Нувик (2000 МЕ)

МНН: Фактор свертывания крови VIII
Производитель: Октафарма АБ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Coagulation factor VIII
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121962
Информация о регистрации в РК: 11.12.2020 - 11.12.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Нувик

Халықаралық патенттелмеген атауы

Симоктоког альфа

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ еріткішпен (инъекцияға арналған су) және 250 ХБ, 500 ХБ, 1000 ХБ, 2000 ХБ енгізуге арналған жинақпен бірге жиынтықта

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат симоктоког альфа (адамның рекомбинантты қан ұюының VIII факторы) – 250 ХБ, 500 ХБ, 1000 ХБ, 2000 ХБ;

қосымша заттар: натрий хлориді, сахароза, L-аргинин гидрохлориді, кальций хлоридінің дигидраты, полоксамер 188, натрий цитратының дигидраты;

Еріткішинъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Ақ түсті масса. Ұнтақтың аздаған мөлшері болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Гемостатиктер. К витамині және басқа да гемостатиктер. Қанның ұю факторлары. Қан ұюының VIII факторы. АТX коды В02ВD02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

1 кесте. Ауыр А гемофилиясы бар, бұрын емделген (18-65 жас) ересектердегі (n=20) Нувиктің (дозасы: 50 ХБ/кг) ФК-параметрлері

ФК параметрі

Хромогендік талдама

Ұюдың бір сатылы талдамасы

Орташа ± СА

Орташа ± СА

AUC (сағ. * ХБ / мл)

22,6 ± 8,0

18,0 ± 5,6

Т 1/2 (сағ.)

14,7 ± 10,4

17,0 ± 11,8

IVR (% / ХБ /кг)

2,5 ± 0,4

2,2 ± 0,3

CL (мл / сағ. / кг)

3,0 ± 1,2

2,9 ± 1,0

AUC = қисық астындағы аудан (фактор VIII:C), Т 1/2 = ақырғы жартылай шығарылу кезеңі,

IVR = инкрементальді in vivo қалпына келтіру, CL = клиренс, СА = стандартты ауытқу

2 кесте. Ауыр А гемофилиясы бар, бұрын емделген 6-дан 12 жасқа дейінгі балалардағы (n=12) Нувиктің (дозасы: 50 ХБ/кг) ФК-параметрлері

ФК параметрі

Хромогендік талдама

Ұюдың бір сатылы талдамасы

Орташа ± СА

Орташа ± СА

AUC (сағ. * ХТ / мл)

13,2 ± 3,4

11,8 ± 2,7

Т 1/2 (сағ.)

10,0 ± 1,9

13,1 ± 2,6

IVR (% / ХБ /кг)

1,9 ± 0,4

1,6 ± 0,4

CL (мл / сағ. / кг)

4,3 ± 1,2

4.1 ± 0,9

AUC = қисық астындағы аудан (фактор VIII:C), Т 1/2 = ақырғы жартылай шығарылу кезеңі,

IVR = инкрементальді in vivo қалпына келтіру, CL = клиренс, СА = стандартты ауытқу

3 кесте. Ауыр А гемофилиясы бар, бұрын емделген 2-ден 5 жасқа дейінгі балалардағы (n=13) Нувиктің (дозасы: 50 ХБ/кг) ФК-параметрлері

ФК параметрі

Хромогендік талдама

Ұюдың бір сатылы талдамасы

Орташа ± СА

Орташа ± СА

AUC (сағ. * ХБ / мл)

11,7 ± 5,3

10,1 ± 4,6

Т 1/2 (сағ.)

9,5 ± 3,3

11,9 ± 5,4

IVR (% / ХБ /кг)

1,9 ± 0,3

1,6 ± 0,2

CL (мл / сағ./ кг)

5,4 ± 2,4

5,4 ± 2,3

AUC = қисық астындағы аудан (фактор VIII:C), Т 1/2 = ақырғы жартылай шығарылу кезеңі,

IVR = инкрементальді in vivo қалпына келтіру, CL = клиренс, СА = стандартты ауытқу

Балалар

Әдебиеттерден белгілі болғандай, кішкентай балалардағы жартылай шығарылу кезеңі ересектерге қарағанда төмен және клиренсі жоғары, бұл өте жастау пациенттерде дене салмағының әр килограмына шаққанда плазма көлемінің белгілі бір артуымен байланысты болуы мүмкін.

Дене салмағы бойынша түзетілген қосалқы топтар

4 кесте. Ауыр А гемофилиясы бар, бұрын емделген (18-65 жас) ересектердегі (n=20) дене салмағының түзетілуімен бірге Нувиктің (дозасы: 50 ХБ/кг) ФК-параметрлері

ФК параметрі

Барлығы (n = 20)

Қалыпты салмақ (n = 14)

Семіздік алды (n = 4)

Семіздік

(n = 2)

Хромогендік талдама Орташа ± СА

AUC (сағ. * ХБ / мл)

22,6 ± 8,0

20,4 ± 6,9

24,9 ± 8,9

33,5 ± 6,5

Т 1/2 (сағ.)

14,7 ± 10,4

14,7 ± 12,1

13.4 ± 5.9

17,2 ± 4,8

IVR (% / ХБ /кг)

2,5 ± 0,4

2,4 ± 0,4

2,7 ± 0,4

2,8 ± 0,3

CL (мл / сағ. / кг)

3,0 ± 1,2

3,2 ± 1,3

2.6 ± 1.0

1,8 ± 0,4

Ұюдың бір сатылы талдамасы Орташа ± СА

AUC (сағ. * ХБ / мл)

18,0 ± 5,6

17,2 ± 5,4

19.0 ± 7.5

21,9 ± 3,0

Т 1/2 (сағ.)

17,0 ± 11,8

17,9 ± 13,8

14,6 ± 6,2

15,6 ± 5,6

IVR (% / ХБ /кг)

2,2 ± 0,3

2,2 ± 0,3

2,3 ± 0,3

2,2 ± 0,2

CL (мл / сағ. / кг)

2,9 ± 1,0

3,1 ± 1,0

2,8 ± 0,9

2,2 ± 0,3

Қалыпты салмақ: ИМТ 18.5-25 кг/м 2, Семіздік алды: ИМТ 25-30 кг/м 2, Семіздік: ИМТ> 30 кг/м 2, СА = Стандартты ауытқу

Фармакодинамикасы

Нувик – адамның рекомбинантты қан ұюының VIII факторы. HEK293F желісі, тегі бүйректік, генетикалық тұрғыдан модификацияланған, адамның эмбриональді жасушаларында рекомбинантты ДНҚ технологиясының жәрдемімен жасалады. VIII фактордың қалыпты гемостазында өзінің спецификалық белсенділігін Виллебранд факторымен бір кешенде жүзеге асырады. Орнын алмастыру емінде және сыртқа енгізгенде препараттың VIII факторы гемофилиясы бар науқастың қан ағынындағы Виллебранд факторымен қалыпты түрде байланысады.

Белсенді VIII фактор IX факторды белсендіру үшін кофактор болып табылады, сондай-ақ Х фактордың белсенді формаға ауысуын жылдамдатады. Белсендірілген Х фактор протромбиннің тромбинге ауысуына мүмкіндік береді. Тромбин өз кезегінде фибриногеннен фибриннің түзілуіне мүмкіндік береді, бұл тромбтың түзілуіне әкеледі.

А гемофилия – жыныспен байланысты, қан плазмасында VIII фактор деңгейінің төмендеуі себебінен дамитын қан ұюдың тұқым қуалаған бұзылуы, буындарға, жұмсақ тіндерге немесе ішкі ағзаларға қан құйылу симптомдарымен көрініс береді, бұл өздігінен болуы немесе байқаусызда жарақаттану немесе хирургиялық араласымдар нәтижесінде жүруі мүмкін. Нувик препаратын енгізу тиімді гемостаз үшін қажетті болатын VIII ұю факторының тапшылығының уақытша орнын алмастыруды қамтамасыз етеді.

Балалар

Деректер бұрын емделген 2-ден 5 жасқа дейінгі 29 баладан, 6-дан 12 жасқа дейінгі 31 баладан және 14 жастағы бір жасөспірімнен алынды. Профилактикалық инфузияның орташа дозасы 37,8 ХБ/кг құрады. Жиырма пациент 45 ХБ/кг шамадан астам дозаны қабылдады. Профилактика үшін Нувиктің айына жұмсалатын шығыны 521,9 ХБ/кг құрады. Нувиктің өте жоғары дозалары ересектерге (33,0 ХБ/кг) қарағанда, балаларда (43,9 ХБ/кг) қан кетулерді емдеу үшін қажет болды, және аз дозаларға қарағанда өте жоғары дозалары орташа және ауқымды қан кетулерді емдеу үшін қажет болды (41,7 ХБ/кг шамасымен салыстырғанда 78,2 ХБ/кг). Жасы кіші балаларға жоғары дозалар қажет болады (6-12 жас: 43.9 ХБ/кг; 2-5 жас: 52,6 ХБ/кг).

Қолданылуы

- А гемофилиясы (VIII фактордың туа біткен тапшылығы) бар науқастарда қан кетуді емдеуде және профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеу гемофилиямен науқастарды емдеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Орнын алмастыру емінің дозасы және ұзақтығы VIII фактор тапшылығының дәрежесіне, қан кетулердің орналасқан жеріне және қарқындылығына, сондай-ақ науқастың клиникалық жағдайының ауырлығына байланысты.

Енгізілетін VIII фактор мөлшері Халықаралық Бірліктермен (ХБ) анықталады, ол VIII фактор препараттары үшін Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) жалпыға бірдей стандартына сәйкес келеді. Плазмадағы VIII фактордың белсенділігі пайызбен (адамның қалыпты плзмасына сәйкес келеді), немесе Халықаралық Бірліктермен (плазмада VIII фактор Халықаралық Стандартқа сәйкес келеді) анықталады.

VIII фактор белсенділігінің бір Халықаралық Бірлігі (ХБ) адамның қалыпты плазмасының 1 мл-дегі VIII фактор мөлшеріне тең болады. VIII фактордың қажетті дозасын есептеу эмпириялық деректерге негізделеді, ол дене салмағының әр кг шаққанда VIII фактордың бір Халықаралық Бірлігі (ХБ) плазмадағы VIII фактор белсенділігін шамамен 2%-ге немесе 2 ХБ/дл шамасына арттырады.

Препараттың дозасын мына формула бойынша есептейді:

1 формула:

Қажет етілетін доза (ХБ) = дене салмағы (кг) х VIII фактордың қалауынша (%) жоғарылауы х 0,5 (ХБ/дл шамасындағы ХБ/кг).

2 формула:

VIII фактордың күтілетін жоғарылау %-ы = (енгізілген ХБ мөлшері х 2) / дене салмағы (кг).

Әрбір нақты жағдайда препараттың жалпы дозасы мен енгізу жиілігі клиникалық тиімділігімен әрдайым өзара байланыста болуы тиіс.

Қан кетудің келесі жағдайларында VIII фактордың белсенділігі тиісті кезеңде плазма белсенділігінің аталған деңгейінен (қалып %-нан немесе ХБ/кг) төменге түсіп кетпеуі тиіс. Төменде берілген кесте қан кетулерде және хирургиялық араласымдарда ұсынылған дозада пайдаланылуы мүмкін:

Қан кету ауырлығы/

Хирургиялық араласым типі

Қандағы VIII фактор белсенділігінің қажетті деңгейі

(%) (ХБ/дл)

Енгізу жиілігі және емдеу ұзақтығы

Қан кетулер

Басталған

гемартроз, жұмсақ тіндерге қан құйылу немесе ауыз қуысының шырышты қабығының қанағыштығы.

Өте айқын гемартроз, қан кету немесе жұмсақ тіндердің гематомасы

Өмірге қауіп төндіретін қан кетулер және қан құйылулар

20-40

 

30-60

 

60-100

Қан кету тоқтағанға дейін (немесе ауыруын басу үшін) немесе жара жазылғанға дейін әрбір 12-24 сағат сайын (ең кемінде 1 күн)

Ауыру немесе еңбекке жарамдылықтың бұзылуы тоқтағанға дейін инфузияны 3-4 күн және одан көбірек әрбір 12-24 сағат сайын қайталау керек.

Қауіп жойылғанға дейін инфузияны әрбір 8-24 сағат сайын қайталау керек.

Хирургиялық араласымдар

Кіші хирургиялық араласымдар, тіс жұлуды қоса

Үлкен хирургиялық араласымдар

30-60

80-100

(операция алды - және пост- операциялық)

Жаралар толық жазылғанға дейін әрбір 24 сағат сайын (ең кемінде 1 күн).

Жара жазылғанға дейін инфузияны әрбір 8-24 сағат сайын қайталау керек, содан кейін емдеуді, VIII факторды 30-60% деңгейде (ХБ/дл.) сақтай отырып, ең кемінде 7 күн бойы жалғастырады.

Профилактикасы

А гемофилияның ауыр түрі бар науқастарда қан кетудің ұзақ мерзімдік профилактикасы үшін әдеттегі дозалар әрбір 2-3 күн сайын дене салмағының әр кг шаққанда 20-дан 40 ХБ дейінгі VIII факторды құрайды. Кейбір жағдайларда, әсіресе жас пациенттерде, енгізулер арасында аз аралықтар немесе үлкен дозалар қажет болуы мүмкін.

Емдеу курсы ішінде препарат дозасын және оның енгізу жиілігін түзету үшін VIII фактор белсенділігін анықтау керек. Үлкен хирургиялық араласым жағдайында әсіресе орнын алмастыру емінің нақты мониторингі қажет, ол коагулограмманы және VIII фактор белсенділігін зерттеуді тұспалдайды. Жекелеген пациенттер VIII факторды енгізуге клиникалық жауабы бойынша ерекшеленуі және VIII фактордың жоғарылауының және оның жартылай шығарылу кезеңінің әртүрлі деңгейін көрсетуі мүмкін.

Балалар

Балалар мен ересектерде қолдану тәсілдері бірдей болады, алайда балалар үшін дозалаудың өте қысқа аралықтары немесе өте үлкен дозалары қажет болуы мүмкін.

2 жасқа дейінгі балалар үшін деректер жоқ.

Минутына 4 мл-ден асырмай енгізу ұсынылады.

Препарат жанына салынған еріткішпен (инъекцияға арналған 2,5 мл су) және инфузияға арналған жинақпен қалпына келтірілгеннен кейін көктамыр ішіне енгізіледі.

Дайындау және енгізу жөніндегі нұсқаулық

1) Жабық құтылардағы еріткіш (инъекцияға арналған су) және ұнтақты бөлме температурасына дейін жеткізу керек. Сіз мұны, оларды сіздің қолыңыздың жылуы сияқты болғанша қолыңызға ұстай отырып, жасай аласыз. Құтыны және алдын ала толтырылған еккішті жылытудың кез келген басқа тәсілін пайдалануға болмайды. Бұл температура қалпына келтіру уақыты ішінде сақталуы тиіс.

2) Резеңке тығынның орталық бөлігін қыса отырып, ұнтақтың құтысынан пластик флип-топ қалпақшаны алып тастау керек. Сұр тығынды немесе құтының жоғарғы бөлігінің айналасындағы металл сақинаны алмау керек.

Прикрепленные файлы

922329701477976332_ru.doc 196.87 кб
018129471477977587_kz.doc 297.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники