Оланзапин (7.5 мг)

МНН: Оланзапин
Производитель: Синтон Испания, С.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Olanzapine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021261
Информация о регистрации в РК: 20.03.2015 - 20.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Оланзапин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оланзапин

Дәрілік түрі

Таблеткалар 5мг, 7,5мг және 10 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - оланзапин 5,00 мг, 7,50 мг, 10 мг

қосымша заттар - кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типті), магний стеараты

Сипаттамасы

Ашық-сары түсті, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «OPN» және «5» және екінші жағында «bza» таңбасы (5 мг дозада) бар таблеткалар.

Ашық-сары түсті, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «OPN» және «7.5» және екінші жағында «bza» таңбасы (7.5 мг дозада) бар таблеткалар.

Ашық-сары түсті, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «OPN» және «10» және екінші жағында «bza» таңбасы (10 мг дозада) бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Психотроптық препараттар. Нейролептиктер (Антипсихотиктер). Дибензодиазепиндер және олардың туындылары. Оланзапин

АТХ коды N05AH03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Оланзапинді пероральді қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді, және оның қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы (TCmax) пероральді қабылдағаннан кейін 5-8 сағат. Оланзапин сіңуі тамақ ішуге байланысты емес. 1 мг-ден 20 мг дейінгі диапазонда әртүрлі дозалармен зерттеулерде плазмадағы оланзапин концентрациясы дозаға байланысты және дозаға пропорционалды өзгеретіні көрсетілген.

7-ден 1000 нг/мл дейінгі концентрация диапазонында ақуыздармен байланысуы 93%.

Оланзапин негізінен альбуминмен және а1-гликопротеинмен байланысады. Гистогематикалық бөгет арқылы, оның ішінде гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді (ГЭБ).

Бауырда метаболизденеді, белсенді метаболиттер түзілмейді, негізгі айналымдағы метаболит-глюкуронид, ГЭБ арқылы өтпейді.

Шылым шегу, жынысы және жасы жартылай шығарылу кезеңіне (T1/2) және плазмалық клиренсіне әсер етеді. 65 жастан асқан адамдарда T1/2 - 51,8 сағат және плазмалық клиренсі -17,5 л/сағат құрайды; 65 жастан кіші адамдарда -33,8 сағат және плазмалық клиренсі -18,2 л/сағат. Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда плазмалық клиренсі әйелдер мен шылым шекпейтіндерде тиісті топтағы адамдармен салыстырғанда төмен. Дегенмен жеке адамдар арасындағы фармакокинетиканың жеке –дара ауытқуымен салыстырғанда жасы, жынысы немесе шылым шегуінің оланзапин клиренсі мен T1/2 әсер ету дәрежесі елеусіз. Көбіне бүйрекпен метаболиттер түрінде (60%) шығарылады.

Оланзапин бауырда конъюгациялану және тотығу үдерісі нәтижесінде метаболизденеді. Негізгі айналымдағы метаболит 10-Ы-глюкуронид болып табылады, ол теориялық тұрғыда гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Р450 цитохромының CYP1A2 және CYP2D6 изоферменттері оланзапиннің

N-дезметил- және 2- гидроксиметилметаболиттері түзілуіне қатысады. Зерттеулерде екі метаболит те оланзапинге қарағанда айқындығы елеулі аз in vivo фармакологиялық белсенділікте болды. Препараттың негізгі фармакологиялық белсенділігі гистогематикалық бөгет арқылы, оның ішінде гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтуге қабілетті бастапқы зат – оланзапинге байланысты.

Дені сау еріктілерде пероральді қабылдағаннан кейін жартылай шығарылуының орташа кезеңі 33 сағат (5-95 % үшін 21-54 сағат), ал оланзапиннің плазмадан орташа клиренсі 26 л/сағат (5-95 % үшін 12-47 л/сағат) құрады.

Оланзапиннің фармакокинетикалық көрсеткіштері шылым шегу, жынысы және жасына қарай ауытқиды (кестені қараңыз):

Емделушілер сипаттамасы

Жартылай шығарылу кезеңі (сағат)

Плазмадағы клиренсі (л/сағат)

Шылым шекпейтіндер

38,6

18,6

Шылым шегетіндер

30,4

27,7

     

Әйелдер

36,7

18,9

Еркектер

32,3

27,3

     

65 жас және одан асқан жастағылар

51,8

17,5

65 жастан кішілер

33,8

18,2

Алайда көрсетілген факторлардың әрқайсысының әсерімен жартылай шығарылу кезеңінің және клиренстің өзгеру дәрежесі жеке адамдар арасындағы бұл көрсеткіштердің айырмашылығы дәрежесінен елеулі төмен.

Бүйрек функциясы қалыпты адамдармен салыстырғанда бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар адамдардағы плазмадағы оланзапин клиренсі және жартылай шығарылудың орташа мәні арасындағы нақты айырмашылық анықталмаған. Оланзапиннің 57% жуығы негізінен метаболиттер түрінде несеппен шығарылады. Бауыр функциясының елеусіз бұзылуы бар шылым шегетін адамдарда бауыр функциясының бұзылуы жоқ шылым шекпейтіндерге қарағанда оланзапин клиренсі төмен.

Плазмадағы 7 –ден 1000 нг/мл дейінгі концентрациясында оланзапиннің плазма ақуыздарымен байланысуы 93% жуық. Оланзапин негізінен альбуминмен және а1-қышқыл гликопротеинмен байланысады. Тегі еуропалық, жапондық және қытайлық адамдардың қатысумен жүргізілген зерттеулерде оланзапин фармакокинетикасында қай нәсілге жатуына байланысты айырмашылық анықталмаған. Р450 цитохромының CYP2D6 изоферментінің белсенділігі оланзапин метаболизміне әсер етпейді.

Фармакодинамикасы

Оланзапин- фармакологиялық әсері кең ауқымды психозға қарсы дәрі (нейролептик). Психозға қарсы әсері мезолимбиялық және мезокортикальді жүйені дофаминді D2-рецепторлармен бөгеуімен шартталған; седативті әсері - ми діңінің ретикулярлық формациясы адренорецепторларын бөгеумен шартталған; құсуға қарсы әсері – құсу орталығының триггерлік аумағының дофаминдік D2-рецепторларын бөгеумен; гипоталамустың дофаминді рецепторларын бөгеумен – гипотермиялық әсерімен шартталған. Бұдан басқа, мускариндік, адренергиялық, Н1- гистаминдік және серотониндік рецепторлардың кейбір субкластарына әсер етеді.

Оланзапин психоздардың өнімді (сандырақтау, елестеулер) және негативті

симптоматикасын (жауығу, күдікшілдік, эмоционалдық және әлеуметтік аутизм) нақты төмендетеді. Экстрапирамидалық бұзылуларды сирек туындатады.

Оланзапиннің серотонинді 5-НТ2А/2С, 5НТ3, 5НТ6; дофаминді D1, D2, D3, D4, D5; мускаринді М1-5; адренергиялық а1 және гистаминдік Н1- рецепторларға тектестігі анықталған. Оланзапиннің серотониндік, дофаминдік және холинергиялық рецепторларға антагонизмі бары анықталды. Бұл арада оланзапин дофаминдік D2 рецепторлармен салыстырғанда серотониндік 5НТ2 рецепторларға қатысты тым айқын тектестікке және белсенділікке ие. Оланзапин мезолимбиялық (А10) дофаминергиялық нейрондардың қозғыштығын іріктеп төмендетеді, және сонымен бірге моторлық функцияны реттеуге қатысатын стриарлық (А9) жүйке жолдарына елеусіз әсер етеді. Оланзапин каталепсия (моторлық функцияға жағымсыз әсер білдіретін бұзылыстар) туындататын дозаларына қарағанда төменірек дозаларында шартты қорғаныс рефлексін (психозға қарсы белсенділігін сипаттайтын тест) төмендетеді.

Оланзапин «анксиолитикалық» тест жүргізгенде үрейленуғе қарсы әсерін күшейтеді.

Оланзапин өнімді (сандырақтау, елестеулер және т.б.), сондай-ақ негативті симптомдардың статистикалық нақты азаюын қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

Препарат шизофренияны емдеуге арналған.

Оланзапин препаратқа басынан оң реакция берген емделушілерде ұзақ емдегенде клиникалық симптоматикасының жақсаруын тиімді демейді. Оланзапин препараты манияның орташа немесе ауыр эпизодтарын емдеу үшін көрсетілген. Оланзапинмен ем жақсы әсер берген маниакальдік эпизодтары бар емделушілерде препарат биполярлық бұзылыстардағы мания рецидивтерін алдын алу үшін қолданылады.

Шизофрения. Оланзапин шизофрениясы бар науқастарды өршуін емдеуге, демеуші және рецидивке қарсы ұзақ емдеуде қолданылады.

Биполярлық аффективті бұзылыстар. Оланзапин монотерапия түрінде немесе литий препараттарымен болмаса вальпрой қышқылымен біріктірілімде психоздық білінулері бар/онсыз және фазалары жылдам ауысатын/онсыз биполярлық аффективті бұзылыстарда жедел маниакальдік немесе аралас эпизодтарды емдеу үшін қолданылады. Оланзапин маниакальді фазаны емдегенде оланзапин тиімді болған биполярлық бұзылыстары бар емделушілерде рецидивті болдырмау үшін қолданылады.

Флуоксетинмен біріктірілімде оланзапин биполярлық бұзылыстармен байланысты депрессиялық жай-күйлерді емдеу үшін және ересек емделушілердегі резистентті депрессияны емдеу үшін) қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тәулігіне бір рет. Тамақ препарат сіңуіне әсер етпейтіндіктен, Оланзапин таблеткаларын тамақ ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Препаратты тоқтатқан жағдайда дозаны біртіндеп төмендету ұсынылады.

Шизофрения. Оланзапинның ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Оланзапинді тамақ ішуге байланыссыз қабылдауға болады, өйткені тамақ ішу препарат сіңуіне әсер етпейді. Оланзапиннің емдік дозалары тәулігіне 5 мг-дан 20 мг дейінгі диапазонда ауытқиды. Тәуліктік дозаны науқастың клиникалық жай-күйіне қарай жеке дара таңдау керек. Дозаны стандартты тәуліктік дозадан ұлғайту (10 мг) емделушіні тиісті клиникалық зерттеуден кейін ғана жүргізу керек.

Мания эпизодтары: бастапқы доза монотерапияда бір рет қабылдауға 15 мг құрайды немесе біріктірілген ем құрамында тәулігіне 10 мг құрайды.

Биполярлық бұзылыстарда рецидивтің алдын алу: препараттың ремиссия жай-күйінде ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 10 мг. Препаратты мания эпизодтарын емдеу үшін бұрыннан қабылдап жүрген емделушілер үшін демеуші ем сол дозаларда жүргізіледі.

Оланзапин препаратымен ем аясында жаңа маниакальдік, аралас немесе депрессиялық эпизод өрбіген жағдайда клиникалық көрсетілімдерге сәйкес көңіл күй бұзылуын қосымша емдеумен препарат дозасын қажет болғанда ұлғайту керек.

Шизофренияны, маниакальдік эпизодты емдегенде немесе биполярлық бұзылыстар рецидивінің профилактикасында емделушінің клиникалық жай-күйіне қарай препараттың тәуліктік дозасы тәулігіне 5-20 мг.

Дозаны ұсынылған бастапқыдан тек емделушінің жай-күйін талапқа сай қайталап клиникалық баға беруден кейін ғана арттыруға болады және әдетте 24 сағаттан кем емес аралықпен жүргізіледі.

Емделушілердің ерекше тобы:

Егде жастағы емделушілерде бастапқы дозаны төмендету (тәулігіне 5 мг дейін) әдетте ұсынылмайды, бірақ 65 жастан асқан емделушілерде қауіп факторы болған жағдайда төмендетілуі мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Бауыр және/немесе бүйрек аурулары бар емделушілерге бастапқы дозаны тәулігіне 5 мг дейін азайту ұсынылады. Орташа бауыр жеткіліксіздігінде (цирроз, бауыр циррозы бар науқастарда бауыр-жасушалық жеткіліксіздігінің Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А немесе В класы) бастапқы доза тәулігіне 5 мг құрайды, доза одан әрі сақтықпен ұлғайтылуы мүмкін.

Әйелдерге еркектермен салыстырғанда дозалауда өзгерістер талап етілмейді. Шылым шекпейтін емделушілерде шылым шегетін емделушілермен салыстырғанда доза түзету («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері» бөлімін қараңыз) талап етілмейді. Емделушіде препарат сіңуіне ықпалы бар фактор біреуден астам болғанда (әйел жынысы, егде жас, шылым шекпейтін), бастапқы доза төмендетілуі талап етілуі мүмкін. Қажет болғанда доза одан әрі сақтықпен ұлғайтылуы мүмкін.

Биполярлық бұзылыстардағы жедел мания. Оланзапиннің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет монотерапия ретінде 15 мг немесе литий препараттарымен немесе вальпрой қышқылымен біріктірілімде тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Оланзапиннің емдік дозалары тәулігіне 5 мг-дан 20 мг дейінгі диапазонда ауытқиды. Тәуліктік дозаны науқастың клиникалық жай-күйіне қарай жеке таңдау керек. Дозаны стандартты тәуліктік дозадан арттыруды тек емделушіні клиникалық тиісті зерттеуден кейін ғана жүргізу ұсынылады. Дозаны біртіндеп, 24 сағаттан кем емес аралықпен арттыру керек.

Биполярлық бұзылыстардағы демеуші емде. Жедел манияны емдеу үшін оланзапин қабылдаған емделушілер үшін демеуші емді сол дозада жалғастыру керек. Ремиссиядағы емделушілерде оланзапиннің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Одан әрі қарай тәуліктік дозаны науқастың клиникалық жай-күйіне қарай 5 мг-дан 20 мг дейінгі шекте жеке таңдау керек.

Оланзапинді биполярлық депрессияны емдеу үшін флуоксетинмен біріктірілімде күніне 1 рет, кешке, тамақ ішуге байланыссыз тағайындау керек. Әдетте бастапқы дозасы 5 мг оланзапинді және 20 мг флуоксетинді құрайды. Оланзапинді 6-12 мг дозада (орташа тәуліктік дозасы -7,4 мг) және флуоксетинді 25-30 мг дозада (орташа тәуліктік дозасы -39,3 мг) қолданғанда депрессияға қарсы белсенділігі расталған. Қажет болғанда оланзапиннің, сондай-ақ флуоксетиннің де дозасын өзгертуге болады.

Оланзапинді резистентті депрессияны емдеу үшін флуоксетинмен біріктірілімде күніне 1 рет, кешке, тамақ ішуге байланыссыз тағайындау керек. Әдетте бастапқы дозасы 5 мг оланзапинді және 20 мг флуоксетинді құрайды. Қажет болғанда оланзапиннің, сондай-ақ флуоксетиннің де дозасын өзгертуге болады. Оланзапинді 6-12 мг дозада және флуоксетинді 25-30 мг дозада қолданғанда депрессияға қарсы белсенділігі расталған.

Науқастардың белгілі бір топтары үшін пероральді қабылдағанда тәуліктік дозаны таңдаудың жалпы ережесі. Бастапқы дозаны тәулігіне 5 мг дейін төмендету егде емделушілерге немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе ауырлығы орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігін қоса басқа да клиникалық қауіп факторлары бар емделушілерге ұсынылады. Оланзапин метаболизмін баяулатуға ықпалы бар факторлар біріктірілімі бар емделушілерде (әйел жынысы, егде жас, шылым шекпейтін) бастапқы доза төмендетілуі ұсынылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық зерттеулер деректері бойынша жиі хабарланатын жағымсыз реакцияларға (1%) ұйқышылдық, дене салмағының артуы, эозинофилия, пролактин, холестерин, глюкоза және триглицеридтер деңгейі жоғарылауы, глюкозурия, тәбеттің артуы, бас айналуы, акатизия, паркинсонизм, лейкопения, нейтропения, дискинезия, ортостатикалық гипотония, антихолинергиялық әсерлер, бауыр аминотрансферазасының симптомсыз транзиторлы жоғарылауы, бөртпе, астения, қажу, қызба, артралгия, сілтілік фосфатаза деңгейінің артуы, гамма глутамилтрансфераза, несеп қышқылының және креатинфосфокиназа жоғарылауы, ісіну жатады.

Препараттың барлық дәрілік түрі бойынша жеке жағдайларға қарағанда клиникалық зерттеулерде және/немесе постмаркетингтік байқауларда жиірек тіркелген жағымсыз реакциялар тиісінше төмендегі градациялармен аталған: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), кейде (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), тым сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректерден баға беру мүмкін емес).

Өте жиі

  • қысқа мерзімдік кезеңде салмақ артуы (дене салмағынан ≥7%) қолданғанда (орташа 47 күнге жуық)

  • салмақ артуы (дене салмағынан ≥7%, 15%, 25%) ұзақ мерзімді қолдану кезеңінде (48 аптадан кем емес)

  • плазмадағы пролактин деңгейі жоғарылауы

  • ортостатикалық гипотензия

  • ұйқышылдық

  • ашқарындағы бастапқы көрсеткіш ≥5.17 - <6.2 ммоль/л салыстырғандағы холестерин деңгейінің артуы ≥6.2 ммоль/л

  • бастапқы көрсеткіш ≥1.69 - <2.26 ммоль/л салыстырғанда триглицеридтер деңгейінің артуы ≥2.26 ммоль/л

  • ашқарындағы бастапқы көрсеткіш ≥5.56 - <7 ммоль/л салыстырғанда глюкоза деңгейінің артуы ≥7 ммоль/л

Жиі

  • қысқа мерзімдік кезеңде қолданғанда (орташа 47 күнге жуық) салмақ артуы (дене салмағынан ≥15%)

  • эозинофилия, лейкопения (нейтропенияны қоса)

  • бауыр аминотрансферазасы (АЛТ, АСТ) транзиторлы асимптоматикалық жоғарылауы, әсіресе емнің ерте сатыларында

  • сілтілік фосфатаза деңгейінің артуы (СФ)

  • ашқарындағы бастапқы көрсеткіш <5.17 ммоль/л салыстырғанда холестерин деңгейінің ≥6.2 ммоль/л артуы.

  • бастапқы көрсеткіш <1.69 ммоль/л салыстырғанда триглицеридтер деңгейінің ≥2.26 ммоль/л артуы

  • ашқарындағы бастапқы көрсеткіш <5.56 ммоль/л салыстырғанда глюкоза деңгейінің ≥7 ммоль/л артуы

  • гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің ұлғаюы

  • несеп қышқылы деңгейінің артуы

  • креатинфосфокиназа деңгейі ұлғаюы

  • глюкозурия

  • тәбет жоғарылауы

  • бас айналуы

  • акатизия

  • паркинсонизм

  • дискинезия

  • орташа транзиторлы антихолинергиялық әсер, іш қатуы мен ауыз кеберсуін қоса

  • еркектердегі эректильді дисфункция, еркектер мен әйелдердегі жыныстық елігудің төмендеуі

  • бөртпе, ісіну (оның ішінде шеткергі)

  • астения, қажу, қызба

  • артралгия

Кейде

  • қысқа мерзімдік кезеңде салмақ артуы (дене салмағынан ≥25%) қолданғанда (орташа 47 күнге жуық)

  • аса жоғары сезімталдық

  • бірнеше өлім жағдайымен аяқталуды қоса, кейде кетоацидоз немесе

комаға байланысты болатын қант диабетінің туындауы немесе өршуі

  • сыртартқысында көп жағдайларда ұстамалары болған құрысулар немесе құрысу даму қаупі факторлары

  • дистония (көз алмасы қозғалысын қоса)

  • кешеуілдеген дискинезия

  • брадикардия, QT аралығының ұзаруы

  • іш кебуі

  • амнезия

  • дизартрия

  • фотосезімталдық реакциялары

  • мұрыннан қан кету

  • көктамыр тромбоэмболиясы (оның ішінде өкпе артериясы тромбоэмболиясы және терең көктамырлар тромбозы)

  • алопеция

  • несеп ұстамау, несеп іркілісі, несепті қиналып шығару

  • жалпы билирубин жоғарылауы

  • аменорея, сүт безінің ұлғаюы, әйелдердегі галакторея, гинекомастия/еркектердегі сүт безінің ұлғаюы

Сирек

  • гепатит (бауыр-жасушалық, холестаздық немесе бауырдың аралас зақымдануын қоса)

  • тромбоцитопения

  • гипотермия

  • қатерлі нейролептикалық синдром

  • тоқтату симптомдары

  • қарыншалық тахикардия/фибрилляция, кенеттен болатын өлім

  • панкреатит

  • рабдомиолиз

  • приапизм

Жиілігі белгісіз

  • жаңа туған нәрестелердегі тоқтату синдромы

Оланзапинді ұзақ уақыт қолданғанда (48 аптадан кем емес) уақыт өте келе салмақ, глюкоза деңгейі, жалпы холестерин, ТТЛП, ТЖЛП немесе триглицеридтер көрсеткіштерінің клиникалық елеулі өзгерістері бар емделушілердің сандық ара қатынасы ұлғайған. Емнің 9 - 12 курсын аяқтаған емделушілерде қандағы глюкоза деңгейінің өсу екпінінің орташа мөлшері шамамен 6 айдан кейін баяулаған.

Емделушілердің ерекше тобындағы жағымсыз әсерлер.

Зерттеулердегі өлім санының көп бөлігі және цереброваскулярлық бұзылулар (инсульт, транзиторлы ишемиялық шабуылдар) деменциясы бар егде жастағы емделушілерде тіркелген. Осы категориядағы емделушілерде жүрістің бұзылуы және құлау өте жиі болған. Сондай-ақ пневмония, дене температурысы жоғарылауы, летаргия, эритема, көзге елестеулер және несеп ұстай алмау жиі байқалған.

Паркинсон ауруы аясындағы дәрілік психозы (дофамин агонистерін қабылдау аясында) бар емделушілер арасында паркинсонизм симптомдары күшеюі өте жиі (> 10%) және плацебо тобына қарағанда тым жоғары жиілікпен анықталды. Сондай-ақ елестеулер де өте жиі (> 10%) және плацебо тобына қарағанда тым жоғары жиілікпен анықталды. Биполярлық маниясы бар емделушілерде вальпрой қышқылымен біріктірілген ем аясында нейтропения (4,1%) дамығаны туралы деректер бар. Оланзапинді литий препараттарымен немесе вальпрой қышқылымен біріктірілімде қабылдаушы биполярлық маниясы бар науқастарда өте жиі кездесетін (>10%) қолайсыз әсерлер дене салмағының артуы, ауыз құрғауы, тәбеттің артуы, тремор және сөйлеудің жиі бұзылыстары (<10% және >1%) болды. Литиймен біріктірілген емнің бірінші 6 аптасында салмақ қосу дамуы жиілігі ұлғаяды.

Биполярлық бұзылыстары бар емделушілерде рецидивтің алдын алу мақсатында оланзапинмен ұзақ емдеу (12 айға дейін) дене салмағының артуымен бірге жүрген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- оланзапинге немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалық жас (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

- лактация кезеңі

- сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы мәселелері, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылуы.

Сақтықпен:

- бүйрек жеткіліксіздігі

- бауыр жеткіліксіздігі

- қуық асты безінің гиперплазиясы

- салданған ішек бітелуі

- жабықбұрышты глаукома

- сыртартқысындағы эпилепсия, құрысу синдромы

- генезі әртүрлі лейкопения және/немесе нейтропения

- генезі әртүрлі миелосупрессия, оның ішінде миелопролиферативті аурулар

- гиперэозинофильді синдром

- кардиоваскулярлық және цереброваскулярлық аурулар немесе артериялық гипотензияға бейімдейтін басқа да жай-күйлер

- электрокардиограммада (ЭКГ) туа біткен QT аралығының ұлғаюы (ЭКГ –да QT (QTc) түзетілген аралығының ұлғаюы), немесе QT аралығының ұлғаюын туындатуға потенциалды қабілетті жағдайлар болғанда (мысалы, QT аралығын ұзартатын препараттармен бір уақытта тағайындау, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, гипокалиемия, гипомагниемия)

- егде жас

- орталықтық әсері бар басқа да дәрілік заттарды бір уақытта қабылдау

- иммобилизация

- жүктілік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Оланзапин метаболизміне әсер ететін дәрілермен өзара потенциалды әрекеттесуі: оланзапин CYP1A2 ферментімен метаболизденеді, сондықтан CYP1A2 қатысты арнайы белсенділік танытатын Р450 цитохром изоферменттерінің тежегіштері немесе индукторлары оланзапиннің фармакокинетикалық параметрлеріне әсер ете алады.

CYP1A2 индукторлары. Оланзапин клиренсі шылым шегетін емделушілерде немесе карбамазепинмен бір мезгілде қабылдағанда жоғары болуы мүмкін, бұл қан плазмасындағы оланзапин концентрациясы төмендеуіне алып келеді.

Кейбір жағдайлар препарат дозасын жоғарылатуды талап ететіндіктен клиникалық бақылау керек.

CYP1A2 тежегіштері. флувоксамин, CYP1A2 спецификалық тежегіші - оланзапин клиренсін елеулі төмендетеді. Шылым шекпейтін әйелдерде флувоксамин қабылдағаннан кейін оланзапиннің ең жоғары концентрациясының орташа жоғарылауы 54%, шылым шегетін еркектерде - 77% құрады.

Оланзапиннің «концентрация-уақыт» (AUC) қисығы астындағы ауданның орташа артуы бұл категориядағы емделушілерде тиісінше 52% және 108% құрады. Флувоксамин немесе кез келген басқа CYP1A2 тежегішін (мысалы, ципрофлоксацин) қабылдаған емделушілерде оланзапинмен емдеуді төмен дозадан бастау керек. Оланзапиннің дозасын азайту сондай-ақ емге CYP1A2 тежегіштерін қосқан жағдайда талап етілуі мүмкін.

Дәрілермен оланзапин биожетімділігіне әсері бар/әсері жоқ өзара әрекеттесулер. Белсендірілген көмір пероральді қабылдағанда оланзапиннің сіңірілуін 50-60%-ға төмендетеді, сондықтан оны оланзапин қабылдау алдында немесе қабылдаудан кейін 2 сағаттан кем емес уақытта қабылдау керек.

Флуоксетин (CYP450 тежегіші), құрамында магний немесе алюминий бар антацидтердің немесе циметидиннің бір реттік дозасы оланзапин фармакокинетикасына әсер етпейді.

Оланзапиннің басқа дәрілік заттарға потенциалды әсер ету қабілеті Оланзапин тікелей және тікелей емес дофамин агонистерінің әсерін әлсіретуі мүмкін. Оланзапин in vitro жағдайында негізгі CYP450 (мысалы, 1A2, 2D6, 2C9, 2C19, 3A4) изоферменттерін бәсеңдетпейді. In vivo төмендегі белсенді заттардың: үшциклдық антидепрессанттар (CYP2D6), варфарин (CYP2C9), теофиллин (CYP1A2) және диазепам (CYP3A4 және 2C19) метаболизмін бәсеңдетуі анықталмады.

Литиймен немесе бипериденмен бір мезгілде қолданғанда өзара әрекеттесулері анықталмады.

Плазмадағы вальпрой қышқылының құрамына емдік мониторинг жүргізу оланзапинмен бір мезгілде тағайындағанда вальпрой қышқылының дозасын өзгерту талап етілмейтінін көрсетті («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Басқа да орталықтық әсері бар дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек. Алкогольдің бір реттік дозасы (45 мг/70 кг) фармакокинетикалық әсер етпеуіне қарамастан оланзапинмен бірге алкоголь қабылдау орталық жүйке жүйесін бәсеңдету әсері күшеюімен қатар жүруі мүмкін. Оланзапин метаболизмі CYP1A2 изоферментіне қатысты арнайы белсенділік көрсететін Р450 цитохромы изоферменті тежегіштерінің немесе индукторларының әсерімен өзгеруі мүмкін. Оланзапин клиренсі карбамазепин қабылдайтын науқастарда және шылым шегетін емделушілерде (CYP1A2 изоферментінің белсенділігі артуына байланысты) жоғарылайды. CYP1A2 изоферментінің потенциалды тежегіштері оланзапин клиренсін төмендетуі мүмкін.

Оланзапин CYP1A2 изоферментінің потенциалды тежегіші емес, сондықтан оланзапин қабылдағанда негізінен CYP1A2 изоферментімен метаболизденетін теофиллин сияқты дәрілік заттардың фармакокинетикасы өзгермейді.

Емдеу аясында оланзапиннің дозасын төмендегі препараттармен: имипраминмен немесе оның метаболиті дезипраминмен (CYP2D6, CYP3A4, CYP1A2 изоферменттері), варфаринмен (CYP2C19 изоферменті), теофиллинмен (CYP1A2 изоферменті) немесе диазепаммен (CYP3A4, CYP2C19 изоферменттері) бір рет енгізу – олардың метаболизмінің бәсеңдеуімен қатар жүрмеді. Сондай-ақ оланзапинді литиймен немесе бипериденмен бір мезгілде қолданғанда дәрілермен өзара әрекеттесулерінің белгілері анықталмады.

Оланзапиннің тепе теңдік концентрациясы аясында этанол фармакокинетикасының өзгерісі анықталмады. Алайда оланзапинмен этанолды бірге қабылдау оланзапиннің фармакологиялық әсері, мысалы тыныштандыратын әсері күшеюімен бірге жүруі мүмкін.

Флуоксетин (60 мг бір рет немесе 60 мг күн сайын 8 күн бойы) оланзапиннің ең жоғары концентрациясының (Cmax) орташа 16%-ға артуын және оланзапин клиренсінің орташа 16%-ға төмендеуін туындатады. Осы фактордың әсер ету дәрежесі көрсетілген көрсеткіштердің жеке айырмашылығының айқындығынан біршама төмен, сондықтан әдетте оны флуоксетинмен біріктірілімде қолданғанда оланзапин дозасын өзгертуге болмайды.

Флувоксамин, CYP1A2 тежегіші, оланзапин клиренсін төмендетеді. Бұның нәтижесі флувоксамин енгізгенде оланзапин Cmax шылым шекпейтін әйелдерде 54%-ға және шылым шегетін еркектерде 77%-ға орташа ұлғаюы болып табылады. Оланзапиннің AUC (қисық астындағы аудан) тиісінше 52% және 108% орташа ұлғаюы жүреді. Оланзапиннің аз дозасын флувоксаминмен бірге ем қабылдайтын науқастарға тағайындау керек.

Адам бауыры микросомаларын пайдаланумен жүргізілген in vitro зерттеулерінде оланзапиннің вальпрой қышқылы глюкурониді түзілу үдерісін елеусіз бәсеңдететіні көрсетілген (вальпрой қышқылы метаболизмінің негізгі жолы). Сондай-ақ оланзапиннің in vitro метаболизміне вальпрой қышқылы елеусіз әсер етеді. Сондықтан оланзапин және вальпрой қышқылының арасында клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер болу ықтималдығы аз.

Оланзапин сіңуі тамақ ішуге байланыссыз.

Құрамында алюминий немесе магний бар антацидтер немесе циметидиннің бір реттік дозасы ішке қабылдағанда оланзапиннің биожетімділігін бұзбады. Белсендірілген көмір және оланзапинді бір уақытта қолдану оланзапинді ішке қабылдағанда биожетімділігін 50-60%-ға дейін төмендетті.

Сондай-ақ адам бауыры микросомаларын пайдаланумен жүргізілген in vitro зерттеулері деректері бойынша оланзапин Р450 цитохромының төмендегі изоферменттерінің: CYP1A2, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6 және CYP3A белсенділігін басуда өте аз потенциал көрсеткен.

Айрықша нұсқаулар

Кейде кетоацидоз немесе кетоацидоздық кома дамуымен бірге жүретін гипергликемия және/немесе қант диабетінің декомпенсациясы өрбігені, бірнеше өлім жағдайлары болғаны туралы өте сирек мәлімдеулер бар. Кейбір жағдайларда бейімдегіш факторы болуы мүмкін дене салмағы артуының алдындағы декомпенсациясы анықталған. Қант диабеті және осы ауру дамуының қауіп факторы бар емделушілерге қандағы глюкоза деңгейіне ұдайы клиникалық бақылау және деңгейін бақылау керек. Липидтер деңгейі өзгергенде емді түзету талап етіледі.

Оланзапин қабылдауды күрт тоқтатқанда төмендегі тершеңдік, ұйқысыздық, тремор, үрейлену, жүрек айнуы немесе құсу симптомдарының өрбу мүмкіндігі өте сирек (0,01% төмен). Препаратты тоқтатқанда дозаны біртіндеп төмендету керек.

Антихолинергиялық белсенділік. Оланзапинді қатарлас аурулары бар адамдарда қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі болғандықтан препаратты қуық асты безінің гиперплазиясы, ішектің салданып бітелуі, жабықбұрышты глаукомасы бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Дофаминомиметиктер қабылдаудан туындаған психозы бар Паркинсон ауруында науқастарда оланзапинді қолдану тәжірибесі.

Оланзапин дофаминомиметиктер қабылдаудан туындаған психозы бар Паркинсон ауруын емдеу үшін ұсынылмайды. Паркинсонизм және елестеулердің симптомдары күшейеді. Бұл арада оланзапин психозды емдеу тиімділігі бойынша плацебодан артық болмады.

Дофаминергиялық антагонизм. Оланзапин in vitro жағдайында дофаминдік рецепторларға қатысты антагонизм анықталды және басқа да антипсихотиктер сияқты (нейролептики), леводопаның және басқа да дофаминдік рецепторлар агонистерінің әсерін теориялық тұрғыда бәсеңдетуі мүмкін.

Өлім жағдайы көбеюіне және цереброваскулярлық бұзылулар (инсульт, транзиторлы ишемиялық шабуылдар) қаупі артуына байланысты оланзапин деменциядағы психоздар және/немесе мінез-құлық бұзылыстарын емдеу үшін ұсынылмайды. Өлім жағдайы көбеюі оланзапин дозасына немесе ем ұзақтығына байланысты емес. Өлім жағдайы көбеюіне бейімдейтін қауіп факторларына 75 жастан асу, дисфагия, седация, тойып тамақтанбау және сусыздану, өкпе аурулары (мысалы, пневмония, оның ішінде аспирациялық), бензодиазепиндерді бір мезгілде қабылдау жатады.

Деменциясы бар егде емделушілердегі инсультті қоса, цереброваскулярлық қолайсыз құбылыстар. Егде адамдарда постуральді артериялық гипотензия жиі байқалмайды. 65 жастан асқан емделушілерде артериялық қысымды (АҚ) мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады.

Оланзапинді QTc аралығының анықталған артуы бар, әсіресе егде, QT аралығының туа біткен ұзару синдромы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, миокард гипертрофиясы, гипокалиемиясы және гипомагниемиясы бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Церебро-васкулярлық бұзылулары бар емделушілердің бәрінде алдында

церебро-васкулярлық жағымсыз құбылыстардың даму қаупі факторы (мысалы, бұрын анықталған церебро-васкулярлық қолайсыз құбылыстар жағдайы немесе транзиторлық ишемиялық шабуыл, гипертония, шылым шегу), сондай-ақ церебро-васкулярлық жағымсыз құбылыстармен уақыты бойынша байланысқан бірге жүретін аурулары болған.

Антипсихотиктермен емдегенде емделушінің клиникалық жай-күйі жақсаруы бірнеше күннен бірнеше аптаға дейінгі кезеңде болады. Осы кезең ішінде емделушіні мұқият бақылау керек.

Бауыр функциясы бұзылуы. Емнің басында бауыр трансаминазаларының (АЛТ және ACT) симптомдарсыз жоғарылауы мүмкін, гепатиттің сирек жағдайы анықталған. Бұдан басқа, бауырдың холестаздық және аралас зақымдануы туралы жеке-дара хабарламалар түскен. ACT және/немесе AЛT деңгейі басынан жоғары, бауыр жеткіліксіздігі бар және жай-күйі бауырдың функционалдық мүмкіндігін потенциалды шектейтін, сондай-ақ гепатоуытты дәрілік препараттар қабылдайтын емделушілерге оланзапин тағайындағанда ерекше сақтық керек. Препаратпен емдеу аясында AЛT және/немесе ACT жоғарылағанда емделушіні медициналық бақылау керек, және препарат дозасы азайтылуы да мүмкін. Гепатит диагностикаланғанда (оның ішінде гепатожасушалық, холестатикалық немесе аралас) оланзапинді тоқтату керек.

Гематологиялық өзгерістер. Препаратты кез келген генезді лейкопения және/немесе нейтропениясы, генезі дәрілік миелосупрессиясы бар емделушілерде, сондай-ақ радиациялық немесе химиялық ем аясында бірге жүретін аурулар салдарынан, гиперэозинофильді жай-күйдегі немесе миелопролиферативті аурулары бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек. Оланзапинді және вальпрой қышқылын бір мезгілде қолданғанда

нейтропения жиі анықталған ( «Жағымсыз әсерлер» бөлімін қараңыз).

Қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС). ҚНС клиникалық білінуі. қызба, бұлшықет сіресуі, сананың бұзылуы, вегетативтік бұзылулар (тұрақсыз пульс немесе артериялық қысымның ауытқымалылығы, тахикардия, қатты терлеу, аритмиялар). Қосымша симптомдарына ҚНС, КФК артуы, миоглобинуриясы (рабдомиолиз аясында) және жедел бүйрек жеткіліксіздігі жатуы мүмкін. ҚНС симптомдары, сондай-ақ дене температурасының көрінетін себептерсіз жоғарылауы дамығанда оланзапинді қоса, барлық нейролептиктерді тоқтату қажет.

Құрысу синдромы. Оланзапин препаратын сыртартқысында құрысуы немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін факторлары бар емделушілерде сақтықпен тағайындау керек. Оланзапинді қабылдау аясында құрысулар сирек тіркелген.

Кешеуілдеген дискинезия. Галоперидолмен салыстырғанда, оланзапинмен емдеу кешеуілдеген дискинезия дамуының айтарлықтай аз жиілігімен бірге жүрген. Ем ұзаққа созылғанда кешеуілдеген дискинезия даму қаупі ұлғаяды. Оланзапин қабылдайтын емделушілерде осы жай-күй белгілері пайда болғанда препаратты тоқтату немесе оның дозасын төмендету керек. Дискинезия симптомдары препаратты тоқтатқаннан уақытша күшеюі мүмкін.

ОЖЖ қатысты жалпы белсенділігі. Орталықтық әсері бар басқа да дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек және алкоголь пайдалануға жол бермеу керек.

Оланзапин қабылдағанда көктамыр тромбоэмболиясы дамыған жағдайлар өте сирек (0,01% төмен) тіркелген. Оланзапинмен ем және көктамыр тромбозы арасындағы себеп-салдарлы байланыс анықталмаған. Шизофрениясы бар емделушілерде кейін пайда болған көктамыр тромбозы қаупінің факторы жиі болатындықтан, болжамды басқа барлық факторларды (мысалы, иммобилизацияны) анықтау керек және алдын алу шараларын қолдану керек.

Жүктілік, лактация кезеңі

Препаратты жүктілерде қолдану тәжірибесі шектеулі болуына байланысты, оланзапинді жүкті әйелдерді емдеуде анасы үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін потенциалды қауіптен артық болса ғана қолдану керек. Әйелдер оланзапинмен ем аясында жаңа басталған немесе жоспарланған жүктілік жайлы дәрігерге мәлімдеуі керектігі туралы хабардар болуы тиіс. Анасы жүктіліктің III триместрінде оланзапин қабылдаған сәбилерде тремор, артериялық гипертония, летаргиялар және ұйқышылдық болғаны туралы бірен-саран хабарламалар бар. Зерттеулерде

оланзапиннің емшек сүтіне бөлінетіні анықталған. Анасында тепе тең концентрацияға жеткенде баласы қабылдайтын орташа дозасы (мг/кг) анасындағы оланзапин дозасының 1,8% құрады (мг/кг). Оланзапинмен ем аясында емшек емізуге болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Оланзапин препаратын қабылдайтын емделушілер ем кезінде жоғары зейін жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын талап ететін автокөлік жүргізуге және потенциалды түрде қауіпті басқа қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомы: оланзапинмен артық дозалануда өте жиі (>10%) тахикардия, қозу/озбырлық, дизартрия, әртүрлі экстрапирамидалық симптомдар, мәңгіруден комаға дейін болатын сана деңгейінің төмендеуі болып табылады; 2% аз жағдайларда делирийлер, конвульсиялар, кома, қатерлі нейролептикалық синдром, тыныс алу бәсеңдеуі, аспирация, артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, жүрек аритмиясы туындайды; өте сирек жағдайларда жүрек-өкпе жеткіліксіздігі туындайды. Өліммен аяқталатын жедел артық дозалануда оланзапиннің ең төмен дозасы - 450 мг, жағымды аяқталған (тірі қалу) артық дозалануда ең жоғары дозасы - 1500 мг болғаны тіркелген.

Емі: спецификалық у қайтарғысы жоқ. Құстыруға болмайды. Асқазан шаю, белсендірілген көмір қабылдау керек (оланзапин биожетімділігін 60%-ға төмендетеді) артериялық гипотензияны емдеуді және қан тамырлық коллапсты, тыныс алу функциясын демеуді қоса, өмірлік маңызы бар функцияларды бақылай отырып, симптоматикалық ем жүргізеді. Эпинефрин, допамин немесе бета-адреномиметикалық белсенділігі бар басқа да симпатомиметиктерді қолдануға болмайды, өйткені соңғылары артериялық гипотензияны ушықтыруы мүмкін. Болжамды аритмияны анықтау үшін жүрек-қан тамыр қызметіне мониторинг жүргізу керек. Емделуші толық сауыққанша үздіксіз медициналық бақылауда болуы тиіс.

Оланзапин артық дозаланғанда өте жиі кездесетін (жиілігі>10%) симптомдары тахикардия, психомоторлық қозу /озбырлық, сөйлеудің бұзылуы, әртүрлі экстрапирамидалық бұзылыстар және ауырлығы әртүрлі дәрежедегі сана бұзылуы (седативтік әсерден комаға дейінгі) болды.

Оланзапиннің артық дозалануының басқа клиникалық елеулі салдарына делирийлер, құрысулар, қатерлі нейролептикалық синдром, тыныстың тарылуы, аспирация, артериялық қысымның жоғарылауы және/немесе төмендеуі, аритмиялар (артық дозаланудың <2% жағдайы) және жүрек-қан тамыр қызметі және тыныс тоқтауы жатады. Өліммен аяқталатын жедел артық дозалануындағы ең төмен доза 450 мг, жағымды аяқталған артық дозалануындағы ең жоғары доза (тірі қалу)-2 г құрады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан немесе поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 7 таблеткадан салынған.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

Синтон Испания, С.Л.

Кастельо к-сі, №1, Пол Салинас, Сант Бои де Льобрегат, 088830, Барселона

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

"Фирма ЕВРОСЕРВИС" ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

"Фирма ЕВРОСЕРВИС" ЖАҚ

Тел. +7(495) 789-46-19

e-mail: lazarev@euro-service.ru

http://euro-service.ru

Прикрепленные файлы

082206071477976545_ru.doc 143.5 кб
205591231477977706_kz.doc 178 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники