Ницерон (10 мг)

МНН: Ницерголин
Производитель: Пабяницкий фармацевтический завод Польфа АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nicergoline
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022830
Информация о регистрации в РК: 02.03.2017 - 02.03.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Ницерон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ницерголин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг және 30 мг

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 10мг немесе 30мг ницерголин,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз кальций гидрофосфаты, поливинил спирті, натрий крахмал гликоляты (А типі), магний стеараты

үлбірлі қабық: макрогол 8000, гипромеллоза Е-5, гипромеллоза Е-15, гидроксипропилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті қабықпен қапталған, диаметрі 5.8-ден 6.3 мм дейін таблеткалар (10 мг дозасы үшін).

Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті, бір бетінде «N» өрнегі бар, диаметрі 9.9-дан 10.3 мм дейін таблеткалар (30 мг дозасы үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Шеткері вазодилататорлар. Қастауыш алкалоидтары. Ницерголин

АТX коды C04A Е02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішу арқылы қабылдаған кезде ницерголин тез және іс жүзінде толық сіңіріледі. Ницерголиннің H3 радиоактивті изотопымен таңбаланған төменгі дозаларын (4-5 мг) қабылдағаннан кейін қан сарысуында радиоактивті белгінің ең жоғарғы мөлшері препаратты қабылдағаннан кейін 1,5 сағаттан соң байқалады. Таңбаланған ницерголин 14C емдік ішілетін дозаларын (30 мг) қабылдау препаратты қабылдағаннан кейін 3 сағаттан соң қан сарысуында радиоактивті белгі мөлшерінің шыңына жеткізеді.

Ницерголинді 15 мг дозада ішу арқылы қабылдағаннан кейін негізгі белсенді метаболит MDL мен екінші белсенді метаболит MMDL үшін қан сарысуындағы радиоактивті зат концентрациясының қисық астындағы ауданы (AUC) тиісінше бүкіл радиоактивті заттың AUC 81% және 6% құрайды. Қан плазмасында ең жоғарғы MDL концентрацияларына 30 мг бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 3-5 сағаттан соң жетеді. 30 мг ницерголинді ішке қабылдағаннан кейін MMDL ең жоғарғы концентрацияларына шамамен 0,5-1 сағаттан соң жетеді.

Ницерголиннің абсолюттік биожетімділігі оның қарқынды бауыр клиренсіне және жүйе алдындағы метаболизміне байланысты шамамен 5 % құрайды.

Ницерголиннің негізгі метаболиті MDL мөлшеріне байланысты, оның ересектердегі фармакокинетикасы 30-дан 60 мг-ге дейінгі дозаны қабылдағанда дозаға тәуелді сипатқа ие екені анықталды.

30 мг дозада ницерголинді қабылдаған кезде MDL және MMDL фармакокинетикасына тамақ ішу айтарлықтай әсер етпейді.

Таралуы

Ницерголиннің тіндерде таралуы тез және ауқымды көлемде жүреді, бұл қан сарысуында радиоактивті белгінің қысқа фазада таралуынан көрінеді. Ницерголин адамның плазма ақуыздарымен белсенді байланысады, оның үстіне α-қышқылды гликопротеинге тектес дәрежесі қан сарысуының альбуминіне қарағанда жоғары. Ницерголиннің концентрациясын 1 мкг/мл-ден 500 мкг/мл-ге дейін арттырған кезде байланысу пайызы салыстырмалы түрде тұрақты. Ницерголиннің екі метаболиті де - MDL және MMDL тиісінше 50–200 нг/мл концентрациялар ауқымында шамамен 14,7 % және 34,7 % мәндерімен төмен дәрежеде ақуыздармен байланысады.

Метаболизмі және шығарылуы

Ницерголин препаратты қолданғаннан кейін 120 сағат ішінде метаболиттер түрінде негізінен несеппен (жалпы дозаның шамамен 82%) және аздаған мөлшерде (10%) нәжіспен шығарылады. Препаратты 30–60 мг дозада ішу арқылы қолданған кезде ницерголин фармакокинетикасы дозаға тәуелді сипатқа ие. Шығарылар алдында ницерголин айтарлықтай дәрежеде метаболизденеді. Метаболизмнің негізгі жолы — бұл 1-метил-10-метоксидигидролизергол (MMDL) метаболитінің түзілуімен эфирлік байланыстардың гидролизі. Келесі биотрансформация CYP2D6 изоферментінің әсерімен деметилдену арқылы 10-метоксидигидролизергол (MDL) метаболитінің түзілуіне әкеледі. Осылайша, CYP2D6 цитохромының генетикалық тапшылығы бар пациенттерде ницерголин мен оның метаболиттерінің фармакокинетикасы бұзылады. Түзілетін белсенді метаболиттер (MMDL және MDL) глюкурон қышқылымен конъюгацияланған. Адамның организмде негізгі метаболит MDL қалыптасады, ол барлық дозаның 51%-ын және 15 мг ішуге арналған дозаны қабылдағаннан кейін несеппен бөлінетін радиоактивті заттың 76%-ын құрайды. MDL үшін ақырғы жартылай шығарылу кезеңінің орташа мәні шамамен 11-ден 20 сағатқа дейінгі диапазонда ауытқып отырды.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының жеңіл (креатинин клиренсі (КК) 60–80 мл/мин), орташа (КК 30–50 мл/мин) және ауыр (КК 10–25 мл/мин) дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде ницерголинді 30 мг (тиісінше дозадан 38,1 %, 42,6 % және 25,7 %) дозада ішу арқылы қабылдағаннан кейін 120 сағат ішінде несеппен шығарылған MDL мөлшерінде елеулі айырмашылықтар байқалды; MMDL үшін тиісті мәндер тиісінше 1,7 %, 0,6 % және 0,2 % құрайды. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде басқа екі топпен салыстырғанда несеппен MDL шығарылуының елеулі төмендеуі байқалды. Бұдан бөлек жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде 30 мг дозада ницерголинді қабылдағанда бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда несеппен (0–72 сағат) 32 %, 32 % және 59 %-ға MDL шығарылуының орташа төмендеуі байқалды.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде ницерголин фармакокинетикасы зерттелмеген.

Балаларда ницерголин фармакокинетикасы зерттелмеген.

Ницерголин фармакокинетикасына жас шамасының (гериатриялық зерттеулер) әсері толық зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Ницерголин эрголин туындысы болып табылады.

Ішке қабылдағаннан кейін препарат орталық жүйке жүйесінің түрлі деңгейінде әсер көрсететін бірқатар метаболиттер түзе отырып, тез және белсенді метаболизмге ұшырайды.

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін ницерголин көптеген нейрофармакологиялық әсер көрсетеді: препарат мидағы глюкозаның қармалуы мен тұтынылуын, ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының биосинтезін жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар түрлі нейромедиаторлық жүйелерге әсер ететіні, сондай-ақ церебральді холинергиялық функцияларды жақсартатыны байқалады.

Ницерголин АХЭ (ацетилхолинэстераза) белсенділігін елеулі түрде арттырады.

Бір реттік те, ұзақ ішу арқылы енгізу де фосфоинозитидтің базальді және агонист-тәуелді алмасуын тездетті. Ницерголин, сондай-ақ, протеинкиназа C Са-тәуелді изоформаларының белсенділігін және жасушалық жарғақша аймағына жылжуын арттырады. Бұл ферменттер амилоидтың еритін ақуыз-ізашары (amyloid precursor protein, APP) сөлінісінің механизміне қатысады, бұл оның босап шығуының артуына және аномальді бета-амилоид өнімінің қысқаруына әкеледі.

Өзінің антиоксиданттық қасиеттерінің және уытсыздандыру ферменттерінің белсенділену көмегімен ницерголин жүйке жасушаларын тотықтырғыш стрестен туындаған жойылудан, сондай-ақ in vivo және in vitro экспериментальді модельдерінде апоптоздан қорғайды.

Ницерголин азот тотығының нейрональді синтетазасының (Neuronal Nitric Oxide Synthase, nNOS) мРНҚ экспрессиясының жасқа байланысты төмендеуін азайтады, бұл когнитивтік функцияның жақсаруына ықпал ете алады.

Ницерголин α және β белсенділігін арттыра және δ және θ белсенділігін төмендете отырып, гипоксия жағдайындағы егде жастағы және ересек жас пациенттердің электроэнцефалограммасына қалыпқа келтіретін әсер көрсетеді. Шығу тегі әртүрлі жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі деменциясы (альцгеймер типті сенильді деменция (senile dementia of the Alzheimer's type, SDAT) және мультиинфарктілік деменция (multi-infarct dementia, MID)) бар пациенттерде ницерголинмен ұзақ емдеген кезде (2–6 ай) потенциалдар оқиғасына және туындаған реакцияларға тәуелді оң өзгерістер тіркелді; бұл өзгерістер клиникалық симптомдардың жақсаруымен байланысты болды. Жоғарыда аталғандар негізінде ницерголиннің деменция патогенезіне тартылған жасушалық және молекулалық механизмдер модуляциясының кең ауқымы арқылы әсер ететіні анықталды.

Ницерголинмен ұзақ емдеу барысында деменциямен байланысты когнитивтік және мінез-құлықтық бұзылыстарда жай-күйдің тұрақты жақсаруы байқалған. Өзгерістерді 2 ай емдегеннен кейін-ақ байқауға болады және олар бір жыл бойы емдегенде сақталды.

Ницерголин мидың метаболизмдік және гемодинамикалық жағдайын жақсартатыны анықталды. Ницерголиннің, сондай-ақ, тромбоциттер агрегациясына кедергі келтіретін қабілеті бар және жағымды гемореологиялық әсер көрсетеді.

Қолданылуы

- деменция және Альцгеймер ауруы

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді деменцияны диагностикалау және емдеуге мамандандырылған дәрігердің бақылауымен бастау және жалғастыру керек. Диагноз бекітілген ұсынымдарға сәйкес қойылуы тиіс. Пациентке дәрілік препаратты ұдайы қабылдауды қамтамасыз ететін маманның медициналық көмегі ұсынылған жағдайда ғана емді бастауға болады.

Ницеронды тамақ ішкенге дейін, шайнамай, жеткілікті мөлшерде сұйықтықты іше отырып қабылдау керек.

Ницеронның ұсынылатын тәуліктік дозасы қабылдау арасындағы бірдей аралықпен бөлінген дозалармен тәулігіне 30 - 60 мг құрайды.

Доза және емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты және оны емдеуші дәрігер тағайындайды.

Ересек және егде жастағы пациенттер

Ересек және егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Ницерголиннің 80% метаболиті бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (сарысулық креатинин деңгейі ≥ 2 мг/дл) дозаны төмендету керек. Емдеуден болатын әсер біртіндеп білінеді. Әдетте емдеу ұзақ уақыт бойы жүргізілетіндіктен, дәрігер тұрақты аралықпен, бірақ 6 айда бір реттен сиретпей, емді жалғастыру қажеттілігін бағалап отыруы тиіс.

Балалар

Ницеронды 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Ницерон препаратын қолданған кезде төмендегідей көрініс беру жиілігі бойынша жіктелген жағымсыз әсерлер тіркелді: жиі ( ≥1/100 - < 1/10 дейін); жиі емес ( ≥1/1000 - <1/100 дейін);белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).

Жиі ( ≥1/100- < 1/10 дейін)

- іштегі жайсыздық

Жиі емес ( ≥1/1000- <1/100 дейін)

- үрейлі қозу, сананың шатасуы, ұйқысыздық

- ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыруы

- артериялық гипотензия, гиперемия

- жүрек айнуы, іштің қатуы, диарея

- қышыну

- қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)

- ысыну сезімі

- бөртпе

- фиброз

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы хабарлау

Дәрілік препаратты тіркегеннен кейін анықталған болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлаудың маңызы зор. Бұл оны қолданудың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Барлық медицина қызметкерлері мен пациенттерден медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжай бойынша Ницерон қабылдаған кезде анықталған кез келген жағымсыз реакциялар туралы хабарлау сұралады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ницерголинге, қастауыш алкалоидтарына немесе дәрілік препараттың құрамына кіретін қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- жуырда бастан өткерген миокард инфарктісі

- жедел қан кету

- айқын брадикардия

- ортостаздық артериялық гипотензия

- симпатомиметиктерді (альфа- және бета-адренорецепторларды көтермелейтін дәрілік заттар) бір мезгілде қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Сақтықпен

- анамнезіндегі гиперурикемия немесе подагра және/немесе несеп қышқылының метаболизмін немесе шығарылуын бұзатын дәрілік препараттармен бірге

- автокөлік құралдарын басқарғанда немесе механизмдермен жұмыс істегенде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ницеронды тағайындаған кезде төмендегі препараттармен бірге қабылдағанда сақ болу керек:

- гипертензияға қарсы препараттар, себебі ницерголин гипертензияға қарсы дәрілердің әсерін немесе бета-адреноблокаторлардың жүрекке әсерін күшейтуі мүмкін

- симпатомиметиктер (альфа және бета), себебі ницерголин өзінің альфа-адренобөгегіш әсерінің арқасында симпатомиметиктердің тамыр тарылтатын әсерін бәсеңдетуі мүмкін

-  Р450 цитохромының CYP2D6 изоферментімен метаболизденетін дәрілік заттар: ницерголин CYP2D6 ферментімен метаболизденеді, сондықтан осы ферментпен метаболизденетін дәрілік заттармен оның өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды

- антиагреганттар мен антикоагулянттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы), себебі ницерголин тромбоциттер агрегациясына және қанның ұюына кедергі келтіретін препараттардың гемостазға әсерін күшейтеді, сондықтан қан кету уақыты ұзаруы мүмкін

- несеп қышқылының метаболизміне ықпал ететін препараттар, себебі ницерголин қан сарысуында несеп қышқылы деңгейінің симптомсыз жоғарылауын туғызуы мүмкін

Айрықша нұсқаулар

Ницерголиннің бір реттік немесе көп реттік дозаларының зерттеулері артериялық қысымы қалыпты және жоғары пациенттерде ницерголин систолалық артериялық қысымды және едәуір төмен мәндерге дейін диастолалық артериялық қысымды төмендетуі мүмкін екенін көрсетті. Бұл әсерлер ауытқуы мүмкін, себебі басқа зерттеулер систолалық және диастолалық артериялық қысымның өзгерістерін анықтаған жоқ.

Ницерголин қабылдайтын пациенттерде, симпатомиметиктер тобының агонистерін (альфа және бета) сақтықпен қолдану керек.

Бұл дәрілік препаратты гиперурикемиясы немесе анамнезінде подаграсы бар пациенттерге және/немесе несеп қышқылының метаболизміне және шығарылуына әсер етуі мүмкін дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Серотонинді 5-HT 2β рецепторларға қатысты агонистік әсері бар кейбір қастауыш алколоидтарын қолдану фиброздың дамуымен қатар жүрді (мысалы, өкпе, жүрек, жүрек клапандарының фиброзы және ретроперитонеальді фиброз).

Кейбір қастауыш алколоидтары мен олардың туындыларын ішке қабылдаған кезде жүрек айнуын, құсуды, диареяны, абдоминальді ауыруды және шеткері қантамырларының тарылуын қоса, эрготизм симптомдарының пайда болуы туралы хабарланған. Препаратты тағайындайтын медицина мамандары осы кластың препараттарын тағайындар алдында қастауыш алколоидтарының артық дозалану белгілері мен симптомдары туралы білуі тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ницерон реакцияны және зейін қоюды жақсартатынына қарамастан, оның автокөлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі арнайы зерттелген жоқ. Қандай жағдайда болсын, негізгі ауру сипатын ескере отырып, сақ болу керек. Автокөлік құралдарын басқарғанда немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істегенде, әсіресе, препаратпен емдеудің басында бас айналу немесе ұйқышылдықтың туындау мүмкіндігін ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: ортостаздық бас айналуы, АҚ өтпелі айқын төмендеуі.

Емі: Арнайы емдеу әдетте қажет емес, науқастың бірнеше минут жата тұрғаны жеткілікті. Айрықша жағдайларда мидың және жүректің қанмен қамтамасыз етілуі күрт бұзылған кезде артериялық қысымды ұдайы бақылай отырып, адренергиялық жүйке ұштарынан норадреналин медиаторының бөлінуін стимуляциялайтын симпатомиметикалық дәрілерді енгізу ұсынылады (тікелей симпатомиметикалық дәрілер - норадреналин, адреналин, симпатол (мезатон), тікелей емес симпатомиметикалық дәрілер - тирамин, фенамин (амфетамин), эфедрин, имизин (имипрамин, мелипрамин)).

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 таблеткадан (10 мг дозасымен) немесе 10 таблеткадан (30 мг дозасымен) поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада,

3 пішінді қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші / Қаптаушы

Pharmaceutical Works Polfa in Pabianice Joint Stock Company.

5, marsz. J. Piłsudskiego Str., 95-200 Pabianice, Польша

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Pharmaceutical Works Polfa in Pabianice Joint Stock Company.

5, marsz. J. Piłsudskiego Str., 95-200 Pabianice, Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Пабьяницк фармацевтикалық зауыты Польфа» АҚ ҚР-дағы өкілдігі 059000, Алматы қ., Абай даңғылы 109В үй, «Глобус» бизнес-орталығы, 13-қабат, 13-2 кеңсе. Тел/факс: +7(727) 2776977. E-mail: info.kz@adamed.com.pl

Прикрепленные файлы

Ницерон_инструкция_рус.doc 0.08 кб
Ницерон_инструкция_каз.doc 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники