Нулок (20 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Нулок
Халықаралық патенттелмеген атауы
Эзомепразол
Дәрілік түрі
Босап шығуы кейінге қалдырылған 20 мг және 40 мг капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 22,250 мг немесе 44,500 мг эзомепразол магний тригидраты,
бұл 20 мг және 40 мг эзомепразолға сәйкес келеді,
қосымша заттар: фарм-а-сфералар (250-355 мкм) (қант сфералары), гипромеллоза (Methocel E5 Premium LV), полаксамер 188 (коллиффор), меглумин, тальк, магний стеараты, гипромеллоза (Methocel E15 Premium LV гидроксипропилметилцеллюлоза), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы. ішекте еритін қабығы: метакрил қышқылы сополимерінің суспензиясы (Eudragit L30) (құрғақ затқа баламалы), триэтилцитрат, моно және диглицеридтер (Kolliwax GMS II), тальк. |
желатин капсулалар: корпусы – титанның қостотығы (Е 171), бриллиантты көк (FD&C BLUE I) (Е 133), керемет қызыл (FD&C RED40) (Е 129), желатин, тазартылған су, натрий лаурилсульфаты |
қақпақшасы: титанның қостотығы (Е 171), бриллиантты көк (FD&C BLUE I) (Е 133), керемет қызыл (FD&C RED40) (Е 129), желатин, тазартылған су, натрий лаурилсульфаты, жазуға арналған ақ сия**. |
Сипаттамасы
Өлшемі «4», мөлдір емес қақпақшасы және қалпақшасында «ESOM» және корпусында «20» ақ сиямен жазылған жазулары бар қара-көк түсті мөлдір емес корпусы бар қатты желатин капсулалар
(20 мг дозасы үшін)
Өлшемі «3», мөлдір емес қақпақшасы және қалпақшасында «ESOM» және корпусында «40» ақ сиямен жазылған жазулары бар қара-көк түсті мөлдір емес корпусы бар қатты желатин капсулалар
(40 мг дозасы үшін)
Капсула ішінде – ішекте еритін қабықпен қапталған ашық - сарыдан қоңыр түске дейінгі пеллеттер.
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолы және зат алмасу. Қышқылдығы бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Ойық жараға қарсы препараттар және гастроэзофагальді рефлюксті (GORD) емдеуге арналған препараттар. Протонды сорғы тежегіштері. Эзомепразол.
АТХ коды А02ВС05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Эзомепразол қышқыл ортада тұрақсыз, сондықтан ішу арқылы қолдану үшін асқазан сөлінің әсеріне төзімді энтеросолюбильді жабыны бар түйіршіктер пайдаланылады. Препарат тез сіңіріледі: плазмадағы ең жоғары концентрациясына қабылдаудан кейін 1-2 сағаттан соң жетеді. Бір реттік 40 мг дозаны қабылдаудан кейін абсолютті биожетімділігі 64% құрайды және күнделікті тәулігіне бір рет қабылдау аясында 89% дейін артады. 20 мг эзомепразол дозасы үшін бұл көрсеткіштер, тиісінше, 50% және 68% құрайды. Дені сау адамдарда тепе-тең концентрациясында таралу көлемі шамамен дене салмағына 0,22 л/кг құрайды. Эзомепразол плазма ақуыздарымен 97% байланысады.
Ас ішу асқазанда эзомепразолдың сіңуін баяулатады және төмендетеді, алайда бұл тұз қышқылы сөлінісін тежеу тиімділігіне елеулі ықпалын тигізбейді.
Эзомепразол Р450 цитохромы (CYP) жүйесінің қатысуымен метаболизмге ұшырайды. Негізгі бөлігі спецификалық полиморфты CYP 2С19 изоформаларының қатысуымен метаболизденеді, бұл орайда эзомепразолдың гидрокси- және десметилденген метаболиттері түзіледі. Қалған бөлігінің метаболизмі басқа спецификалық CYP 3A4 изотүрімен жүзеге асады: бұл орайда плазмада анықталатын негізгі метаболит болып табылатын эзомепразол сульфотуындысы түзіледі.
Төменде берілген параметрлер, негізінен, CYP 2C19 ферменті белсенді пациенттердегі (метаболизмі белсенді пациенттер) фармакокинетика сипатын көріністейді.
Жалпы клиренсі препаратты бір рет қабылдаудан кейін шамамен 17 л/сағат және бірнеше рет қабылдаудан кейін 9 л/сағат құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі тәулігіне бір рет жүйелі қабылдағанда 1,3 сағат құрайды. Эзомепразол қайта қабылданғанда «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) ұлғаяды. Эзомепразол қайта қабылданғанда AUC дозаға тәуелді ұлғаюы желілі сипатта болмайды, ол бауыр арқылы «алғаш өту» кезінде метаболизмінің төмендеу, сондай-ақ CYP2C19 ферментінің эзомепразолмен және/немесе оның сульфоқұрамдас метаболитімен тежелуінен туындауы ытимал жүйелі клиренсінің төмендеу салдары болып табылады. Тәулігіне бір рет күн сайын қабылдағанда, эзомепразол қабылдау арасындағы үзілісте қан плазмасынан толық шығарылады және жинақталмайды.
Эзомепразолдың негізгі метаболиттері тұз қышқылының сөлінісіне ықпалын тигізбейді. Ішу арқылы қолданғанда доза 80% дейін метаболиттер түрінде несеппен шығарылады, қалған мөлшері нәжіспен шығарылады. Өзгермеген эзомепразолдың 1%-дан азы несептен табылады.
Пациенттердің кейбір топтарындағы фармакокинетика ерекшеліктері:
Халықтың шамамен 2,9±1,5%-да CYP2C19 изоферментінің белсенділігі төмендеген. Ондай пациенттерде эзомепразол метаболизмі, негізінен, CYP 3A4 әсер етуі нәтижесінде жүзеге асады. Тәулігіне бір рет 40 мг эзомепразол жүйелі қабылданғанда AUC орташа мәні CYP2C19 изоферментінің белсенділігі жоғарылаған пациенттердегі осы параметрдің мәні 100% асып кетеді. Изофермент белсенділігі төмендеген пациенттерде плазмадағы ең жоғары концентрацияларының орташа мәндері шамамен 60% жоғары. Көрсетілген ерекшеліктері эзомепразол дозасына және қолдану тәсіліне ықпал етпейді.
Егде (71-80 жас) пациенттерде эзомепразол метаболизмі елеулі өзгерістерге ұшырамайды.
Бір рет 40 мг эзомепразол қабылдаудан кейін әйелдерде AUC орташа мәні ерлердегі осындайдан 30% асып кетеді. Препаратты күнделікті тәулігіне бір рет қабылдағанда ерлер мен әйелдердің фармакокинетикасында айырмашылықтар білінбейді. Атап көрсетілген ерекшеліктері эзомепразол дозаcына және қолдану тәсіліне ықпал етпейді.
Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл және орташа пациенттерде эзомепразол метаболизмі бұзылуы мүмкін. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде метаболизм жылдамдығы төмендеген, бұл эзомепразолға тән АUС мәнінің 2 есе артуына алып келеді. Ауыр дисфункциялы пациенттерде доза ең жоғарғы 20 мг-ден асырылмауы тиіс. Эзомепразол немесе оның негізгі метаболиттері күнделікті дозаларымен жинақталуға үрдіс байқатпайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде фармакокинетика зерттеуі жүргізілмеген. Бүйрек арқылы эзомепразолдың өзінің емес, оның метаболитінің шығарылуы жүзеге асатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эзомепразол метаболизмі өзгермейді деп жорамалдауға болады.
12-18 жастағы балаларда 20 мг және 40 мг эзомепразолды қайта қабылдаудан кейін АUС мәні және қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жету уақыты (tmaх) ересектердегі АUС және tmax мәндерімен ұқсас болды.
Фармакодинамикасы
Эзомепразол париетальді жасушаларда протон сорғысын спецификалық тежеу жолымен асқазандағы қышқыл сөлінісін төмендетеді, омепразолдың S-изомері болып табылады. Омепразолдың S- және R-изомерлерінің фармакодинамикалық белсенділігі ұқсас болады.
Әсер ету механизмі
Эзомепразол әлсіз негіз болып табылады, қышқылды ортадағы париетальді жасушалардың секреторлық өзекшелерінде жиналады, онда белсенділенеді және протонды сорғы – Н+,К+-АТФаза ферментін тежейді. Эзомепразол әрі базальді, әрі көтермеленген қышқыл сөлінісін тежейді. Эзомепразол әсері ішу арқылы 20 мг немесе 40 мг қабылдаудан кейін 1 сағат ішінде дамиды. Препаратты 5 күн бойы күнделікті тәулігіне бір рет 20 мг дозада қабылдағанда пентагастринмен көтермелеуден кейін орташа ең жоғары концентрациясы 90% төмендейді (емнің 5-ші күні препаратты қабылдаудан кейін 6-7 сағаттан соң қышқыл концентрациясын өлшегенде). Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) бар және 20 мг немесе 40 мг доза эзомепразолды 5 күн ішу арқылы күнделікті қабылдаудан кейін клиникалық симптомдары болатын пациенттерде 4-тен жоғары асқазанішілік рН мәні 24 сағаттың, орта есеппен, 13 және 17 сағаты бойына сақталды. Тәулігіне 20 мг доза эзомепразол қабылдау аясында 4-тен жоғары асқазанішілік рН мәні пациенттердің 76%, 54% және 24%-да, тиісінше, кемінде 8, 12 және 16 сағат сақталды. 40 мг эзомепразол үшін бұл арақатынас, тиісінше, 97%, 92% және 56% құрайды.
Қышқыл сөлінісін тежеу нәтижесінде жететін емдік әсері
Эзомепразолды 40 мг дозада қабылдағанда рефлюкс-эзофагиттің жазылуы 4 апта емделуден кейін пациенттердің 78% және 8 апта емделуден кейін 93% шамасында басталады.
Бір апта бойы тиісті антибиотиктермен біріктіріп тәулігіне 2 рет 20 мг дозада Эзомепразолмен емдеу пациенттердің 90% шамасында сәтті Helicobacter pylori эрадикациясына әкеледі. Асқынбаған ойық жара ауруы бар пациенттерге апталық эрадикация курсынан кейін ойық жараны жазуға және симптомдарды жоюға арналған антисекреторлық препараттармен кейінгі монотерапия қажет емес.
Қолданылуы
- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы: эрозиялық рефлюкс-эзофагит, қайталануына жол бермеу үшін эрозиялық рефлюкс-эзофагиттің жазылуынан кейін ұзаққа созылатын демеуші ем, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеуде
- Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы кезінде бактерияға қарсы біріктірілген ем құрамында Helicobacter pylori эрадикациясында
- пептидті ойық жарадан қан кетуді бастан өткерген пациенттерде қышқылды басатын ұзаққа созылған емде (асқазан безінің сөлінісін төмендететін препараттарды вена ішіне қолданудан кейін, қайталануының профилактикасы үшін)
- қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді ұзақ уақыт қабылдаумен байланысты гастропатияларда
- ҚҚСП қолданумен байланысты асқазанның ойық жараларын жазуға
- қауіп тобына жататын пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының профилактикасында
- Золлингер-Эллисон синдромы немесе патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын басқа да жағдайлар, соның ішінде идиопатиялық гиперсекрецияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. Капсуланы сумен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн. Капсуланы ашуға болмайды. Жұтуға қиналатын пациенттер үшін капсуланы ашып, пеллеттерді жарты стакан газдалмаған суда ерітуге болады. Қорғағыш қабығы еріп кетуі мүмкін болғандықтан, басқа сұйықтықтарды пайдалануға болмайды. Ұсақ түйіршіктері бар суды бірден немесе 30 минут ішінде ішу керек. Стақанды жартылай тағы да сумен толтырып, қалғанын араластырып, ішу керек. Ұсақ түйіршіктерді шайнауға немесе бөлшектеуге болмайды.
Ересектер
Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы
4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. Бастапқы курстан кейін эзофагит жазылуы басталмаса немесе симптомдар сақталған жағдайларда қосымша 4 апталық емдеу курсы ұсынылады.
Эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылуынан кейін қайталануына жол бермеуге арналған ұзақ уақыттық демеуші ем
Тәулігіне бір рет 20 мг.
Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу
Эзофагитсіз пациенттерге – тәулігіне бір рет 20 мг. Егер 4 апта емделуден кейін симптомдар басылмаса, пациент қосымша тексеруден өту керек. Ауру симптомдары басылған соң препаратты «қажет болғанда» қабылдау режиміне көшуге, яғни симптомдар жаңғырғанда тәулігіне бір рет 20 мг Нулок қабылдауға болады. ҚҚСП қабылдап жүрген және асқазан немесе он екі елі ішек ойық жарасы дамитын қауіп тобына жататын пациенттер үшін «қажет болғанда» режимінде емдеуді ұзарту ұсынылмайды.
Ересектер
Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем құрамында Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу: 20 мг Нулок, 1 г амоксициллин және 500 мг кларитромицин. Препараттардың бәрі 1 апта бойы тәулігіне екі рет қабылданады.
Пептидті ойық жарадан қан кетуді бастан өткерген пациенттерде қышқылды басатын ұзақ уақыттық ем (асқазан бездерінің сөлінісін төмендететін препараттарды вена ішіне қолданудан кейін, қайталануының профилактикасы үшін)
Асқазан бездерінің сөлінісін төмендететін препараттармен венаішілік ем аяқталған соң 4 апта бойы тәулігіне 1 рет 40 мг Нулок.
Ұзақ уақыт ҚҚСД қабылдайтын пациенттер
ҚҚСД қабылдаумен байланысты асқазанның ойық жарасын емдеу: тәулігіне бір рет 20 мг Нулок. Емдеу ұзақтығы 4-8 апта құрайды.
ҚҚСД қабылдаумен байланысты асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының профилактикасы
Тәулігіне бір рет 20 мг Нулок.
Патологиялық гиперсекрециямен байланысты жай-күйлер, соның ішінде Золлингер-Эллисон синдромы немесе идиопатиялық гиперсекреция
Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне екі рет 40 мг Нулок.
Әрі қарай доза әркімге жеке таңдалады, емдеу ұзақтығы аурудың клиникалық көрінісімен белгіленеді.
Препаратты күніне 80-нен 160 мг дейінгі дозаларда қолдану тәжірибесі бар. Күніне 80 мг-ден жоғары дозалағанда дозаны бөлу және күніне екі рет енгізу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі болғандықтан, мұндай пациенттерге сақтықпен қарау керек.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр функциясының елеусіз немесе орташа бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттер үшін эзомепразолдың ең жоғарғы дозасы 20 мг-ден аспауы тиіс.
Егде жастағы адамдар
Егде жастағы адамдарға дозаны түзету қажет емес. 18 жасқа толмаған балаларда препарат қолданылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Препараттың төмендегі жағымсыз реакциялары эзомепразолдың клиникалық сынақтары барысында және тіркеуден кейін идентификацияланған. Олардың ешқайсысы дозамен байланысты емес екені анықталды. Реакциялар жиілігі бойынша өте жиі> 1/10; жиі > 1/100 - <1/10 дейін; жиі емес > 1/1000 - <1/100 дейін; сирек > 1/10 000 - <1/1000 дейін; өте сирек <1/10000; белгісіз (қолда бар деректер бойынша баға беру мүмкін емес) деп жіктеледі.
Жүйе - ағза класы |
Жиілігі |
Қолайсыз реакция |
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар |
Сирек |
Лейкопения, тромбоцитопения |
Өте сирек |
Агранулоцитоз, панцитопения |
|
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар |
Сирек |
Аса жоғары сезімталдық реакциялары, қызба, ангионевроздық ісіну және анафилактоидты реакция/шок |
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
Шеткері ісінулер |
Сирек |
Гипонатриемия |
|
Белгісіз |
Гипомагнеземия; ауыр гипомагнеземия гипокальциемияға әкелуі мүмкін. Гипомагнеземия гипокалиемиямен байланысты болуы да мүмкін. |
|
Психика бұзылулары |
Жиі емес |
Ұйқысыздық |
Сирек |
Ажитация, абыржу, депрессия |
|
Өте сирек |
Озбырлық, елестеулер |
|
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар |
Жиі |
Бас ауыруы |
Жиі емес |
Бас айналуы, парестезия, ұйқышылдық |
|
Сирек |
Дәм сезудің бұзылуы |
|
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар |
Сирек |
Көрудің бұлдырауы |
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
Бас айналуы |
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар |
Сирек |
Бронх түйілуі |
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар |
Жиі |
Іштің ауыруы, іш қату, диарея, метеоризм, жүрек айну/ құсу, қатерсіз полиптер |
Жиі емес |
Ауыздың құрғауы |
|
Сирек |
Стоматит, асқазан-ішек жолының кандидозы |
|
Белгісіз |
Микроскопиялық колит |
|
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
“Бауыр” ферменттері белсенділігінің жоғарылауы |
Сирек |
Сарғаюмен (немесе онсыз) гепатит |
|
Өте сирек |
Бауыр жеткіліксіздігі, бұрын бауыр ауруы болған пациенттердегі энцефалопатия |
|
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
Дерматит, қышыну, бөртпе, есекжем |
Сирек |
Алопеция, фотосезімталдық |
|
Өте сирек |
Мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (УЭН) |
|
Белгісіз |
Жеделге жуық тері қызыл жегісі |
|
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
Омыртқа бағаны, ортан жілік мойны, білезік сынуларының даму қаупі |
Сирек |
Артралгия, миалгия |
|
Өте сирек |
Бұлшықет әлсіздігі |
|
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
Өте сирек |
Интерстициальді нефрит; кейбір пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігінің дамығаны туралы хабарланды. |
Жыныс ағзалары және сүт безі тарапынан бұзылулар |
Өте сирек |
Гинекомастия |
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар |
Сирек |
Жайсыздықты сезіну, қатты терлеу |
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- эзомепразолға, орын басқан бензимидазолдарға немесе препарат құрамына кіретін басқа ингредиенттерге жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық
- глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі
- нелфинавирмен бір мезгілде қабылдау
- 18 жасқа дейінгі балалар (құрамында тыйым салынған бояғыштар бар)
Сақтықпен
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Эзомепразолдың басқа дәрілер фармакокинетикасына әсері. Протеаза тежегіштері – омепразол протеаза тежегіштерінің кейбіреуімен өзара әрекеттеседі. Хабарланған осы өзара әрекеттесулердің клиникалық маңыздылығы және механизмдері үнемі белгілі емес. Омепразолмен емдеу кезінде асқазандағы рН жоғарылауы протеаза тежегіштерінің жұтылуын өзгертуі мүмкін. Өзара әрекеттесудің басқа да ықтимал механизмі CYP2C19 тежелуі болып табылады. Атазанавир мен нелфинавир үшін омепразолмен бір мезгілде қолдану кезінде сарысудағы деңгейінің төмендеуі туралы хабарланды және қатарлас енгізу ұсынылмайды. Омепразолды (күніне бір рет 40 мг) 300 мг атазанавирмен/100 мг ритонавирмен бірге енгізу атазанавирдің әсерінің елеулі төмендеуіне әкеледі (AUC, Cmax және Cmin шамамен 75% төмендеуі). Атазанавирдің дозасын 400 мг дейін арттыру омепразолдың атазанавир әсеріне ықпал етуінің орнын толтыра алмады. Омепразолды (күніне екі рет 20 мг) 400 мг атазанавирмен /100 мг ритонавирмен бірге енгізу күніне екі рет 20 мг омепразолсыз күніне екі рет 300 мг атазанавир/100 мг ритонавир кезінде байқалған әсерімен салыстырғанда атазанавир әсерінің шамамен 30% азаюына әкелді. Омепразолды (күніне екі рет 40 мг) бірге енгізу нелфинавирдің орташа AUC, Cmax және Cmin мәндерін 36-39%-ға азайтты, ал фармакологиялық белсенді метаболиті M8-дің орташа AUC, Cmax және Cmin мәндері 75-92%-ға азайды. Омепразолдың және эзомепразолдың фармакодинамикалық әсерлері мен фармакокинетикалық қасиеттері ұқсас болғандықтан, эзомепразолмен және атазанавирмен бір мезгілде енгізу ұсынылмайды, эзомепразолмен және нелфинавирмен қатар енгізуге болмайды. Саквинавир (қатар жүретін ритонавирмен) омепразолмен (күніне екі рет 40 мг) қатарлас емдеу кезінде сарысудағы деңгейінің жоғарылағаны (80-100%) туралы хабарланды. Күніне екі рет 20 мг омепразолмен емдеу дарунавирдің (қатар жүретін ритонавирмен) және ампренавирдің (қатар жүретін ритонавирмен) әсеріне ықпалын тигізген жоқ. Күніне екі рет 20 мг эзомепразолмен емдеу ампренавирдің (қатар жүретін ритонавирмен немесе онсыз) әсеріне ықпалын тигізген жоқ. Күніне екі рет 40 мг омепразолмен емдеу лопинавирдің (қатар жүретін ритонавирмен) әсеріне ықпал еткен жоқ.
Метотрексат
ПСТ-мен бірге енгізген кезде кейбір пациенттерде метотрексаттың деңгейлері ұлғайды. Метотрексаттың жоғары дозаларын қабылдаған жағдайда эзомепразол қабылдауды уақытша тоқтату қажет болуы мүмкін. Такролимус
Эзомепразолды қатар енгізу такролимустың сарысудағы деңгейлерін арттыратыны хабарланды. Такролимустың концентрациясына, сондай-ақ бүйрек функциясына (креатинин клиренсі) күшейтілген мониторинг жүргізу, және қажет болса таколимустың дозасын реттеу керек.
Сіңуі рН деңгейіне тәуелді дәрілік препараттар
Эзомепразолмен және басқа ПСТ емдеу аясында асқазан сөлі қышқылдылығының бәсеңдеуі сіңуі асқазандағы рН тәуелді дәрілік заттардың сіңуін азайтуы немесе ұлғайтуы мүмкін. Асқазанішілік қышқылдылықты төмендететін басқа да дәрілік заттар жағдайындағы сияқты, эзомепразолмен емдеу кезінде кетоконазол, итраконазол және эрлотиниб тәрізді дәрілік заттардың сіңуі азайы мүмкін, ал дигоксиннің сіңуі ұлғаюы мүмкін. Омепразолмен (күніне 20 мг) және дигоксинмен қатар емдеу пациенттерде дигоксиннің биожетімділігін 10%-ға (он пациенттің екеуінде 30%-ға дейін) жоғарылатты. Дигоксиндік уыттылық жөнінде сирек хабарланды. Алайда эзомепразол егде жастағы пациенттерде жоғары дозаларда тағайындалған кезде сақ болу керек. Содан кейін дигоксин дәрілік препаратын бақылауды күшейту керек.
CYP2C19 метаболизденетін дәрілік заттар
Эзомепразол оның метаболизміне қатысатын негізгі фермент - CYP2C19 тежейді. Сәйкесінше, метаболизмі CYP2С19 қатысуымен жүретін диазепам, циталопрам, имипрамин, кломипрамин, фенитоин сияқты басқа да препараттармен бірге эзомепразол қолдану плазмада осы препараттар концентрацияларын арттыра алады, өз кезегінде, дозаны азайту қажет болуы мүмкін. Нулокты «қажеттілігі бойынша» режимінде тағайындағанда осы өзара әрекеттесу туралы есте сақтау ерекше маңызды.
Диазепам
30 мг эзомепразолды бір мезгілде енгізгенде CYP2C19 субстраты диазепам клиренсінің 45% төмендеуі байқалады.
Фенитоин 40 мг эзомепразолды қатар қолдану эпилепсиямен науқастарда фенитоинның плазмадағы деңгейінің 13% жоғарылауына әкелді. Осыған байланысты, эзомепразолмен емдеуді бастағанда және оны тоқтатқанда фенитоинның плазмадағы концентрациясын бақылаған жөн.
Вориконазол Омепразол (күніне бір рет 40 мг) вориконазолдың (CYP2C19 субстраты) Cmax және AUC сәйкесінше 15% және 41% ұлғайтты.
Цилостазол Омепразол, сондай-ақ эзомепразол CYP2C19 тежегіштері ретінде әсер етеді. 40 мг дозада қабылданған омепразол цилостазолдың Cmax және AUC сәйкесінше 18% және 26% ұлғайтты, ал оның белсенді метаболиттерінің біреуінікін сәйкесінше 29% және 69% ұлғайтты.
Цизаприд 40 мг эзомепразолды қатар қолдану плазмадағы концентрациясының қисық астындағы ауданының (AUC) 32% ұлғаюына және жартылай шығарылу кезеңінің (t1/2) 31% -дық ұзаруына әкелді, бірақ цизапридтің плазмадағы жоғары шекті деңгейінің елеулі жоғарылауы байқалған жоқ. Тек қана цизапридті енгізуден кейін байқалған QT аралығының аздап ұзаруы, цизапридті эзомепразолмен бірге тағайындағанда қосымша ұзарған жоқ.
Варфарин
Ұзақ уақыт варфарин қабылдайтын пациенттерде варфаринді 40 мг эзомепразолмен бірге қабылдау коагуляция уақытының өзгеруіне әкелмейді. Алайда варфарин мен эзомепразол бірге қолданылғанда ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) индексі клиникалық мәнді жоғарылаған бірнеше жағдайлары жөнінде хабарланған. Сондықтан осы препараттарды бірге қолданудың басында және соңында ХҚҚ бақылау ұсынылады.
Клопидогрель
Дені сау пациенттердегі зерттеу нәтижелері клопидогрель (300 мг жүктеме доза/75 мг тәуліктік демеуші доза) және эзомепразол (күн сайын 40 мг пероральді доза) арасындағы фармакокинетикалық (ФК)/ фармакодинамикалық (ФД) өзара әрекетесуді көрсетті, бұл клопидогрельдің белсенді метаболитінің әсерінің орта есеппен 40%-ға азаюына әкелді және тромбоциттер агрегациясының ең жоғарғы тежелуінің (АДФ индукцияланған) орта есеппен 14%-ға азаюына әкеліп соқты. Клопидогрельді 20 мг эзомепразол + ASA 81 мг біріктірілімінің бекітілген дозасымен бірге берген кезде, клопидогрельмен салыстырғанда, клопидогрельдің белсенді метаболитінің 40% дерлік төмендеуі байқалды. Алайда тромбоциттер агрегациясының тежелуінің (АДФ индукцияланған) ең жоғарғы деңгейлері бұл пациенттерде клопидогрельде және клопидогрель + біріктірілген (эзомепразол + АСА) препараттар тобында бірдей болды. Эзомепразолдың PK/PD өзара әрекеттесулерінің күрделі жүрек-қантамыр оқиғалары тұрғысынан клиникалық салдарлары туралы бірізді емес деректер обсервациялық та, клиникалық та зерттеулерде тіркелген. Сақтық шарасы ретінде эзомепразол мен клопидогрельді бірге қолданудан аулақ болу керек.
Клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі болмаған зерттелген дәрілік заттар
Амоксициллин және хинидин
Эзомепразол амоксициллиннің немесе хинидиннің фармакокинетикасына клиникалық маңызды ықпалын тигізбейтіні көрсетілген.
Напроксен немесе рофекоксиб
Эзомепразолды және напроксенді немесе рофекоксибті қатар енгізуге баға берілген қысқа мерзімдік зерттеулер кезінде қандай да бір клиникалық маңызы бар фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер анықталған жоқ. Басқа дәрілік препараттардың эзомепразол фармакокинетикасына әсері. CYP2C19 және/немесе CYP3A4 тежейтін дәрілік препараттар
Эзомепразол CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденеді. Эзомепразолды және CYP3A4 тежегішін, кларитромицинді (500 мг b.i.d.) қатар енгізу эзомепразол экспозициясының (AUC) екі еселенуіне әкелді. Эзомепразолды және CYP2C19 мен CYP3A4 біріктірілген тежегішін қатар енгізу эзомепразол әсерінің екі еседен де артып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші вориконазол омепразолдың AUC 280%-ға арттырды. Осы жағдайлардың кез келгенінде эзомепразолдың дозасын түзету қажет емес. Дегенмен, бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және ұзақ емдеген кезде дозаны түзету ескерілуі тиіс.
CYP2C19 және/немесе CYP3A4 индукциялайтын дәрілік препараттар
CYP2C19 немесе CYP3A4, немесе екеуін де индукциялайтыны белгілі препараттар (мысалы, рифампицин және шайқурай) эзомепразолдың метаболизмін ұлғайту жолымен эзомепразолдың сарысудағы деңгейлерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Балалар популяциясы
Өзара әрекеттесуін зерттеулер ересектерде ғана жүргізілген.
Айрықша нұсқаулар
Кез келген үрейлі симптомдар (мысалы, дене салмағының өздігінен елеулі кемуі, қайталанған құсу, дисфагия, қан аралас құсу немесе мелена) болса, сондай-ақ асқазанның ойық жарасы болғанда (немесе асқазан ойық жарасына күдік туындағанда) қатерлі жаңа түзілімнің бар-жоғын анықтау керек, өйткені Нулокпен емделу симптоматиканың білінбеуіне әкеліп, диагноз қоюды кешіктіруі мүмкін.
Препаратты ұзақ кезең бойы (әсіресе, жылдан астам) қабылдап жүрген пациенттер жүйелі дәрігерлік қадағалауда болуы тиіс.
Нулокты «қажеттілігі бойынша» қабылдайтын пациенттерге симптомдар сипаты өзгергенде өз дәрігерімен байланысу қажет екені туралы нұсқау берілуі тиіс. «Қажеттілігі бойынша» ем тағайындалғанда плазмадағы эзомепразол концентрациясының ауытқуын назарға алып, препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін ескеру керек.
Нулокты Helicobacter руlori эрадикациясы үшін тағайындағанда үштік емнің барлық компоненттерінің дәрілік өзара әрекеттесу мүмкіндігі ескерілуі тиіс. Кларитромицин қуатты CYP3А4 тежегіші болып табылады, сондықтан CYP3А4 қатысуымен метаболизденетін басқа препараттарды (мысалы, цизаприд) алатын пациенттерге эрадикация емі тағайындалғанда кларитромициннің қарсы көрсетілімдері және осы дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі мүмкін екенін ескеру қажет.
Протон помпасы тежегіштерімен емделу Salmonella және Campilobacter туындататын асқазан-ішек инфекцияларының пайда болу қаупінің мардымсыз артуына әкелуі мүмкін.
B12 дәруменінің сіңірілуі
Эзомепразол, қышқылды бөгейтін барлық дәрілер сияқты, гипо- немесе ахлоргидрия салдарынан В12 дәруменінің (цианкобаламин) сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Мұны ұзақ мерзімді ем кезінде организмде В12 дәруменінің қоры төмендеген немесе В12 сіңірілуінің төмендеу қаупі факторлары бар пациенттерде назарға алу керек.
Ауыр гипомагниемия кемінде үш ай бойы және көптеген жағдайларда бір жыл бойы қолданғанда эзомепразол сияқты протондық помпа тежегіштерімен (ППТ) емделіп жатқан пациенттерде байқалды. Қажу, тартылу, делирий, конвульсия, бас айналуы және қарыншалық аритмия сияқты гипомагниемияның күрделі көріністері орын алуы мүмкін, бірақ олар кенеттен басталуы мүмкін және оларды анықтау қиын. Көптеген пациенттерде гипомагниемия орын басатын магний емінен және ППТ емдеуді тоқтатқаннан кейін төмендейді.
Ұзақ емделу болжанған немесе ППТ дигоксинмен немесе гипомагниемия туындатуы мүмкін препараттармен (мысалы, диуретиктер) қабылдайтын пациенттерде ППТ емі басталғанға дейін және ем барысында мезгіл-мезгіл магний деңгейін өлшеу керек.
Протондық сорғының тежегіштері, әсіресе оларды жоғарғы дозаларда және ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) қолданғанда, негізінен егде жастағы пациенттерде немесе басқа да танылған қауіп факторлары болғанда ортан жіліктің, білектің немесе омыртқаның сыну қаупінің орташа ұлғаюы мүмкін. Обсервациялық зерттеулер протондық помпаның тежегіштері жалпы сынулар қаупін 10-40% ұлғайтуы мүмкін екенін болжамдауға мүмкіндік береді. Остеопороз қаупі жоғары пациенттер қадағалануы және ағымдағы клиникалық ұсынымдарға сәйкес емделуі тиіс, сондай-ақ D дәрумені мен кальцийдің талапқа сай мөлшерін қабылдау керек.
Протондық сорғы тежегіштерін (ПСТ) қолдану терінің жеделге жуық қызыл жегісінің (ТЖЖҚЖ) өте сирек даму жағдайларымен астасқан. Егер, әсіресе күн сәулесіне ашық аумақтарда артралгиямен қатар терінің зақымдануы туындаса, онда пациент уақытымен медициналық көмекке жүгінуі тиіс және дәрігер Нулок препаратын қолдануды тоқтату туралы шешімді қарастыруы тиіс. ТЖЖҚЖ анамнезде ПСТ емдеу кезінде басқа ПСТ қолданған кезде ТЖЖҚЖ даму қаупі жоғарылауы мүмкін.
Басқа дәрілік заттармен біріктірілімі
Эзомепразолды атазанавирмен бірге енгізу ұсынылмайды. Егер атазанавирдің протонды сорғы тежегішімен біріктірілімін қолданбасқа болмайды деп болжасақ, атазанавирдің дозасын 100 мг ритонавирмен 400 мг дейін арттырумен бірге мұқият клиникалық мониторинг ұсынылады; эзомепразолдың дозасын 20 мг-ден асырмау керек. Эзомепразол CYP2C19 тежегіші болып табылады. Эзомепразолмен емдеуді бастағанда немесе тоқтатқанда CYP2C19 арқылы метаболизденетін дәрілік заттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігін қарастыру керек. Клопидогрель мен эзомепразолдың арасында өзара әрекеттесу байқалады. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы анықталмаған. Сақтық шарасы ретінде эзомепразол мен клопидогрельді бір мезгілде пайдаланудан аулақ болу керек. Эзомепразолды «қажеттілігі» кезінде ем үшін тағайындағанда эзомепразолдың плазмадағы концентрациясының ауытқуына орай басқа фармацевтикалық препараттармен өзара әрекеттесу салдарларын ескеру керек.
Зертханалық зерттеулерге ықпалы
CgA деңгейінің ұлғаюы нейроэндокриндік ісіктер бойынша зерттеулерге ықпал етуі мүмкін. Бұл ықпалға жол бермеу үшін эзомепразолмен емді CgA өлшегенге дейін кемінде 5 күн бұрын уақытша тоқтату қажет.
Балалар
Балаларға және 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге препарат тағайындалмайды.
Жүктілік және лактация
Жүктілік кезіндегі эзомепразол әсеріне қатысты клиникалық деректер жеткіліксіз. Препаратты жүкті әйелдерге ана үшін күтілетін пайдасы шаранаға төнетін болжамды қауіптен басым болған жағдайда ғана тағайындау керек.
Эзомепразолдың емшек сүтімен бөлінуі белгісіз, сондықтан бала емізу кезінде Нулок тағайындауға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлер симптомдарының күшеюі.
Емі: симптоматикалық. Арнайы антидоты белгісіз. Эзомепразол плазма ақуыздарымен байланысады, сондықтан диализ тиімділігі аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Босап шығуы кейінге қалдырылған 20 мг және 40 мг капсулалар.
Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынады.
Пішінді 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-дан аспайтын температурада сақтау керек!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
24 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Alkem Laboratories Ltd
Mumbai , Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
Alkem Laboratories Ltd, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«The Pharma Network» («Зэ Фарма Нэтворк») ЖШС
Алматы қ, Сейфуллин даңғылы, №404/67/9 үй
Телефон нөмірі +7 727 244 66 11
Факс нөмірі +7 727 244 66 10
Электронды поштасы: alkem_ltd@inbox.ru
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«Nur Business Consulting» ЖШС
Қазақстан Республикасы,
050000, Алматы қ.,
Қазыбек би к-сі,50, 28 «а» кеңсе
ұялы тел: +7 708 930 1280
Электронды поштасы: pharmacovigilancenbc@gmail.com