Окситоцин Гриндекс (5 МЕ/мл)

МНН: Окситоцин
Производитель: Санитас АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Oxytocin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010645
Информация о регистрации в РК: 15.08.2017 - 15.08.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 30.45 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Окситоцин Гриндекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Окситоцин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 5 ХБ/ мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – окситоцин 5 ХБ,

қосымша заттар: хлорбутанолгидрат, 1М сірке қышқылының ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары. Окситоцин және оның аналогтары.

АТХ коды Н01ВВ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көктамыр ішіне енгізген кезде окситоциннің әсері тез басталады, жатырдың жиырылу қарқындылығы мен жиілігі 15-60 минут бойы біртіндеп өседі және содан кейін тұрақтанады. Көктамыр ішіне енгізгенді тоқтатқаннан кейін препараттың әсері тағы 20 минутқа созылады, жатырдың босандыру белсенділігі біртіндеп азаяды. Жатырдың бастапқы қалыпқа оралуы шамамен 40 минуттан кейін болады.

Бұлшықет ішіне енгізген кезде әсері 3-5 минуттан кейін білінеді. Бастапқы қалыпқа оралуы шамамен - 30-60 минуттан соң жүреді.

Окситоциннің қан плазмасынан жартылай шығарылу (Т1/2) кезеңі шамамен 1-6 минутты құрайды.

Окситоцин қан плазмасындағы ақуыздармен байланыспайды.

Окситоцин метаболизмі бауырда және бүйректерде жүреді. Препарат организмнен метаболиттер түрінде және аздаған мөлшерде өзгермеген күйде, негізінен несеппен бірге бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Окситоцин гипофиздің артқы бөлігінің табиғи пептидіне ұқсас синтетикалық гормон болып табылады.

Окситоцин жатырдың тегіс бұлшықетінің жиырылуын көтермелейді.

Гормонның әсерінен жарғақшалардың калий иондары үшін өткізгіштігі артады, жасушаның жарғақшалық потенциалы төмендейді және олардың қозғыштығы жоғарылайды. Жасуша жарғақшаларының потенциалы азаюымен миометрий жиырылуының жиілігі, қарқындылығы және ұзақтығы артады.

Окситоцин, гипофиздің алдыңғы бөлігінің лактогендік гормонын (пролактинді) өндіре отырып, сүт бөлінісін жақсартады.

Окситоцин әлсіз антидиуретикалық әсер көрсетеді және емдік дозаларда артериялық қысымға айтарлықтай ықпал етпейді.

Қолданылуы

  • босану әрекетін күшейту үшін

  • медициналық көрсетілімдер бойынша жүктілік барысын үзу үшін

  • босанғаннан кейін жатыр инволюциясын, жатыр атониясын жылдамдату, босанудан кейінгі қан кетуді тоқтату үшін

  • кесарь тілігімен босандырғанда (бала жолдасын алып тастағаннан кейін) жатырдың жиырылу қабілетін күшейту үшін

Қолдану тәсілдері және дозасы

Плацентаның және ұрықтың жағдайын бағалау үшін, сондай-ақ болуы мүмкін асқынуларды бағалау үшін қаупі жоғары жүкті әйелдерге окситоциннің жағымдылығына тест жүргізеді.

Инфузия жасау үшін окситоцинді 500 мл стерильді 5 глюкоза ерітіндісімен немесе 0,9 натрий хлориді ерітіндісімен сұйылтады. Босану әрекетін British National Formulary Nr. 42 күшейту үшін 10 ХБ окситоцинді 500 мл еріткіште сұйылтады (енгізу жылдамдығы 3 мл\сағат немесе 0,001ХБ\минут), үлкен дозаны алу үшін 30 ХБ окситоцинді 500 мл еріткіште сұйылтады (енгізу жылдамдығы 1 мл/сағат немесе 0,001 ХБ/минут).

Жатыр атониясы кезінде және босану әрекетін жақсарту үшін окситоцинді, енгізу жылдамдығының дәлдігін қамтамасыз етуге арналған инфузиялық сорғыны пайдалана отырып, әдетте көктамыр ішіне тамшылататын инфузия түрінде енгізеді.

Инфузияны 0,001-0,002 ХБ/минут жылдамдықпен, содан кейін, кем дегенде 30 минуттық аралықты сақтай отырып, босану қызметі белсенділене түскенге, яғни әрбір 10 минутта 3-4 толғақ болғанға дейін инфузия жылдамдығын біртіндеп арттырады. Дозаны титрлеу үшін ұрық жүрегінің соғу ырғағын және жатырдың жиырылуын бақылайды (окситоцинді bolus инъекция түрінде енгізуге болмайды). Ұрықтың гипоксиясында және жатырдың аса белсенділігі кезінде окситоцин инфузиясын дереу тоқтатқан жөн.

0,006 ХБ/мин енгізу жылдамдығы окситоциннің қан плазмасындағы, табиғи босану кезіндегі деңгейіне сәйкес келетін, концентрациясын қамтамасыз етеді. Әдетте енгізудің қажетті жылдамдығы 0,012 ХБ/минутқа сәйкес келеді, бірақ 0,02 ХБ/минутқа және одан көбірекке дейін өте жиі қолданылады. British National Formulary Nr. 42 басылымы енгізудің ең жоғары 0,032 ХБ/минут жылдамдығын ұсынады, ең жоғары күндізгі доза 5 ХБ құрайды. Қажетті босандыру белсенділігіне жеткенде инфузияның жылдамдығын біртіндеп төмендетеді.

Кесарь тілігімен босандыру кезінде (бала жолдасын алып тастағаннан кейін) 5 ХБ дәрілік затты дереу көктамыр ішіне баяу енгізеді.

Гипотониялық жатырлық қан кетудің алдын алу үшін (бала жолдасы шыққаннан кейін) 5 ХБ окситоцинді көктамыр ішіне баяу енгізеді; қан кетуді тоқтату үшін – 5-10 ХБ, өте ауыр жағдайларда 5-30 ХБ-ті инфузия түрінде жатыр атониясын тойтаратындай жылдамдықпен енгізіледі. Окситоцинді үлкен жылдамдықпен көктамыр ішіне енгізу артериялық қысымның қатты төмендеуін туғызады. Ұзақ уақыт бойы қолданбаған жөн (Айрықша нұсқау бөлімін қараңыз).

Гипотониялық жатырлық қан кетуді емдеу үшін енгізудің альтернативті жолы: күніне 5-8 ХБ-ден 2-3 рет 3 тәулік бойы бұлшықет ішіне енгізеді.

Медициналық көрсетілімдері бойынша жүктілікті үзу үшін 5 ХБ окситоцинді көктамыр ішіне баяу енгізу, егер қажет болса, жылдамдығы 0,02-0,04 ХБ/минут немесе одан көбірек болатын жылдамдықтағы инфузия түрінде енгізу керек.

Жағымсыз әсерлері

Анасында:

  • жатырдың түйілуі (азғантай дозада қолданған кезде де)

  • жатырдың жоғары сезімталдығы және окситоциннің үлкен дозалары кезінде жатырдың гипертонусы, тетаникалық жиырылуы, жатырды және қынап тіндерін жыртып жіберетін жатырдың өте жоғары белсенділігі

  • электролит емес ерітінділердің үлкен көлемді инфузиясы өкпенің ісінуімен, құрысулармен, комамен, гипернатриемиямен және тіпті өліммен аяқталуға әкелетін сулы уыттану

  • жүректің айнуы, құсу, тахикардия, брадикардия, аритмия, бөртпе және анафилактоидтық реакциялар болуы мүмкін (тыныстың тарылуы, гипотензия немесе шок)

  • ауыр гипертензия өлімге, субарахноидальды қан кетулерге себепші болуы мүмкін

  • жүктілік және босану асқынған жағдайда өмірге қауіпті афибриногенемия және босанудан кейінгі қан кету

  • окситоцинді үлкен жылдамдықпен көктамыр ішіне енгізгенде теріні қызаруына және рефлекторлы тахикардияға әкелетін қысқа мерзімдік жедел гипотензия

  • окситоцин 5 ХБ/мин асатын дозаларда қысқа мерзімдік миокард ишемиясын, STаралығы депрессиясын және QT аралығы өзгерістерін туындатуы мүмкін

Ұрықта және жаңа туылған балада:

  • брадикардия, аритмия, асфиксия, жедел гипоксия, өлім жағдайы

  • жаңа туған нәрестелерде сарғаю, көздің торқабығына қан құйылу.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • окситоцинге немесе препараттың қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • жатырдың гипертониялық жиырылуы

  • ұрық гипоксиясы

  • ұрық пен жамбас мөлшерінің сәйкес келмеуі

  • диагнозы анықталған шекаралы тар жамбас

  • ұрықтың көлденеңінен және қиғаш орналасуы

  • плацентаның алда жатуы

  • vasa previa –ұрық қантамырларының орналасуы алдыңғы бөлігінен төмен, яғни ұрықтың босану жолында орналасқанда

  • плацентаның мерзімінен бұрын жатырдан ажырауы

  • кіндікбау пролапсы

  • жүктілік санының көп болуына байланысты жатырдың жыртылу қаупі

  • гидрамнион

  • жүктілік санының көп болуы және операциядан кейін, оның ішінде кесарь тілігімен босандырудан кейінгі жатыр қабырғаларында тыртықтардың болуы

  • преэклампсиялық токсемия

  • жүрек-қан тамыр жүйесінің ауыр түрдегі аурулары

  • жатырдың инерттілігі (окситоцинге төзімділік)

  • нефропатия

  • мерзімінен бұрын босану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жансыздандыратын дәрілермен ингаляция жасау окситоциннің әсерін төмендетеді (сондай-ақ гипотензиялық әсерді және аритмия қаупін арттырады). Простагландиндерді қынапқа енгізгеннен кейін окситоцинді 6 сағат бойы қолданбау керек (простагландиндер утеротониялық әсерді күшейтеді).

Окситоцинді және симпатомиметикалық вазоконстрикторларды бір мезгілде қолдану вазопрессорлық әсерді арттырады.

β-адреномиметиктер окситоциннің әсерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Окситоцинді көктамыр ішіне тек тамшылатқыш инфузия түрінде, инфузия жылдамдығын дәл сақтай және оны бақылай отырып енгізген жөн. Окситоцинді қолдану кезінде жатырдың жиырылғыштық қызметін, ұрықтың жағдайын, артериялық қысымды және емделушінің жалпы жағдайын бақылау қажет.

Мынадай жағдайларда айрықша сақ болған жөн:

  • ұрық пен жамбас өлшемі сәйкес келмеу қаупі бар болса (елеулі қауіп болса, окситоцинді қолданбаған жөн)

  • жүктілікке байланысты және жүрек аурулары кезінде ауырлығы шамалы немесе орташа дәрежелі гипертензияда

  • 35 жастан асқан жүкті әйелдерде

  • сыртартқысында кесарь тілігі жатырдың төменгі сегментінде болғаны көрсетілгенде

  • ұрық жатыр ішінде өлсе немесе ұрық айналасындағы суда меконий бар болса (ұрық айналасындағы су эмболиясы дамуы мүмкін).

Сумен уланған және гипонатриемия жағдайында сұйықтықтың көп мөлшерін енгізуге болмайды, емделуші сұйықтық қабылдауды шектегені жөн.

Окситоцин әсері простагландиндермен бір мезгілде қолданғанда (өте мұқият бақылау керек) күшейеді, сондай-ақ эпидуральді анестезия салдарынан да (симпатомиметикалық вазопрессорлық дәрілердің гипертензивті әсері күшеюі мүмкін) күшейеді.

Егер окситоцинді ұзақ уақыт қолдану қажет болса, инфузиялық ерітіндінің көлемін азайтқан және құрамында электролиттер бар ерітінділерді, бірақ глюкозаны емес, қолданған жөн (сумен уыттану қаупін Жағымсыз әсерлерден қараңыз). Электролиттік теңгерімнің бұзылғанына күмәнданғанда қан сарысуындағы электролиттер мөлшерін анықтайды.

ST аралығының депрессиясы дамуынан және QT аралығы өзгерістерінен аулақ болу мақсатында окситоциннің (2-5 ХБ/мин) төменірек дозаларын қолдану және енгізу жылдамдығын азайту ұсынылады. Окситоцин QT аралығы өзгерген әйелдерде ерекше сақтықпен қолданылады.

Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданғанда

Ана және ұрық үшін асқыну қаупі артатын болғандықтан, окситоцинді жүктілік кезінде аса сақтықпен қолдану керек.

Аздаған мөлшерде окситоцин ана сүтіне өтеді, адамдарда болатын асқынулар сипатталмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Окситоцинді қолданудың арнайы көрсетілімдерін ескерсек, оның маңызы жоқ.

Артық дозалануы

Белгілері: артық дозаланған кезде плацентаның ажырауы, ұрық айналасындағы су эмболиясы, жатырдың аса белсенділігі, гипертониялық және тетаникалық жиырылулар. Нәтижесінде жатыр, жатыр мойны және қынап жыртылуы, босанғаннан кейінгі ауыр қан кетулер, ұрықтың жүрек қызметіндегі бұзылулар, гипоксия болуы және тіпті өліп кетуі мүмкін. Препараттың антидиуретикалық әсеріне байланысты әсерлер болуы мүмкін.

Емдеу: препаратты енгізуді дереу тоқтату, қалыпты диурезді қалпына келтіру, симптоматикалық дәрілерді және гипертониялық тұз ерітінділерін енгізу. У қайтарғысы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инъекцияға арналған 5 ХБ/мл ерітінді 1 мл-ден.

Сындыру сызығы немесе сындыру нүктесі бар I гидролитикалық класты түссіз шыныдан жасалған ампулада 1 мл препараттан.

Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдерінде медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Тіркеу куәлігінің иесі

«Гриндекс» АҚ, Крустпилс к-сі, 53, Рига, LV-1057, Латвия

Өндіруші

«Санитас» АҚ, Вейверю к-сі 134 В, Каунас, LТ-46352, Литва

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Гриндекс» АҚ өкілдігі

Алматы қ-сы, Достық даңғылы 63-65/13 Шевченко көшесінің бұрышы

т./ф. 291-88-77, 291-13-84

эл. пошта: grindeks.asia.kz@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

135518731477976990_ru.doc 72.5 кб
545742531477978164_kz.doc 68.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники