Носид (Таблетки жевательные)

МНН: Комбинированный препарат, содержащий гидроокись алюминия, гидроокись магния
Производитель: Аджио Фармацевтикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Стандартные комбинации соединений
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019300
Информация о регистрации в РК: 03.05.2018 - 03.05.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 19.02 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Носид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 400,0 мг алюминий гидроксидінің құрғақ гелі

400,0 мг магний гидроксиді,

қосымша заттар: маннитол, повидон (PVP K-30), сұйық сорбитол (70% кристалданбаған), натрий сахаринаты, сахароза, 2-пропанол, сукралоза, тазартылған су, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, жалбыз дәмдеуіш қоспасы/капсулданған жалбыз дәмдеуіш қоспасы (KAL-5541), магний стеараты.

Сипаттамасы

Жағымды дәмімен шеті қиғашталған теңбілдері бар, ақ түсті, беткейі тегіс, дөңгелек түрдегі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қышқылдылықтың бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Алюминий, кальций және магний препараттарының біріктірілімі.

АТХ коды A02AD01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Магний және алюминий гидроксидтері – жергілікті әсер етуші, жүйелі емес антацидті дәрілер, қалыпты жағдайда пайдаланған кезде сіңуі елеусіз. Носид шайнайтын таблеткалары асқазан-ішек жолынан нашар сіңеді. Бейтараптандыру үдерісінде магний және алюминий иондары елеусіз дәрежеде босап шығады. Ішек арқылы өту кезінде негізінен олар қиын еритін фосфатқа өзгереді және сол күйінде нәжіспен шығарылады. Магний және алюминий иондарының кейбір мөлшері сіңеді, ол қан плазмасындағы алюминий концентрациясының уақытша жоғарылауына және оның бүйректен шығарылуын арттыруға әкеледі. Қан плазмасындағы алюминий деңгейі уыттану диапазонынан төмен болып қалады және емдеуді тоқтатқаннан кейін 3-5 күн ішінде қалыпты мәнге оралады. Магнийдің аздаған фракциясы сіңеді. Қан плазмасындағы магний концентрациясы, әдетте, бүйрек арқылы шығатындықтан тұрақты болып қалады. Бүйрек қызметі бұзылған және үлкен дозада ұзақ уақыт қабылдаған жағдайда гипермагниемияның және тіпті магниймен уыттану орын алуы мүмкін; одан басқа, әсіресе, жүйке және сүйек тіндерінде алюминийдің жинақталуы біртіндеп түзілуі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Носид асқазан сөліндегі тұз қышқылын бейтараптандыра отырып асқазан мен он екі елі ішектің, өңештің шырышты қабығын қорғайды. Носид шырышты қабыққа зақым беретін факторлардың әсер етуін азайта отырып адсорбциялайтын және бүркемелеуші әсерге ие.

Алюминий гидроксиді мен магний гидроксидін үйлестіру қышқылға қарсы белсенді заттардың әртүрлі реакцияларын пайдаланады.

Магний гидроксиді асқазан ішіндегі рН-тың физиологиялық емес мәндердің (рН 7-8) шегінде тез әрі қысқа мерзімде артуына әкеледі, осы кезеңде алюминий гидроксиді өзін ғана пайдалануы үшін тым әлсіз болып келеді. Қос гидроксиді біріктірілімі жалпы жиынтығы алюминий мен магнийдің жалпы санына тең болатын протондардың ұзақ байланысуына әкеледі. Магний мен алюминийдің гидроксиді түрлі жолдармен ішектің жиыру қабілетіне әсер етеді. Магний гидроксиді іш жүргізетін әсерге ие, ал алюминий гидроксиді ішті қатыруға әкеледі.

Носид рентгендік сәулелендіру үшін өтімді. Бір дозаның жалпы антацидтік қабілеттілігі (рН 1 кезінде титрлену) 14,71 ммоль Н+ (Vatier әдісі бойынша).

Қолданылуы

- ересектер мен 15 жастан асқан балаларда қышқылды кекіру мен қыжылда.

Қолдану тәсілі мен дозалары

15 жастан асқан балалар мен ересектер:

Қыжыл және қышқылды кекіру кезінде 1-2 таблеткадан сору немесе шайнау керек.

Күніне ең жоғарғы доза: 6 доза (1 дозаның құрамы 1-2 таблетка; осыған байланысты, 6 доза х 1-2 таблетка = күніне 6 - 12 таблетка).

Күніне 12 таблеткадан асырып қабылдауға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

  • іш қату, нәжіс консистенциясының өзгеруі, жүрек айнуы, құсу, дәм сезінудің өзгеруі

  • аллергиялық реакциялар

Басқалары:

  • жоғары дозада жиі қабылдаған кезде асқазан сөлінісінің компенсаторлы гиперсекрециясы

  • препаратты ұзақ уақыт қабылдаған кезде бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда гипермагниемия және гиперкальциемия

  • бұл препараттың құрамында алюминий бар болғандықтан ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін немесе препаратты жоғары дозада қабылдағаннан кейін гипофосфатемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • бүйрек қызметінің айқын бұзылуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қолдану кезіндегі сақтық шараларын талап ететін біріктірілімдер

Бір мезгілде қабылданған дәрілік препараттардың гастроинтестинальді сіңуінің төмендегені байқалған. Сақтық шаралары ретінде антацидтерді және басқа дәрілік заттарды қабылдау аралығын сақтаған жөн. Осы препаратты және мынадай дәрілік заттарды: Н2-антигистаминді дәрілер, туберкулёзге қарсы препараттар: этамбутол, изониазид (пероральді), атенолол, метопролол, пропранолол, хлорохин, циклиндер, дифлунизал, дигоксин, дифосфонаттар, фексофенадин, темір (тұзы), фторхинолондар, фторлы натрий, глюкокортикоидты препараттар (преднизолонмен және дексаметазонмен байланысты сипатталған), индометацин, кейиксалат, кетоконазол, ланзопразол, линкозамидтер, фенотиазинді нейролептиктер, пеницилламин, фосфор (қоспалар), тироксинді қабылдау аралығы 2 сағаттан артық болуын сақтаған жөн.

Ескерілуі керек біріктірілімдер

салицилаттар (несептің сілтіленуінің салдарынан бүйректен салицилаттар шығарылуының күшеюі).

Айрықша нұсқаулар

Науқастар мынадай жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге жүгінулері мүмкін:

- дене салмағы төмендегенде

- жұтыну қиындағанда және іштегі жайсыздықты тұрақты сезінгенде

- алғаш рет пайда болған ас қорытудың бұзылуы немесе бұрыннан бар ас қорыту бұзылуының өзгерістерінде

- бүйрек жеткіліксіздігі.

Бұл дәрілік препараттың құрамында сорбитол және сахарозаның бар екендігін ескере отырып, фруктозаны көтере алмайтын, глюкоза-галактоза малабсорбция синдромы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы бар науқастарға ұсынылмайды; қант диабеті бар науқастарға абайлап қолдану ұсынылады.

Қолдану кезіндегі сақтық шаралары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе созылмалы диализде жүрген науқастар, препараттың құрамында алюминий бар екендігін (энцефалопатияның даму қаупін) ескерулері керек.

Егер емдеу кезінде симптомдар 10 күннен астам сақталатын болса немесе жағдайдың нашарлағаны байқалса, ауру этиологиясын тексеру және емдеуді қайта қарау керек.

Педиатрияда қолдану

15 жасқа дейінгі балаларда магний гидрохлориді мен алюминий гидроксидін қабылдау тәжірибесі жөніндегі жарияланған клиникалық деректер шектеулі.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде препарат тек қажет болған жағдайда ғана қолданылады. Емдеу кезеңінде бала емізуді жалғастыруға болады.

Автокөлікті және техниканы басқару қабілетіне әсер етуі

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты ұзақ уақыт және жоғары дозада қабылдау гиперкальциемияға әкелуі мүмкін, ол препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтады.

Емі: белгісіне қарай емдеу (магниймен артық дозаланған кезде регидратация, қарқынды диурез жүргізіледі; бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында гемодиализ немесе перитонеальді диализ қажет).

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді 2 қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Аджио Фармацевтикалз Лтд» (Agio Pharmaceuticals Ltd), Үндістан

T-82, M.I.D.C., Bhosari, Pune – 411 026, Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Аджио Фармацевтикалз Лтд», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Авицена-ЛТД» ЖШС, Алматы қ-сы, Жангелдин к-сі, 31, 416 кеңсе

Тел./факс: (727) 278 59 20, 278 59 21, 278 59 67

e-mail: reg@avitsena.kz

 

 

Прикрепленные файлы

968038941477977018_ru.doc 54.5 кб
540376361477978202_kz.doc 67.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники