Носпрей® (0,1%)

МНН: Нафазолин
Производитель: ЛеКос ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Naphazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020389
Информация о регистрации в РК: 18.01.2018 - 18.01.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Носпрей®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нафазолин

Дәрілік түрі

Мұрын спрейі 0,05% 10 мл және 0,1% 15 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында белсенді зат - 0.5 мг немесе 1.0 мг нафазолин гидрохлориді,

қосымша заттар: бор қышқылы 18.0 мг, бензалконий хлоридінің 50 % ерітіндісі (100% затқа шаққанда), пропиленгликоль, повидон (ПВП), натрий тетрабораты рН 4.8 – 6.8 дейін, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Түссіз немесе сарғыш мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Мұрынға арналған препараттар.

Антиконгестанттар және мұрынға жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар. Симпатомиметиктер. Нафазолин

АТХ коды R01АА08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Нафазолиннің емдік әсері препаратты мұрын ішіне енгізгеннен кейін 5 минуттан соң дамиды және 4-6 сағатқа дейін созылады.

Беткейлік тамырлардың тарылуы арқасында көбіне жергілікті әсер етеді, бұл препараттың сіңуіне және резорбциялық әсеріне кедергі келтіреді. Ұзақ және жиі қолданған кезде ішінара сіңеді және резорбциялық адреномиметикалық әсерлері (артериялық қысымның жоғарылауы) байқалады. ГЭБ (гематоэнцефалдық бөгет) арқылы өтпейді.

Фармакодинамикасы

Нафазолин симпатикалық жүйке жүйесінің альфа-адренорецепторларына тікелей көтермейтін әсер бере отырып, альфа2-адреномиметиктерге жатады. Мұрын ішіне енгізген кезде мұрын қуысы, мұрын-жұтқыншақ және мұрын қуысы қосалқы қойнаулары шырышты қабықтарының тамырларына қатысты жылдам және ұзаққа созылатын вазоконстрикторлық әсер береді – ісіну мен гиперемияны азайтады, осыған орай мұрын жолдарының өткізгіштігі жақсарып, мұрынмен дем алу жақсарады.

Қолданылуы

- шығу тегі әр түрлі жедел ринитте

- ортаңғы отит – мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуін азайту үшін қосымша дәрі ретінде

- гаймор қойнауларының қабынуында

- евстахеитте

Қолдану тәсілі және дозалары

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға 0,05% ерітіндіні әр мұрын қуысына 1 бүркуден күніне 1-2 рет тағайындайды.

6-дан 15 жасқа дейінгі балаларға 0,05% ерітіндіні әр мұрын қуысына 2 бүркуден күніне 1-2 рет тағайындайды.

15 жастан асқан балаларға және ересектерге 0,1% ерітіндіні әр мұрын қуысына 1 бүркуден күніне 3 рет тағайындайды.

Препаратты қолдану аралығы 4-6 сағаттан кем болмауы керек.

Емдеу курсы ересектерде 1 аптадан аспайды, балаларда 3 күннен аспайды. Қайталап қолданар алдында бірнеше күнге үзіліс жасау қажет.

Жағымсыз әсерлері

Ұсынылған дозада қолданған кезде әдетте препараттың жағымдылығы жақсы.

Сирек

– тітіркену және реактивті гиперемия, мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуі

аса сирек

– жүрек айнуы

– тахикардия

– артериялық қысымның көтерілуі

– бас ауыруы

кейде

– мұрын шырышты қабығының ісінуі (1 аптадан аса қолданғанда), атрофиялық ринит

Жүйелік жағымсыз әсерлері тек адреномиметиктерге жоғары сезімталдығы бар адамдарда ғана болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа және оның құрамдастарына жекелей жоғары сезімталдық

- жабық бұрышты глаукома

- ауыр көз аурулары

- артериялық гипертензия

- тахикардия

- айқын атеросклероз

- тиреотоксикоз

- созылмалы ринит

- атрофиялық ринит

- қант диабеті

- моноаминоксидаза тежегіштерін немесе үшциклді антидепрессанттарды бір мезгілде қабылдау және оларды қабылдау аяқталған соң 14 күнге дейінгі кезең

- 2 жасқа дейінгі балалар (0,05% ерітінді үшін) және 15 жасқа дейінгі балалар (0,1% ерітінді үшін) Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жергілікті жансыздандыратын дәрілердің сіңуін баяулатады (беткейлік анестезия жүргізгенде олардың әсерін ұзартады). Үшциклді антидепрессанттармен (мапротилин) және МАО тежегіштерімен (ниаламид, бефол) үйлеспейді - артериялық қысымның көтерілуі мүмкін, бұл нафазолиннің әсерінен жинақталған катехоламиндердің босап шығуына байланысты. Ішу арқылы тағайындалған гипотензивтік дәрілердіің емдік белсенділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Жүрек-қантамырлық және неврологиялық жағымсыз құбылыстардың (гипертензия, аритмия, жүректің қағуы, бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық) туындау мүмкіндігін ескере отырып, Носпрей® препаратының қолдануға ұсынылған дозасын жоғарылатпаған жөн.

Ұзақ қолданғанда әсері (төзімділігінің дамуы) біртіндеп төмендейді. Препарат құрамына кіретін пропиленгликоль және повидон (ПВП) мұрынның шырышты қабығын шамадан тыс құрғаудан сақтайды. Симпатомиметиктерге (галотан) миокард сезімталдығын жоғарылататын, әсіресе бронх демікпесі бар науқастарда, анестетиктерді қолданып жалпы анестезия жүргізу кезінде сақ болу қажет.

Ерітіндіні ластамау үшін құты-спрейді тығыз жабылған күйде сақтаңыз және ұшын қандай да бір беткейге тигізіп алмаңыз. Жүктілік және лактация кезеңіНафазолиннің плаценталық бөгет арқылы, сондай-ақ емшек сүтіне өтуі жайында деректер жоқ.Препаратты тек қатаң көрсетілімдер бойынша жүктілік және лактация кезеңінде анасы үшін күтілетін емдік әсері ұрық немесе балаға қатысты жағымсыз әсерлердің ықтимал қатерінен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.Педиатрияда қолданылуы2 жасқа дейінгі балаларға дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ. Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет.

Артық дозалануы

Носпрей® дәрілік препаратының артық дозалану қаупі (жұтып қойған жағдайда) жасы кіші балаларда болуы ықтимал. Орталық жүйке жүйесін бәсеңдетуі мүмкін.

Симптомдары: ұйқышылдық, әлсіздік, дене температурасының төмендеуі, тер бөлінудің артуы, брадикардия, артериялық қысымның көтерілуі немесе оның кейіннен төмендеуі.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы 10 мл (0.05 % доза үшін) және 15 мл (0.1 % доза үшін) полиэтилен спрей-құтыда. Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге алғашқы ашылуы бақыланатын картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақталу мерзімі - 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

e-mail: lecos1@mail.ru

www.lecos.kz

Прикрепленные файлы

043449591477976813_ru.doc 57 кб
284083851477977979_kz.doc 85 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники