Ново-Пассит® (раствор для приема внутрь)

Производитель: ТЕВА Чешские Предприятия с.р.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014227
Информация о регистрации в РК: 27.12.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

НОВО-ПАССИТ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: Ново-Пассит сұйық сығындысы (дәрілік шүйгіншөп, дәрілік жау-жапырақ, шілтер жапырақты шайқурай, кәдімгі долана, инкарнат пассифлорасы (страстоцвет), кәдімгі құлмақ, қара ырғай) - 7,75 г; гвайфенезин - 4,0 г 100 мл ерітіндіде.

қосымша заттар: натрий бензоаты, натрий цикламаты, ксантан шайыры, 50 инвертоза (фруктоза шәрбаты 50), натрий сахарині моногидраты, 96 этанол, апельсин хош иістендіргіші 51941А, натрий цитраты дигидраты, мальтодекстрин, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы

Шәрбат тәрізді, өзіне тән иісі мен дәмі бар, қызыл-қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі мөлдір немесе сәл бұлыңғыр сұйықтық. Сақтау кезінде пайда болып, сілкігенде еритін жеңіл шөгіндінің пайда болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер.

АТХ коды N05СМ

Фармакологиялық қасиеттері

Құрамында дәрілік өсімдіктердің кешенді сығындысы мен гвайфенезин бар біріктірілген препарат. Дәрілік өсімдіктерден алынған сығынды негізінен седативті (тыныштандыратын) әсер көрсетеді, гвайфенезин анксиолиттік (үрейге қарсы) әсер иеленген. Қорқыныш сезімін, психоэмоциялық ширығуды жояды. Миорелаксациялайтын әсерімен сипатталады.

Гвайфенезин асқазан-ішек жолында жылдам сіңеді, бауырда метоболизденеді, глюкурон қышқылымен байланысады және негізінен несеппен белсенділігі жойылған метоболиттер түрінде шығарылады. Биологиялық жартылай ыдырау кезеңі - шамамен 1 сағат.

Қолданылуы

- ашушаңдықпен, үреймен, қорқынышпен, шаршаумен, ұмытшақтықпен қатар жүретін неврастения мен невроздық реакцияларда

- «Менеджер синдромында» (үнемі психикалық ширығу жағдайында)

- ұйқысыздықта (жеңіл түрлері)

- жүйке ширығуынан болатын бас ауыруларында

- бас сақинасында

- АІЖ фунционалдық ауруларында (диспепсиялық синдром, «тітіркенгіш ішек» синдромы)

- нейроциркуляторлық дистония және климактериялық синдром кезінде симптоматикалық дәрі ретінде

- қышытатын дерматоздарда (атопиялық және себореялық экзема, есекжем)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ново-Пассит 5 мл ерітіндіден (1 шай қасық) тәулігіне 3 рет қабылданады. Қажет болса, тәуліктік дозаны тәулігіне 3 рет 10 мл дейін арттыруға болады. Жайсыз мәңгіру пайда болған жағдайда таңертеңгі және күндізгі дозаларының жартысын азайтумен 2,5 мл, ал кешкілік 5 мл қабылдау қажет. Дозалануын емделушінің реакциясына қарай өзгертуге болады. Препарат қабылдау арасындағы аралық 8 сағат болуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда мынадай қолайсыз реакциялар пайда болуы мүмкін: бас айналу, шаршау, ұйқышылдық, аллергиялық реакциялар, экзантема, асқазан-ішек жолының бұзылыстары (жүрек айну, құсу, түйілулер, қыжыл, диарея, іш қату), зейін шоғырландырудың төмендеуі, бұлар препаратты тоқтатқаннан кейін басылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне, әсіресе гвайфенезинге жекеше жоғары сезімталдық

- миастения, эпилепсия

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Айрықша нұсқаулар

Препаратты асқазан-ішек жолының жедел ауруларында абайлап қолдану керек.

Ішуге арналған ерітінді құрамында 9 этанол ерітіндісі және 10,3 глюкоза бар. Қант диабеті бар емделушілер Ново-Пасситті® емдеуші дәрігердің бақылауымен қабылдауы тиіс. Препараттың бір дозасының (5 мл) құрамында 481 мг этанол бар.

Емделу кезінде алкогольді ішімдіктер тұтынуға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ново-Пасситті ® жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор қызмет түрлерін басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін автокөлікті және қауіптілігі зор қызмет түрлерін басқарудан тартына тұру қажет.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ново-Пассит® құрамына кіретін гвайфенезин ОЖЖ-не бәсеңдету ықпалын тигізетін заттардың, сондай-ақ этанолдың әсерін күшейтеді.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, жабырқау сезімі, кейінірек – жүрек айну, жеңіл бұлшықеттік әлсіздік, буындардың ауыруы, асқазанда ауырлық сезіну.

Емі: асқазанды шаю, белгілеріне қарай ем жүргізу. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100, 200 және 450 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын жасыл түсті пластмасса қақпақпен тығындалған күңгірт шыныдан жасалған құтыларда.

1 құтыдан өлшеуіш қалпақшасымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

10С-ден 25С-ге дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

100 мл, 200 мл, 450 мл қаптама – 4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Тева Чех Өндірістері с.р.о.», Чех Республикасы

Остравска 29,74770 Опава, Комаров

Тіркеу куәлігінің иесі

«Тева Чех Өндірістері с.р.о.», Чех Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Тева Чеш Индастриез» компаниясының ҚР өкілдігі

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

Нұрлы Тау бизнес орталығы 1 Б, 603, 604 кеңсе

Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34

 

Прикрепленные файлы

278856931477976820_ru.doc 48.5 кб
640084821477977974_kz.doc 71.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники