Оксациллин-АКОС
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Оксациллин-АКОС
Халықаралық патенттелмеген атауы
Оксациллин
Дәрілік түрі
Бұлшықет ішіне инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 0,5 г ұнтақ
Құрамы
Бір құтының құрамында
белсенді зат – 500 мг оксациллиннің натрий тұзы (оксациллинге шаққанда)
Құрамы
Түсі ақ немесе ақ дерлік ұнтақ. Гигроскопиялы.
Фармакотерапиялық тобы
Бета-лактамды бактерияға қарсы препараттар-Пенициллиндер. Пенициллиназаға төзімді пенициллиндер
АТЖ коды J01CF04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі – жылдам және толық. Әлсіз қышқыл ортада тұрақты. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 90% жуық. T1/2 - 30 мин. Б/і енгізілгеннен кейін TCmax - 1-2 сағат, концентрациясы 4 сағатына қарай жылдам азаяды. Ішке қабылдағанға қарағанда парентеральді енгізген кезде қанда анағұрлым жоғары концентрациясына жетеді. Қан сарысуындағы концентрациясына қатысты алғанда плевральді сұйықтықта 10%-ға, синовиальді және асциттік сұйықтықта - 50%-ға, өтте - 5-8%-ға жететін концентрацияда анықталады. Зақымданбаған ГЭБ арқылы енбейді, ми қабығының қабынуында өтуі күшейеді.
Плацентарлық кедергі арқылы енеді, емшек сүтінде анықталады . Б/і енгізуден кейін 40% астамы тез бүйрекпен, өтпен - 10% шығарылады.
Фармакодинамикасы
Жартылай синтетикалық пенициллиндер тобының бактерицидті антибиотигі, пенициллиназаның әсеріне төзімді. Пептидогликан синтезінің кешеуілдеген кезеңдегі бұзылулары есебінен бактерия жасушалық қабырғалары синтезін бөгейді (транспептидазаны тежеу есебінен пептидті байланыстардың түзілуіне кедергі болады), бөлінетін бактериялық жасушалардың лизисін туғызады. Грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus spp. (соның ішінде пенициллиназа өндірушілер), Streptococcus spp., оның ішінде Streptococcus pneumoniae, Corynebacterium diphtheriae, Bacillus anthracis, анаэробты спора түзуші таяқшаларға, грамтеріс кокктарға (Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis), Actinomyces spp., Treponema spp-ға қатысты алғанда белсенді. Көптеген грамтеріс бактерияларға, риккетсийлерге, вирустарға, қарапайымдыларға, саңырауқұлақтарға қатысты белсенді емес.
Төзімділігі баяу дамиды.
Қолданылуы
-
сепсисте
-
флегмондарда
-
абсцессте
-
холециститте
-
пиелитте, циститте
-
остеомиелитте
-
операциядан кейінгі, жарақаттық жұқпаларда
-
жұқпаланған күйіктерде
-
менингитте
-
синуситте
Қолдану тәсілі және дозалары
Бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне
Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға -2-4 г/тәулігіне
Жасы 3 айға дейінгі балаларға -60-80 мг/кг /тәулігіне, 3 айдан 2 жасқа дейінгілерге - 1г/тәулігіне, 2-ден 6 жасқа дейінгілерге - 2г/тәулігіне.
Жаңа туған және күні жетпей туған балаларға -20-40 мг/кг /тәулігіне.
Енгізу жиілігі тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын).
Б/і инъекция үшін ерітінді дайындаған кезде 500 мг құтыға - 3 мл дейін
инъекцияға арналған су қосады.
К/і сорғалатып енгізуге арналған ерітінділерді дайындаған кезде 500 мг-ні 5 мл инъекцияға арналған суда немесе 0.9% NaCl ерітіндісінде сұйылтады және баяу, 5-10 мин ішінде енгізеді. Оксациллиннің натрий тұзын тамшылатып енгізу үшін 0.9% NaCl ерітіндісінде немесе 5% декстроза ерітіндісінде 0.5-2 мг/мл концентрациясына дейін сұйылтады және минутына 60-100 тамшы жылдамдықпен 1-2 сағат бойы енгізеді.
Әдетте емдеу ұзақтығы 7-10 күнді құрайды. Ауыр аурулар түрлерінде (сепсис, септикалық эндокардит және т.б.) емдеу 7-10 күнге жалғасуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- диспепсия (жүрек айну, құсу, диарея)
- жалған жарғақшалы энтероколит
- ауыз қуысы кандидозы
- қынаптық кандидоз
-
гипертермия, склераның немесе терінің сарғаюы, «бауыр» трансаминазалары белсенділігін жоғарылату
- ангионевротикалық ісіну, бронх түйілуі, анафилактикалық шок
-
эозинофилия
-
тромбофлебит (көктамыр ішіне енгізгенде)
-
гематурия, протеинурия
-
интерстициальді нефрит
кейде
- терінің қышуы, есекжем
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- пенициллиндерге және басқа да бета-лактамды антибиотиктерге жоғары сезімталдықта
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Метотрексаттың уыттылығын жоғарылатады (өзекшелік сөлініске бәсекелестік); кальций фолинатының дозасын ұлғайту (фолий қышқылы антагонистерінің у қайтарғысы) және оны неғұрлым ұзақ қолдану қажет етілуі мүмкін.
Ампициллин немесе бензилпенициллинді оксациллинмен бірге қолдану ұтымды саналады, өйткені соңғысы пенициллиназаның белсенділігін бәсеңдетіп, сол арқылы ампициллин мен бензилпенициллиннің ыдырауын азайтады. Мұндай байланыстыруда (үйлесімде) әсер ету ауқымы барынша кеңейе түседі.
Гепатоуытты әсер беретін басқа ДЗ-мен біріктіріп қолданудан аулақ болу қажет. Бактериостатикалық антибиотиктермен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды (тиімділігінің төмендеуі).
Өзекшелік сөліністі бөгейтін ДЗ қандағы оксациллиннің концентрациясын жоғарылатады.
Антацидтер мен іш жүргізетін ДЗ препараттың АІЖ-дан сіңірілуін азайтады.
Айрықша нұсқаулар
Сақтықпен: сыртартқысындағы аллергиялық реакциялар және / немесе бронх демікпесі, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (СБЖ), сыртартқысындағы антибиотиктерді қолдану аясындағы анамнездегі энтероколит
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде тек қана өмірлік көрсетілімдері бойынша тағайындалады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректер жоқ
Артық дозаланғанда
Қазіргі кезде Оксациллин препаратының артық дозалану жағдайлары хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
500 мг оксациллиннен резеңке тығындармен саңылаусыз тығындалып, алюминий қалпақшалармен қаусырылған, сыйымдылығы 10 мл құтыларға салынған. 50 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі 5 нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы, 640614, Қорған қ.,
Конституция даңғылы 7, тел/факс (3522) 48-16-89
Тіркеу куәлігінің иесі
«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы, Қостанай қ., Уральская к-сі 14,
Тел. 714 228 01 79