Нью Таксирил

МНН: Декстрометорфан, Левоментол, Фенилэфрин
Производитель: Медлей Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019743
Информация о регистрации в РК: 24.12.2018 - 24.12.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Нью Таксирил

Халықаралық патенттелмеген атауы

жоқ

Дәрілік түрі

100 мл шәрбат

Құрамы

10 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар: 10 мг декстрометорфан гидробромиді, 5 мг фенилэфрин гидрохлориді, 5 мг ментол.

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий бензоаты, сахароза, пропиленгликоль, кристалданбаған 70% сұйық сорбитол, глицерин, кардамон хош иісі (МFF), хлорсутек қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз, кардамон хош иісі бар қою сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жөтелге қарсы препараттар. Суық тию симптомдарын және жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Апиын алколоидтары және оның туындылары. Жөтелге қарсы препараттардың біріктірілімі.

АТХ коды R05DA20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Декстрометорфан

Қабылдағаннан кейін декстрометорфан АІЖ-дан толықтай сіңіріледі. Декстрометорфан плазмадағы Cmax 2 сағаттан соң жетеді. Декстрометорфан бауырда биоөзгеріске ұшырайды. Жөтелге қарсы әсері ішке қабылдағаннан кейін 15-30 минутта дамиды. Бауырда белсенді метаболизденеді. Жартылай шығарылу мерзімі – 11 сағат, жөтелге қарсы әсері 5-6 сағат бойы сақталады. Көбінесе метаболиттер түрінде бүйрек арқылы, тек аз мөлшерде өзгермеген түрде шығарылады.

Фенилэфрин

Фенилэфрин ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолдарынан жеңіл және толықтай сіңіріледі. Ішке қабылдаған соң плазма концентрациясы 1-2 сағаттан соң шегіне жетеді. Жартылай шығарылудың орташа кезеңі 2-3 сағат шамасында құбылады. Метаболиттер түрінде бүйрек арқылы шығарылады.

Ментол

Ішке қабылдағаннан кейін ментол несеппен және өтпен глюкуронид түрінде шығады.

Фармакодинамикасы

Декстрометорфан

Синтетикалық жөтелге қарсы дәрі, химиялық құрылымы бойынша апиынға жақын (кодеиннің аналогы - левонорфанол декстраизомерінің метилді эфирін білдіреді). Кодеиннен кем емес жөтелге қарсы әсері бар және де соңғысы сияқты жөтел орталығына әсер ете келе және жөтел шегін арттыра отырып, орталықтық әсер етеді. Декстрометорфан, сондай-ақ, ОЖЖ-дегі түрлі үдерістерге, оның ішінде ноцицепция үдерісіне қатысатын N-метил-D-аспартат (NMDA) рецепторлары – глутамат-рецепторларының қосалқы түрлерінің төмен афиндік антагонисті болып табылады. Емдік дозаларда декстрометорфан ауруды басатын және тыныштандыратын әсер көрсетпейді және тыныс алудың тарылуын болдырмайды. Мукоцилиарлық клиренске әсер етпейді.

Фенилэфрин

Вазоконстриктор тәрізді антиконгестивтік әсер етеді: мұрынның шырышты қабатының ісінуін және гиперемиясын, экссудативтік пайда болулардың айқындылығын азайтады, еркін тыныс алуды қалпына келтіреді; ортаңғы құлақта және параназальді қуыстарда қысымды төмендетеді. Бауыр мен АІЖ-да биоөзгеріске ұшырайды (катехол-О-метилтрансферазаның қатысуынсыз).

Ментол

Ментол суықты сезінумен, жеңіл ашыту және шаншу сезімімен қатар жүретін жүйке ұштарының тітіркенуін туындатады, жеңіл, жергілікті ауруды басатын әсер етеді; сонымен қатар әлсіз антисептикалық (зарарсыздандыратын) қасиетке ие.

Қолданылуы

- созылмалы құрғақ жөтелде - жедел құрғақ жабысқақ жөтелде- ларингит, фарингит, тонзиллит және суық тию барысындағы жөтелде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты азғантай мөлшердегі сұйықтықпен ішіп, ішке қабылдауға тағайындайды.

Ересектерге және 18 жастан жоғары балаларға препаратты 10-нан 20 мл-ға дейін күніне 3-4 рет қабылдау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- жеңіл ұйқышылдық, шаршаңқылық, дистония, бас айналу

- асқазан-ішек аурулары (жүрек айну немесе құсу, асқазандағы жайсыздық немесе іш қату)

- үрейлену сезімі, күйгелектік, ұйқысыздық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бір мезгілде МАО тежегіштерін қабылдау

- бауыр ауруы

- ауыр артериялық гипертензия

- ауыр немесе тұрақсыз ишемиялық жүрек ауруы

- гипертиреоз

- бронх демікпесі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенелзин мен декстрометорфанның емдік дозаларын қабылдаған емделушілердің арасында өлімге алып келетін өзара әсері белгіленген (тіркелген). Бұл емделушілерде температурасының көтерілуін, гипотензия немесе кейбір емделушілерде кома туындатты.

Фенилэфринді екі түрдегі моноаминооксиданттық үшциклдық антидепрессанттармен, гаммаблокаторлармен, адреноблокаторлармен, раувольфия алколоидтарымен және метилдопамен қолдану гипертензия туындатуы мүмкін.

МАО тежегіштері (оның ішінде фуразалидон, прокарбазин, селегилин) бірге қолданған жағдайда адренергиялық кризді, коллапс, кома, бас айналу, қозу, АҚ көтерілуі, температураның көтерілуі (гиперперексия), бас сүйкішілік қан кету, летаргия, жүрек айну, түйілуді, дірілді туындатуы мүмкін.

Үшциклдық антидепрессанттармен (амитриптиллин және басқалар) үйлестірілуде серотониндік синдром туындатуы мүмкін және мұның ақыры өлімге әкелуі ықтимал. Амиодарон, флуоксетин, хинидин Р 450 цитохром жүйесін тежей отырып, препараттың қандағы концентрациясын арттыруы мүмкін. жоғарылатады. Хинидин сияқты кейбір СУР 450 тежегіштері оның әсерін күшейтіп, ең бастысы әсер етуін ұзартады.

Фенилэфриннің төмендегі дәрілермен әрекеттесуі

  • аскарбозамен – фенилэфрин аясында әсері азаяды, бірге тағайындаған жағдайда қандағы глюкоза концентрациясын тұрақты бақылау қажет

  • атропинмен – гипертензивтік, сондай-ақ, жағымсыз әсерлерді күшейтеді

  • ацебуталолмен – гипертензивтік әсерді болжамсыз күшейтуі мүмкін.

  • галоперидолмен – галоперидол аясында фенилэфриннің қан тамырларды тарылту әсері төмендейді

  • галотанмен – фенилэфрин аясында айқындалған брадикардия мен цианоз туындау қаупі артады

  • глипизидпен – фениэфрин аясында әсер төмендейді, үйлестірілген тағайындау гликемия деңгейіне мониторингті талап етеді

  • десмопрессинмен – прессорлық әсерді күшейтеді (өзара)

  • изофлуранмен – фенилэфрин аясында (тіпті көз тамшылары) гипертензия даму мүмкіндігі артады

  • кломиртаминмен – фенилэфриннің жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсерін күшейтуі мүмкін, оның ішінде жергілікті анестезияға арналған үйлестірілген дәрілер құрамында

  • хлоидинмен –прессорлық әсерді күшейтуі мүмкін

  • литий карбонатымен – прессорлық әсерді біраз төмендетеді

  • метилдопамен – өзара әсерді төмендетеді

  • метопрололмен – жалпы әсерді өзгертпейді, үйлестіре қолдануға болады

  • метморфинмен – фенилэфрин метморфиннің гипогликемиялық әсерін төмендетеді, үйлестірілген немесе бірізді қолданылуы гликемия деңгейін қатаң бақылауды талап етеді

  • мидодринмен – өзара әсерді күшейтеді

  • окситоцином – прессорлық әсерді күшейтеді

  • телокартином – (өзара) миоздық әсерді күшейтеді

  • тиндалолмен – гипертензия мен шектен тыс брадикардия даму қаупі артады

  • прокарбазинмен – фенилэфриннің прессорлық әсерін арттырады

  • пропрапололмен –гипертензивтік әсерді кенеттен күшейтуі мүмкін

  • резерпинмен – тұрақты артериялық гипертензияны (катехолиндер қорының азаю салдары, адренергиялық нейрондарда симпатомиметиктерге, оның ішінде фенилэфринге сезімталдықты арттырумен бірге) туындата отырып, әсерді күшейтуі мүмкін

  • репаглинидпен – фенилэфрин гипогликемиялық әсерді төмендетеді; үйлестіре тағайындалған жағдайда қандағы глюкоза деңгейін қадағалау қажет

  • селегилинмен – прессорлық әсерді күшейтеді

  • теразозинмен – прессорлық әсерді төмендетеді және әсер етудің ұзақтығы қысқарады

  • тербуталинмен – өзара әсерді, оның ішінде жүрек – қан тамырлары жүйесіне жағымсыз әсерді күшейтеді; бірге қолдану ұсынылмайды

  • фуросемидпен – әсерді төмендетеді, вазоконстрикцияға кедергі келтіреді

  • циклопентолатпен – фенилэфрин әсерді күшейтеді

Айрықша нұсқаулар

Бауыр, жүрек аурулары және тыныс алу жеткіліксіздігі бар емделушілер препаратты қабылдауда сақтық шараларын сақтағандары жөн. Құрамында сахароза болғандықтан қант диабетімен ауыратындарға қабылдауға болмайды. Тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар емделушілерге қабылдауға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану барысында көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқаруға болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: қозу, сананың шатасуы, психоздар, күйгелектік, ашушаңдық, мазасыздық, қатты жүрек айну және құсу, тыныстың тарылуы (өте жоғары дозаларда қабылдағанда), артериялық қысымның жоғарылауы және рефлекторлық брадикардия

Емі: Симптоматикалық емдеу. Көп жағдайда ауыр гипертония альфа-адреноблокаторларды (мәселен, фентоламин) көктамыр ішіне енгізумен қайтарылады.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

100 мл препараттан бұралатын алюминий қақпақтармен тығындалған янтарь түсті политэтилен құтыларға құйылады. Құтымен бірге ПВХ-дан жасалған дозалағыш қалпақшасы қоса беріледі.

1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Медлей Фармасьютикалз Лтд, Үндістан

18&19 Зари каувзе род, качигам, Даман

Тір.кеңсе: Медлей Хаус, Д2, Мидс Эриа,

Андери (Е), Мумбай-400 093,

Индия/Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Медлей Фармасьютикалз Лтд, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Медлей Фармасьютикалз Лтд» компаниясы өкілдігі

сенімді тұлғасы атынан Амита Шривастава

Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 48А

E.mail: registration1@kazeuropharm.com

Тел./факс: 261-51-41

 

Прикрепленные файлы

360469431477976944_ru.doc 63 кб
266745071477978120_kz.doc 75.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники