НуТРИфлекс Липид пери (2500 мл)

Производитель: Б. Браун Мельзунген АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты для парентерального питания
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019245
Информация о регистрации в РК: 03.10.2012 - 03.10.2017

Инструкция

Саудалық атауы

НуТРИфлекс Липид пери

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған эмульсия, 1250 мл, 1875 мл, 2500 мл

Құрамы

Үш камерадағы компоненттерді араластырғаннан кейінгі пайдалануға дайын эмульсия құрамында

белсенді заттар:

 

1250 мл

1875 мл

2500 мл

Изолейцин

2,34 г

3,51 г

4,68 г

Лейцин

3,13 г

4,70 г

6,26 г

Лизин гидрохлориді

(лизинге баламалы)

2,84 г

2,26 г

4,26 г

3,39 г

5,68 г

4,52 г

Метионин

1,96 г

2,94 г

3,92 г

Фенилаланин

3,51 г

5,27 г

7,02 г

Треонин

1,82 г

2,73 г

3,64 г

Триптофан

0,57 г

0,86 г

1,14 г

Валин

2,60 г

3,90 г

5,20 г

Аргинин

2,70 г

4,05 г

5,40 г

Гистидин гидрохлориді моногидраты

(гистидинге баламалы)

1,69 г

1,25 г

2,54 г

1,88 г

3,38 г

2,50 г

Аланин

4,85 г

7,28 г

9,70 г

Аспарагин қышқылы

1,50 г

2,25 г

3,00 г

Глутамин қышқылы

3,50 г

5,25 г

7,00 г

Глицин

1,65 г

2,48 г

3,30 г

Пролин

3,40 г

5,10 г

6,80 г

Серин

3,00 г

4,50 г

6,00 г

Натрий гидроксиді

0,800 г

1,200 г

1,600 г

Натрий хлориді

1,081 г

1,622 г

2,162 г

Натрий ацетаты тригидраты

0,544 г

0,816 г

1,088 г

Калий ацетаты

2,943 г

4,415 г

5,886 г

Магний ацетаты тетрагидраты

0,644 г

0,966 г

1,288 г

Кальций хлориді дигидраты

0,441 г

0,662 г

0,882 г

Глюкоза моногидраты

(сусыз глюкозаға баламалы)

88,0 г

80,0 г

132,0 г

120,0 г

176,0 г

160,0 г

Натрий дигидрофосфаты дигидраты

1,170 г

1,755 г

2,340 г

Мырыш ацетаты дигидраты

6,625 мг

9,938 мг

13,250 мг

Соя майы

25,0 г

37,5 г

50,0 г

Орташа тізбекті триглицеридтер

25,0 г

37,5 г

50,0 г

Электролиттер концентрациясы (ммоль/л)

1250 мл

1875 мл

2500 мл

Натрий

50

75

100

Калий

30

45

60

Магний

3,0

4,5

6,0

Кальций

3,0

4,5

6,0

Мырыш

0,03

0,045

0,06

Хлоридтер

48

72

96

Ацетаттар

40

60

80

Фосфаттар

7,5

11,25

15

Жалпы калориялылығы

4000 (955)

6000 (1435)

8000(1910)

Осмоляльдігі

920

920

920

pH

5,0-6,0

5,0-6,0

5,0-6,0

қосымша заттар: лимон қышқылы моногидраты, жұмыртқа лецитині, глицерин, натрий олеаты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Амин қышқылының ерітіндісі бар камера: механикалық қосылыстардан бос, түссізден бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Глюкоза ерітіндісі бар камера: механикалық қосылыстардан бос, түссізден бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Май эмульсиясы бар камера: гомогенді, ақ, сүтті «судағы май» эмульсиясы.

Фармакотерапиялық тобы

Парентеральді қоректенуге арналған препараттар.

Парентеральді қоректенуге арналған біріктірілген препараттар.

АТХ коды В05ВА10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Эмульсия ингредиенттері (амин қышқылдары, электролиттер, глюкоза, липидтер) метаболизденеді және әрқайсысы бөлек тағайындалған кездегідей организмнен шығарылады.

Сіңуі

НуТРИфлекс Липид пери көктамыр ішіне енгізіледі, барлық компоненттерінің биожетімділігі 100% болады. Соған сәйкес, барлық субстраттары сол сәтінде-ақ метаболизм үшін жетімді. Триглицеридтердің ең жоғары концентрацияларына жетуінде дозалануы, инфузия жылдамдығы, метаболизм статусы және емделушінің жеке ерекшеліктері (ашығу деңгейі) шешуші мән иеленеді. НуТРИфлекс Липид пери дозалауға қатысты нұсқаулықтар мен ұсынымдарға сай пайдаланылған кезде триглицеридтер концентрациясы, жалпы алғанда, 3 ммоль/л-ден аспайды.

Таралуы

Амин қышқылдары организмнің алуан ақуыздарының құрамына кіреді. Бұдан басқа, әр амин қышқылы қанда еркін күйде және жасуша ішінде болады. Глюкоза, суда жақсы ерігіштігіне орай, қанмен бүкіл организмге таралады. Алдымен глюкоза ерітіндісі тамырішілік, сосын жасушаішілік кеңістікке түседі.

Орташа және ұзын тізбекті май қышқылдары плазма альбуминдерімен толық дерлік байланысады, жұлын сұйықтығына өтпейді. Плаценталық бөгет арқылы өтуі мен емшек сүтіне енуіне қатысты деректер жоқ.

Биоөзгерісі

Ақуыз синтезіне қатыспайтын амин қышқылдары келесі жолдармен метаболизденеді. Амин тобы трансаминделу реакциясы арқылы көміртек қаңқаcынан ажырайды. Амин тобы, сондай-ақ, бауырда метаболизмге ұшырап, мочевина түзеді. Көмірсу тізбегі CO2 түзілуіне дейін тотығады немесе бауырда глюконеогенезге тән субстрат ретінде жойылады.

Белгілі механизм арқылы глюкоза метаболизмге ұшырап, CO2 және H2O түзеді. Глюкозаның аздаған бөлігі липидтер синтезіне жұмсалады.

Препарат енгізілгеннен кейін триглицеридтер глицеринге және май қышқылдарына дейін гидролизденеді. Олар да, өзгелері де қуат өндірудің, биологиялық белсенді молекулалар синтезінің, глюконеогенездің және липидтердің қайталанған синтезінің физиологиялық жолдарына ендіріледі.

Шығарылуы

Амин қышқылдарының мардымсыз мөлшерлері ғана өзгермеген күйде несеппен шығарылады.

Артық мөлшердегі глюкоза тек глюкозаның бүйректік шегіне жеткенде несеппен шығарылады.

Орташа тізбекті әрі соя майының триглицеридтері CO2 және H2O дейін толық метаболизденеді. Аздаған май мөлшерлері тек тері жасушалары мен басқа эпителий жарғақшалары түскен кезде жоғалады. Бүйрекпен шығарылуы мүлде болмайды.

Фармакодинамикасы

НуТРИфлекс Липид пери – парентеральді қоректенуге арналған үш камералы жүйе. Препараттың жоғарғы үлкен камерасында – электролиттер ерітіндіcімен глюкоза ерітіндісі, жоғарғы шағын камерасында – соя майымен, орташа тізбекті триглицеридтермен май эмульсиясы, ал төменгі камерасында – ақуыз синтезіне арналған субстрат болып саналатын амин қышқылдары мен қанның су-электролитті және қышқылды-негізді қалпының сақталуы үшін қажетті минералды заттар бар.

Негізгі компоненттер құрамы және энергетикалық құндылығы:

Көрсеткіштер

1250 мл

1875 мл

2500 мл

Амин қышқылдарының мөлшері

40 г

60 г

80 г

Азот мөлшері

5,7 г

8,6 г

11,4 г

Көмірсулар мөлшері

80 г

120 г

160 г

Май мөлшері

50 г

75 г

100 г

Липидтердің энергетикалық құндылығы [кДж (ккал)]

1990 (475)

2985 (715)

3980 (950)

Көмірсулардың энергетикалық құндылығы [кДж (ккал)]

1340 (320)

2010 (480)

2680 (640)

Амин қышқылдарының энергетикалық құндылығы [кДж (ккал)]

670 (160)

1005 (240)

1340 (320)

Ақуыздық емес энергетикалық құндылығы [кДж (ккал)]

3330 (795)

4995 (1195)

6660 (1590)

К/і енгізілген амин қышқылдары эндогенді бос қышқылдардың тамырішілік және жасушаішілік депосына түседі. Препарат құрамына кіретін ақуыздар синтезіне қажетті барлық амин қышқылдарын енгізу (алмастырылмайтындарын, шартты алмастырылатындарын және алмастырылатындарын қоса) қоректік тиімділікпен қамтамасыз етеді және ақуыз синтезі кезінде организмге түсетін жүктемені азайтады. Препараттың негізгі емдік әсері организмді ақуыздар синтезіне арналған субстраттармен және парентеральді қоректендіру кезінде глюкоза/май есебінен алынатын қуатпен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асады.

Қуат көздерін (көмірсулар/майлар) бір мезгілде енгізу амин қышқылдарының қуат өндіруге және қуат тұтыну үдерістерін қамтамасыз етуге жұмсалуын болдырмау үшін қажет.

Глюкоза организмнің өн-бойында түгел метаболизденеді. Кейбір органдар және жүйке жүйесі, сүйек кемігі, эритроциттер, түтікті эпителий сияқты тіндер өз энергетикалық қажеттіліктерін тек қана глюкозамен өтейді. Оның үстіне, глюкоза әртүрлі жасушалық субстанциялардағы құрылымдық құрылыс бөлігі ретінде қатысады.

Жоғары энергетикалық тығыздығы есебінен май организмді қуатпен және жасушалық компоненттер мен простагландиндер синтезіне арналған алмастырылмайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етудің тиімді тәсілі болып табылады. Осы мақсатта, май эмульсиясының құрамында орташа және ұзын (соя майы) тізбекті триглицеридтер болады. Орташа тізбекті триглицеридтер, ұзын тізбекті триглицеридтерден гөрі, жылдам гидролизденеді, айналымнан шығарылады және толық тотығады. Олар, әсіресе, ұзын тізбекті триглицеридтердің құлдырауы және/немесе жұмсалуы бұзылғанда, мысалы, липопротеин липазасы тапшылығында және/немесе липопротеин липазасы кофакторларының тапшылығында дұрыс таңдалған энергетикалық субстрат болып табылады. Қанықпаған май қышқылдарымен қамтамасыз ету бірінші кезекте алмастырылмайтын май қышқылдары тапшылығының алдын алу мен емдеуге және тек екінші кезекте қуат көзі ретінде қажет болатын ұзын тізбекті триглицеридтер есебінен ғана жүзеге асады.

Қолданылуы

- жеңілден орташа ауыр дәрежеге дейінгі катаболизмі бар емделушілерде пероральді немесе энтеральді қоректендіру мүмкін болмаған, жеткіліксіз болған және қарсы көрсетілімдері болған жағдайларда организмді энергиямен, амин қышқылдарымен, алмастырылмайтын май қышқылдарымен, электролиттермен және сұйықтықпен қамтамасыз ету мақсатында парентеральді қоректендіру үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты қолдану әдісі

НуТРИфлекс Липид пери көктамыр ішіне тамшылатып енгізу үшін пайдаланылады. Препарат орталық көктамырларға инфузия жасауға арналған. Инфузия басталар алдында эмульсия температурасын бөлме температурасына дейін жеткізген жөн.

Пакет дизайны амин қышқылдарын, глюкозаны, майлар мен электролиттерді бір камерада араластыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы камераларды төменгілерінен бөліп тұратын ажырату тігісін ашу эмульсияны стерильді араластырып алуға жағдай жасайды.

Амин қышқылдарының және глюкозаның мөлдір ерітінділері бар бүлінбеген пакеттерді ғана пайдалану қажет. Май эмульсиясы бар камерада фазасының ажырағаны (май тамшылары) көрініп тұрған пакеттерді пайдалануға болмайды.

Аралас эмульсия дайындау.

Сыртқы қорғағыш пластик пакетінен ішкі пакетті суырып, келесі әрекетті атқарыңыз:

- пакетті қатты беткейге орналастырыңыз

- екі қолмен басып тұрып, жоғарғы камераларды төменгілерінен бөліп тұрған ажырату тігісін ашыңыз

- пакеттің ішіндегісін жылдам араластырыңыз

Инфузияға даярлық

- екі бос пакетті кері жағына қайырыңыз

- пакетті орталық ілмегінен инфузия бағанына іліңіз

- инфузиялық порттан қорғағыш қалпақшасын алып тастаңыз да, стандартты техниканы пайдаланып, инфузия жасаңыз

Эмульсия инфузиялық жүйеге жалғанғаннан кейін дереу пайдаланылу керек.

Сүзгілерді пайдаланған кезде олардан май молекулалары өтетіндей болуы тиіс.

Ұсынылатын дозалары

Дозалау емделушінің жеке қажеттіліктеріне сай белгіленуі тиіс.

Ересектер мен 15 жастан бастап жасөспірімдерге

Ең жоғары тәуліктік дозасы – дене салмағына 40 мл/кг, бұл мынаған сәйкес:

- тәулігіне 1,28 г амин қышқылы /кг дене салмағына

- тәулігіне 2,56 г глюкоза /кг дене салмағына

- тәулігіне 1,6 г май /кг дене салмағына

НуТРИфлекс Липид периді үздіксіз енгізу ұсынылады. Инфузия жылдамдығын алғашқы 30 минуттан соң межелі жылдамдыққа дейін сатылы арттыру болжамды асқынуларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Ең жоғары инфузия жылдамдығы – сағатына 2,5 мл/кг дене салмағына, бұл мынаған сәйкес:

- сағатына 0,08 г амин қышқылы /кг дене салмағына

- сағатына 0,16 г глюкоза /кг дене салмағына

- сағатына 0,1 г май /кг дене салмағына

Дене салмағы 70 кг емделуші үшін бұл сағатына 175 мл инфузия жылдамдығына сәйкес келеді. Бұл жағдайда, енгізілген субстраттар саны сағатына 5,6 г амин қышқылына, сағатына 11,2 г глюкозаға, сағатына 7 г майға тең болады.

3-14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер:

Емделушілердің осы тобына арналған дозалау орташаланған қажеттіліктерге негізделген, олар тек жалпы нұсқауда ұсынылған. Дәл дозалау бойда бар ауруларға және олардың даму деңгейіне, жас ерекшелігіне сай әркімге жеке белгіленуі тиіс. Дозаны есептеу үшін емделушінің гидратация статусын есепке алу қажет.

Балаларға парентеральді қоректендіруді бастау үшін есепті дозаның жартысын пайдалану қажет болады. Дозалау, метаболизмнің жекеше ерекшеліктеріне сай, ең жоғары дозаға дейін біртіндеп арттырылуы тиіс.

3-5 жас аралығындағы балаларға арналған тәуліктік доза –

дене салмағына 45 мл/кг, бұл мынаған сәйкес:

- тәулігіне 1,44 г амин қышқылы /кг дене салмағына

- тәулігіне 2,88 г глюкоза /кг дене салмағына

- тәулігіне 1,8 г май /кг дене салмағына

6-14 жас аралығындағы балаларға арналған тәуліктік доза –

дене салмағына 30 мл/кг, бұл мынаған сәйкес:

- тәулігіне 0,96 г амин қышқылы /кг дене салмағына

- тәулігіне 1,92 г глюкоза /кг дене салмағына

- тәулігіне 1,2 г май /кг дене салмағына

Ең жоғары инфузия жылдамдығы – сағатына 2,5 мл/кг дене салмағына,

бұл мынаған сәйкес:

- сағатына 0,08 г амин қышқылы /кг дене салмағына

- сағатына 0,16 г глюкоза /кг дене салмағына

- сағатына 0,1 г май /кг дене салмағына

Балалардың жеке қажеттіліктеріне сай НутТРИфлекс Липид пери энергетикалық қажеттіліктерді толық мөлшерде өтемеуі мүмкін. Бұл жағдайларда қосымша көмірсулар және/немесе майлар енгізілуі тиіс.

Егде жастағы емделушілер

Дозалау ересектерге ұсынылуынан ерекшеленуі тиіс деп жорамалдауға болатын деректер жоқ. Дегенмен, метаболизм және оның жылдамдығы егде жаста өзгеруі мүмкін. Осылайша, емделушілердің осы тобын үнемі мұқият қадағалау керек.

Бүйрек, бауыр қызметтері бұзылған емделушілер

Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге дозалау әркімге жеке таңдалуы тиіс. НуТРИфлекс Липид пери ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі мен ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілімді.

Қолдану ұзақтығы

Белгіленген көрсетілімдер үшін парентеральді қоректендіру ұзақтығын

7 күннен асыруға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар көрініс беру жиілігіне қарай төменде тізбеленген. Осы эмульсияны пайдаланумен астасқан жағымсыз реакциялардың көпшілігі сирек кездеседі (1/10,000 - 1/1,000).

Бұл бөлімде пайдаланылған айқындылықтар жиілігінің белгіленуі:

Өте жиі: 1/10

Жиі:  1/100 – 1/10

Жиі емес: 1/1,000 - 1/100

Сирек: 1/10,000 - 1/1,000

Өте сирек: 1/10,000

Белгісіз: жиілігі қолда бар ақпаратпен айқындалмайды.

Жиі

  • бірнеше күннен соң көктамырдың тітіркенуі білінуі мүмкін

  • флебит

  • тромбофлебит

Жиі емес

  • жүрек айну

  • құсу

  • тәбеттен айрылу

Сирек

  • гиперкоагуляция

  • аллергиялық реакциялар (мысалы, анафилактикалық реакциялар, терінің бөртуі, көмейдің, ауыз қуысының, беттің ісінуі)

  • ұйқышылдық

  • гипертензия немесе гипотензия

  • қан кернеу / қызба ұстамасы

  • диспноэ

  • цианоз

  • бас ауыру

  • дене температурасының көтерілуі

  • тершеңдік

  • суықты сезіну

  • қалтырау

  • арқаның, сүйектердің, кеуденің және бел аймағының ауыруы

Өте сирек

  • гиперлипемия

  • гипергликемия

  • метаболикалық ацидоз

Осы жағымсыз әсерлер жиілігі дозаға байланысты, әрі майдың толық немесе салыстырмалы артық дозалану жағдайына қарай жоғары болуы мүмкін.

  • артық май жүктеу синдромы

Жағымсыз реакциялар білінгенде инфузия тоқтатылуы тиіс немесе көрсетілімдері болса, төмендеу дозада есептеледі.

Инфузияны жаңғырту кезінде емделуші, әсіресе, инфузияның басында мұқият қадағалауда болуы тиіс; плазма триглицеридтері шағын аралықтармен анықталу керек.

Айрықша белгілері бар жағымсыз реакциялар туралы ақпарат

Жүрек айну, құсу, тәбеттің болмауы және гипергликемия – парентеральді қоректендірумен шартталатын қалып-күйлермен жиі байланысты әрі парентеральді қоректенумен астасатын белгілер.

Артық май жүктеу синдромы

Триглицеридтерді шығару қабілетінің төмендеуі артық дозалану себебінен болуы мүмкін «артық май жүктеу синдромына» әкеледі. Метаболикалық артық жүктеменің болжамды белгілерін айқындау керек. Себебі генетикалық сипатта болуы (әркімде жеке ерекшеленетін метаболизм) немесе ағымдағы әлде алдыңғы ауру май метаболизмін бұзуы мүмкін. Бұл синдром, сондай-ақ, ауыр гипертриглицеридемия кезінде, тіпті инфузияның ұсынылған жылдамдығын сақтағанда және емделушінің бүйрек қызметінің кемуі немесе жұқпа сияқты күрт өзгерген клиникалық ахуалымен астасқанда көрініс беруі мүмкін. Артық май жүктеу синдромы гиперлипидемиямен, қызбамен, май инфильтрациясымен, сарғаюы бар немесе онсыз гепатомегалиямен, спленомегалиямен, анемиямен, лейкопениямен, тромбоцитопениямен, коагуляция бұзылуымен, гемолизбен және ретикулоцитозбен, бауырдың қызмет атқару тестілерінің ауытқуларымен және комамен сипатталады. Белгілер, әдетте, май эмульсиясын инфузиялауды тоқтатқаннан кейін қайтымды болады. Артық май жүктеу синдромы пайда болғанда НуТРИфлекс Липид пери инфузиясы дереу тоқтатылуы тиіс.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • жұмыртқа немесе соя ақуызына, жержаңғақ майына немесе препараттың қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық

  • амин қышқылдары алмасуының туа біткен ақаулы ауытқуы

  • май алмасу бұзылулары

  • плазмадағы электролиттердің патологиялық жоғары көрсеткіштері

  • метаболизм бұзылуы (мысалы, ауыр постагрессиялық синдром, қалпына келмейтін қант диабеті, метаболикалық ацидоз, шығу тегі белгісіз кома)

  • сағатына 6 ӘБ дейінгі инсулин дозасына реакция бермейтін гипергликемия

  • бауырішілік холестаз

  • ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі

  • ауыр бүйрек жеткіліксіздігі, орын басушы ем болмаған кезде

  • геморрагиялық диатезтің өршуі

  • миокард инфарктісі мен инсульттің жедел фазасы

  • жедел тромбоэмболия, майлы эмболия жағдайлары

  • жаңа туу кезеңі, 3 жасқа дейінгі балалық кезең

  • Инфузиялық емге арналған жалпы қарсы көрсетілімдері:

  • өмірге қатер төндіретін тұрақсыз айналым статусы

(коллапс немесе шок күйі)

  • талапқа сай емес оксигенация

  • гипергидратация

  • су-электролит теңгерімінің бұзылуы

  • жедел өкпе ісінуі

  • қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қан плазмасында калий концентрациясын арттыратын калий сақтағыш диуретиктер (мысалы, триамтерен, амилорид), АӨФ тежегіштері, циклоспорин мен такролимус сияқты дәрілік препараттар алатын емделушілерде құрамында калий бар ерітінділерді сақтана қолдану керек.

Соя майының құрамында табиғи К1 витамині бар. Бұл кумарин туындыларының емдік әсеріне ықпал етеді, осындай препараттарды бір мезгілде алатын емделушілерді тиянақты қадағалау қажет.

Инсулин сияқты дәрілік препараттар организмнің липазалар жүйесіне әсерін тигізеді. Осындай өзара әрекеттесудің, дегенмен, клиникалық мәні шектеулі болады.

Емдік дозаларда тағайындалатын гепарин қан ағымындағы липопротеин липазасының қысқа мерзімде шығуына түрткі болады. Соның нәтижесінде әуелі плазмалық липолиз жоғарылап, әріқарай триглицеридтер клиренсінің қысқа мерзімде төмендеуіне ұласады.

Кортикостероидтар мен адренокортикотропин организмде натрий мен сұйықтықтың іркілуіне ықпал етеді.

Айрықша нұсқаулар

Қызба, қалтырау, бөрту немесе диспноэ сияқты анафилактикалық реакцияның кез келген нышаны немесе белгісі білінгенде инфузияны дереу тоқтату қажет.

Қан плазмасының жоғары осмолярлығы кезінде абайлап қолданылады.

Көлемі үлкен ерітінділердің кез келген басқа инфузиясы сияқты, НуТРИфлекс Липид пери жүрек немесе бүйрек қызметі төмендеген емделушілерде сақтанумен пайдаланылуы тиіс.

Су, электролит, қышқылды-сілтілі теңгерім бұзылулары, мысалы, гипергидратация, гиперкалиемия, ацидоз инфузия басталғанша ретке келтірілуі тиіс.

Шектен тыс жылдам инфузия плазма электролиттерінің патологиялық концентрацияларындағы сұйықтықтың артық жүктелуіне, гипергидратацияға және өкпе ісінуіне әкеледі.

НуТРИфлекс Липид пери енгізу кезінде қан плазмасында триглицеридтер концентрациясы бақылануы тиіс.

Май метаболизмі бұзылған емделушілерде препарат енгізуді бастар алдында ашқарын липидемиясының бар-жоғы анықталуы тиіс. Ашқарындық липидемия май енгізуге қарсы көрсетілім болып саналады. Май енгізілген соң 12 сағат ішінде гипертриглицеридемияның болуы да майлар метаболизмінің бұзылуын көрсетеді.

НуТРИфлекс Липид пери май метаболизмі бұзылған емделушілерде, мысалы, бүйрек жеткіліксіздігінде, қант диабетінде, панкреатитте, бауыр қызметінің кемуінде, гипотиреоидизмде (гипертриглицеридемиямен) және сепсисте сақтықпен қолданылуы тиіс. Егер НуТРИфлекс Липид пери жоғарыда аталған жай-күйлері бар емделушілерге тағайындалса, қан плазмасындағы триглицеридтер деңгейін міндетті түрде бақылау қажет.

Емделушілердің метаболизм жағдайына қарай, ақаулы ауытқыған гипертриглицеридемия немесе қан глюкозасы концентрациясының артуы орын алады. Егер плазма триглицеридтерінің концентрациясы май енгізу кезінде 3 ммоль/л-ден аса жоғарыласа, инфузия жылдамдығын азайту ұсынылады. Егер плазма триглицеридтерінің концентрациясы 3 ммоль/л-ден жоғары күйде қалса, инфузия көрсеткіш қалыптанғанша тоқтатылуы тиіс.

НуТРИфлекс Липид пери инфузиясын үзу немесе дозасын азайту қан глюкозасының концентрациясы 14 ммоль/л-ден (250 мг/дл) көп көбейген кезде де көрсетілген.

Құрамында көмірсулар бар басқа кез келген ерітінді сияқты, НуТРИфлекс Липид пери енгізу гипергликемияға әкелуі мүмкін. Қан глюкозасының деңгейін бақылау қажет. Гипергликемия болған кезде инфузия жылдамдығын азайту немесе инсулин енгізу керек.

Амин қышқылдарын көктамыр ішіне енгізу микроэлементтердің, әсіресе, мыстың, ішінара мырыштың несеппен көп шығарылуымен қатар жүреді. Бұл, әсіресе, ұзаққа созылатын көктамырішілік қоректену кезінде микроэлементтер тағайындалғанда ескерілу керек.

Ашығудан кейін ауқаттануды жаңғырту немесе қоректенуі кеміген немесе жүдеп кеткен емделушілерді қанықтыру гипокалиемияға, гипофосфатемияға және гипомагниемияға себеп болады. Электролиттерді қалыпты көрсеткіштерінен ауытқуларына сай міндетті түрде жеткілікті толықтырған дұрыс.

Плазмада электролиттер концентрацияларын, су теңгерімін, қышқылды-сілтілі теңгерімді, қалдық азотты, әрі ұзақ инфузиялар кезінде қанның пішінді элементтерінің санын, коагуляция статусын және бауыр қызметін бақылау қажет. Зертханалық зерттеулер түрі мен жиілігі емделушінің жалпы клиникалық жай-күйіне бейімделуі тиіс.

НуТРИфлекс Липид периді, жалған агглютинация қаупіне орай, қан препараттарымен бір инфузияда бір мезгілде енгізуге болмайды.

Витаминдер мен микроэлементтер емделуші қажеттілігіне сай тағайындалуы тиіс.

НуТРИфлекс Липид пери құрамында мырыш пен магний бар болғандықтан, осындай элементтері бар ерітінділер бір мезгілде енгізілген кезде сақтық шарасын қадағалау қажет.

НуТРИфлекс Липид пери енгізілгенде, кез келген көктамырішілік ерітінді сияқты, асептика ережелері қатаң түрде сақталады.

НуТРИфлекс Липид пери – бұл көп компонентті кешенді препарат, сондықтан, оны басқа ерітінділермен араластыруға үзілді-кесілді тыйым салынады. НуТРИфлекс Липид периді басқа дәрілік препараттарды тасымалдау ерітіндісі ретінде пайдалануға және алдына ала тестілеусіз басқа инфузиялық ерітінділермен араластыруға болмайды, өйткені эмульсияның тиісті тұрақтылығын кепілді ету мүмкін емес.

Зертханалық тестілерге әсері

Егер қан жинау ол майдан әбден тазартылғанша жүргізілсе, препарат құрамындағы май компоненті кейбір зертханалық зерттеулерге (мысалы, билирубинді, лактатдегидрогеназаны, сатурацияны анықтауға) әсерін тигізуі мүмкін.

Жүктілік және лактация

НуТРИфлекс Липид периді жүктілік кезеңінде қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ. НуТРИфлекс Липид перидің жүктілікке, эмбриондық/фетальді дамуға, босануға және/немесе постнатальді дамуға әсер етуіне қатысты клиникаға дейінгі деректер ұсынылмаған. НуТРИфлекс Липид пери жүкті әйелдерде ана үшін пайдасы мен ұрыққа төнуі мүмкін қатерлері бағаланған соң ғана қолданылуы тиіс.

Емделуші әйелге парентеральді қоректену қажет болатын жағдайда емшек емізуге кеңес берілмейді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

НуТРИфлекс Липид периді стационарлық жағдайларда ғана пайдалануға арналған.

Артық дозалануы

НуТРИфлекс Липид периді дұрыс қолданған кезде артық дозалануы күтілмейді.

Сұйықтықтар мен электролиттердің артық дозалану белгілері: гипертониялық гипергидратация, электролиттер теңгерімсіздігі және өкпе ісінуі.

Амин қышқылдарының артық дозалану белгілері: амин қышқылдарын бүйрек арқылы жоғалту, әріқарай оның амин қышқылдарының теңгерімсіздігіне ұласуы, жүрек айну, құсу және қалтырау.

Глюкозаның артық дозалану белгілері: гипергликемия, глюкозурия, дегидратация, гиперосмоляльдік, гипергликемиялы және гиперосмолярлы кома.

Майдың артық дозалану белгілері: майдың артық дозалануы артық май жүктеу синдромына әкеледі. Белгілері мен емі «Жағымсыз әсерлері» бөлімінде көрсетілген.

Емдеу: Артық дозаланған жағдайда инфузияны дереу тоқтату қажет. Әріқарайғы емдік шаралар белгілеріне және олардың ауырлығына байланысты. Белгілер азайған соң, инфузияны жаңғыртқан кезде жиі бақыланатын инфузия жылдамдығын біртіндеп арттыру ұсынылады. Плазма триглицеридтерінің концентрациясы инфузия кезінде 3 ммоль/л-ден аспауы тиіс («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат престелген полиамид және полипропилен үлбірінен жасалған полиэтилен пакетке үш камераға бөлініп құйылады. Екі жоғарғы камерасы төменгісімен ажырату тігісі арқылы жалғанған.

1250 мл қаптамасы үшін: жоғарғы үлкен камерасында 500 мл глюкоза ерітіндісі, жоғарғы шағын камерасында 250 мл май эмульсиясы және төменгі камерасында 500 мл амин қышқылы ерітіндісі бар.

1875 мл қаптамасы үшін: жоғарғы үлкен камерасында 750 мл глюкоза ерітіндісі, жоғарғы шағын камерасында 375 мл май эмульсиясы және төменгі камерасында 750 мл амин қышқылы ерітіндісі бар.

2500 мл қаптамасы үшін: жоғарғы үлкен камерасында 1000 мл глюкоза ерітіндісі, жоғарғы шағын камерасында 500 мл май эмульсиясы және төменгі камерасында 1000 мл амин қышқылы ерітіндісі бар.

Үш камералы полиэтилен пакет оттегі сіңіргішпен бірге қорғағыш пластик пакетке салынады.

1 пластик пакеттен картон пәшкеге салынады.

5 картон пәшкеден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге гофрланған картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-тен аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды! Кездейсоқ мұздап қатып қалса, пакетті жойып жіберу қажет.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

B.Braun Melsungen AG, Германия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

B.Braun Melsungen AG, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан осы өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Б.Браун Медикал Қазақстан» ЖШС

Алматы қ., Абай к-сі 151/115

Телефон: +7 727 334 02 17

Факс: +7 727 334 02 18

Прикрепленные файлы

965423311477977029_ru.doc 136 кб
150171611477978215_kz.doc 146.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники