Нобетазон

МНН: Бетаметазон
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Betamethasone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022398
Информация о регистрации в РК: 17.05.2021 - 17.05.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 1 130 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

НОБЕТАЗОН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бетаметазон

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған крем 0.1 %

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат - бетаметазон валерат 1,22 мг (1 мг бетаметазонға баламалы)

қосымша заттар: цетомакроголь 1000, хлоркрезол, натрий дигидрофосфат моногидраты, натрий гидроксиді, фосфор қышқылы, ақ вазелин, сұйық парафин, цетостеарилді спирт, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ түстен аққа жуық түске дейінгі біртекті крем, бөгде қосылыстардан бос.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Глюкокортикостероидтар. Белсенді глюкокортикостероидтар (3-топ). Бетаметазон.

АТХ коды D07АС01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Нобетазон препаратының фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Нобетазон қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және тамырды тарылтатын әсер береді. Бетаметазон цитокиндердің және қабыну медиаторларының босап шығуын тежейді, арахидон қышқылының метаболизмін азайтады, ісінуге қарсы белсенділігі бар липокортиндердің түзілуіне түрткі болады, тамырлардың өткізгіштігін төмендетеді.

Қолданылуы

- кортикостероидтық емге сезімтал дерматоздар кезіндегі қабыну көріністері

- атопиялық дерматит (оның ішінде балалардың атопиялық дерматиті)

- тиын тәрізді дерматит (тиын тәрізді экзема)

- аллергиялық жанаспалы дерматит

- себореялы дерматит

- нейродермит, күн дерматиті

- эксфолиативті дерматит

- іркілісті дерматит

- радиациялық дерматит

- интертригиноздық дерматит

- сыртқы отит

- псориаз

- қызыл жалпақ теміреткі

- дискоидті қызыл жегі

- аногениталдық және қарттық қышыну

- жәндіктер шаққан кездегі реакциялар

Қолдану тәсілі және дозалары

Нобетазонды терінің зақымданған аймақтарына жағдайдың ауырлығына қарай тәулігіне 1-3 рет жұқа қабатпен жағады және мұқият сылайды. Көп жағдайларда әсер етуге жету үшін тәулігіне 1-2 рет жағу жеткілікті. Препаратты жағу жиілігін зақымдану дәрежесіне сәйкес анықтайды. Жеңіл дережедегі зақымдануда препаратты күніне бір рет жағуға болады, неғұрлым ауыр зақымдану жағдайында препаратты жағу жиілігін арттыру керек.

Емдеу курсының ұзақтығын аурудың ауырлығы мен ағымына байланысты жақсару байқалғанға дейін дәрігер анықтайды, бірақ 4 аптадан артық емес.

Нобетазон кремімен емдеуді нәтижеге қол жетісімен бірте-бірте аяқтау керек, одан әрі кремді күніне 1 рет және аптасына 2 реттен асырмай жағу жолымен демеуші ем жүргізу ұсынылады.

Препаратпен емдеуді күрт тоқтатқан кезде, дерматоз қайта пайда болуы мүмкін.

Балаларға қолдану тәсілі ересектердегі осындай тәсілдермен сәйкес келеді, бірақ емдеу курсы ересектермен салыстырғанда қысқа және белсенділігі аздау болуы тиіс («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз).

Жағымсыз әсерлері

- күйдіру сезімі

- терінің тітіркенуі

- қышыну

-терінің құрғауы

-фолликулит

-гипертрихоз

-безеу тәрізді бөртпелер

-гипопигментация

-ауызаймақтық дерматит

-аллергиялық жанасу дерматиті

- тері мацерациясы

- салдарлық инфекция

- тері атрофиясы

- стриялар

- миалгия

Балалардағы жағымсыз әсерлері

- гипоталамус-гипофиздік-адреналдық жүйе функцияларының бәсеңдеуі

- Кушинг синдромы

- өсудің тежелуі

- салмақ қосудан артта қалу

- бассүйекішілік қысымның жоғарылауы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандайда бір компонентіне жоғары сезімталдық

- 6 айға дейінгі балалар жасы

- жүктілік (жоғары дозаларды қолдану, ұзақ емдеу) және лактация кезеңі

- өңделмеген тері инфекциялары

- жасөспірімдердегі безеу

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

CYP3А4 тежеуі мүмкін препараттарды (мысалы, ритонавир, итраконазол) бір мезгілде қабылдау әдетте кортикостероидтардың метаболизмін тежейді және жүйелі әсердің ұлғаюына әкеліп соғады. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық мәнге ие болатындай дәрежесі кортикостероидтарды енгізу дозасы мен тәсіліне, сондай-ақ потенциалдық CYP3А4 тежегішіне байланысты.

Айрықша нұсқаулар

Препарат офтальмологияда пайдалануға арналмаған. Препаратты қабақтың маңайына пайдаланған кезде препарат көзге тиіп кетпегеніне көз жеткізіңіз, себебі көп рет әсер етудің нәтижесінде катаракта мен глаукоманың дамуы мүмкін.

Егер препаратты қолдану кезінде тітіркену немесе жоғары сезімталдық байқалса, емдеуді тоқтату және науқасқа басқа емді таңдау керек.

Инфекция бар болса, тиісінше зеңге қарсы немесе бактерияға қарсы дәрілерді тағайындау қажет. Бұлай істегенде күткендегідей әсері жылдам жүзеге аспаса, кортикостероидтарды қолдануды инфекция белгілері жойылғанға дейін тоқтату қажет.

Глюкокортикоидтарды жүйелі пайдаланғанда кездесетін кез келген жағымсыз әсерлер, бүйрек үсті бездері қыртысының супрессиясын қоса алғанда, оларды жергілікті қолданған кезде де пайда болуы мүмкін, әсіресе жаңа туған нәрестелер мен балаларда.

Жергілікті кортикостероидтардың жүйелі сіңірілуі оларды ұзақ уақыт бойы қолданған кезде, дене бетінің үлкен ауқымын емдегенде немесе окклюзиялық таңғыштарды пайдаланғанда жоғарылауы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Балалар жергілікті гипоталамус-гипофиздік-адреналдық жүйенің бәсеңдеуін тудыратын глюкокортикостероидтардың әсерін ересек жастағы пациенттерге қарағанда неғұрлым сезгіш болуы мүмкін. Бұл дене беті ауданы мен салмағының арақатынасының үлкен шамада болуы салдарынан препараттың балаларда сіңірілуі жоғарырақ болуына байланысты. Жаңа туған нәрестелер мен балаларда жергілікті глюкокортикостероидтардың жүйелі сіңірілуі оларды ұзақ қолданған кезде, дененің ауқымды бетін емдегенде немесе жабатын таңғыштарды пайдаланғанда жоғарылауы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын немесе күрделі техникалық құрылғыларды басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары. Жергілікті глюкокортикостероидтарды шамадан тыс немесе ұзақ қолдану гипофиздік-адреналдық функцияны бәсеңдетуі мүмкін, бұл бүйрек үсті бездері қыртысының салдарлық дамуына және гиперкортицизм симптомдарының, оған қоса Кушинг синдромының пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Емі: Симптоматикалық ем. Қажет болған жағдайда электролиттік дисбалансты түзету керек. Созылмалы уыттылық әсер жағдайында глюкокортикостероидтарды бірте-бірте тоқтату ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пластик қақпақпен тығындалған алюминий сықпаларға 15 г және 30 г препараттан салынады.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші-фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электрондық поштасы nobel@nobel.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электрондық поштасы nobel@nobel.kz

 

Прикрепленные файлы

372131121477976111_ru.doc 58.5 кб
301655561477977431_kz.doc 71.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники