофенактың басқа түрлерін бір мезгілде пайдалану қан плазмасындағы литий немесе дигоксиннің концентрациясы жоғарылауына алып келуі мүмкін. ДиуретиктерОлфентм-75 - диуретиктердің тиімділігін төмендетуі мүмкін. Калий жинақтаушы диуретиктермен қоса қолдану гиперкалиемияны туғызуы ықтимал, сондықтан сарысудағы калий концентрациясын ұдайы анықтап отыру қажет. Ревматизмге қарсы стероидтық емес дәрілерБасқа стероидтық емес ревматизмге қарсы дәрілермен немесе жүйелі қолдануға арналған глюкокортикостероидтармен біріктіріп қолдану асқазан-ішек қан кетулерінің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.АнтикоагулянттарОлфентм-75 антикоагулянттармен өзара әрекеттеспейді. Алайда егер Олфентм-75 антикоагулянттармен бірге тағайындалатын болса, сақтық шарасы ретінде зертханалық талдау жолымен қажетті антикоагулянттық әсерді тексеру қажет. Натрий диклофенагының жоғары (200 мг) дозалары тромбоциттер агрегациясын қайтымды бәсеңдетуі мүмкін.Диабетке қарсы дәрілер Олфентм-75 диабетке қарсы ішілетін дәрілермен біріктіріліп қолданылуы мүмкін, бұнда олар бір-бірімен өзара әрекеттеспейді. Жекелеген жағдайларда Олфен™-50Лактаб™ қолданғаннан кейін гипогликемиялық және гипергликемиялық реакциялар болуы мүмкін, бұл оның немесе диабетке қарсы дәрілердің дозасын түзетуді талап етеді. Метотрексат Ревматизмге қарсы стероидтық емес дәрілерді метотрексатпен емдеуге дейін немесе кейін 24 сағат бұрын қолдану кезінде сақ болу керек, өйткені қандағы метотрексат концентрациясы мен оның уыттылығы артуы ықтимал.

Циклоспорин

Олфентм-75-пен біріктіріп қолданған кезде циклоспориннің нефроуыттылығы артуы мүмкін. Хинолон тобының антибактериялық дәрілеріОлфентм-75 -пен бір уақытта қолданғанда, құрысудың даму қаупі жоғарылауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Басқа стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілермен емдеген кездегідей Олфентм-75 емдеу кезінде де бауыр қызметін ұдайы бақылау қажет. Бауыр қызметі бұзылуы жағдайында Олфен тм -75 емдеуді егер бауыр ауруының клиникалық белгілері немесе симптомдары (мысалы, гепатит) немесе басқа да құбылыстар (эозинофилия, тері бөртпелері және т.б.) пайда болса тоқтату керек.Бауыр порфириясы бар науқастар Олфентм-75 сақтықпен қолданулары тиіс. Жүрегінің, бүйрегінің қызметі бұзылуы бар емделушілер, әлсіреген емделушілер және егде жастағы емделушілер Олфентм-75 препаратымен емделу кезінде дәрігердің бақылауында болулары тиіс. Егде жастағы және дене салмағы төмен әлсіреген емделушілерді емдеу үшін ең төмен тиімді дозаларды қолдану ұсынылады. Егер Олфентм-75 жеткілікті түрде ұзақ уақыт қолданылса, бүйрек және бауыр қызметін, сондай-ақ қан көрінісін мониторингілеу ұсынылады. Басқа ҚҚСД сияқты Олфентм-75 тромбоциттер агрегациясын уақытша бәсеңдетуі мүмкін. Сондықтан коагуляциясы бұзылған емделушілер қатаң бақылауда болуға тиіс. Олфентм-75 препаратын тағайындаудың алдында бұрын пептидтік ойық жараны бастан өткерген және анық емес сипаттағы асқазан-ішек бұзылулары, бүйрегінің немесе бауырының зақымданулары бар, қан қысымы жоғары, сондай-ақ егде жастағы емделушілер мұқият медициналық тексеруден өтулері тиіс. Демікпесі, пішен қызбасы, созылмалы респираторлық аурулары, мұрын полипі бар немесе анальгетиктерге немесе ревматизмге қарсы дәрілердің барлық түріне аллергиясы бар науқастарда Олфентм-75 қолдану демікпе сипатындағы ұстаманы туғызуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Вертиго немесе орталық жүйке жүйесінің басқа бұзылулары бар емделушілер, оның ішінде көруінің бұзылуы бар емделушілер Олфентм-75 қолданудан кейін көлік құралдарын басқаруына және механизмдермен жұмыс істеуіне болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін. Емдеу: симптоматикалық және демеуші шаралар жүргізу.Гипотензия, бүйрек жеткіліксіздігі, конвульсиялар, асқазан-ішек жолының тітіркенуі мен тыныс алудың қиындауы сияқты асқынуларды емдеу симптоматикалық және демеуші ем болып табылады. Олардың плазма ақуыздарымен жоғары дәрежеде байланысуына және экстенсивті метаболизміне байланысты ҚҚСД шығару үшін қарқынды диурез, диализ немесе гемоперфузия сияқты арнайы ем болымсыз ғана көмектесуі мүмкін.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Қоңыр шыны ампулада 2 мл препараттан. 5 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 1 пішінді қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылыӨндіруші

Меркле ГмбХ, Блаубойрен, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Teva Pharmaceutical Industries Limited, Израиль

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

 

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19,

Нұрлы Тау бизнес-орталығы 1 Б, кеңсе 603

Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail: teva@teva.co.il

 

 

Прикрепленные файлы

494941001477977137_ru.doc 66 кб
453795531477978305_kz.doc 77 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники