НовоСэвен® (1 мг)

МНН: Эптаког альфа (активированный)
Производитель: Ново Нордиск А/С
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Eptacog alfa (activated)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022184
Информация о регистрации в РК: 19.05.2016 - 19.05.2021
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

НовоСэвен®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эптаког альфа (белсендірілген)

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізу үшін 1 мг (50 КӘБ) және 2 мг (100 КӘБ) ерітінді дайындауға арналған лиофилизат алдын ала толтырған еккіштегі 1 мл және 2 мл еріткішімен жиынтықта (гистидин, инъекцияға арналған су)

Құрамы

белсенді зат - 1 мг (50 КӘБ) және 2 мг (100 КӘБ) эптаког альфа (rFVIIa),

қосымша заттар: натрий хлориді, кальций хлоридінің дигидраты, глицилглицин, полисорбат 80, метионин, сахароза, маннитол.

Еріткіші: 1,705 мг немесе 3,255 мг гистидин, инъекцияға арналған су.

1 КӘБ 1000 ХБ (Халықаралық Бірлікке) сәйкес келеді.

Сұйылтқаннан кейін 1 мл ерітіндіде 1 мг (белсендірілген) эптаког альфа болады.

Сипаттамасы

Ақ түсті лиофилизацияланған ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Гемостатиктер. Қан ұю факторлары. Эптаког альфа (белсендірілген).

АТХ коды В02ВD08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикалық бейіндері дозаға тура пропорционал тәуелділігін айғақтайды. Жыныстық және этникалық ерекшелігіне қарамастан, фармакокинетикасы бірдей болды. Орташа стационарлық таралу көлемі 130-дан 165 мл/кг дейінгі диапазонда ауытқиды, орташа клиренс мәндері сағатына 33.3-тен 37.2 мл/кг дейін құбылады, ал орташа жартылай ыдырау кезеңі 3.9-дан 6.0 сағатқа дейін өзгеріп отырады.

Тежегіш А және В гемофилиясы

Балаларға препаратты дене салмағына 90 және 180 мкг/кг мөлшерде енгізгенде дозалардың пропорционалдығы анықталған, бұл осының алдындағы препараттың төменірек дозаларына (17.5-70 мкг/кг РФС rFVIIa) жүргізілген зерттеу нәтижелерімен келіседі. Балалар организмінен жалпы клиренстің орташа мәндері, ересек пациенттер тобымен салыстырғанда, шамамен 1.5 есе жоғары (53 мл/кг/сағатқа қарсы 78) болды, осы тұста терминалдық фазадан өтетін орташа жартылай кезең мәні, орта есеппен, екі топта да 2.3 сағат құрады. Стационарлық жағдайда орташа таралу көлемі ересек пациенттердегі 159 мл/кг қарама-қарсы балалар тобында 196 мл/кг құраған. Клиренс мәнінің жасқа байланысты екені анықталған, демек, жас пациенттерде препарат клиренсі 50%-дан аса жоғары.

VІІ қан ұю факторының тапшылығы

НовоСэвен® препаратының фармакокинетикасында кг дене салмағына 15 және 30 мкг дозада бір рет енгізгенде дозаға тәуелсіз параметрлері: жалпы клиренсі (70.8-79.1 мл/сағ. х кг), тұрақты күйдегі таралу көлемі (280-290 мл/кг), плазмада болатын орташа уақыты (3.75-3.80 сағат) және жартылай шығарылу кезеңі (2.82-3.11сағат) бойынша елеулі айырмашылықтары болмаған. Плазманың қалыпқа келуінің іn vivo орташа көрсеткіші шамамен 20 құрады.

Гланцман тромбастениясы

Гланцман тромбастениясынан зардап шегетін науқастарда НовоСэвен® препаратының фармакокинетикасы зерттелмеген, бірақ оның А және В гемофилиясымен науқастардағы осы препарат фармакокинетикасына ұқсас екені жорамалданады.

Клиникаға дейінгі қауіпсіздігі туралы деректер

Клиникаға дейінгі қауіпсіздікті зерттеу бағдарламасын өткізу кезінде алынған бүкіл деректер рекомбинантты белсендірілген VII қан ұю факторының (rFVIIa) фармакологиялық әсерімен байланысты.

Шаян жегіш макаканың тәжірибелік жүрек-қантамыр үлгісінде rFXIII қан ұю факторларымен біріктірілген ем кезіндегі болжамды синергиялық әсері препараттардың төмендеу дозаларын қолданғанда, әр препаратпен бөлек емдеуге қарағанда, шамадан тыс фармакологиялық әсеріне (тромбоз және өлім) әкелді.

Фармакодинамикасы

Эптаког альфа (белсендірілген) гендік инженерия әдісімен атжалмандардың бүйрек жасушаларынан (ВНК жасушасынан) алынған молекулалық массасы шамамен 50000 дальтонға тең рекомбинантты VІІа ұю факторы түрінде болады.

НовоСэвен® құрамында белсендірілген рекомбинантты VІІ қан ұю факторы бар. Препараттың әсер ету механизмі VІІа факторының босап шыққан тіндік фактормен байланысуымен жүзеге асады. Түзілген кешен ІХа белсенді факторының түзілуімен ІХ факторды және Ха белсенді факторының түзілуімен Х факторды белсенділендіреді, бұл протромбиннің аздаған мөлшерінің тромбинге бастапқы айналуына алып келеді. Тромбин зақымданған аймақта тромбоциттер мен V және VІІІ факторларды белсенділендіреді және фибриногенді фибринге айналдыру жолымен гемостаздық тығынның түзілуін қамтамасыз етеді. Фармакологиялық дозаларда НовоСэвен® препараты тікелей, тіндік факторға байланыссыз, зақымдану аймағында шоғырланған белсендірілген тромбоциттер беткейінде Х факторды белсенділендіреді. Бұл, тіндік факторға байланыссыз, протромбиннен тромбиннің көп мөлшерде түзілуіне әкеледі. Осылайша, VІІа фактор фармакодинамикалық әсері Ха фактор, тромбин және фибриннің жергілікті түзілуін күшейтумен жүзеге асады.

ДТҰ-синдром дамуына бейімдейтін аурулардан зардап шегетін науқастарда қан ұюының жүйелік белсенділену қаупін теория жүзінде толық жоққа шығаруға болмайды.

VІІ қан ұю факторының туа біткен тапшылығы бар пациенттер қамтылған бақылау бағдарламасында тромбоэмболия жағдайлары хирургиялық араласу жасалған 91 пациенттің 3-де болды.

Қолданылуы

НовоСэвен® хирургиялық араласулар және инвазиялық емшаралар жасалғанда қан кетуді тоқтату және қан кетуден сақтандыру үшін науқастардың келесі топтарында пайдаланылады:

-  5ББ (Бетезда бірліктері) VІІІ немесе ІХ ұю факторлары тежегіштерінің титрі бар тұқым қуалайтын гемофилиямен науқастарда

- сыртартқы негізінде VІІІ фактор немесе ІХ фактор енгізуге иммундық реакция күтілетін тұқым қуалайтын гемофилиямен науқастарда

- жүре пайда болған гемофилиямен науқастарда

- туа біткен VІІ фактор тапшылығы бар науқастарда

- ІІb-ІІІа гликопротеиндеріне антиденелері болатын Гланцман тромбастениясы және тромбоцитарлы масса трансфузияларына (қазіргі уақытта немесе бұрын) рефрактерлігі бар науқастарда

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеуді гемофилияны және/немесе қан ұюының бұзылуын емдеу тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен бастаған дұрыс.

VІІІ фактор немесе ІХ фактор енгізілуіне иммундық реакция күтілетін немесе тежегіштері бар А немесе В гемофилиясы

Дозасы

Қан кету басталған соң препарат енгізуді мүмкіндігінше тезірек бастаған жөн. Көктамыр ішіне сорғалатып енгізуге ұсынылатын бастапқы доза науқастың кг дене салмағына 90 мкг құрайды. Бастапқы дозаны енгізуден кейін қайталау инъекциялары керек болуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы мен инъекциялар арасындағы үзіліс қан кету ауырлығымен немесе инвазиялық емшараның немесе хирургиялық араласудың сипатымен айқындалады.

Балаларда дозалануы

Қазіргі уақытта жинақталған клиникалық тәжірибе, балалардағы клиренстің жоғары екені белгілі болса да, балалар мен ересектер үшін дифференциацияланған дозалау режимін ұсынуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан педиатриялық тәжірибеде ересек пациенттер плазмасындағы концентрацияға ұқсас плазмадағы препарат концентрациясына жету үшін НовоСэвеннің® жоғарырақ дозаларын пайдалану қажеттілігі туындауы мүмкін («Фармакокинетикалық қасиеттері» бөлімін қара).

Препаратты енгізу жиілігі

Гемостазға жеткенше әр 2-3 сағат сайын. Егер қан кетуді тоқтатудан кейін емді жалғастыруға көрсетілімдер болса, онда көрсетілімдерге сәйкес бүкіл емдеу кезеңі бойына препарат енгізу аралықтарын 4, 6, 8 немесе 12 сағатқа біртіндеп ұзартуға болады.

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі қан кетулер (амбулаторлық емдеуді қоса)

Ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа қан кетуде препаратты ертерек енгізу өте тиімді. Келесі дозалау режимі ұсынылады:

- үш сағаттан соң кг дене салмағына 90 мкг дозада біреуден үш инъекцияға дейін. Әсерін сақтау үшін кг дене салмағына шаққанда 90 мкг есебінен НовоСэвен® препаратының қосымша бір дозасын тағайындауға болады.

- кг дене салмағына 270 мкг есебінен бір реттік инъекция.

Амбулаторлық емдеу ұзақтығы 24 сағаттан аспауы тиіс.

Ауыр дәрежедегі қан кету

Препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы кг дене салмағына 90 мкг құрайды және әдетте осы пациент емделетін клиникада тасымалдау сатысында енгізуге болады. Әріқарай емдеу сызбасы қан кету типіне және ауырлығына байланысты. Емдеудің басында препарат клиникалық жақсару басталғанша екі сағат сайын енгізіледі. Емді жалғастыруға көрсетілімдер болса, препаратты енгізу аралықтарын 1-2 тәулік ішінде 3 сағатқа дейін ұзартуға болады. Кейіннен, препаратты енгізу аралықтарын емдеудің бүкіл кезеңінде, көрсетілімдерге сәйкес, 4, 6, 8 немесе 12 сағатқа дейін ұзартуға болады. Ауыр қан кетуде емдеу ұзақтығы, клиникалық көрсетілімдер бар болса, 2-3 апта немесе одан көп құрауы мүмкін.

Инвазиялық араласулар/хирургиялық операциялар

Тура араласу алдында пациенттің кг дене салмағына 90 мкг бастапқы доза енгізіледі. Екінші доза 2 сағаттан соң енгізіледі, ал артынша препарат жасалған араласуға және пациенттің клиникалық жағдайына қарай, алғашқы 24-48 сағат ішінде 2-3 сағаттық аралықтармен енгізіледі. Ауқымды операцияларда емдеу жоғарыда ұсынылған дозада препарат енгізу арасындағы 2-4 сағаттық аралықтармен 6-7 тәулік жалғасады. Келесі 2 апта бойы ем жүргізгенде препаратты енгізу аралықтарын 6-8 сағатқа дейін ұзартуға болады. Препаратты үлкен операциядан кейін қолданудың жалпы ұзақтығы әбден жазылып кеткенше 2-3 апта құрауы мүмкін.

- Жүре пайда болған гемофилия

Доза және дозалар арасындағы үзіліс (амбулаторлық емдеуді қоса)

НовоСэвен® препаратын қан кету басталған соң мүмкіндігінше ертерек енгізу көрсетілген. Көктамыр ішіне сорғалатып енгізуге ұсынылатын бастапқы доза науқастың кг дене салмағына 90 мкг құрайды. Алғашқы инъекциядан кейін, қажет болса, НовоСэвен® препаратын енгізуді қайталауға болады. Емдеу ұзақтығы мен препаратты енгізу арасындағы үзіліс қан кету ауырлығымен немесе инвазиялық емшара/хирургиялық араласу сипатымен айқындалады. Бастапқы дозаны енгізгенде аралық 2-3 сағат құрауы тиіс. Гемостазға жетуден соң препарат енгізу аралықтарын бүкіл емдеу кезеңінде 4, 6, 8 немесе 12 сағатқа дейін ұзартуға болады.

- VII фактор тапшылығы

Дозалануы, дозалар диапазоны және енгізулер арасындағы үзіліс

Хирургиялық араласулар немесе инвазиялық емшаралар жасау кезінде қан кетуді тоқтату және қан кету профилактикасы үшін ұсынылатын дозалар кг дене салмағына 15-30 мкг құрайды. Гемостазға жеткенше препарат әр 4-6 сағат сайын енгізіледі. Дозалар мен енгізу жиілігі әркімде жеке нақтыланады.

- Гланцман тромбастениясы

Дозалау, дозалар диапазоны және енгізулер арасындағы үзіліс

Хирургиялық араласулар немесе инвазиялық емшаралар жүргізу кезінде қан кетуді бақылау және қан кету профилактикасы үшін ұсынылатын доза кг дене салмағына 90 мкг (80-120 мкг) құрайды. Препарат әр 2 сағат сайын (1.5-2.5 сағат) енгізіледі. Тұрақты гемостазды қамтамасыз ету үшін кемінде үш доза қажет болады. Көктамырішілік болюсті енгізу тәсілі ұсынылады, өйткені тамшылатып енгізгенде препарат тиімділігі төмендеуі мүмкін. Рефрактерліксіз Гланцман тромбастениясымен науқастарда таңдау препараты тромбоцитарлық масса болып табылады.

Енгізу

Препаратты пайдалану жөніндегі нұсқаулықта сипатталғандай сұйылтып, көктамыр ішіне 2-5 минут бойы баяу енгізеді. НовоСэвен® препаратын басқа инфузиялық ерітінділермен араластыруға немесе тамшылатқыш арқылы енгізуге болмайды.

Дайындалған ерітінді физикалық және химиялық қасиеттерін 25оС температурада 6 сағат бойы және 5оС температурада 24 сағат бойы сақтайды.

Микробиологиялық көзқарас тұрғысынан, препаратты дайындағаннан кейін бірден пайдалану керек. Егер препарат бірден енгізілмеген жағдайда, ерітіндіні белгіленген тәртіпте расталған асептикалық бақыланатын жағдайларда дайындалатын кездерін қоспағанда, сақтау ұзақтығы және шарттарына (2оС-ден 8оС-ге дейінгі температурада 24 сағаттан асырмай) жауапкершілік пайдаланушыға жүктеледі.

Жағымсыз әсерлері

Күрделі де, күрделі емес те жағымсыз реакциялардың тізбесі кестеде берілген. Клиникалық зерттеулер барысында алынған деректерге негізделіп, төменде берілген жағымсыз реакциялардың бәрі ағзалар жүйелері мен даму жиілігі бойынша MedDRA жіктемесіне сәйкес топтарға бөлінген. Әр топтың ішінде даму жиілігі бойынша жағымсыз реакциялар күрделілігінің кемуіне қарай келтірілген. Жағымсыз реакциялардың даму жиілігі былайша айқындалған: жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100 дейін); сирек (≥1/10,000-нан <1/1,000 дейін). Постмаркетингтік пайдалану үдерісінде ғана (клиникалық зерттеу барысында емес) байқалған жағымсыз реакциялар жиілігі «белгісіз» деп келтірілген.

Жиі емес

Тамырлар тарапынан бұзылулар

- тромбоэмболия жағдайлары (терең көктамырлар тромбозы, препаратты енгізген жердегі көктамыр тромбозы, өкпе тромбоэмболиясы, бауыр тромбоэмболиясының жағдайлары, соның ішінде қақпа көктамырының тромбозы, бүйрек көктамырының тромбозы, тромбофлебит, беткейлік көктамырлар тромбофлебиті және ішек ишемиясы)

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

- тері бөртпесінің пайда болуы (соның ішінде аллергиялық дерматит және эритематозды бөртпе)

- терінің қышынуы және уртикарлы бөртпе

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

- емдік әсерінің төмендеуі

Тиімділігінің жеткіліксіз жағдайлары сипатталған (емдік әсерінің төмендеуі). НовоСэвен® препаратын дозалау режимі «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінде сипатталған емнің ұсынылатын сызбаларына сәйкес болуы қажет.

- қызба

Сирек

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

- диссеминацияланған тамырішілік ұю және зертханалық көрсеткіштердің қатарлас өзгеруі (D-димер мөлшерінің жоғарылауы және антитромбин ІІІ белсенділік деңгейінің төмендеуі («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

- коагулопатия

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

- жоғары сезімталдық («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз)

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

- бас ауыру

Тамырлар тарапынан бұзылулар

- артериялық тромбоэмболия жағдайлары (миокард инфарктісі, ми инфарктісі, ми ишемиясы, ми артерияларының окклюзиясы, цереброваскулярлық патология, бүйрек артерияларының тромбозы, шеткергі тамырлар ишемиясы, шеткергі артериялар тромбозы және ішек ишемиясы)

- стенокардия

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

- жүрек айну

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

- енгізген жердегі реакциялар, енгізген жердегі ауырсынуды қоса

Зерттеулер

- фибрин деградациясы өнімдері мөлшерінің көбеюі

- аланинаминотрансфераза, сілтілік фосфатаза, лактатдегидрогеназа белсенділігінің және протромбин концентрациясының жоғарылауы

Белгісіз

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

- анафилаксиялық реакциялар

Тамырлар тарапынан бұзылулар

- жүрекішілік тромб

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

- тері жабындарының қызаруы

- ангионевроздық ісіну

Тежегіш антиденелердің түзілуі

Постмаркетингтік қолдануда және клиникалық зерттеулерде А немесе В гемофилиясы бар пациенттердегі НовоСэвен® препаратына немесе VII қан ұю факторына тежегіш антиденелердің түзілуі жөнінде расталған деректер алынбаған.

Клиникалық зерттеулер барысында VII қан ұю факторының тапшылығы бар науқастарда НовоСэвен® препаратына немесе VII қан ұю факторына антиденелердің түзілуі бірден-бір байқалған жағымсыз реакция болды (даму жиілігі: жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)). Кейбір жағдайларда антиденелердің тежегіш әсері in vitro анықталған. НовоСэвен® препаратына немесе VII қан ұю факторына антиденелердің даму қаупі VII қан ұю факторы генінің ауыр мутациясынан өткен немесе НовоСэвен® препаратының артық дозалану жағдайлары бұрын болған адам плазмасы және/немесе VII қан ұю плазмалық факторы бұрын құйылған науқастарда болуы мүмкін.

VII қан ұю факторының тапшылығы бар, осыған қатысты НовоСэвен® препаратымен ем жүргізілген науқастарда VII қан ұю факторына антиденелердің дамуын бақылау керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Тромбоэмболия (артериялық және көктамырлық)

НовоСэвен® препаратын аурулары мақұлданған көрсетілімдерге кірмейтін пациенттерде қолданғанда артериялық тромбоэмболияның даму жағдайлары жиі білінді (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін). Артериялық тромбоэмболия жағдайларының өте жоғары даму қаупі (плацебо алған пациенттер тобындағы 3.0%-бен салыстырғанда, сынақтық препаратпен ем алып жүрген пациенттер тобында 5.6%) ауру сипаттамасы алуан түрлі, соған сәйкес, қауіп бейіні әртүрлі болатын пациенттердің түрлі клиникалық топтарында жүргізілген мақұлданған көрсетілімдер шегінен тыс ауруларды емдеу үшін препаратты қолдану жөніндегі плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулер барысында алынған жиынтық деректердің мета-талдауында анықталды. НовоСэвен® препаратын мақұлданған көрсетілімдерден тыс қолдану ұсынылмайды, өйткені ондай қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған.

Тромбоэмболия жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін.

Жүре пайда болған гемофилиясы бар пациенттер

61 пациент қатысқан клиникалық зерттеулер (препарат қолданылған 100 көрініс жиынтығы) кейбір жағымсыз реакциялардың жиірек кездесетінін (көріністер санының 1%-ы) көрсетті:

- артериялық тромбоэмболия жағдайлары (ми артерияларының окклюзиясы, цереброваскулярлық патология)

- көктамырлық тромбоэмболия жағдайлары (өкпе тромбоэмболиясы, терең көктамырлар тромбозы)

- стенокардия

- жүрек айну

- қызба

- эритематозды бөртпе

- зертханалық зерттеулерде фибрин деградациясы өнімдері мөлшерінің көбеюі

Болжанатын жағымсыз реакциялар туралы хабарлама

Дәрілік заттың мақұлдануын алудан кейін болжанатын жағымсыз реакциялар туралы хабарлама маңызды болып табылады. Бұл дәрілік заттың пайда/қауіп арақатынасына мониторинг жасауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Медициналық қызметкерлерден ұлттық есептілік жүйелері арқылы кез келген болжанатын жағымсыз реакциялар туралы хабарлау өтініледі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді компонентке, қосымша заттарға, тышқанның, атжалманның немесе сиырдың ақуыздарына жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

НовоСэвен® препараты мен қан ұю факторларының концентраттары арасында болжамды өзара әрекеттесу қаупі жөнінде деректер жоқ. Протромбин кешені концентраттары (белсендірілген немесе белсенділендірілмеген) мен НовоСэвен® препаратын бір мезгілде енгізуге болмайды.

Қолда бар деректер бойынша, гемофилиямен науқастарда, әсіресе, ортопедиялық операциялар мен фибринолиздік белсенділігі жоғары тіндерге, мысалы, ауыз қуысында жасалған операциялар кезінде антифибринолитиктер операция үстінде қан жоғалтуды төмендетеді. Антифибринолитиктер мен НовоСэвен® препаратын біріктіріп қолдану тәжірибесі шектеулі.

Клиникаға дейінгі зерттеулер нәтижелерінің негізінде («Фармакокинетика. Қауіпсіздігі жөніндегі клиникаға дейінгі деректер» бөлімін қараңыз) rFVIIa және rFXIII қан ұю факторлары препараттарымен біріктіріп емдеу ұсынылмайды. rFVIIa және rFXIII қан ұю факторларының өзара әрекеттесуі жөнінде клиникалық деректер жоқ.

Үйлесімсіздігі

НовоСэвенді® инфузиялық ерітінділермен араластыруға немесе тамшылатқышта тағайындауға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Емдеу үдерісіндегі мониторинг – зертханалық зерттеулер

НовоСэвен® препаратымен емдеу зертханалық бақылауды қажет етпейді. Препарат дозалары қан кету ауырлығына және клиникалық әсерге қарай белгіленеді. НовоСэвен® препаратын енгізуден кейін протромбин уақыты (ПУ) мен белсендірілген парциальді тромбопластин уақытының (БПТУ) төмендеуі көрсетілді, алайда ПУ, БПТУ және НовоСэвен® препаратының клиникалық тиімділігі арасында өзара байланыс анықталмаған.

Тіндік фактордың босап шығуының артуымен қатар жүретін патологиялық жай-күйлерде НовоСэвен® препаратын қолдану тромбоз асқынуларының немесе диссеминацияланған тамырішілік ұю (ДТҰ) синдромының зор даму қаупімен байланысты болуы мүмкін. Ондай жай-күйлерге ауыр атеросклероз, жаншылған жаралар, септицемия және ДТҰ-синдром жатады.

Тромбоз асқынуларының жоғары даму қаупі немесе диссеминацияланған тамырішілік ұю синдромы (ДТҰ-синдром) бар пациенттерге, сыртартқысында ишемиялық жүрек ауруы және бауыр аурулары болған пациенттерге, сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңдегі пациенттерге және жаңа туған нәрестелерге НовоСэвен® препаратын сақтықпен тағайындау керек. Әр жағдайда аталған жай-күйлері бар пациенттерді емдеу үшін НовоСэвен® препаратын қолданудан болатын әлеуетті пайда оларда сипатталған асқынулардың даму қаупіне қатысты тиянақты таразылануы тиіс.

Рекомбинантты VІІа қан ұю факторы - НовоСэвен® препаратының құрамында тышқан IgG, сиыр IgG іздік мөлшерлері мен өсіріндінің басқа да қалдық ақуыздары (атжалманның және сиырдың сарысулық ақуыздары) болуы мүмкін екендіктен, аталған препаратты алатын науқастарда осы ақуызға жоғары сезімталдықтың өте аз даму мүмкіндігі бар. Ондай жағдайларда көктамыр ішіне антигистаминді препараттар қолдануды қарастыру керек.

Аллергиялық немесе анафилаксиялық реакциялар басталғанда препарат енгізуді дереу тоқтату керек. Анафилаксиялық шок дамыған жағдайда оның симптомдарын басу үшін стандартты ем қолданылады. Пациенттерге аллергиялық реакциялардың ерте даму симптомдары туралы ескерту қажет. Олар аталған симптомдар дамығанда осы препаратпен емделуді дереу тоқтатып, өз емдеуші дәрігеріне қаралу керектігін білуі тиіс.

Ауыр қан кетулерде препарат VІІІ немесе ІХ қан ұю факторларының тежегіштерімен гемофилияны емдеуге мамандандырылған стационарларда, ал егер бұл мүмкін болмаса, гемофилияны емдеуге маманданған дәрігермен тығыз ынтымақтастықта қолданылу керек.

Егер науқаста қан кетуді тоқтату мүмкін болмаса, оны міндетті түрде ауруханаға жатқызған жөн. Пациенттер немесе оларды күтімге алған тұлғалар НовоСэвен® препаратын үй жағдайында қолданудың әрбір жағдайы жөнінде, алғашқы мүмкіндік туған бойда, емдеуші дәрігерге немесе стационарға хабарлауы тиіс.

VІІ қан ұю факторының тапшылығы бар науқастарда НовоСэвен® препаратын енгізгенше және одан кейін протромбин уақытын және VІІ қан ұю факторы белсенділігін бақылап отыру керек. Егер, препаратты ұсынылған дозаларда қолдануға қарамастан, VІІа қан ұю факторының белсенділігі күтілген мәнге жетпесе немесе қан кету жалғаса берсе, антиденелер түзілуін жорамалдауға болады. Бұл жағдайда антиденелердің бар-жоғына талдау жасаған жөн. VІІ қан ұю факторының тапшылығы бар пациенттерде хирургиялық араласулар барысында НовоСэвен® препаратын қолдану кезіндегі тромбоз жағдайлары хабарланған, бірақ НовоСэвен® препаратымен емдеу аясында VІІ қан ұю факторының тапшылығы бар науқастардағы тромбоз қаупі туралы деректер жоқ.

Фруктозаны көтере алмаушылықпен байланысты сирек тұқым қуалайтын кінәраттары және глюкоза, галактоза және сахароза-изомальтозаның сіңу жеткіліксіздігі бар пациенттер осы дәрілік препаратты қабылдамау керек.

Қан кету профилактикасы үшін НовоСэвен® препаратын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі

НовоСэвен® препаратын профилактикалық мақсатта қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі пациенттердің бір тобында бақыланбайтын салыстырмалы жасырын зерттеуде (F7HAEM-1505 зерттеу) расталған. Зерттеуде сыртартқысында қан кету көріністері жиі болған (айына > 4 қан кету) пациенттер қамтылған. Стандартты емнің алғашқы үш айында пациенттер қан кету жиілігін анықтау тұрғысынан қадағаланды. Келесі үш ай бойы оларға НовоСэвен® препараты күн сайын енгізілді. Күніне бір рет кг дене салмағына 90 мкг доза енгізу қан кету жиілігінің 45% азаюына алып келді. Қан кетудің орташа жиілігі бастапқы бақылау кезеңіндегі айына 5.4-тен профилактикалық емдеу кезеңіндегі айына 2.8 дейін төмендеді (р < 0.001). Емдеусіз бақыланған келесі үш ай ішінде қан кетудің орташа жиілігі (айына 3.9) бастапқы кезеңдегіден 27% төмен болды (p < 0.01). Ұзақтығы үш айдан асып кететін кезеңдер бойына профилактикалық қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Сұйылтудан соң 1 мл ерітіндіде 10 мг сахароза болады.

Фруктоза көтерімділігінің болмауына байланысты сирек тұқым қуалайтын кінәраттары бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қабылдауға болмайды.

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану

Жүктілік

Алдын ала сақтану шарасы ретінде жүктілік кезінде НовоСэвен® препаратын қолданбау керек.

Жүктілік кезінде мақұлданған көрсетілімдер аясында қолдануға қатысты жинақталған шектеулі деректер жүктілік ағымына және ұрық/жаңа туған нәресте денсаулығына rFVIIa ықпалының жоқ екенін растайды. Қазіргі уақытта басқа эпидемиологиялық деректер жоқ. Жануарларда жүргізілген тәжірибелерде жүктілік ағымына, эмбриондық/фетальді дамуға, босану мен босанудан кейінгі дамуға қатысты тікелей немесе тікелей емес зияны анықталмаған («Фармакологиялық қасиеттері. Фармакокинетикасы. Клиникаға дейінгі қауіпсіздік деректері» бөлімін қараңыз).

Бала емізу кезеңі

Емшек сүтімен rFVIIa бөлініп шығуы белгісіз. Жануарларда rFVIIa бөлінуі зерттелмеген. Бала емізуді жалғастыру/тоқтату немесе НовоСэвен® препаратымен емдеуді жалғастыру/тоқтату шешімін сәби үшін емшек емудің пайдасы мен әйел үшін НовоСэвен® препаратымен емнің пайдасына қарай қабылдау керек.

Фертильділік

Клиникаға дейінгі зерттеулер деректерінде, сондай-ақ постмаркетингтік деректерде rFVIIa тарапынан ерлердің немесе әйелдердің фертильділігіне ешқандай теріс әсер ету белгілері көрсетілмеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі белгісіз.

Артық дозалануы

Клиникалық зерттеулер барысында НовоСэвен® препаратының дозаны шектейтін уыттылығы зерттелмеген.

Гемофилиясы бар пациенттерде артық дозаланудың бірнеше жағдайлары хабарланған. Артық дозаланумен байланысты бірден-бір асқыну 5.5 мг орнына 24 мг rFVІІа алған 16 жасар пациентте артериялық қысымның болымсыз өткінші көтерілуі болды.

Жүре пайда болған гемофилиясы немесе Гланцман тромбастениясы бар пациенттерде артық дозалану жағдайлары хабарланбаған.

Ұсынылған rFVІІа дозасы 15-30 мкг/кг құрайтын VII қан ұю факторының тапшылығы бар пациенттерде артық дозаланудың бір жағдайы препаратты ұсынылған дозасынан 10-20 есе асып кететін дозада алған ер жынысты егде (80 жастан асқан) пациентте тромбоз асқынуымен (мидың желке аумағындағы тамырлар тромбозы) байланысты болды. VII қан ұю факторының тапшылығы бар бір пациентте rFVІІ және НовоСэвен® препаратына антиденелердің артық дозаланумен байланысты дамуы жөнінде де хабарланды.

Пайда болуы мүмкін қосымша қауіптер туралы ақпарат жоқ болғандықтан, ұсынылған дозаларынан асыруға болмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Хлорбутилді резеңке тығынмен және полипропиленді «Snap-off» қақпақты алюминий қалпақшамен тығындалған І гидролиздік класты түссіз шыны құтыдағы лиофилизат.

Хлорбутилді резеңке тығынмен және полипропиленді стоппермен тығындалған көлемі 3 мл І гидролиздік класты түссіз шыны еккіште 1 мл (1 мг доза үшін) немесе 2 мл (2 мг доза үшін) еріткіштен. Еккіш қалпақшасында бромбутилді резеңке және көрінетін тығыздағышымен полипропилен итергіш болады. Поршень полипропиленнен жасалған.

Лиофилизаты бар 1 құты, еріткіші бар алдын ала толтырылған 1еккіш және құтыға арналған 1 адаптер медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Еккішті еріткішпен бүлдіріп алмас үшін, мұздатып қатыруға болмайды.

Жарықтан қорғау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дайындалған ерітіндінің физикалық және химиялық қасиеттері 25оС температурада 6 сағат бойы және 5оС температурада 24 сағат бойы сақталады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Ново Нордиск А/С

Ново Алле

DK-2880 Багсваерд, Дания

 

Тіркеу куәлігінің иесі

Ново Нордиск А/С, Дания

Қаптаушы

Ново Нордиск А/С, Дания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы Ново Нордиск А/С компаниясының өкілдігі

Мекенжайы: 050010, Алматы қ., «Кең дала» бизнес орталығы, Достық даңғылы, 38 үй, Б блок, Оңтүстік жағы, 8-ші қабат

Телефон нөмірі: +7 (727) 330 77 88

Факс нөмірі: +7 (727) 261 08 04

Электронды пошта: roа-td@novonordisk.com

НовоСэвен® Novo Nordisk Health Care AG, Швейцария жекеменшігіндегі сауда белгісі болып табылады.

© 2016

Ново Нордиск А/С

 

 

 

 

 

НовоСэвен® препаратын пайдаланушының нұсқаулығы

НОВОСЭВЕН® ПРЕПАРАТЫН ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА

ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ

НовоСэвен® препараты лиофилизацияланған ұнтақ түрінде сатылады. Енгізер алдында препарат еккіште болатын еріткіш арқылы сұйылтылуы тиіс. Еріткіш – бұл гистидин ерітіндісі. Сұйылтылған дайын НовоСэвен® препараты сіздің көктамырыңызға енгізілуі (көктамырішілік енгізу) тиіс. Осы қаптамадағы құрал-жабдық НовоСэвен® препаратын сұйылту және енгізу үшін әзірленген.

Сізге инфузиялық енгізуге арналған құрылғы (жүйе және көбелек-ине), стерильді спиртті сүрткі, дәке тампон, бұласыр да қажет болады. Бұл медициналық мақсаттағы бұйымдар НовоСэвен® препаратының қаптамасына кірмеген.

Өз дәрігеріңізден немесе медбикеден алдын ала үйреніп алмай құрылғыны пайдаланбаңыз.

Қолыңызды үнемі жуып, айналаңыздағы аймақтың таза екеніне көз жеткізіңіз.

Препаратты дайындау және тікелей көктамырға енгізу кезінде микроб жұқтырып алмас үшін таза және герметикалық (асептикалық) құрылғы пайдалану өте маңызды. Сәйкес келмейтін құрылғы микроб жұқтыруға және қанға инфекция түсуіне әкелуі мүмкін.

Егер Сіз оны пайдалануға бірден дайын болмасаңыз, құрылғыны ашпаңыз.

Егер ол сынған немесе бүлінген болса, құрылғыны пайдаланбаңыз. Оның орнына жаңа қаптаманы пайдаланыңыз.

Егер жарамдылық мерзімі өткен болса, құрылғыны пайдаланбаңыз. Оның орнына жаңа қаптаманы пайдаланыңыз. Жарамдылық мерзімі картон қаптамаға, құтыға, құтыға арналған адаптерге және алдын ала толтырылған еккішке баспалы түсірілген.

Егер Сіз оған микроб түсіп кетуінен күдіктенсеңіз, құрылғыны пайдаланбаңыз. Оның орнына жаңа қаптаманы пайдаланыңыз.

Сіз қалыпқа келтірілген дайын ерітіндіні енгізгенше құрылғының ешбір құрамдас бөлігін тастамаңыз.

Құрылғы тек бір рет пайдалануға арналған.

Жиынтықталымы:

Қаптаманың ішінде:

1 мг (50 КӘБ) немесе 2 мг (100 КӘБ) эптаког альфа (белсендірілген) лиофилизаты және толтырғыштары бар 1 құты

Алдын ала толтырылған 1 еккіш 1 мл немесе 2 мл еріткішімен (гистидин, инъекцияға арналған су)

Құтыға арналған 1 адаптер

Қолданылуы жөніндегі нұсқаулық

 

 

 

 

 

 

 

 

Шолу

Лиофилизат бар құты

Қ

Прикрепленные файлы

729051361477976221_ru.doc 460.5 кб
355989811477977471_kz.doc 480.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники