Оксолин-ТК

МНН: Диоксотетрагидрокситетрагидронафталин
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025446
Информация о регистрации в РК: 10.12.2021 - 10.12.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Оксолин-ТК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Мұрынға арналған жақпамай, 0.25%, 10 г

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Дерматологияда қолдануға арналған антибиотиктер және химиотерапиялық препараттар. Жергілікті қолдануға арналған химиотерапиялық препараттар. Вирусқа қарсы препараттар.

АТХ коды D06BB

Қолданылуы

- тұмаудың профилактикасы

- вирусты ринит

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Мұрынға арналған жақпамай көздің вирустық зақымдануларында қолдануға арналмаған.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолданылуы

2 жасқа дейінгі балаларға сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолдану керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Мұрын ішіне.

Тұмау профилактикасында немесе тұмаумен ауырған науқаспен қарым-қатынас кезінде - тұмаудың эпидемиялық маусым кезінде таралуының күрт өсуі және ең жоғары дамуы кезеңінде күніне 2-3 рет 25 күн бойы мұрының шырышты қабығына жағады немесе тұмаумен ауырған науқастармен қарым - қатынас кезінде.

Вирусты ринитті емдеу: мұрының шырышты қабығына күніне 2-3 рет 3-4 күн бойы жағу керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Препаратпен артық дозалану туралы хабарланған жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Сирек:

  • шырышты қабықтың көкке боялуы

Жиілігі белгісіз:

  • жылдам өтетін мұрын шырышты қабығын ашытып-күйдіру сезімі, ринорея

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық жәнефармацевтикалық бақылау комитеті«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат –2.5 мг диоксотетрагидрокситетрагидронафталин,

қосымша заттар:лимон қышқылы, вазелин.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақтан ақшыл сары түске дейінгі жақпамай. Сақтаған кезде қызғылт түстің пайда болуына жол беріледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г препараттан дәрілік заттарға арналған біріктірілген материалдан жасалғансықпада.

Әрбір сықпаны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады. Картон қорапшалар сәйкес мөлшерде орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Екінші қаптамаға қапталмаған сықпалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

15 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Фармация 2010» ЖШС, ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ-сы, Қазыбек Би ат. ауд. Чкалов к-сі, құр. 7А, тел. 8 (7212) 42-67-34

е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Фармация 2010» ЖШС, ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ-сы, Қазыбек Би ат. ауд. Чкалов к-сі, құр. 7А, тел. 8 (7212) 42-67-34

е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

ҚазақстанРеспубликасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар(ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайыжәнебайланысдеректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Фармация 2010» ЖШС, ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ-сы, Қазыбек Би ат. ауд. Чкалов к-сі, құр. 7А, тел. 8 (7212) 42-67-34

е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

Оксолин-ТК_ЛВ.docx 0.03 кб
ЛВ_Оксолин-ТК_Final__.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники