Нурофен® Экспресс №10 (капсулы, 200 мг)

МНН: Ибупрофен
Производитель: Баннер Фармакапс Европа Б.В.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ibuprofen
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021331
Информация о регистрации в РК: 31.03.2020 - бессрочно
Предельная цена закупа в РК: 977.17 KZT
Предельная цена реализации в РК: 1 416.9 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Нурофен® Экспресс

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Ибупрофен

Дәрілік түрі

200 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 200 мг ибупрофен,

қосымша заттар: макрогол 600, калий гидроксиді, тазартылған су

қабықтың құрамы: желатин, 76% сорбитол ерітіндісі, қан қызыл бояғыш [Понсо 4R] (Е 124), тазартылған су, опакод WB NS-78-18011 (тазартылған су, титанның қостотығы (Е 171), пропиленгликоль, изопропанол, НРМС 2910 / гипромеллоза 3сР).

Сипаттамасы

Құрамында түссізден сәл қызғылт түске дейінгі мөлдір сұйықтық бар, ақ түсті NUROFEN жазуымен сәйкестендірілген, жартылай мөлдір қызыл желатин қабықты сопақша капсулалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Пропион қышқылының туындылары, Ибупрофен

ATХ коды М01АЕ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі жоғары, асқазан-ішек жолынан (АІЖ) тез және толық дерлік сіңеді. Препараттың 2 капсуласын аш қарынға қабылдағаннан кейін ибупрофен қан плазмасынан 15 минут өткенде табылады, қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына (Сmax) ибупрофен қабықпен қапталған 200 мг таблеткалар дәрілік түріндегі Нурофен® препаратының баламалы дозасын қабылдаудан кейінгіден екі есе тезірек 30-40 минуттан соң жетеді. Препаратты тамақпен бірге қабылдау ең жоғары концентрациясына жету уақытын (ТСmax) ұзарта алады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 90 %-дан астам, жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) – 2 сағат. Буындар қуысына баяу өтеді, синовиальді сұйықтықта іркіліп, онда қан плазмасындағыдан көбірек концентрациялар түзеді. Сіңірілуден соң фармакологиялық белсенді емес R-түрінің 60 % жуығы белсенді S-түріне жылдам трансформацияланады. Бауырда метаболизмге ұшырайды. Бүйрекпен (өзгеріссіз күйде 1%-дан көп емес) және, аз дәрежеде, өтпен шығарылады.

Егде адамдарда, жас адамдармен салыстырғанда, препараттың фармакокинетикалық бейінінде елеулі айырмашылықтар болмаған.

Шектеулі зерттеулерде ибупрофен өте төмен концентрацияларда емшек сүтінен табылған.

Фармакодинамикасы

Қабынуға қарсы стероиды емес препараттар (ҚҚСП) тобына жататын пропион қышқылының туындысы – ибупрофеннің әсер етуші механизмі ауыру, қабыну және гипертермиялық реакция медиаторлары – простагландиндер синтезінің тежелісімен жүзеге асады. Циклооксигеназа-1 (ЦОГ-1) және циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) таңдамалы емес бөгелісі болады, соның салдарынан простагландиндер синтезі тежеледі. Ауыруға қарсы (ауыруды басатын), қызу түсіретін және қабынуға қарсы тез бағытталатын әсерін көрсетеді. Бұдан басқа, ибупрофен тромбоциттер агрегациясын қайтымды тежейді.

Қолданылуы

  • жеңіл немесе орташа айқын бас, тіс ауыруларын симптоматикалық емдеуде, ауырсынулы етеккірлер кезінде; тұмау және суық тию аурулары кезіндегі қызба жағдайларында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты қабылдар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

Ішке қабылдау үшін. Тек қысқа мерзімді қолдануға арналған.

Ересектер және 12 жастан үлкен (40 кг-ден көп) балалар: тәулігіне 3-4 рет шайнамай, ішке 1 капсуладан (200 мг). Капсуланы сумен ішу керек. Препаратты қабылдаулар арасындағы аралық 6-8 сағат құрауы тиіс. Ересектерде емдік әсеріне тезірек жету үшін бір реттік дозасын тәулігіне 3 ретке дейін 2 капсулаға дейін арттыруға болады. Ең жоғары тәуліктік дозасы 1200 мг құрайды.

12-17 жастағы балаларға арналған ең жоғары тәуліктік дозасы 1000 мг құрайды.

Егер препаратты 2-3 күн бойы қабылдағанда симптомдар сақталса немесе күшейсе, емдеуді тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігін бағалау мына критерийлер негізінде жүргізілген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (> 1/10 000).

Жиі емес:

- спецификалық емес аллергиялық реакциялар және анафилактикалық реакциялар, тыныс жолдары тарапынан болатын реакциялар (бронх демікпесі, соның ішінде оның өршуі, бронх түйілуі, ентігу, диспноэ), тері реакциялары (қышыну, есекжем, Квинке ісінуі, эксфолиативті және буллезді дерматоздар, уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема), аллергиялық ринит, эозинофилия

- іштің ауыруы, жүрек айну, диспепсия (соның ішінде қыжылдау, іштің кебуі)

- бас ауыру

Сирек

- диарея, метеоризм, іш қату және құсу

- папиллонекроз, қан плазмасындағы мочевина концентрациясымен және ісінулердің, гематурия мен протеинурияның пайда болуымен қатар жүретін нефроздық синдром (әсіресе, ұзақ уақыт қолданғанда)

Өте сирек:

- қан кету бұзылулары (анемия, лейкопения, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз)

- аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары, соның ішінде беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, ентігу, тахикардия, артериялық гипотензия (анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр анафилактикалық шок)

- пептидтік ойық жара, тесілу немесе асқазан-ішектен қан кету, мелена, кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын қан аралас құсу (әсіресе, егде жастағы емделушілерде), ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі

- бауыр функциясының бұзылуы (әсіресе, ұзақ уақыт емдегенде), гепатит және сарғаю, нефротикалық синдром, жедел бүйрек жеткіліксіздігі (компенсацияланған және декомпенсацияланған), интерстициальді нефрит, цистит

- асептикалық менингит

- ісінулер, соның ішінде шеткергі

- гематокрит немесе гемоглобиннің азаюы

- қан кету уақытының ұзаруы

- қан плазмасындағы глюкоза концентрациясының төмендеуі

- креатинин клиренсінің азаюы

- креатининнің плазмалық концентрациясының артуы

- «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы

Жиілігі белгісіз:

- колиттің өршуі және Крон ауруы

- жүрек жеткіліксіздігі, шеткергі ісінулер, ұзақ уақыт қолдану кезінде тромбоздық асқынулар қаупі (мысалы, миокард инфарктісі) жоғарылаған, артериялық қысымның көтерілуі

- бронх демікпесі, бронх түйілуі, ентігу.

Жағымсыз әсерлері білінгенде препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Егер препарат симптомдарды жоюға қажетті ең төмен тиімді дозадағы қысқа курспен қабылданса, жағымсыз әсерлерінің туындау қаупін жоққа тән азайтуға болады.

Жағымсыз әсерлер көбінесе дозаға тәуелді болады.

Төменде аталған жағымсыз реакциялары тәулігіне 1200 мг-ден (3 капсула) аспайтын дозалардағы ибупрофенді қысқа мерзімді қабылдау кезінде білінген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ибупрофенге немесе препарат құрамына кіретін компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- сыртартқыда ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа да ҚҚСП қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, қайталанатын мұрынның немесе мұрын маңы қойнауларының полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) болуы

- айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз ішу салдарынан)

- белсенді фазадағы немесе сыртартқыдағы асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы аурулары, соның ішінде асқазан мен он екі ішек ағзаларының ойық жаралы ауруы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) немесе ойық жаралы қан кету (ойық жаралы аурудың немесе ойық жарадан қан кетудің екі және одан көп расталған көрінісі)

- ҚҚСП қолдану түрткі болған сыртартқыдағы асқазан-ішек жолынан қан кету немесе ойық жараның тесілуі

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі немесе белсенді фазадағы бауыр ауруы

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин), расталған гиперкалиемия

- декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі; аортокоронарлық шунттау жүргізуден кейінгі кезең

- гемофилия және қан ұюының басқа бұзылулары (соның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер

- фруктозаны көтере алмаушылық

- бассүйекішілік қан құйылулар

- жүктілік (III триместр)

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ибупрофенді мына дәрілік заттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек:

  • Ацетилсалицил қышқылы (дәрігер тағайындаған тәулігіне 75 мг-ден аспайтын ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын қоспағанда), өйткені бірге қолдану жағымсыз әсерлерінің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Бір мезгілде қолданғанда ибупрофен ацетилсалицил қышқылының қабынуға қарсы және антиагреганттық әсерін төмендетеді (ибупрофен қабылдау басталған соң антиагрегантты дәрі ретінде ацетилсалицил қышқылының аз дозаларын алатын емделушілерде жедел коронарлық жеткіліксіздіктің даму жиілігі артуы мүмкін).

Басқа да ҚҚСП, соның ішінде, ЦОГ-2 селективті тежегіштері: жағымсыз әсерлерінің туындау қаупінің артуы мүмкін екендіктен, ҚҚСП тобына жататын екі және одан көп препараттарды бір мезгілде қолданбау керек. Мына дәрілік заттармен бір мезгілде абайлап қолдану керек:

  • Антикоагулянттар: ҚҚСП антикоагулянттардың, атап айтқанда, варфарин мен тромболитикалық препараттардың әсерін күшейте алады.

  • Гипертензияға қарсы дәрілер (АӨФ тежегіштері және ангиотензин II антагонистері) және диуретиктер: ҚҚСП осы топтарға жататын препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Диуретиктер мен АӨФ тежегіштері ҚҚСП нефроуыттылығын арттыруы мүмкін.

  • Кортикостероидтар: АІЖ ойық жарасы түзілуінің немесе асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.

  • Антиагреганттар және серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер: асқазан-ішектен қан кетудің пайда болу қаупі жоғары.

  • Жүрек гликозидтері: ҚҚСП және жүрек гликозидтерін бір мезгілде тағайындау жүрек жеткіліксіздігінің өршуіне, шумақтық сүзіліс жылдамдығының төмендеуіне және қан плазмасындағы жүрек гликозидтері концентрацияларының артуына әкелуі мүмкін.

  • Литий препараттары: ҚҚСП қолдану аясында қан плазмасында литий концентрациясының арту ықтималдығы туралы деректер бар.

  • Метотрексат: ҚҚСП қолдану аясында қан плазмасында метотрексат концентрациясының арту ықтималдығы туралы деректер бар.

  • Циклоспорин: ҚҚСП және циклоспорин бір мезгілде тағайындалғанда нефроуыттылық қаупінің артуы.

  • Мифепристон: ҚҚСП қабылдауды мифепристон қабылдағаннан кейін 8-12 күн өткен соң барып бастаған жөн, өйткені ҚҚСП мифепристон тиімділігін төмендетуі мүмкін.

  • Такролимус: ҚҚСП және такролимус бір мезгілде тағайындалғанда нефроуыттылық қаупі артуы мүмкін.

  • Зидовудин: ҚҚСП мен зидовудинді бір мезгілде қолдану гематоуыттылықтың жоғарылауына әкелуі мүмкін. Зидовудинмен және ибупрофенмен бірге ем алған, гемофилиясы бар АИВ-оң емделушілерде гемартроздың және гематомалардың даму қаупінің жоғарылауы жөнінде деректер бар.

  • Хинолон қатарының антибиотиктері: ҚҚСП және хинолон қатарының антибиотиктерімен бірге ем алған емделушілерде құрысулардың пайда болу қаупі артуы мүмкін.

• Цефамандол, цефоперазон, цефотетан, вальпрой қышқылы, пликамицин: гипопротромбинемияның даму жиілігінің жоғарылауы.

• Өзекшелік секрецияны бөгейтін дәрілік заттар: ибупрофеннің шығарылуының төмендеуі және плазмалық концентрациясының жоғарылауы.

• Микросомалық тотығу индукторлары (фенитоин, этанол, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, үш циклды антидепрессанттар): гидроксилденген белсенді метаболиттер өнімінің артуы, ауыр уыттанудың даму қаупінің жоғарылауы.

• Микросомалық тотығу тежегіштері: гепатоуыттылық әсер қаупінің төмендеуі.

• Ішуге арналған гипогликемиялық дәрілік заттар және инсулин, сульфонилмочевина туындылары: әсерінің күшеюі.

• Антацидтер және колестирамин: сіңірілуінің төмендеуі.

• Кофеин: ауыруды басу әсерінің күшеюі.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты мүмкіндігінше ең қысқа курспен және симптомдарды жоюға қажетті ең төмен тиімді дозада қабылдау ұсынылады.

Циклооксигеназаны және простагландиндер синтезін бәсеңдететін дәрілер овуляцияға әсерін тигізіп, әйелдің репродуктивтік функциясын бұзуы мүмкін (емді тоқтатқаннан кейін қайтымды).

Ұзақ уақыт емдеу кезінде шеткергі қан көрінісін және бауыр мен бүйректің функционалдық жағдайын бақылау қажет. Гастропатия симптомдары білінгенде эзофагогастродуоденоскопия, жалпы қан талдауын (гемоглобинді анықтау), нәжістегі жасырын қан талдауы қамтылатын мұқият бақылау көрсетілген. 17-кетостероидтарды анықтау қажет болғанда, препаратты зерттеуге дейін 48 сағат бұрын тоқтату керек. Емделу кезеңінде этанол қабылдау ұсынылмайды.

Созылмалы жай-күйлерді емдегенде және ұзақ уақыт қолданғанда басқа жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.

Ондай бұзылулардың алғашқы симптомдары қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысындағы беткейлік ойық жаралар, тұмау тәрізді синдром, айқын әлсіздік, мұрыннан қан кету және теріастылық қан құйылу, шығу тегі белгісіз қан кетулер және қанталаулар болып табылады.

Сақтықпен

Осы бөлімде көрсетілген жай-күйлер болғанда препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіп алу керек:

- ауыр соматикалық аурулар, дислипидемия/гиперлипидемия, қант диабеті, шеткергі артериялар аурулары, шылым шегу, жиі алкоголь тұтыну, ойық жаралардың немесе қан кетудің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін дәрілік заттарды, атап айтқанда, ішуге арналған глюкокортикостероидтарды (соның ішінде преднизолон), антикоагулянттарды (соның ішінде варфарин), серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді (соның ішінде циталопрам, флуоксетин, пароксетин, сертралин) немесе антиагреганттарды (соның ішінде ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел) бір мезгілде қолдану, жүктіліктің I-II триместрі, бала емізу кезеңі, егде жас.

Тыныс алу ағзалары: сыртартқыдағы немесе өршу сатысындағы бронх демікпесі немесе аллергиялық аурулары бар емделушілерде бронх демікпесінің дамуы мүмкін.

Жүйелі қызыл жегі немесе дәнекер тіннің аралас ауруы (Шарп синдромы): асептикалық менингит қаупі жоғары.

Бүйрек жеткіліксіздігі, соның ішінде сусыздану кезінде (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин аз), нефроуыттылық синдром күшеюі мүмкін.

Бауыр дисфункциясы (бауыр жеткіліксіздігі, портальді гипертензиямен бауыр циррозы, гипербилирубинемия) өршуі мүмкін.

Артериялық гипертензия және/немесе жүрек жеткіліксіздігі, цереброваскулярлы аурулар: сұйықтық іркілісі, гипертония, ісінулер болуы мүмкін.

Шығу тегі белгісіз қан аурулары (лейкопения және анемия): өршуі мүмкін.

Әйелдің репродуктивтік функциясының бұзылуы: циклооксигеназаны және простагландиндер синтезін бәсеңдететін дәрілердің овуляцияға әсерін тигізіп, әйелдің репродуктивтік функциясын бұзуы мүмкін екеніне қатысты шектеулі деректер бар. Ондай әсер емді тоқтатқаннан кейін қайтымды болады.

Асқазан-ішек жолы (АІЖ): ҚҚСП сыртартқысында асқазан-ішек жолының аурулары (спецификалық емес ойық жаралы қолит, Крон ауруы) бар емделушілерге сақтықпен тағайындалу керек, өйткені бұл жағдайлар өршуі мүмкін. Қауіп факторларына сыртартқыда асқазанның ойық жаралы ауруының немесе АІЖ-нан қан кетудің, гастрит, энтерит, колит, Helicobacter pylori жұқпасының, ойық жаралы колиттің бір реттік көрінісінің болуы жатады.

Ауырлаған сыртартқы тұсында асқазан-ішектен қан кетулер, АІЖ ойық жарасы және қабырғасының тесілуі алдын ала білдіретін симптомдарсыз дамуы мүмкін және кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

Егде жастағы емделушілерде, әсіресе көп ҚҚСП дозасын қабылдағанда асқазан-ішектен қан кетулер және АІЖ ойық жаралары және қабырғасының тесілуі және осы жай-күйлердің дамуымен байланысты жайсыз аяқталу қаупі жоғары. Осы емделушілер емді ең төмен тиімді дозадағы қысқа курспен алуы тиіс.

Сыртартқысында АІЖ аурулары бар емделушілер кез келген жаңа пайда болған емнің бастапқы сатыларында жиірек дамитын абдоминальді симптомдар (әсіресе, асқазан-ішектен қан кету) жөнінде хабарлап отыруы тиіс.

Осы дәрілік препаратта дозаға шаққанда 14 мг калий бар. Оны қандағы калий деңгейін бақылау қажет емделушілерге ескеру қажет.

Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдану

Жануарларға жасалған тәжірибелерде ешбір тератогенді әсерлерінің көрініс бермегеніне қарамастан, жүктіліктің алғашқы 6 айында капсулалардағы 200 мг ибупрофенді қолданбау керек.

Жүктіліктің ІІІ триместрінде қарсы көрсетілімді, өйткені персистирлеуші өкпе гипертензиясының мүмкіндігімен ұрықтың артериялық ағымының мерзімінен бұрын жабылу қаупі болады. Босанудың басталуы кідіріп, ал әсер ету ұзақтығы артуы, анасында да, сәбиде де қан кетуге бейімділік жоғары болуы мүмкін.

Емшектегі сәбидің денсаулығы үшін қандай да бір теріс зардаптарсыз ибупрофен мардымсыз мөлшерлерде емшек сүтіне өтуі мүмкін екені жөнінде деректер бар.

Көлік құралдарын, механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ибупрофен қабылдау кезінде бас айналу, мәңгіру немесе көрудің бұзылуы білінетін емделушілерге автокөлік жүргізуден немесе жылжымалы механизмдерді басқарудан аулақ болу керек.

Артық дозалануы

Балаларда дене салмағына 400 мг/кг-ден асатын дозаны қабылдағаннан кейін артық дозалану симптомдары дамуы мүмкін. Ересектерде дозаға тәуелді артық дозалану әсері аз білінеді. Артық дозалану кезінде препараттың жартылай шығарылу кезеңі 1,5-3 сағат құрайды.

Симптомдары: жүрек айну, құсу, эпигастрий аумағындағы ауыру немесе, сирек, диарея, құлақтың шуылдауы, бас ауыру және асқазан-ішектен қан кету. Аса ауыр жағдайларда орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын көріністер байқалады: ұйқышылдық, сирек – қозу, құрысулар, бағдардан жаңылу, кома. Ауыр улану жағдайларында метаболизмдік ацидоз және протромбин уақытының ұзаруы, бүйрек жеткіліксіздігі, бауыр тінінің зақымдануы, артериялық қысымның төмендеуі, тыныс алудың бәсеңдеуі және цианоз дамуы мүмкін. Бронх демікпесі бар емделушілерде осы ауру өршуі мүмкін.

Емі: ибупрофеннің уыттылығы зор дозасын қабылдағаннан кейін 1 сағат ішінде асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау. Қажет болса, емделушінің жағдайы қалыпқа келуіне дейін тыныс жолдарының өткізгіштігін міндетті қамтамасыз етумен, ЭКГ және негізгі тіршілік қызметі көрсеткіштерінің мониторингімен жүргізілетін симптоматикалық ем. Егер ибупрофен сіңірілген болса, ибупрофеннің қышқылды туындысын бүйрекпен шығару мақсатында сілтілі сусын ішуді тағайындауға болады, жеделдетілген диурез. Жиі немесе ұзаққа созылған құрысуларды көктамыр ішіне диазепам немесе лоразепам енгізумен басу керек. Бронх демікпесі нашарлағанда бронходилататорлар қолдану ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПВДХ/алюминий үлбірінен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынады.

Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 немесе 2 пішінді қаптамадан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Баннер Фармакапс Европа Б.В., Тилбург, AS 5048, Посторнштрат 7, Нидерланды.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд, Тейн Роуд, Ноттингем, NG90 2DB, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ. , Көктем-1, 15 «А», 302 кеңсе.

Тел.: +7 (727) 356 07 52; факс: +7 (727)  356 07 50

Электронды поштасы: contact_ru@reckittbenckiser.com

Прикрепленные файлы

870732061477976490_ru.doc 95 кб
141140611477977650_kz.doc 53.41 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники