Ноофен 250 мг
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ноофен 250
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Капсулалар
Құрамы
Бір капсула құрамында
белсенді зат – 250 мг фенибут (-амино--фенилмай қышқылы гидрохлориді).
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кальций стеараты.
корпустың және капсула қақпағының құрамы: желатин, титан (Е171) қос тотығы бояғышы.
Сипаттамасы
Ақ/ақ түсті, ішінде ақтан жеңіл крем реңді ақ түске дейінгі ұнтақ бар қатты желатин капсулалар № 0.
Фармакотерапиялық тобы
Психостимуляторлар және ноотроптар.
АТЖ коды N06В Х
Фармакотерапиялық тобы
Фармакокинетикасы
Препаратты ішке қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді және ағзаның барлық тіндеріне өтеді, гематоэнцефалды бөгет арқылы жақсы өтеді. Бауыр мен бүйректе таралуы біртегіске жақын, ал ми мен қанда – біртегістен төмен. 3 сағаттан кейін енгізілген препараттың елеулі мөлшері несепте анықталады, сонымен бір уақытта ми тіндеріндегі препарат концентрациясы азаймайды, оны 6 сағаттан кейін де мидан анықтайды. Келесі күні препарат тек несептен табылады; оны несептен қабылдағаннан 2 күннен кейін де табады, бірақ анықталатын мөлшері енгізілген дозаның тек 5% ғана құрайды.
Препараттың көбірек байланысуы бауырда жүреді (80%), ол спецификалық емес. Қайта енгізгенде жинақталуы байқалмайды.
Фармакодинамикасы
Ноофеннің әсер етуші заты - -аминомай қышқылдары туындылары (ГАМҚ) және фенилэтиламин.
Оның антигипоксиялық және антиамнестиялық әсері басым болып табылады. Ноофен ноотропты белсенді, ГАМҚ туындысы ретінде транквилизирлейтін әсері бар, оқу үдерістері мен есте сақтау қабілетінің жақсаруын көтермелейді, дене еңбегіне қабілетін жоғарылатады, ширығуды, үрейді, қорқынышты басады және ұйқыны жақсартады, ұйқы келтіретін, есірткілік, нейролептикалық және құрысуға қарсы дәрілердің әсерін күшейтіп, ұзартады. Холино- және адренорецепторларға әсер етпейді. Ноофен латентті кезеңді ұзартады және нистагмның айқындығы мен ұзақтығын қысқартады. Ноофен астениялар мен вазовегетативті симптомдарды, оның ішінде бас ауыруы, басты ауыр сезіну, ұйқы бұзылуы, тітіркенгіштік, эмоциялық тұрақсыздық білінулерін елеулі төмендетеді және ақыл-ой еңбегіне қабілетін жоғарылатады. Психикалық көрсеткіштер (назар аудару, есте сақтау, сенсорлық-моторлық реакциялардың жылдамдығы және дәлдігі), транквилизаторлар әсерінен айырмашылығы, Ноофен әсерінен жақсарады. Астениясы бар және эмоциональды тұрақсыз емделушілерде өзін-өзі сезінуі емнің бірінші күнінен-ақ жақсарады, қызығушылығы мен бастамашылдығы, тыныштандыратын әсерсіз белсенді қызметке ынтасы немесе қозу жоғарылайды. Бас сүйек-ми жарақаттарынан кейін қолданылатын Ноофен митохондрий мөлшерін ұлғайтатыны және мидың биоэнергетикасын жақсартатыны анықталды. Ноофен липидтер пероксидациясы үдерісін қалыпты етеді.
Қолданылуы
- астениялық және үрейлі-невротикалық жай-күй: мазасыздық, қорқыныш, үрей; ығыр қылатын жай-күйлердің неврозы, психопатия
- егде адамдардағы ұйқысыздық және түнгі мазасыздық
- балалардағы кекештенуді, энурезді, жыбырлап тартылуларды емдеу
- операция алдындағы немесе ауырумен жүретін диагностикалық зерттеулер алдындағы стресстік жағдайдың алдын алу
- абстиненция синдромында психопатологиялық және соматовегетативтік бұзылуларды басу үшін қосымша дәрі ретінде
-алкогольдік делириоз алдындағы және делириозды күйлерді емдеу үшін жалпы қабылданған дезинтоксикациялық дәрілермен біріктірілімде
- Меньер ауруы, вестибулярлық аппарат дисфункциясына қатысты бас айналуы
- тербелудің алдын алу үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, сумен іше отырып қабылдайды. Капсуланы шайнауға болмайды. Ересектерге 250-500 мг күніне 3 рет тағайындайды. Ең жоғарғы бір реттік дозалар: ересектер үшін 750 мг, 60 жастан асқандар үшін 500 мг. Емдеу курсы 2-3 апта. Қажет болғанда курсты 4-6 аптаға дейін ұзартуға болады.
11 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға – 250 мг күніне 2-3 рет. 14 жастан асқан балаларға – ересектерге арналған доза.
Ноофенды тиімділігін жоғарылататын басқа психотропты дәрілермен біріктіруге болады, бұл жағдайда Ноофеннің және онымен бір мезгілде қолданылатын басқа да препараттардың дозасын ұлғайтуға болады.
Алкогольдік абстинентті синдромды тоқтатуға емнің бірінші күндері күні бойына 3 рет 250 - 500 мг және тәуліктік дозаны кәдімгі дозаға дейін біртіндеп төмендете отырып, түнге 750 мг тағайындайды.
Вестибулярлық анализатордың жұқпалы генезді дисфункциясындағы (отогендік лабиринтит) бас айналуын қойдыру үшін және Меньер ауруының асқынған кезеңінде 5-7 күн бойына тәулігіне 3-4 ретке 750 мг тағайындайды. Вестибулярлық бұзылыстардың айқындығы төмендеуінде - 5-7 күн бойына тәулігіне 3 рет 250 - 500 мг және содан кейін – 5 күн бойына тәулігіне 1 рет 250 мг. Аурудың салыстырмалы жеңіл барысында - 5-7 күн бойына тәулігіне 2 рет 250 мг, содан соң 7-10 күн бойына тәулігіне 1 рет 250 мг қабылдайды.
Вестибулярлық анализатордың тамырлық және жарақаттық генезді дисфункциясындағы бас айналуын емдеу үшін 12 күн бойына тәулігіне 3 рет 250 мг тағайындайды.
Теңізде жүзу жағдайындағы тербелудің алдын алу үшін болжамды тербелудің басталуынан бір сағат бұрын немесе теңіз ауруының бірінші симптомдары білінуінде бір рет 250-500 мг дозадан тағайындайды. Препараттың дозасын ұлғайтқан сайын тербеліске қарсы әсері күшейеді. Теңіз ауруының айқын білінулері басталғанда (құсу және т.с.с.) препаратты тіпті 750-1000 г дозада қабылдаудың да әсері аз.
Әуе ауруының алдын алу үшін ұшудан бір сағат бұрын 250- 500 мг дозада бір рет тағайындайды.
Егер қабылданбай қалса препаратты еске түсе салысымен қабылдаңыз, ал егер келесі кезектің уақыты келіп қалса онда өткен жолғысын қабылдамаңыз. Ешқашан екі есе доза қабылдамаңыз.
Жағымсыз әсерлері
Ноофен 250 әдетте жақсы көтерілімді.
-ұйқышылдық, жүрек айнуы, тітіркенгіштіктің күшеюі, қозу, үрейлену, бас ауруы, бас айналуы (бірінші қабылдаудан кейін)
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыма) кейде
- гепатоуыттылық (жоғары дозаны ұзақ уақыт қабылдағанда)
Егер сізде бұл нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да бір жағымсыз әсерлер білінсе, немесе жоғарыда аталған жағымсыз әсерлердің қандай да бірі ерекше күшті білінсе дәрігерге қаралуды өтінеміз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдықта
-жедел бүйрек жеткіліксіздігінде
- 11 жасқа дейінгі балалақ жаста (берілген дәрілік түр үшін).
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ұйқы келтіретін, есірткілік анальгетиктердің, эпилепсияға қарсы және паркинсонға қарсы дәрілердің, транквилизаторлар мен нейролептиктердің әсерін ұзартады және күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Препараттың тітіркендіретін әсері болғандықтан асқазан-ішек жолдарының ойық жаралы ауруларында науқастарға сақтық жасау керек. Мұндай науқастарға препараттың аз дозасы тағайындалады. Ұзақ уақыт қолданғанда бауыр қызметінің көрсеткіштерін және шеткергі қан көрінісін бақылау қажет.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұйқышылдық, бас айналуы немесе басқа да орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулары байқалатын науқастарға емдеу уақытында көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.
Артық дозаланғанда
Ноофен – уыттылығы аз препарат, тек тәуліктік дозасы 7-14 г болғанда ұзақ қолданғанда ғана ол гепатоуытты болуы мүмкін.
Көрсетілген доза ұсынылған дозадан айтарлықтай жоғары (орташа емдік доза 500 – 2500 мг құрайды). Тек қолданылатын дозаның ең жоғарысында ғана эозинофилия және бауырдың майлы дистрофиясы байқалды. Препаратты аз дозада қолданғанда бұндай өзгерістер болған жоқ.
Симптомдары: ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, эозинофилия, артериялық қысым төмендеуі.
Емдеу: асқазанды шаю. Симптоматикалық терапия.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және лакталған алюминий фольгадан жасалған (блистер) пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.
2 пішінді қаптамадан (20 капсула) қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
“ОЛАЙНФАРМ” АҚ.
Мекенжайы: Рупницу к. 5, Олайне, LV - 2114, Латвия.
Тіркеу куәлігінің иесі
«ОЛФА» ЖШҚ
Мекенжайы: Данькевич к. 4, Киев, 02232, Украина.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
050009 Алматы қ., Абай даңғ. 151/115, 807 кеңсе
Телефон / факс 007 727 333 46 52
E-mail altynay1992@mail.ru