НоваРинг

МНН: Этинилэстрадиол, Этоногестрел
Производитель: Н.В. Органон
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Вагинальное кольцо с прогестагеном и эстрогеном
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019825
Информация о регистрации в РК: 27.11.2017 - 27.11.2022

Инструкция

Саудалық атауы

НоваРинг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қынаптық сақиналар

Құрамы

Бір сақинаның құрамында

белсенді заттар: 11,7 мг этоногестрел, 2,7 мг этинилэстрадиол,

қосымша заттар: этиленвинилацетат сополимері (28% винилацетат), этиленвинилацетат сополимері (9% винилацетат), магний стеараты.

Сипаттамасы

Жалғанған жерінде мөлдір немесе мөлдір дерлік аумағы бар, көп жерлері көрінетіндей бүлінбеген тегіс, мөлдір, түссіз немесе түссіз дерлік сақиналар.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Жергілікті қолдануға арналған контрацептивтер. Қынапішілік контрацептивтер. Прогестогенмен және эстрогенмен қынаптық сақиналар.

АТХ коды G02ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Этоногестрел

НоваРинг сақинасынан босап шығатын этоногестрел қынаптың шырышты қабығына тез сіңеді. Қан плазмасында этоногестрел ең жоғары концентрациясына (1700 пг/мл жуық) сақина енгізілгеннен кейін шамамен бір апта өткенде жетеді. Сарысулық концентрациясы біршама ауытқуларға ұшырайды және пайдаланған 1 аптадан соң 1600 пг/мл, 2 аптадан соң 1500 пг/мл, 3 апта өткенде 1400 пг/мл тең шамадағы деңгейге баяу төмендейді. Толық биожетімділігі 100% жуықтайды.

Этоногестрел сарысулық альбуминмен және жыныс гормондарын байланыстыратын глобулинмен (ЖГБГ) байланысады. Этоногестрелдің таралу көлемі 2.3 л/кг құрайды. Этоногестрел гидроксилдену және сульфатты және глюкуронидті конъюгаттар түзілетін қалпына келу жолымен метаболизденеді. Сарысулық клиренсі сағатына 3.5 л жуық құрайды. Сарысудағы этоногестрел концентрациясы екі фазада азаяды. Соңғы элиминация фазасы шамамен 29 сағатқа тең жартылай шығарылу кезеңімен сипатталады. Этоногестрел және оның метаболиттері 1.7:1 арақатынасына жуық несеппен және өтпен шығарылады. Метаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңі 6 күнге жуық.

Этинилэстрадиол

Этинилэстрадиол тез босап шығады және сіңеді. Қан плазмасында этинилэстрол ең жоғарғы концентрациясына (35 пг/мл жуық) сақина енгізілгеннен кейін шамамен үшінші күнге қарай жетеді және 1 аптадан соң 19 пг/мл, 2 аптадан соң 18 пг/мл, 3 аптадан соң 18 пг/мл дейін азаяды. НоваРинг препаратының абсолютті биожетімділігі шамамен 56% құрайды, бұл этинилэстрадиолды пероральді қолданған кездегі биожетімділік шамасына сәйкес келеді.

Этинилэстрадиол сарысулық альбуминмен спецификалық емес байланысады.

Таралу көлемі – 15 л/кг жуық.

Этинилэстрадиол бос күйде де, глюкуронидті және сульфатты конъюгаттар түрінде де болатын алуан түрлі гидроксилденген және метилденген метаболиттер түзумен хош иісті гидроксилдену арқылы метаболизденеді.

Сарысулық клиренс сағатына 3.5 л жуық құрайды.

Сарысудағы этинилэстрадиол концентрациясы 2 сатыда азаяды. Соңғы элиминация фазасындағы жартылай шығарылу кезеңі әркімдегі жекеше үлкен айырмашылықтармен сипатталады және орта есеппен шамамен 34 сағат құрайды.

Этинилэстрадиол өзгермеген күйде шығарылмайды; этинилэстрадиол метаболиттерінің шығарылуы несеппен немесе өтпен бірге 1.3:1 арақатынасында жүзеге асады. Метаболиттердің жартылай шығарылу кезеңі 1.5 тәулікке жуық құрайды.

Арнайы топтар

Балалар және жасөспірімдер

НоваРинг препаратының фармакокинетикасы етеккірі басталғаннан кейін 18 жасқа дейінгі дені сау жасөспірім қыз балаларда зерттелген жоқ.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі кезіндегі НоваРинг препаратының фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі кезіндегі НоваРинг препаратының фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ. Бауыр функциясының жеткіліксіздігінде барлық стероидты гормондардың метаболизмі бұзылатындығын ескерген жөн.

Әртүрлі этникалық топтардағы фармакокинетикасына баға беруге зерттеулер жүргізілген жоқ.

Фармакодинамикасы

НоваРинг құрамында этоногестрел және этинилэстрадиол бар. Этоногестрел – бұл прогестаген, нысана-мүшелердегі прогестерон рецепторларына айқын ұқсастығы бар 19-нортестостерон туындысы. Этинилэстрадиол – бұл контрацептивтік препараттарда кеңінен пайдаланылатын эстроген. НоваРинг препаратының контрацептивтік тиімділігі әртүрлі механизмдер әсерінде негіз қалайды, олардың ең маңыздырағы овуляцияны тежеу болып табылады.

Клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша, НоваРинг сақинасына тән жалпы Перл индексі 0.96 және 0.64 құрайды.

Контрацептивтік әсерінен тыс, НоваРинг оралымның қалыпқа түсуі, етеккір кезіндегі ауырсыну мен жайсызданудың азаюы, қан кету қарқынының төмендеуі сияқты әсерлер көрсетеді.

Қолданылуы

- контрацепцияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Контрацептивтік әсеріне «НоваРинг қалай пайдаланылады» және «НоваРинг пайдалануды қалай бастайды» бөлімдерінде сипатталған ережелерді нақты қадағалаумен жетуге болады

Балалар мен жасөспірімдерде қолдану

18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердегі НоваРинг қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша зерттеулер жоқ.

НоваРинг қалай пайдаланылады

Әйел НоваРингті қынапқа өз бетінше енгізе алады. Дәрігер әйелге НоваРингті қалай енгізіп, алып тастау жөнінде мағлұмат беру керек. Сақина енгізу үшін әйел өзіне ең қолайлы қалыпты таңдау керек, мысалы, бір аяғын көтеріп тұрып, жүресінен отырып немесе жатып енгізуіне болады. НоваРингті қысып ұстап, қынапқа сақина ыңғайлы орналасатындай етіп енгізу қажет. Сақинаның қынапта дәл орнығуы сақинаның контрацептивтік әсерінде шешуші мән атқармайды (1-4 сурет).

НоваРинг енгізілген сәттен бастап, сақина қынапта 3 апта бойы тұрақты қалуы тиіс. Әйелдер НоваРингтің қынапта болуын ұдайы тексеру керек. Егер сақина кездейсоқ алынып қалса, оны салқын (ыстық емес) сумен жуып-шайып, дереу қынапқа салу қажет. НоваРинг аптаның қай күнінде енгізілсе, үш апта өткен соң дәл сол күні алынуы керек. Бір апталық үзілістен кейін жаңа сақина енгізіледі. Сақинаны алу үшін оны сұқ саусақ пен ортаңғы саусақ арасына қысып ұстап, қынаптан суырып алу қажет (5 сурет). Пайдаланылған сақинаны сашеге салып (балалар мен жануарлар жете алмайтын жерде ұстап), әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге жойып жіберген жөн. НоваРингті унитазға ағызуға болмайды.

Препарат әсерінің тоқтауына байланысты етеккірлік қан кету, әдетте, НоваРинг препаратын алып тастағанын кейін 2-3 күннен соң басталады және келесі сақинаны пайдалануды бастау қажет болатын сәтке дейін толық тоқтамауы мүмкін.

 

Прикрепленные файлы

355231571477976901_ru.doc 1239.5 кб
834151621477978069_kz.doc 595 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники