Нормег

МНН: Леветирацетам
Производитель: Зентива к.с.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levetiracetam
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022382
Информация о регистрации в РК: 23.09.2016 - 23.09.2021
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Нормег

Халықаралық патенттелмеген атауы

Леветирацетам

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг, 500 мг және 1000 мг таблеткалар

Құрамы

белсенді зат - 250 мг, 500 мг немесе 1000 мг леветирацетам

қосымша заттар: повидон 30, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий стеарил фумараты

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 2910/5, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), симетикон эмульсиясы (тазартылған су, полиметилсилоксан (диметикон), метилцеллюлоза, сорбик қышқылы), индигокармин алюминий лагы (Е 132) (250 мг дозасы үшін ғана), темірдің сары тотығы (Е 172) (500 мг дозасы үшін ғана)

Сипаттамасы

Көгілдір түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, таблетканың екі жақ бетінде де сындыруға арналған сызығы бар сопақша пішінді таблеткалар, таблетканың ұзындығы – 12.6 мм-ге жуық, ені – 6.1 мм-ге жуық (250 мг дозасы үшін)

Сары түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, таблетканың екі жақ бетінде сындыруға арналған сызығы бар ұзынша келген таблеткалар, таблетканың ұзындығы – 16.1 мм-ге жуық, ені – 7.6 мм-ге жуық (500 мг дозасы үшін)

Ақ немесе ақ дерлік түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, таблетканың екі жақ бетінде сындыруға арналған сызығы бар, ұзынша келген таблеткалар, таблетканың ұзындығы – 19.1 мм-ге жуық, ені – 10.1 мм-ге жуық (1000 мг дозасы үшін)

Фармакотерапиялық тобы

Эпилепсияға қарсы препараттар. Эпилепсияға қарсы басқа да препараттар. Леветирацетам.

ATХ коды N03AX14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ересектер және жасөспірімдер

Сіңуі

Леветирацетам ішке қабылдаған кезде АІЖ-ден тез сіңеді, абсолютті биожетімділігі 100%-ға жуық.

Қабылдағаннан кейін 1,3 сағаттан соң препарат плазмада ең жоғары шектегі концентрациясына (Cmax) жетеді. Препаратты күніне екі реттік режимде қабылдағанда стационарлы концентрацияға жетеді.

Препараттың ең жоғары шектегі концентрациясы (Cmax) жекелеген 1000 мг дозада қабылдағаннан кейін 31 µг/мл; дозаны қайталап қабылдағаннан кейін 43 µг/мл құрайды. Сіңу көлемі дозаға байланысты және тамақ ішуге байланысты емес.

Таралуы

Препараттың адам тіндерінде таралуына қатысты деректер жоқ. Леветирацетамның да, оның алғашқы метаболитінің де плазмалық ақуыздармен елеулі байланысы болмайды (< 10%).

Леветирацетамның таралу көлемі (Vd) шамамен 0,5 - 0,7 л/кг тең, мәні организмдегі судың жалпы көлеміне жуық.

Метаболизмі

Леветирацетам адам организмінде баяу метаболизденеді. Метаболизмінің негізгі механизмі (дозаның 24%-ы) ацетамидтік топтың ферментативтік гидролизі болып табылады, оның метаболиттері қан денешіктерін қоса, тіндердің көбісінен табылады. Бауырдың Р450 цитохромының изоферменттері негізгі метаболиттің (ucb L057) түзілуіне қатыспайды. ucb L057 метаболиті фармакологиялық тұрғыдан белсенді емес.

Сондай-ақ қосалқы 2 метаболит табылды. Біріншісі пирролидон сақинасының гидроксилденуі есебінен түзіледі (дозаның 1.6%-ы), екіншісі пирролидон сақинасының ашылу жолымен түзіледі (дозаның 0.9%-ы).

Идентификацияланбаған басқа да метаболиттер дозаның тек 0.6%-ын ғана құрайды. Леветирацетамның және оның негізгі метаболитінің in vivo оптикалық изомеризациясы байқалған жоқ.

Леветирацетам және оның негізгі метаболиті адам бауырының Р450 цитохромының негізгі (CYP3A4, 2А6, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 1А2 изоферменттерін, глюкуронилтрансферазаны (UGT1A1 және UGT1A6) және эпоксидгидроксилазаны in vitro тежемейді. Леветирацетам сондай-ақ вальпрой қышқылының in vitro глюкурондалуына ықпалын тигізбейді.

Адамның гепатоциттерінің жасушалық өсіріндісінде леветирацетам CYP1A2, SULT1E1 және UGT1A1 изоферменттерінің белсенділігіне әлсіз ықпалын тигізеді немесе тіпті ықпалын тигізбеді. Леветирацетам CYP2B6 және CYP3A4 изоферменттерінің белсенділігін баяу индукциялады. Пероральді контрацептивтермен, дигоксинмен және варфаринмен in vivo дәрілік өзара әрекеттесуі жөнінде деректер ферменттердің in vivo маңызды индукциясы күтілмейтіндігін көрсетеді. Сондықтан леветирацетамның басқа заттармен өзара әрекеттесуі, немесе керісінше, екіталай.

Шығарылуы

Ересектерде жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) 7±1 сағ. құрайды және дозаға, енгізу жолына немесе қолдану ұзақтығына байланысты емес. Орташа жалпы клиренсі 0.96 мл/мин/кг құрайды.

Элиминацияның негізгі жолы несеппен бірге шығарылуы болып табылады (дозаның 95%-ға жуығы, оның ішінде 93%-ы 48 сағ. ішінде шығарылады). Нәжістермен шығарылуы қабылданған дозаның тек 0.3%-ын ғана құрайды.

Леветирацетамның және оның негізгі метаболитінің жалпы экскрециясының шамасы алғашқы 48 сағат ішінде қабылданған дозаның, сәйкесінше, 66%-ын және 24%-ын құрайды. Леветирацетамның және оның ucb L057 метаболитінің бүйректік клиренсі, сәйкесінше, 0.6 және 4.2 мл/мин/кг құрайды, ол леветирацетам экскрециясының шумақтық фильтрация арқылы, әрі қарай өзекшелік кері сіңу арқылы жүретіндігін, ал негізгі метаболитінің шумақтық фильтрация жолымен қатар, белсенді өзекшелік секреция жолымен жүретіндігін айғақтайды.

Леветирацетамның шығарылуы креатинин клиренсімен (КК) өзара байланысты.

Жынысы, нәсілі

Жынысы және нәсілі леветирацетамның фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Тұрғындардың ерекше топтарындағы шығарылуы

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде T1/2 40%-ға (10-11 сағ. дейін) артады, ол тұрғындардың осы тобында бүйрек функциясының төмендеуінен болады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Леветирацетамның және оның негізгі метаболитінің клиренсі креатинин клиренсіне байланысты. Осыған байланысты бүйрек функциясының орташа және ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың тәуліктік дозасын КК-ге байланысты түзету ұсынылады.

Бүйрек функциясының терминальді жеткіліксіздігі бар ересек пациенттерде T1/2 гемодиализ сеанстары арасындағы аралықтар 25 сағ.құрайды және сол емшараның ішінде 3.1 сағ. құрайды.

Гемодиализдің әдеттегі төрт сағаттық сеансы ішінде леветирацетамның 51%-ға жуығы жойылады.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде леветирацетамның клиренсі аздап өзгереді. Бауыр функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар көптеген пациенттерде леветирацетамның клиренсі 50%-дан астамға төмендейді, ол бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің қатар жүруінен болады.

4-тен 12 жасқа дейінгі балалар

Препаратты 20 мг/кг дозада бір реттік қабылдаудан кейін леветирацетамның жартылай шығарылу кезеңі T1/2 6-12 жастағы балаларда 6 сағ. құрайды. Дене салмағы бойынша түзетілген болжамды клиренсі эпилепсиясы бар ересектердегі осындайдан 30%-ға артық болады.

Препаратты тәулігіне 20-60 мг/кг дозада қайталап қабылдағаннан кейін леветирацетамның сіңірілуі 4-12 жастағы балаларға тез жүреді. Қабылдағаннан кейін 0.5-1 сағ. ішінде препарат плазмада ең жоғары шектегі концентрациясына Cmax жетеді. Cmax және AUC дозаға байланысты сипатқа ие және дозаға пропорционалды. Препараттың жартылай шығарылу кезеңі T1/2 5 сағ. құрайды. Шамамен алынған клиренсі - 1.1 мл/мин/кг.

Фармакодинамикасы

Леветирацетам пирролидон туындысы (S-энантиомер α-этил-2-оксо-1-пирролидинацетамид) болып табылады және химиялық құрылысы бойынша құрысуға қарсы басқа заттардан айырмашылығы бар.

Әсер ету механизмі

Леветирацетамның әсер ету механизмі ақырына дейін анықталмаған, бірақ ол құрысуға қарсы басқа заттардың әсер ету механизмінен айырмашылығы бар. Іn vitro және in vivo эксперименттерде леветирацетам жасушалардың негізгі қасиеттеріне және қалыпты нейротрансмиссияға ықпалын тигізбейдігін көрсетті.

Іn vitro зерттеулерде леветирацетам N-типті кальций ағындарын ішінара төмендете отырып және нейрондардың жасушаішілік қорынан кальций иондарының босап шығуын азайта отырып, нейрондар ішінде кальций иондарының концентрациясын өзгертетінін көрсетті. Осыған қосымша, леветирацетам ГАМК- және глицин өзекшелері ағынының мырыш және β-карболиндер әсерімен азаюын ішінара жояды.

Әсер етуінің жорамалданған механизмдерінің бірі мидағы және жұлындағы сұр затта болатын SV2A синапстық везикулаларының гликопротеинімен дәлелденген байланысына негізделеді. Нейрондық белсенділіктің гиперсинхронизациялануына жол бермеумен білінетін құрысуға қарсы әсері шамамен осы арқылы түсіндіріледі. Бұдан басқа, леветирацетам ГАМК- және глицин рецепторларына әсер ете отырып, оларды эндогендік қосылыстар арқылы модуляциялайды. Леветирацетам қалыпты нейротрансмиссияға ықпалын тигізбейді, бірақ ГАМК бикукуллині агонисімен индукцияланатын эпилепсия тәрізді нейрональді өршуді, сондай-ақ глутаматты рецепторлардың қозуын басады. Препараттың белсенділігі фокальді де, сонымен қатар жайылған эпилепсиялық ұстамаларға да (эпилепсия тәрізді біліністер/фотопароксизмальді) қатысты дәлелденді.

Қолданылуы

Монотерапия ретінде:

-эпилепсия алғаш диагностикаланған ересектер мен 16 жастағы және одан үлкен жасөспірімдердегі екіншілік жайылуы бар және онсыз парциальді ұстамаларды емдегенде

Қосымша ем ретінде:

- эпилепсиясы бар ересектер, жасөспірімдер мен 1 жастан асқан балалардағы екіншілік жайылуы бар және онсыз парциальді ұстамаларды емдегенде;

- ересектер мен ювенильді миоклонустық эпилепсиясы бар 12 жастан асқан балалардағы миоклонустық құрысуларды емдегенде;

- идиопатиялық жайылған эпилепсиясы бар ересектер мен 12 жастан асқан балалардағы алғашқы жайылған тонустық-миоклонустық ұстамаларды емдегенде.

Жұту актісінің қиындауымен пациенттерде препаратты инъекция түрінде қолдануға болады (ересектер мен 4 жастан асқан балалар).

Қолдану тәсілі және дозалары

Монотерапия

Ересектер және 16 жастан асқан жасөспірімдер үшін

Ересектерді және 16 жастан асқан жасөспірімдерді емдеуді екі қабылдауға (күніне 2 рет 500 мг ½ таблеткадан) бөлінген тәуліктік 500 мг дозадан бастайды. 2 аптадан кейін доза бастапқы емдік 1000 мг дозаға дейін (тәулігіне екі рет 500 мг-ден) арттырылуы мүмкін. Әрі қарай доза, емдеуге клиникалық жауабына қарамай, әрбір 2 апта сайын 250 мг-ге арттырылуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза 3000 мг (тәулігіне екі рет 1500 мг-ден) құрайды.

Қосымша ем ретінде

Ересектер мен дене салмағы 50 кг және одан асатын 12 жастан асқан балалар үшін

Емдеуді екі қабылдауға (тәулігіне екі рет 500 мг-ден) бөлінген тәуліктік 1000 мг дозадан бастаған жөн. Аталған доза курстың алғашқы күні тағайындалуы тиіс.

Клиникалық жауабына және жағымдылығына байланысты тәуліктік доза күніне екі рет тағайындалатын 1500 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін. Әрбір екі немесе төрт апта сайын күніне екі рет қабылданатын дозаны 500 мг-ге арттыруға немесе азайтуға болады.

Тұрғындардың ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан)

Бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету ұсынылады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Тәуліктік доза бүйрек функциясының жағдайына сәйкес жекелей анықталуы тиіс. Леветирацетам бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны креатинин клиренсіне (КК) қарай таңдау қажет.

Ересектерде және салмағы 50 кг және одан асатын жасөспірімдерде КК-ні мл/мин сарысудағы креатинин концентрациясын анықтап, келесі формуланы пайдалана отырып есептеуге болады:

[140 – жасы (жыл)] × дене салмағы (кг)

КК (мл/мин) = ----------------------------------------------------

72 × сарысулық КК (мг/дл)

КК әйелдерде алынған мәнді 0,85-ке көбейту жолымен есептеледі.

Дене сыртының ауданын (ДСА) түзетуді келесі формула бойынша жүргізеді:

КК (мл/мин)

КК (мл/мин/1,73 м²) = --------------------------x 1.73

Пациенттің ДСА (м²)

Бүйрек функциясы бұзылған, ересек пациенттер мен дене салмағы 50 кг-ден асатын жсаөспірімдер үшін дозалау сызбасы

Бүйрек функциясының КК Дозалау сызбасы

жеткіліксіздігі (мл/мин./1,73м2)

Бүйрек функциясы қалыпты > 80 Күніне 2 рет 500-1500 мг

Аздаған дәрежедегі бұзылулар 50-79 Күніне 2 рет 500-1000 мг

Орташа дәрежедегі бұзылулар 30-49 Күніне 2 рет 250-750 мг

Ауыр дәрежедегі бұзылулар < 30 Күніне 2 рет 250-500 мг

Бүйрек функциясының терминальді

сатысындағы диализдегі пациенттер - Күніне 1 рет 500-1000 мг (2)

(1)

(1) Леветирацетаммен емдеудің алғашқы күні қаныққан 750 мг доза ұсынылады.

(2) Диализден кейін 250-дан 500 мг-ге дейінгі қосымша доза ұсынылады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар балалар үшін леветирацетамның дозасын бүйрек функциясының жағдайына қарай түзету қажет, өйткені леветирацетамның клиренсі бүйрек функциясымен байланысты. Осы нұсқау бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер арасында жүргізілген зерттеулерге негізделген.

КК мл/мин./1,73 м2 шамасын жасөспірімдерде, балаларда және сәбилерде сарысудағы креатинин мөлшерін анықтап, келесі формуланы (Шварц формуласы) пайдалана отырып есептеуге болады:

Бойы (см) x KS

КК (мл/мин./1,73 м2) = -------------------------------------------

Сарысудағы креатинині (мг/дл)

Күні жетіп туған 1 жасқа дейінгі балаларда KS= 0,45; 13 жасқа толмаған балаларда және жасөспірім қыздарда KS = 0,55; жасөспірім ұлдарда KS = 0,7.

Бүйрек функциясы бұзылған сәбилер, дене салмағы 50 кг-ден аз балалар және жасөспірім пациенттер үшін дозаны түзету

Тобы

Креатинин клиренсі (мл/мин./1,73м2)

Доза және жиілігі (1)

1-ден 6 айлыққа дейінгі сәбилер

6-дан 23 айлыққа дейінгі сәбилер, дене салмағы 50 кг-ден аз балалар және жасөспірімдер

Қалыпты сатыда

> 80

Күніне екі рет 7-21 мг/кг

Күніне екі рет 10-30 мг/кг

Аздаған сатыда

50-79

Күніне екі рет 7-14 мг/кг

Күніне екі рет 10-20 мг/кг

Орташа сатыда

30-49

Күніне екі рет 3,5-10,5 мг/кг

Күніне екі рет 5-15 мг/кг

Ауыр сатыда

< 30

Күніне екі рет 3,5-7 мг/кг

Күніне екі рет 5-10 мг/кг

Диализдегі бүйрек функциясының терминальді

сатысындағы пациенттер

--

Күніне бір рет 7-14 мг/кг (2) (4)

Күніне бір рет 10-20 мг/кг (3) (5)

(1) Пероральді түрде қолдануға арналған ерітіндіні 250 мг-ге дейінгі дозада таблетканың тұтастай жұта алмайтын пациенттер үшін де пайдалану керек.

(2) Леветирацетаммен емдеудің алғашқы 10,5 мг/кг қаныққан доза ұсынылады.

(3) Леветирацетаммен емдеудің алғашқы күні 15 мг/кг қаныққан доза ұсынылады.

(4) Диализден кейін 3,5-7 мг/кг қосымша доза ұсынылады.

(5) Диализден кейін 5-10 мг/кг қосымша доза ұсынылады.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы жеткіліксіздігінің аздаған және орташа сатысындағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде креатинин клиренсі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесін толық шамада көрсетуі мүмкін. Сондықтан, егер креатинин клиренсі < 60 мл/мин./1,73 м2 болса, тәуліктік демеуші дозаны 50%-ға азайту ұсынылады.

Балалар

Дәрігер препаратты өте сәйкес келетін дәрілік түрде және пациенттің дене салмағына, жасына және қажетті емдік дозасына қарай тағайындауы тиіс.

Препараттың таблетка түрі 6 жасқа толмаған балаларға пайдалану үшін арналмаған. Препараттың таблетка түрі сондай-ақ дене салмағы 25 кг-ден азырақ балалар үшін, жұтыну актісінің қиында пациенттерге, немесе препараттың 250 мг-ден азырақ дозасын тағайындау көрсетілген пациенттерге қолдануға келмейді. Жоғарыда аталған барлық жағдайларда препаратты ішке қабылдауға арналған ерітінді түрінде қолдану қажет.

Монотерапия

Балалар мен 16 жасқа толмаған жасөспірімдер арасында монотерапия ретінде леветирацетамның қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмады. Деректер жоқ.

Балалар мен дене салмағы 50 кг-ден аз жасөспірімдер үшін қосымша ем

Бастапқы доза күніне екі рет дене салмағының әр кг шаққанда 10 мг құрайды. Клиникалық жауабына және препараттың жағымдылығына байланысты дозаны тәулігіне екі рет дене салмағының әр кг шаққанда 30 мг-ге дейін арттыруға болады. Түзету үшін дозаның адымы әрбір 2 апта сайын тәулігіне екі рет дене салмағының әр кг шаққанда 10 мг аспауы тиіс. Тиімді ең төмен дозаны қолданған жөн.

Дене салмағы 50 кг және одан астам балаларда препараттың дозасы ересектерге ұқсас жоғары болады.

Балалар мен жасөспірімдерде дозалау бойынша нұсқаулар

Салмағы

Бастапқы доза: күніне екі рет 10 мг/кг

Ең жоғары доза: күніне екі рет 30 мг/кг

25 кг(1)

Күніне екі рет 250 мг

Күніне екі рет 750 мг

50 кг-дан(2)

Күніне екі рет 500 мг

Күніне екі рет 1500 мг

(1) - салмағы 25 кг дейінгі немесе аз болатын балаларда емдеуді ішке қабылданатын 100 мг/мл қабылдауға арналған леветирацетам ерітіндісімен бастаған жөн.

(2) – балалар мен дене салмағы 50 кг немесе одан көбірек болатын жасөспірімдер үшін дозалау ересектердегі сияқты.

Препаратты қабылдау

Препаратты тамақ ішуге қарамай-ақ сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп, пероральді түрде қабылдайды. Тәуліктік дозаны бірдей екі қабылдауға бөледі. Жалпы тәуліктік дозаны және енгізу жиілігін ұстану қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар бейіні 3416 пациент қамтылған плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулердің деректерін талдаумен негізделген. Өте жиі кездесетін жағымсыз реакциялар назофарингит, қажығыштық, бас ауыру, ұйқышылдық, бас айналу болды.

Төменде берілген жағымсыз реакциялар ағзалар мен ағзалар жүйесінің зақымдануларына және кездесу жиілігіне сәйкес берілген. Кездесу жиілігі былайша белгіленеді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 және < 1/10), жиі емес (≥ 1/1 000 және < 1/100), сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1 000), өте сирек (< 1/10 000).

Өте жиі

-назофарингит

-ұйқышылдық

-бас ауыру

Жиі

-анорексия (көбіне топираматпен бірге қатар тағайындағанда)

-депрессия, өршігушілік/озбырлық, үрейлену, ұйқысыздық, күйгелектік/ашушаңдық

- конвульсиялар, тепе-теңдіктің бұзылуы, бас айналу, летаргия, тремор

- вестибулярлы бас айналу

-жөтел

- іштің ауыруы, диарея, ас қорыту бұзылысы, құсу, жүректің айнуы

-бөртпелер

-астения/шаршау

Жиі емес

-тромбопения, лейкопения

-салмақ жоғалту/қосу

- суицидтік әрекеттер суицидтік көңіл-күй, психоздық бұзылыс, қалыпты емес мінез-құлық, елестеулер, ашу, сананың шатасуы, паникалық шабуыл, аффектілі құбылмалалық/көңіл-күйдің ауытқымалығы, толқу

- амнезия, жадының бұзылуы, үйлесімнің дұрыс болмауы/атаксия, парестезия, зейіннің бұзылуы

-көзге заттың қосарланып көрінуі, көздің жіті көрмеуі

-бауыр сынамаларының патологиялық нәтижелері

-алопеция (препаратты тоқтатқан кездегі регрессия), экзема, қышыну

-бұлшық ет әлсіздігі, бұлшық еттің ауыруы

-кездейсоқ жарақаттар

Сирек

-инфекциялар

- панцитопения, нейтропения, агранулоцитоз

-эозинофилиямен және жүйелік біліністермен қатар жүретін тері реакциясы (DRESS)

-гипонатриемия

- аяқталған суицид, жеке бастың бұзылысы, патологиялық ойлар

- хореоатетоз, дискинезия, гиперкинезия

-панкреатит

-бауыр функциясының жеткіліксіздігі, гепатит

- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонс синдромы, көп формалы эритема

Кейбір панцитопения жағдайларында сүйек кемігі қызметінің басылуы байқалды.

Балалар

Леветирацетамді қабылдаған кезде балалар арасындағы жағымсыз құбылыстар (ЖҚ) сипаттамасы ересектер тобындағылар арасындағы ЖҚ таралуына және эпилепсияның бекітілген еміне ұқсас. Плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулердегі балалар үшін препараттың қауіпсіздігіне қатысты деректер, ересектерге қарағанда балалар арасында көбірек таралған мінез-құлықтық және психиатриялық жағымсыз реакцияларды қоспағанда, ересектерде леветирацетамның қауіпсіздігіне қатысты деректерге жауап берді. 4-тен 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында құсу (өте кең таралған, 11,2%), толқу (3,4% таралған), көңіл-күйдің түсіп кетуі (2,1% таралған), аффектілі құбылмалылық (1,7% таралған), озбырлық (8,2% таралған), ауытқыған мінез-құлық (5,6% таралған), және летаргия (3,9% таралған), басқа жастағы пациенттер арасындағыларға қарағанда немесе жалпы препараттың қауіпсіздігі жөніндегі деректер бойынша жиі кездесетіні мәлімделді.

Талдау жасалатын препараттардың тиімділігі теңдігінің нөлдік гипотезасы бар балалар үшін препараттың қауіпсіздігіне жүргізілген жасырын салыстырмалы плацебо-бақыланатын зерттеу леветирацетамның парциальді ұстамалардан зардап шегіп жүрген, 4-тен 16 жасқа дейінгі балаларға когнитивтік және нейропсихологиялық әсеріне баға берді. Зерттеу нәтижелері бойынша, леветирацетамды қабылдау кезіндегі өзгерулер плацебо қабылдау кезіндегі өзгерулерден, Лейтер әсерінің Халықаралық шкаласы бойынша бастапқы деректермен салыстырғанда, протоколды популяцияда жадыға баға берудің жиынтық балл шамасын анықтағанда, айырмашылықтары болған жоқ (кем түскен жоқ) деп қорытынды жасалды. Мінез-құлықтық және эмоционалдық функцияларға жататын нәтижелер леветирацетам қабылдаған пациенттер жағдайының нашарлауын, олардың озбырлық мінез-құлқын көрсетті, ол негізделген емшараларды пайдалана отырып, стандартты және жүйелік түрде анықталды (CBCL – нәрестенің мінез-құлқын бақылайтын Ахенбах Парақшасы).

Дегенмен, ұзақ мерзімдік ашық зерттеудің кейінгі нәтижелерінде леветирацетам қабылдаған адамдардың мінез-құлықтық және эмоционалдық функциялары орташа алғанда нашарлаған жоқ; атап айтқанда озбырлық мінез-құлық өршіген жоқ.

Болуы мүмкін жағымсыз реакциялар туралы мәлімдеу

Дәрілік затты тіркегеннен кейін күмәнді жағымсыз реакциялар жөніндегі есеп беру маңызды құрал болып табылады, ол дәрілік заттың қауіпсіздігіне мониторингті жалғастыруға мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлері есеп берудің ұлттық жүйесі жәрдемімен кез келген күмәнді жағымсыз реакциялар жөнінде мәлімдеуді сұрайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- леветирацетамға, пирролидонның басқа туындыларына немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар (препаратты ішке қабылдауға арналған ерітінді түрінде қолдану ұсынылады)

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (250 мг доза таблеткалар үшін)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эпилепсияға қарсы дәрілік препараттар

Леветирацетам эпилепсияға қарсы дәрілік препараттардың (фенитоин, карбамазепин, вальпрой қышқылы, фенобарбитал, ламотриджин, габапентин және примидон) қан сарысуындағы концентрациясына ықпалын тигізбейді, және бұл эпилепсияға қарсы дәрілік препараттар да леветирацетамның фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Леветирацетамды қабылдап жүрген ересек пациенттер арасында, күніне 60 мг/кг леветирацетамды қабылдап жүрген балалар арасындағы сияқты, дәрілік препараттың клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі жөнінде айғақтамалар жоқ.

Эпилепсиясы бар (4-тен 17 жасқа дейінгі) балалар мен жасөспірімдердегі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулеріне ретроспективті баға беру леветирацетамды пероральді қолданумен бірге қосымша емдеудің қатар қабылданған карбамазепин мен вальпроаттың сарысудағы стационарлы концентрацияларына ықпалын тигізбейтінін айғақтады. Дегенмен, эпилепсияға қарсы фермент-индукциялайтын дәрілік препараттарды қабылдап жүрген балаларда леветирацетамның 20% жоғарылаған клиренсі жөнінде деректер бар. Дозаны түзетудің қажеттілігі жоқ.

Пробенецид

Пробенецидті (ренальді өзекшелік секреция блокаторы) тәулігіне төрт рет 500 мг-ден қолданғанда, леветирацетамның өзінің емес, оның алғашқы метаболитінің бүйректік клиренсін тежейтіні анықталды. Белсенді тубулярлы секреция жолымен экскрецияланатын басқа дәрілік заттар да метаболиттің ренальді клиренсін төмендетуі мүмкін деп күтіледі. Пробенецидтің және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, сульфонамидтер, метотрексат сияқты белсенді түрде секрецияланатын басқа препараттардың фармакокинетикасына леветирацетамның ықпалы зерттелген жоқ.

Ішуге арналған контрацептивтер

Күніне 1000 мг леветирацетамды қабылдау ішуге арналған контрацептивтердің (этинилэстрадиол және левоноргестрел) фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ; эндокриндік жүйе бездерінің параметрлері (лютеиндеуші гормон және прогестерон) өзгеруге ұшыраған жоқ. Ішуге арналған контрацептивтерді бірге қолдану леветирацетамның фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Басқасы

Күніне 2000 мг леветирацетам қабылдау дигоксиннің және варфариннің фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ; протромбиндік уақыт өзгеріске ұшыраған жоқ. Дигоксинді және варфаринді бірге қолдану леветирацетамның фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ.

Антацидтер

Леветирацетамның сіңуіне антацидтердің ықпалына қатысты деректер жоқ.

Іш жүргізгіш дәрілер

Осмостық іш жүргізетін макроголді және леветирацетамды пероральді түрде қатар қолданғанда леветирацетамның тиімділігінің төмендегені жөнінде жекелеген есептер бар. Демек, леветирацетамды қабылдаудан бір сағат бұрын және қабылдаудан кейін бір сағаттан соң макроголді пероральді түрде қабылдамаған жөн.

Тамақ және алкоголь

Сіңетін леветирацетамның мөлшері тамақ ішумен өзгерген жоқ, бірақ сіңу жылдамдығы сәл төмендеді.

Леветирацетамның алкогольмен өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Леветирацетамты қабылдауды тоқтату

Препаратты тоқтату қажет болған жағдайда оны біртіндеп жүргізу қажет (мысалы, ересектерге және дене салмағы 50 кг-ден асатын жасөспірімдерге: күніне екі рет қабылданатын дозаны екі аптадан төрт аптаға дейінгі уақыт ішінде 500 мг-ге азайту керек; балалар мен дене салмағы 50 кг-ден азырақ жасөспірімдерге: күніне екі рет қабылданатын дозаны әрбір екі апта сайын 10 мг/кг шамадан артыққа азайтпаған жөн).

Бүйрек және бауыр функцияларың жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған кезде дозаны түзету қажеттілігі туындауы мүмкін. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде препарат дозасын тағайындар алдында бүйрек функциясына баға беру ұсынылады.

Депрессия/суицидтік ойлар

Эпилепсияға қарсы препараттарды (леветирацетамды қоса) қабылдау аясында суицид жағдайлары, суицидтік ниеттер және суицидтік әрекеттер жөнінде алынған мәлімдемелер нәтижесінде пациенттерге (және пациенттерге күтім жасайтындарға) қандай да болсын депрессия симптомдарының немесе суицидтік әрекеттердің пайда болғаны туралы емдеуші дәрігерге мәлімдеп отырудың қажеттілігі жөнінде алдын ала ескерткен жөн. Пациенттер депрессиялық және/немесе суицидтік көңіл-күйлер мен мінез-құлықтың болуына қатысты тексерілуі тиіс. Эпилепсияға қарсы дәрілік препараттарға рандомизацияланған плацебо-бақыланытн зерттеулерді мета-талдау суицидтік ой және мінез-құлық қаупінің аздап ұлғаятынын көрсетті. Мұндай қауіптің механизмі белгісіз.

Балалар

Дәрілік таблетка түрі сәбилерге және 6 жасқа толмаған балаларға қолдануға бейімделмеген.

Балаларға қатысты қолда бар деректер жыныстық жетілудің дамуына ықпалын тигізбейді. Оқуға, ақыл-ой қабілетіне, дамуына, эндокриндік без функциясына, жыныстық жетілуіне және бала туу қабілетіне кейіннен туындайтын қандай да болсын зардаптары жөнінде ақпараттар жоқ.

Жүктілік және лактация

Жүктіліктің алғашқы триместрі кезінде леветирацетаммен монотерапиядан өткен 1000-нан астам әйелдерде тіркеуден кейінгі құжатталған деректер, тератогендік қауіпті толық жоққа шығаруға болмаса да, туа біткен ірі даму кемістіктерінің қаупі едәуір ұлғаяды деп болжам жасалмайды. Эпилепсияға қарсы бірнеше дәрілік заттармен емдеуде, монотерапияға қарағанда, туа біткен кемістіктердің жоғары қаупі бар деп болжам жасалады, демек, монотерапия түрінде тағайындау дұрысырақ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер ұрпақ өрбіту функциясына уытты әсерін тигізетінін көрсетті. Леветирацетамды жүктілік кезінде, сондай-ақ клиникалық қажетті жағдайларды қоспағанда, контрацепцияны пайдаланбайтын, бала көтеруге қабілетті әйелдерге қабылдау ұсынылмайды.

Эпилепсияға қарсы басқа дәрілік препараттар сияқты, жүктілік кезіндегі физиологиялық өзгерулер леветирацетамның концентрациясына ықпалын тигізуі мүмкін. Жүктілік кезінде плазмадағы леветирацетам концентрациясының төмендегені байқалды. Бұл төмендеу үшінші триместр кезінде едәуір байқалады (жүктілік алдында бастапқы концентрацияның 60%-на дейін). Леветирацетамды қабылдап жүрген жүкті әйелдерде тиісінше клиникалық тексеруді қамтамасыз ету қажет. Эпилепсияға қарсы ем жүргізгенде препарат қабылдауды тоқтату аурудың өршуіне әкеп соғуы мүмкін, ол анаға және ұрыққан зиянын тигізуі мүмкін.

Леветирацетам емшек сүтіне экскрецияланады. Емдеу кезеңінде емшек емізу ұсынылмайды. Алайда, егер бала емізетін аналарға леветирацетамды қолдану қажет болса, препаратты қабылдаудың/тоқтатудың пайдасы мен қаупіне баға берген жөн.

Нормег препаратын, егер клиникалық қажеттілік болмаса, лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Автомобильді жүргізу және машиналарды пайдалану қабілетіне әсер етуіне қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жекелей ықтимал жақпаушылығына байланысты, әсіресе емнің бас кезінде немесе дозаны арттырғаннан кейін, кейбір пациенттер ұйқышылдықты немесе орталық жүйке жүйесімен байланысты басқа симптомдарды сезінуі мүмкін. Демек, мұндай пациенттерге біліктілікті қажет ететін тапсырмаларды орындағанда, мысалы, көлік құралдарын жүргізуді немесе машиналарды басқару кезінде сақтық шараларын қолдану ұсынылады. Пациенттерге машиналарды жүргізуді немесе пайдалануды, олардың мұндай қызметтерді атқару қабілетіне басқа ештеңе ықпалын тигізбейтіні анықталғанша, тоқтата тұруға кеңес беріледі.

Артық дозалануы

Симптомдары: Ұйқышылдық, толқу, озбырлық, сананың нашарлау деңгейі, тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі және кома.

Емі: асқазанды шаю немесе құстыру арқылы босату. Леветирацетам үшін арнайы антидот жоқ. Артық дозаланған кезде емдеу симптомына қарай болады және гемодиализ қамтылуы мүмкін. Организмді диализатордың жәрдемімен тазартудың тиімділігі леветирацетам үшін 60%-ды және алғашқы метаболиті үшін 74%-ды құрайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді 3 қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босату шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Зентива к.с., Чех Республикасы

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Зентива к.с., Чех Республикасы

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Зентива к.с., Чех Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Фурманов к-сі, 187Б

телефон: +7 (727) 244-50-96

факс: +7 (727) 258-25-96

e-mail: quality.info@sanofi.com

Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды поштасы)

«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Фурманов к-сі, 187Б

телефон: +7 (727) 244-50-96

факс: +7 (727) 258-25-96

e-mail: Kazakhstan.Pharmacovigilance@sanofi.com

Прикрепленные файлы

575770091477976113_ru.doc 136.5 кб
560328021477977434_kz.doc 168.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники