Облепиховое масло (суппозитории ректальные)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Шырғанақ майы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ректальді суппозиторийлер, 0,5 г
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - 0,5 г итшомыртты шырғанақ жемісінің майы (шырғанақ майының концентраты),
қосымша заттар: бутилгидроксианизол (бутилоксианизол), бутилгидрокситолуол (дибунол)
суппозиторийлерге арналған негіз: қатты май (витепсол (H 15, W 35 маркалы), суппосир (NA 15, NAS 50 маркалы)), глицерин моностеараты
Сипаттамасы
Торпеда тәрізді пішіндегі, түсі қызғылт сарыдан күңгірт-қызғылт сарыға дейінгі суппозиторийлер.
Фармакотерапиялық тобы
Геморрой мен анустық сызатты емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған басқа да дәрілер.
АТЖ коды С05АХ03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сипатталмаған
Фармакодинамикасы
Шырғанақ майы тері мен шырышты қабаттардағы репаративті үдерістерді көтермелейді, зақымданған тіндердің жазылуын жылдамдатады, қабынуға қарсы әсер береді. Антиоксидантты және цитопротекторлы әсерге ие (майда еритін биоантиоксиданттардың бар болуының арқасында бос радикальді үдерістердің қарқындылығын азайтады және жасушалық және субжасушалық жарғақшаларды зақымданудан қорғайды).
Қолданылуы
- геморрой
- артқы өтіс сызатында
- тік ішектің ойық жарасында
- проктитте
- эрозиялы-ойық жаралы сфинктерит және проктитте
- катаральді және атрофиялық проктитте
- тоқ ішектің төменгі бөлігі шырышты қабығының сәулемен зақымдалуы
Қолдану тәсілі және дозалары
Суппозиторийді пішінді қаптамасынан қайшымен суппозиторийдің контуры бойымен қиып, босатып алады да, ішекті босатқаннан кейін артқы өтіске тереңдете енгізеді.
Ересектерге және 14 жастан асқан балаларға күніне 1 суппозиторийден күніне 2 рет 10-15 күнге тағайындайды.
6 жасқа дейінгі балаларға – 1 суппозиторийден күніне 1 рет; 6-14 жас – күніне 1-2 рет 1 суппозиторий. Емдеу курсы 14 күн.
Қажет болған кезде емдеу курсын 4-6 аптадан соң қайталайды.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- артқы өтіс маңындағы шымылдатып ашытуды сезіну.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
– препарат компоненттеріне асқын сезімталдық
– диареяда
Дәрiлермен өзара әрекеттесуі
Жергілікті қолданғанда басқа дәрілік заттармен клиникалық мәні бар өзара әрекеттестігі сипатталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған. Дұрыс қолданған жағдайда препараттың артық дозалануы мүмкін емес.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 суппозитроийден полиэтиленмен ламинатталған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 5°С -ден 15°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
1 жыл 6 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей
603950, Нижний Новгород қ.,
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
веб сайт: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 271-99-68
факс: (727) 255-33-78
e–mail: almaty@stada.kz
Сарапшы Мысықбаева С.С.
Аударған
Никбаева К.М.
11. 05. 2012 ж.