Нолицин® (Norfloxacin)

МНН: Норфлоксацин
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Norfloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015621
Информация о регистрации в РК: 16.09.2020 - 16.09.2030
Номер регистрации в РБ: 1902/96/2000/05/11/17
Информация о регистрации в РБ: 22.02.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 60 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Нолицин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Норфлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 400 мг норфлоксацин,

қосымша заттар: повидон, натрий крахмалы гликоляты (А типі), микрокристалды целлюлоза, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тазартылған су,

үлбірлі қабық құрамы: гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы (Е 171), 12000 FDC сары бояғыш №6 (Е110), пропиленгликоль

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, бір жағында сызығы бар, екі беті сәл дөңес,

қызыл-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Микробқа қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Норфлоксацин.

АТХ коды J01MA06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Асқазан-ішек жолынан сіңуі толық емес, қабылданған дозадан 30-40% сіңеді. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрацияларына ішке қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң сіңеді. «Тепе-тең жағдайға» 2 күн ішінде жетеді.

Шамамен 15% норфлоксацин қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Ақуыздармен төмен байланысу дәрежесі организмнің тіндері мен сұйық орталарына препараттың оңай және тез өтуіне мүмкіндік береді.

Кестеде норфлоксациннің әртүрлі тіндердегі концентрациялары берілген:

Организмнің сұйықтықтары немесе тіндері

Концентрациясы

Бүйрек паренхимасы

7,3 мкг/г

Простата

2,5 мкг/г

Қуық қабырғасы

3,0 мкг/г

Ұрық сұйықтығы

2,7 мкг/мл

Аталық бездер

1,6 мкг/г

Жатыр мойыны

3,0 мкг/г

Аналық бездер

1,9 мкг/г

Қынап

4.3 мкг/г

Өт

6,9 мкг/мл

Ішке қабылданған норфлоксацин (50 мг/кг) плацентарлық бөгет арқылы өтеді, ал оның ұрық тіндеріндегі концентрациялары анасының сарысулық концентрацияларынан шамамен 10% құрайды.

Күніне екі рет 400 мг дозалары бүйректе 3,9-дан 16,2 мкг/г дейінгі концентрациясын қамтамасыз етеді, бұл қандағы концентрациясынан едәуір жоғары (100-300 есе). Ең жоғары концентрацияларына несепте 400 мг дозасын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң жетеді және шамамен 478 мг/л құрайды; простатадағы концентрациясы төмен (0,7-4,7 мкг/г), бірақ қандағы концентрациясынан асып кетеді.

Өттегі және жалпы өт ағымындағы норфлоксацин концентрациясы, тиісінше, 0,15-тен 4,5 мкг/г дейін және 0,4-тен 4 мкг/г дейін құрайды, бұл қандағы концентрациясынан 3-7 есе жоғары. Препараттың жоғары концентрациялары бауырда да анықталады.

Бір реттік 400 мг дозасын қабылдағаннан кейін қынап пен жатырдағы концентрациялары қандағы концентрациясынан 2-3 есе асып кетеді. Қақырық, бадамша бездер, аналық бездер және өт қабы қабырғасындағы концентрациялары қандағы концентрацияларына ұқсас немесе аздап төмен.

Норфлоксациннің несептегі ең жоғары концентрациялары несеп шығару жолдарындағы жұқпа қоздырғыштарының көпшілігіне тән ЕЖК90 мәнінен 100 есе асып кетеді. Препараттың нәжістегі концентрациялары ішектік патогенді микроорганизмдердің көпшілігіне тән ЕЖК90 мәнінен едәуір асып түседі.

Норфлоксацин мардымсыз дәрежеде ғана метаболизденеді. Организмнен 80% норфлоксацин өзгеріссіз күйде шығарылады. Норфлоксацин бауырда метаболизденеді, негізгі метаболиті – оксо туындысы. Хинолон сақинасының амин-, ацетил-, формил- және 2-аминэтиламин- туындылары сияқты басқа да метаболиттері аздаған мөлшерлерде болады.

Норфлоксацин организмнен несеппен, нәжіспен және өтпен шығарылады. Биологиялық жартылай шығарылу уақыты 3-4 сағат құрайды.

Ішке 100-800 мг қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң қабылданған дозадан 33-39% несеппен шығарылады.

Аса жоғары дозаларын (1600 мг) қабылдағанда несеппен 47,8% шығарылады, олардан 5-8% метаболизденеді.

Норфлоксацин шумақтық сүзіліс және өзекшелік секреция жолымен, аздаған дәрежедегі (2-3%) норфлоксацин өтпен шығарылады.

Ішу арқылы қабылданған дозаның 30%-дан астамы нәжіспен шығарылады.

Бүйрек жеткіліксіздігінде норфлоксацин фармакокинетикасының өзгеруі бауырдың зақымдану дәрежесіне байланысты. Ең жоғары концентрациясына жету уақытының ұзаруы, биологиялық жартылай шығарылу уақыты мен шығарылу ұзақтығының көпке созылуы сияқты фармакокинетикалық өзгерістеріне қарамастан, несеп жолдарындағы норфлоксацин концентрациясы жұқпаның тиімді емделуі үшін жеткілікті түрде жоғары.

Фармакодинамикасы

Норфлоксацин – уроантисептик, жүйелі жұқпаларды емдеу үшін қолданылмайды. Ол грамтеріс аэробты және кейбір грамоң бактерияларға қарсы тиімді. Оның бактерияға қарсы әсері төмен pH мәндерінде және магний иондарының жоғары концентрациясында азаяды.

Норфлоксацин қолдану кезінде бәрінен жиірек кездесетін жұқпаларды тудыратын бактериялар үшін ЕЖК90 кестесі:

Бактерия

ЕЖК90 (мг/мл)

Энтеробактериялардың* көпшілігі

0,015-2

Seratia marcescens

3,1

Providencia stuarti

3,1

Salmonella spp.

<1

Shigella spp.

<1

Yersinia enterocolitica

<1

Vibrio cholerae

<1

Campylobacter jejuni

<1

Haemophilus influenzae

<0,1

Neisseria meningitidis

<0,06

Neisseria gonorrhoeae

<0,06

Moraxella catarrhalis

<0,06

fseudomonas aeruginosa

1-3,1

*Citrobacter spp., Enterobacter spp., E. coli, Klebsiella spp., Morganella morganii, Proteus spp.

Басқа Pseudomonas және Acinetobacter штаммдарының норфлоксацинге сезімталдығы аз. Стафилококктар және стрептококктар да норфлоксацинге (ЕЖК90 1-ден 32 мг/мл дейін құрайды) азырақ сезімтал болады (сезімталдығы едәуір құбылады). Норфлоксацин көптеген клиникалық мәнді анаэробты бактерияларға қарсы тиімсіз деуге болады. Ол кейбір Bacteroides fragilis, Clostridium perfringens және Veillonella spp. штаммдарына ғана әсер етеді. Норфлоксацинге Mycobacteria, Mycoplasma, Chlamydia және Ureaplasma сезімталдығы аз болады.

Әсер ету механизмі

Норфлоксацин әсері бактериялық жасушадағы ДНҚ синтезін болдырмау қабілетімен байланысты. Негізгі әсері ДНҚ-гираза (топоизомераза II) ферментін тежеумен жүзеге асады.

Гиразаның ДНҚ тізбектерін ыдырататыны, артынша ыдыраған ДНҚ тізбегінен хинолондар мен гираза кешенінің түзілетіні анықталған.

Түзілген кешен ДНҚ тізбегінің қайта бірігуін бөгейді және оның кеңістік сипаттамаларын өзгертеді. Ондай ДНҚ қалыпты қызмет атқаруға қабілетсіз. Келесі сатыда осындай ДНҚ шағын фрагменттерге бөлшектенеді. Хинолондардың микробқа қарсы әсері, гираза белсенділігінің қарапайым бәсеңдеуіне қарағанда, көбірек дәрежеде кешендердің түзілуімен байланысты. Өздігінен болатын мутациялар туғызған төзімділік сирек дамиды. Энтеробактерияларда төзімділік сирек дамиды. Pseudomonas aeruginosa және стафилококктардың метициллинге төзімді штаммдарында жиірек төзімділік дамиды. Төзімділік плазмидтермен берілмейді. Ол бактериялық ДНҚ-гиразаның хромосомалық мутацияларының нәтижесінде болады. Норфлоксацин мен басқа хинолондар арасында айқаспалы төзімділік дамуы мүмкін. Налидикс және пипемидин қышқылына төзімді штаммдар норфлоксацинге сезімтал.

Қолданылуы

Емдеу:

- әйелдердегі жедел және қайталанатын цистит

- төменгі несеп шығару жолдарының жедел жұқпасы

- созылмалы бактериялық простатит

- соз

- бактериялық гастроэнтерит

Алдын алу:

- несеп шығару жолдарының жиі қайталанатын жұқпалары

- саяхатшылар диареясы

- иммунитет тапшылығы бар емделушілердегі асқазан-ішек жолының деконтаминациясы

Қолдану тәсілі және дозалары

Қауіпсіздігіне қатысты деректер болмауымен байланысты, Нолицин® балаларға қарсы көрсетілімді.

Нолицин® тамақтану алдында кемінде 1 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағаттан соң ішке аш қарынға қабылданып, мол сұйықтық мөлшерімен ішіледі.

Емделу кезінде қалыпты диурезді сақтау қажет.

Көрсетілімдер

Тәуліктік дозасы

Емдеу ұзақтығы

Емдеу

   

Әйелдердегі жедел цистит

2 x 200-400 мг

3 - 7 күн

Әйелдерде циститтің қайталануы

2 x 400 мг

7 - 14 күн

Ерлердегі төменгі несеп шығару жолдарының жедел жұқпасы

2 x 400 мг

7 - 14 күн

Созылмалы бактериялық простатит

2 x 400 мг

4 - 6 апта немесе одан көп

Соз*

2 x 400 мг

3 - 7 күн

Бактериялық гастроэнтерит

2 x 400 мг

5 күнге дейін

Алдын алу

   

Несеп шығару жолдарының жиі қайталанатын жұқпалары

1 x 200 мг кешкілік

1-ден 6 айға дейін

Саяхатшылар диареясы

1 x 400 мг немесе

2 х 200 мг

Сапардан бір күн бұрын және бүкіл сапар бойына, сондай-ақ үйге оралған соң 2 күн емді жалғастыру (бірақ 21 күннен көп емес)

Иммунитет тапшылығы бар емделушілердегі асқазан-ішек жолының деконтаминациясы

2 x 400 мг

8 аптаға дейін

* Созда күніне 2-3 таблеткадан да тағайындауға болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Егер креатинин клиренсі 0, 33 мл/с-ден аз болса (20 мл/минут) және/немесе қан сарысуындағы креатинин концентрациясы 400 ммоль/л-ден көп болса (4,5 мг/100 мл) Нолицин® препаратының дозасын азайту ұсынылады. Дозаны екі есе азайтуға немесе қабылдаулар арасындағы аралықты 2 есе ұзартуға болады.

Гемодиализ жүргізілетін емделушілерге де диурез сақталған жағдайда әдеттегі дозаны екі есе азайту ұсынылады.

Диурездің сақталуымен тұрақты амбулаторлық перитонеальді диализ (ТАПД) жүргізілетін емделушілерге дәл бүйрек функциясы қалыпты емделушілердегідей дозасын тағайындауға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (1/100-ден <1/10 дейін):

- жүрек айну

Жиі емес (1/1,000-нан <1/100 дейін):

- бас ауыру, бас айналу, депрессия

- анорексия, диарея

- эозинофилия және лейкопения

- трансаминазалар, сілтілік фосфатаза және лактатдегидрогеназа (ЛДГ) белсенділігінің жоғарылауы

Сирек (1/10,000-нан < 1/1000 дейін):

- шаршау

- сарысудағы мочевина және креатинин деңгейлерінің жоғарылауы, гематокрит төмендеуі

- анафилаксия

Өте сирек (<1/10,000):

- ұйқышылдық, сананың шатасуы, мазасыздық, ашушаңдық, қорқыныш, елестеулер, депрессия, құлақтың шыңылдауы

- жалған жарғақшалы колит

- тендинит немесе сіңірлердің үзілуі

- аллергиялық реакциялар (есекжем, бөрту, қышыну, анафилактикалық реакциялар), ауыр тері реакциялары

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтауға болмайды):

- қарынша аритмиясы және екі бағытты қарыншалық тахикардия (көбінесе QT аралығы ұзаруының қауіп факторлары бар емделушілерде байқалды), ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы

Күрделі жағымсыз әсерлері білінгенде емдеуді тоқтату қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- норфлоксацинге, препараттың қосымша компоненттеріне немесе фторхинолондар тобындағы басқа препараттарға жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Норфлоксацин теофиллинмен немесе циклоспоринмен бір мезгілде қолданылғанда қан сарысуында олардың концентрациясын арттырады, сондықтан осы препараттардың қан сарысуындағы концентрациясын бақылап отыру ұсынылады.

Норфлоксацинді ішуге арналған антикоагулянттармен (варфаринмен) бір мезгілде қолдану олардың емдік әсерінің күшеюіне әкеледі.

Сүт және йогурт (сұйық сүт өнімдері), антацидті дәрілер және сукральфат норфлоксациннің сіңірілуін азайтады. Нолицин сүт өнімдерін тұтынудан бір сағат бұрын немесе одан кейін екі сағаттан соң қабылдау қажет.

Норфлоксацин құрамында темір, алюминий, висмут, магний, кальций немесе мырыш бар препараттармен бір мезгілде қолданғанда сіңбейтін кешенді қосылыстар (хинолон-металл) түзіледі. Антацидтер, сукральфат және құрамында осы элементтер бар препараттарды Нолицин® препаратын қолданудан кейін екі сағат өткенде қабылдау қажет.

Бір мезгілде хинолондар мен кортикостероидтар қолдану тендиниттің даму немесе сіңірлердің үзілу қаупін арттыруы мүмкін.

Норфлоксацинмен оларды бір мезгілде тағайындағанда диабетке қарсы препараттар (сульфонилмочевина) әсерінің артуы жөнінде хабарламалар бар.

Норфлоксацинді нитрофурантоинмен бір мезгілде қолдану екі препараттың да емдік әсерінің күшеюіне әкеледі.

Басқа да фторхинолондар сияқты, норфлоксацинді QT аралығын ұзартатын препараттар (мысалы, IA ​​және III класс антиаритмиктері, үш циклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) алатын емделушілерге сақтықпен қолдану керек.

Айрықша нұсқаулар

Нолицин® орталық жүйке жүйесінің бұзылулары бар емделушілерге (әсіресе, эпилепсияда және құрысулармен қатар жүретін басқа да жай-күйлерде) сақтықпен тағайындау ұсынылады.

Емдеу кезінде емделушілерге тіке түсетін күн сәулесінің астында ұзақ болмауға кеңес беріледі. Фотосезімталдық реакциялары білінгенде емдеуді тоқтату керек.

Емделушінің талапқа сай гидратациясын қолдау керек. Бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны тиісінше азайту ұсынылады.

Хинолондармен емделу кезінде тендиниттің немесе тіпті сіңірлердің үзілуі болған бірлі-жарым жағдайлар орын алды. Сіңірлердің бойлай ауыруы білінгенде және/немесе тендиниттің алғашқы белгілерінде емдеуді тоқтату ұсынылады. Емделу кезінде және одан кейін бірден емделушілерге шектен тыс дене жүктемесінен аулақ болуға кеңес беріледі.

Норфлоксацин қамтылатын фторхинолондар қолдану кезінде QT аралығын ұзартатын белгілі қауіп факторлары бар емделушілерде сақ болу керек, мысалы:

- QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромында

- QT аралығын ұзартатыны белгілі препараттарды бір мезгілде қолдану (мысалы, IA ​​және III класс антиаритмиктері, үш циклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)

- бақыланбайтын электролит теңгерімсіздігі (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)

- егде жастағы емделушілер

- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия)

Кейбір ингредиенттер туралы арнаулы ақпаратE110 азобояғышы аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Нолицин® көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне мардымсыз ықпал етеді. Сирек жағдайларда хинолондар құрысуларды туындатуы мүмкін, сондықтан сыртартқысында құрысулары бар емделушілерге препаратты қолдану ұсынылмайды. Бас ауыру және бас айналу сияқты норфлоксациннің жағымсыз әсерлері өте сирек байқалады, бірақ олар, әсіресе, Нолицин® препаратын алкогольмен қолданғанда зейінділікті азайтуы мүмкін.

Дәрігерлер емделушілерге препаратқа реакциялары анықталғанша автокөлік басқармауын және қауіпті сипаттағы жұмысты орындамауын ескертуі тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея, аса ауыр жағдайларда – бас айналу, шаршау сезімі, сананың шатасуы, құрысулар.

Емі: асқазанды шаю, емделушіні мұқият бақылау, симптоматикалық ем жүргізу. Тиісті диурездің сақталуымен организмге сұйықтықтың жеткілікті мөлшерде түсуін қамтамасыз ету қажет. QT аралығының ұзару мүмкіндігін ескеріп, ЭКГ мониторинг өткізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады.

Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада, ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Казахстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

1 б корпус, 2-ші қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

 

Прикрепленные файлы

240773691477976499_ru.doc 116.5 кб
867767891477977658_kz.doc 149 кб
1902_96_2000_05_11_17_p.pdf 1.03 кб
1902_96_2000_05_11_17_s.pdf 1.73 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ