Новэкс Лор

МНН: Амилметакрезол, Дихлорбензиловый спирт
Производитель: Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025751
Информация о регистрации в РК: 20.04.2022 - 20.04.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Новэкс Лор

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Жалбыз дәмі бар соруға арналған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02AA20

Новэкс Лор - ауыз қуысы мен жұтқыншақта жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы біріктірілген препарат.

2,4-дихлорбензил спирті бензол туындысы, антисептик болып табылады. Амилметакрезол - фенол туындысы, антисептик. 2,4-дихлорбензил және амилметакрезол спиртінің әсер ету механизмі микробтық және зеңдік жасушалар ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ жасуша жарғақшаларының липидтерімен өзара әрекеттесуімен байланысты, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділікті анықтайды.

Препарат инфекциялық-қабыну ауруларында антисептикалық әсер етеді, грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең спектріне қатысты белсенді, антимикоздық (зеңге қарсы) және вирусқа қарсы әсер етеді. Препарат ауыз қуысының шырышты қабығына жұмсартушы әсер етеді және тамақтың тітіркенуі мен ауырсынуын, оның ішінде жұтыну және сөйлеген кездегісін азайтады.

Препарат сору басталғаннан кейін 5 минуттан соң тамақтағы ауру қарқындылығын төмендетеді. Ауыруды басатын әсері 2 сағатқа дейін созылады.

Қолданылуы

- ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде:

- фарингит, ларингит, тонзиллит

- қызыл иектің және ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы (гингивит, стоматит)

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа (заттарға) немесе 6.1-бөлімде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттерге

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (препараттың құрамында индигокармин бояғышы (Е132) болуына байланысты).

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Әрбір таблетканың құрамында қант бар, оны қант диабетімен ауыратын науқастар, сондай-ақ гипокалориялық диета кезінде ескеру қажет. Ұзақ уақыт қолданғанда (екі және одан да көп апта бойы) тістерді зақымдаушы әсері бар.

Егер аурудың симптомдары сақталса, нашарласа немесе жаңалары пайда болса, препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі сипатталмған.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану туралы деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.

Ана үшін күтілетін әсері шарана мен балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Ересектер: әр 2-3 сағат сайын бір таблеткадан баяу сорыңыз. 24 сағат ішінде 8 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.

Егде жастағы адамдар: егде жастағы адамдарда дозаны азайтудың қажеті жоқ.

Енгізу әдісі мен жолы

Таблеткаларды тістемей, баяу сору керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы қабыну симптомдарының жойылуына байланысты және 5 күннен аспайды.

Егер дәрілік затпен 5 күн емдегеннен кейін симптомдар жойылмаса немесе күшейіп кетсе, пациент дәрігермен кеңесуі тиіс.

Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар

Артық дозалануға қатысты деректер жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Сирек

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары (аллергиялық реакциялар, бөртпе)

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: амилметакрезол 0.602 мг

2,4-дихлорбензил спирті 1.206 мг

қосымша заттар: шарап қышқылы, сұйық глюкоза, кристалды ментол, эвкалипт майы, индигокармин бояғышы (Е132), қант, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, теңіз толқыны түсті, екі жағында «N» әрпінің бедерімен, жалбызға тән дәмі бар таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

12 таблеткадан поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Хербион Пәкістан Пвт. Лтд.

30/28 Коранги өнеркәсіптік аймағы,

Карачи, Пәкістан

Телефон: (92-21) 92-21-35040405-6

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Хербион Пәкістан Пвт. Лтд.

30/28 Коранги өнеркәсіптік аймағы,

Карачи, Пәкістан

Телефон: (92-21) 92-21-35040405-6

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 15 үй, 4В корпус, 1604 кеңсе

Телефон: 311-10-80

Е-mail:info.kz@herbion.com

Прикрепленные файлы

ЛВ_рус_мята.docx 0.03 кб
НОвэкс_Лор_ЛВ_каз_СС_дор_спец.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники