Одестон®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ОДЕСТОН®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Гимекромон
Дәрілік түрі
Таблеткалар 200 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 200 мг гимекромон
қосымша заттар: картоп крахмалы, желатин, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті, бір жағында «Ch» әріптерімен өрнектелген, диаметрі 8.8 -ден 9.3 мм-ге дейінгі таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Гимекромон.
АТХ коды А05АХ02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағанда гимекромон ас қорыту жолдарынан жеңіл сіңеді. Қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясына 2-3 сағаттан кейін жетеді. Қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңі 1 сағатқа жуықты құрайды. Гимекромон несеппен шығарылады; шамамен 93%-ы глюкуронат,
1,4%-ы – сульфонат түрінде, 0,3%-ы өзгермеген гимекромонды құрайды.
Фармакодинамикасы
Одестон кумарин туындысы болып табылады. Препарат өт жолының тегіс бұлшықеттерінің және Оддиев сфинктерінің түйілуін басады, өттің бөлінуін ұлғайтады және оның өт жолдары арқылы шығарылуын шапшаңдатады. Бұл өт іркілісін және соған байланысты дімкәстікті азайтады, холестериннің шығарылуын арттырады және шөгінділер мен өт тастарының пайда болуын қиындатады. Ас қорыту жолдары бездерінің сөлініс белсенділігін және ішекке сіңу үдерісін төмендетпейді.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында: өт жолдарының түйілулерін, дискинезияны, диспепсиялық бұзылуларды емдеуде
-
өт қабына және өт жолдарына жасалған операциялардан кейін, науқастардағы өт-тас ауруымен асқынбаған өт жолдарының функционалды бұзылуларында,
-
өт бөлінуінің азаюына байланысты тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, іш қатуларында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 14 жастан үлкен балаларға: тамақтанудың алдында жарты сағат бұрын 200-400 мг (1-2 таблеткадан) күніне үш рет.
10-14 жастағы балаларға: – тамақтанудың алдында жарты сағат бұрын 200 мг (1 таблеткадан) күніне үш рет.
Препаратты 2-3 апта бойы қабылдау керек.
Жағымсыз әсерлері
- диарея
- құрсақ қуысында толуды немесе қысымды сезіну
- аллергиялық реакциялар
- метеоризм, іш ауыруы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- гимекромонға немесе препараттың қандай да бір басқа компоненттеріне
өте жоғары сезімталдық
- өт жолдарының бітелуі
- бауыр/бүйректің жедел жеткіліксіздігі
- тоқ ішектің іріңді қабынуы және Крон ауруы бар емделушілер
- спецификалық емес ойық жаралы колит, асқазан мен 12 екі елі ішектің
ойық жара ауруы
- 10 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Морфин гимекромон әсерін бәсеңсітеді.
Гимекромон мен метоклопрамидті қоса қабылдағанда екі препараттың да әсері бәсеңдейді.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Одестонды жүктілік пен бала емізу кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Препаратты жүкті әйелдерге және бала емізуші аналарға тағайындау ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан немесе пломбасы бар полиэтилен тығынмен тығындалған полиэтилен құтыға 50 таблеткадан салынған.
Полиэтилен құтыға заттаңба қағазынан жасалған өзі желімденетін заттаңба жапсырылады.
2,5 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан немесе 1 полиэтилен құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Пабяницкий фармацевтикалық зауыты Польфа АҚ
марш. Пилсудский к-сі 5, 95-200 Пабянице, Польша
Тіркеу куәлігінің иесі
Пабяницкий фармацевтикалық зауыты Польфа АҚ
марш. Пилсудский к-сі 5, 95-200 Пабянице, Польша
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Пабяницкий фармацевтикалық зауыты Польфа АҚ
ҚР-дағы өкілдігі 059000 Алматы қ., Абай к-сі, 109В үй, «Глобус» бизнес орталығы 13 этаж, 13-2 кеңсе. Тел/факс: +7 (727) 2776977. Е- mail: info.kz@adamed.com.pl