Облепиховое масло

МНН: Концентрат масла облепихового
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний кожи
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025910
Информация о регистрации в РК: 29.06.2022 - 29.06.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Шырғанақ майы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Ішке қабылдауға, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған май

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Басқа дерматологиялық препараттар. Басқа да дерматологиялық препараттар

Код D11AX

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- асқазан-ішек жолының ауруларында (гастриттер, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, өңеш, ішек зақымданулары)

- жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында (жедел және созылмалы риниттер, тонзиллиттер, ларингиттер, трахеиттер, бронхиттер).

- тері және шырышты қабықтар зақымдануларында, ойық жараларда, эрозияларда.

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары жеке сезімталдық

- сыртқа және жергілікті қолдану кезінде – профуздық қан кету, жарақаттан ауқымды іріңді бөлініс

- ішке қолдану кезінде – холецистит, холангит, панкреатит, холелитиаз, гепатит;

- 12 жасқа дейінгі балаларға.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен өзара әрекеттесу деректері жоқ.

Арнайы сақтандырулар

Балалар

Препарат 12 жастан үлкен балаларда пайдаланылады.

Жүктілік

Препаратты жүкті әйелдерде емдік дозаларда пайдалануға болады.

Бала емізу

Препаратты бала емізу кезеңінде емдік дозаларда пайдалануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне қолайсыз әсер етуі туралы ақпарат тіркелмеген.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер және 12 жастан асқан балалар

Сыртқа: тері және шырышты қабықтар зақымдануларында, майлы таңғыштар түрінде. Некроз тіндерінен алдын ала тазартылған тері бөлігіне шырғанақ майын жағады, ал артынан күнара ауыстырылатын мақта-дәке таңғыш байлайды. Емдеу түйіршіктердің пайда болуына дейін жүргізіледі.

Ішке: асқазан-ішек жолының ауруларында және жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында 3-4 апта бойы күніне 2-3 рет 1 шай қасықтан қабылдайды.

Қолданар алдында шайқау керек.

Енгізу әдісі және жолы

Сыртқа, жергілікті, ішке.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Күмән пайда болғанда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Кездесу жиілігі келесі үлгіде белгіленеді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Жиілігі белгісіз:

- аллергиялық реакциялар

- ашыту (сыртқа және жергілікті қолдану кезінде)

- ішке қабылдау кезінде: ауыздың кермек татуы, диарея, ішек шаншуы.

Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені өршіп кетсе немесе нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлер білінсе, бұл жөнінде дереу дәрігерге мәлімдеу керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

100 мг препарат құрамында

белсенді зат – Шырғанақ майының концентраты − 60 мг (құрамындағы каротиноидтар қосындысы, β-каротинге шаққанда, 300 мг %).

қосымша заттар:

Күнбағыс майы 100 мг дейін

Сыртқы түрінің, дәмінің, иісінің сипаттамасы

Ішке қабылдауға, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған май

Өзіне тән иісімен қызғылт сары-қызыл түсті майлы сұйықтық. 40 оС дейін қыздырғанда еріп кететін аздаған шөгіндісі болуына жол беріледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ішке қабылдауға, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған май.

Қалпақша-қақпақтары бар стерильді емес дәрілік препараттарға арналған күңгірт шыны құтыларда немесе бөтелкелерде 50, 100 мл. Күңгірт шыны құтыға немесе бөтелкеге өздігінен желімденетін материалдардан жасалған заттаңба жапсырылады. Әр күңгірт шыны құты немесе бөтелке қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

18 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжай: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ., Заводская к-сі, 69 үй

Телефон: (3854) 338-719, 326-948

Факс (3854) 326-943

Эл. пошта: office@altayvitamin.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжай: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ., Заводская к-сі, 69 үй

Телефон: (3854) 338-719, 326-948

Факс (3854) 326-943

Эл. пошта: office@altayvitamin.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қысмұратова А.Т. ЖК, Қазақстан Республикасы

050010, Алматы қ., Төле би к-сі, 23 а

ұялы телефон 8 777 230 64 94

Эл. пошта: gulnarareg@mail.ru

4

Прикрепленные файлы

Облепиховое_масло_ЛВ_РУС_30.05_.2022_.docx 0.04 кб
Облепиховое_масло_ЛВ,_КАЗ_30.05_.2022_._.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники