Нифедипин (10 мг, ЧАО Технолог)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Нифедипин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нифедипин
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг және 20 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: нифедипин – 10 мг немесе 20 мг;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, гипромелоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), полисорбат 80, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 6000, тальк, хинолинді сары (Е 104).
Сипаттамасы
Сары түсті қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар. Сынығын лупамен қарағанда бірыңғай тұтас қабатпен қоршалған ядросы көрінеді.
Фармакотерапиялық тобы
Кальций өзекшелерінің блокаторлары. Қантамырларға басымырақ әсер ететін кальций өзекшелерінің селективті блокаторлары. Дигидропиридин туындылары. Нифедипин.
АТХ коды С08С А05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдаған кезде нифедипин асқазан-ішек жолынан тез және толық (90%-дан көбірек) сіңеді. Биожетімділігі – 50%-ға жуық. Қабылдағаннан кейін 1-3 сағаттан соң қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі – 2-5 сағат. Негізінен несеппен бірге белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады. Клиникалық әсерінің басталу уақыты: 20 мин – пероральді түрде қабылдағанда, 5 мин – сублингвальді түрде қабылдағанда. Клиникалық әсерінің ұзақтығы – 4-6 сағат.
Фармакодинамикасы
Кальций өзекшелерінің селективті блокаторы, дигидропиридин туындысы. Кальцийдің кардиомиоциттерге және қантамырлардың тегіс бұлшықетінің жасушаларына түсуін тежейді. Антиангинальді және гипертензияға қарсы әсер береді. Қантамырлардың тегіс бұлшықетінің тонусын төмендетеді. Коронарлық және шеткері артерияларды кеңейтеді, жалпы шеткері қантамырлық кернеуді, артериялық қысымды және аздап миокардтың жиырылғыштығын төмендетеді, жүктемеден кейін миокардқа оттегінінің қажеттілігін азайтады. Коронарлық қан ағысын жақсартады. Миокардтың өткізгіштігін бәсеңдетпейді. Нифедипинді ұзақ қолданған кезде коронарлық қантамырларда жаңа атеросклероздық түйіндақтардың түзілуіне жол бермейді. Нифедипинмен емдеуді бастаған кезде өткінші рефлекторлық тахикардия және препарат әсерінен туындайтын вазодилатацияны компенсацияламайтын жүрек лықсуының ұлғаюы білінуі мүмкін. Нифедипин организмнен натрийдің және судың шығарылуын күшейтеді. Рейно синдромында препарат аяқ-қолдардағы қантамырлардың спазмына жол бермеуі немесе азайтуы мүмкін.
Қолданылуы
- артериялық гипертензияда;
- жүректің ишемиялық ауруында: созылмалы тұрақты стенокардияда, вазоспазмдық стенокардияда (Принцметал стенокардиясында).
Қолдану тәсілі және дозалары
Препарат дозасын және емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың ауырлық дәрежесін және науқастың емге реакциясын ескере отырып, әр адамға жекелей белгілейді.
Клиникалық көрінісіне байланысты, әрбір жеке жағдайда негізгі дозаны біртіндеп енгізген жөн. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде оның жай-күйіне мұқият мониторинг, ал ауыр жағдайларда дозаны азайту қажеттілігі туындауы мүмкін.
Жүректің ишемиялық ауруын емдеу үшін препаратты тәулігіне екі рет (тәулігіне 40 мг) 1 таблеткадан (20 мг доза) немесе 2 таблеткадан (10 мг доза) қабылдау ұсынылады.
Егер препараттың өте жоғары дозалары қажет болса, оларды ең жоғары доза – тәулігіне 60 мг дейін біртіндеп арттырған жөн.
Артериялық гипертензияны емдеу үшін Нифедипинді күніне екі рет (тәулігіне 40 мг) 1 таблеткадан (20 мг доза) немесе 2 таблеткадан (10 мг доза) қабылдау ұсынылады.
Нифедипин препаратын CYP 3A4 тежегіштерімен немесе CYP 3A4 индукторларымен бірге қолданғанда нифедипин дозасын түзету немесе нифедипин қолдануды тоқтату қажеттілігі туындауы мүмкін.
Препараттың ишемияға қарсы және гипертензияға қарсы айқын әсері болғандықтан, әсіресе жоғары дозаларын қолданған жағдайда оны қолдануды біртіндеп тоқтатқан жөн.
Таблеткаларды аздаған сұйықтықпен ішіп, жұту керек. Препаратты тамақ ішуге қарамай қолдана береді.
Препаратты қабылдау кезінде грейпфрут шырынын пайдалануға жол бермеу ұсынылады.
Таблеткаларды қабылдау арасындағы ұсынылатын аралық – 12 сағат (кем дегенде 6 сағат).
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз құбылыстар жиілігін белгілеу келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).
Ағзалар жүйесінің класы |
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), |
Жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін ) |
Сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін ) |
Жиілігі белгісіз |
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылыстар |
жүрек қағуының күшеюі, тахикардия |
кеуденің ауыруы (стенокар-дия) |
||
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылыстар |
лейкопе-ния, агрануло-цитоз |
|||
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар |
бас ауыру, бас айналу |
парестезия, ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық, ұйқышылдық, мазасыз ұйқы); діріл, қимыл үйлесімінің бұзылысы, есінен айырылу, бас сақинасы |
||
Көру мүшелері тарапынан бұзылыстар |
көру жітілігінің нашарлауы |
көздің ауыруы |
||
Есту мүшелері және ішкі құлақ тарапынан бұзылыстар |
құлақтың шыңылдауы |
|||
Тыныс алу жолы, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылыстар |
мұрынның бітелуі, мұрыннан қан кету |
диспноэ |
||
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар |
іш қату |
диарея, жүректің айнуы, іштің ауыруы, метеоризм, ауыздың құрғауы метеоризм |
қызылиек-тердің гипертрофиясы |
құсу, ішек бітелісі, гастро-эзофа-геальді сфинктер-дің жеткіліксіздігі |
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылыстар |
полиурия, дизурия |
|||
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылыстар |
ұрт эритемасы (беттің қызаруы) |
қышыну, есекжем |
уытты-дермальді некролиз, пурпура |
|
Иммундық жүйе тарапынан бұзылыстар |
аллергиялық реакциялар, ангионевроз-дық ісіну |
қышыну, есекжем, бөртпе |
анафилак-сиялық/ анафилак-тоидтық реакциялар |
|
Сүйек-бұлшықет аппараты және дәнекер тіндері тарапынан бұзылыстар |
оң антиядролық антиденелері бар артрит; бұлшықет құрысулары; буындардың ісінуі |
артралгия, миалгия |
||
Метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылыстар |
гипергли-кемия (әсіресе қант диабеті бар науқастар-да) |
|||
Қантамырлар жүйесі тарапынан бұзылыстар |
табанның, тобықтың немесе сирақтың ісінуі, вазодила-тация |
|||
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылыстар |
бауыр ферменттері белсенділігі-нің транзиторлы түрде жоғарылауы |
сарғаю |
||
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылыстар |
эректильді дисфункция |
|||
Жалпы бұзылулар |
қызба, спецификалық емес ауырулар |
|||
Психикалық бұзылыстар |
өзін нашар сезіну |
үрейлену |
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Препараттың әсер етуші затына немесе компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- басқа дигидропиридиндерге жоғары сезімталдық
- кардиогендік шок
- ауыр дәрежедегі аортальді стеноз
- порфирия
- миокард инфарктісі кезіндегі немесе одан кейін айлар бойғы жай-күйі
- миокард инфарктісінің екінші қайтара профилактикасы
- рифампицинмен біріктірілімі (ферменттер индукциясының салдарынан плазмада нифедипиннің тиімді деңгейіне жету мүмкін болмағандықтан)
- тұрақсыз стенокардия
- ішектің қабыну аурулары немесе Крон ауруы
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Гипертензияға қарсы дәрілерді, бета-блокаторларды, диурездік дәрілерді, нитроглицеринді және әсері ұзаққа созылатын изосорбидті бір мезгілде қолданғанда нифедипиннің синергиялық әсерінің болуы мүмкін екендігін ескеру қажет.
Дигоксин
Нифедипин қан плазмасында дигоксиннің концентрациясын арттыруы мүмкін. Нифедипинмен емдеуді бастаған кезде, нифедипин дозасын арттырғанда және емдеуді тоқтатқанда қан плазмасында дигоксиннің концентрациясын бақылаған және дозасын түзеткен жөн.
Магний сульфаты
Нифедипин магний сульфатының уытты әсерін күшейтуі мүмкін, бұл нейробұлшықет блокадасына әкеледі. Нифедипинді және магний сульфатын бір мезгілде қолдану қауіпті болып табылады және пациенттің өміріне қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан осы препараттарды бірге қолдану ұсынылмайды.
Циметидин
Нифедипинді және циметидинді бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы нифедипин коцентрациясының жоғарылауына және нифедипиннің гипотензиялық әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Циметидин СYP3A4 цитохромдық изоферментінің белсенділігін басады. Циметидинді қабылдап жүрген пациенттерге нифедипинді абайлап және дозасын біртіндеп арттыра отырып қолданған жөн.
Хинупристин, далфопристин нифедипиннің плазмалық деңгейін арттыруы мүмкін.
Фенитоин, карбамазепин
Нифедипинді қолдану қан плазмасындағы карбамазепин және фенитоин концентрацияларының артуына әкелуі мүмкін. Нифедипин мен фенитоинді немесе карбамазепинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттер дәрігердің үнемі бақылауында болуы қажет. Уыттылық белгілері және қан плазмасындағы карбамазепин және фенитоин концентрацияларының жоғарылау белгілері пайда болған жағдайда осы препараттардың дозасын азайтқан жөн.
Хинидин
Нифедипин қан сарысуындағы хинидин концентрациясының азаюын туындатуы мүмкін, ал хинидин пациенттің нифедипиннің әсеріне сезімталдығын арттыруы мүмкін. Егер хинидинді қабылдап жүрген пациентті нифедипинмен емдеуді бастаса, нифедипиннің жағымсыз әсерлеріне назар аударған жөн. Емдеуді бастар алдында және нифедипинмен емдеуді тоқтатқан жағдайда қан сарысуындағы хинидин деңгейін бақылау қажет; сондай-ақ хинидиннің дозасын түзету керек.
Теофиллин
Нифедипинді және теофиллинді бір мезгілде қолданғанда соңғысының қан сарысуындағы концентрациясы жоғарылауы, төмендеуі немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін. Қан плазмасындағы теофиллин концентрациясын бақылау және, қажет болса, оның дозасын түзету ұсынылады.
Рифампицин
Рифампицинді және нифедипинді бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы нифедипин концентрациясының төмендеуімен және, оның салдары ретінде, оның емдік әсерінің азаюымен қатар жүруі мүмкін. Нифедипинді және рифампицинді бір мезгілде қолданғанда стенокардия ұстамалары немесе артериялық қысымның жоғарылауы пайда болған жағдайда нифедипиннің дозасын арттырған жөн.
Дилтиазем нифедипиннің еруін баяулатады, ол дозаны төмендетуге себеп болады.
Винкристин
Винкристинді бір мезгілде қолданғанда винкристиннің шығарылуының бәсеңдегені байқалады.
Цефалоспорин
Нифедипинді және цефалоспоринді бір мезгілде қолданғанда плазмадағы цефалоспорин деңгейі артады.
Итраконазол, эритромицин, кларитромицин
Нифедипинді және итраконазолды (сондай-ақ зеңге қарсы басқа азольді дәрілермен, эритромицинмен және кларитромицинмен, олар CYP3A4 цитохромдық изоферменттерінің әсерін баяулатады) бір мезгілде қолдану қан плазмасында нифедипин концентрациясының жоғарылауына және оның әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Нифедипиннің жағымсыз әсерлері пайда болған кезде оның дозасын азайту (егер бұған мүмкіндік болса) немесе зеңге қарсы дәрілер қолдануды тоқтату қажет.
Циклоспорин, ритонавир немесе саквинавир
Қан сарысуындағы нифедипиннің концентрациясы және оның әсері нифедипинді, циклоспоринді, ритонавирді немесе саквинавирді бір мезгілде қолданғанда күшеюі мүмкін (бұл препараттар CYP3A4 цитохромдық изоферменттерінің әсерін баяулатады). Нифедипиннің жағымсыз әсерлері пайда болған кезде оның дозасын азайту қажет.
Такролимус
Такролимус пен нифедипинді бір мезгілде қабылдаған, бүйрегі ауыстырылған пациенттерде қан сарысуындағы такролимус концентрациясының жоғарылағаны байқалды (такролимус CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденеді). Осы өзара әрекеттесудің маңыздылығы және клиникалық зардаптары зерттелген жоқ.
Фентанил
Нифедипинді, фентанилді қолданып жүрген пациенттерде артериялық гипотензия туындауы мүмкін. Фентанил наркозын қолданып жүргізілетін жоспарлы операцияда, ең жоқ дегенде, 36 сағат бұрын нифедипин қолдануды тоқтатау қажет.
Кумарин түріндегі антикоагулянттар
Кумарин тәрізді антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерде нифедипинді енгізгеннен кейін протромбин уақытының артқаны байқалды. Осы өзара әрекеттесудің маңыздылығы толық зерттелген жоқ.
Метахолин
Нифедипин метахолинге бронхтардың жауап реакциясын өзгертуі мүмкін. Нифедипинмен емдеуді метахолинмен спецификалық емес бронхөршіткіш тесті жүргізгенге дейін тоқтатқан жөн (мүмкіндігінше).
Нимодипиннің кальций антагонистерін қолдану тәжірибесі нифедипин үшін келесі өзара әрекеттесулерді жоққа шығарылмайтындығын айғақтайды: карбамазепин, фенобарбитал – нифедипиннің плазмалық деңгейін төмендетеді; макролидтерді (атап айтқанда эритромицинді), флуоксетинді, нефазодонды, вальпрой қышқылын бір мезгілде қабылдағанда – нифедипиннің плазмалық деңгейін арттырады.
Анти-АИТВ протеаза тежегіштері
Нифедипин және АИТВ-протеазаның кейбір тежегіштері (мысалы, ритонавир) арасында өзара әрекеттесу потенциалын зерттеуге клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы кластың препараттары, белгілі болғандай, Р450 3А4 цитохромы жүйесін тежейді. Бұдан басқа, осы препараттар Р450 3А4 цитохромы арқылы нифедипиннің метаболизмін in vitro тежейді. Нифедипинмен бір мезгілде қолданғанда, алғаш өту метаболизмінің төмендеуіне және организмнен шығарылуының төмендеуіне байланысты, оның плазмалық концентрациясының елеулі артатындығын жоққа шығаруға болмайды,
Азольді антимикотиктер
Нифедипин және зеңге қарсы азоль тобының кейбір препараттары (мысалы, кетоконазол) арасындағы өзара әрекеттесуге зерттеу әлі жүргізілген жоқ. Осы кластың препараттары Р450 3А4 цитохромы жүйесін тежейді. Нифедипинмен бір мезгілде пероральді түрде қолданғанда, алғаш өту метаболизмінің төмендеуіне байланысты, оның биожетімділігінің елеулі артатындығын жоққа шығаруға болмайды.
Гипертензияға қарсы препараттар
Нифедипинді және гипертензияға қарсы төменде берілген басқа препараттарды бір мезгілде қолдану гипертензияға қарсы әсердің күшеюіне әкелуі мүмкін:
- диуретиктер;
-β-адреноблокаторлар (сондай-ақ жекелеген жағдайларда жүрек ұстамалары туындауы мүмкін);
- АӨФ тежегіштері;
- ангиотензин рецепторларының антагонистері;
- басқа кальций антагонистері;
- α-адреноблокаторлар;
- ФДЭ-5 тежегіштері;
- α-метилдофа.
Грейпфрут шырыны
Грейпфрут шырыны қан сарысуында нифедипиннің концентрациясын арттыруы және оның гипотензиялық әсерін және вазодилататорлық жағымсыз әсерлерінің жиілігін күшейтуі мүмкін.
Өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Нифедипинді қолдану несептегі ванилил-миндаль қышқылын спектрофотометриялық түрде анықтағанда жалған жоғары нәтижелердің алынуына әкелуі мүмкін (алайда жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясын қолданғанда бұл әсер байқалмайды).
Айрықша нұсқаулар
Нифедипинді гемодиализде жүрген пациенттерге, сондай-ақ қатерлі гипотензиясы немесе гиповолемиясы (айналымдағы қан көлемінің азаюы) бар науқастарға аса сақтықпен тағайындаған жөн, өйткені қантамырлардың кеңеюі артериялық қысымның едәуір төмендеуін туындатуы мүмкін.
Инфарктен кейінгі кезеңде коронарлы ангиоспазмды емдегенде Нифедипинмен емдеуді миокард инфарктісінен кейін шамамен 3-4 аптадан соң және коронарлы қан айналымы тұрақтанғаннан кейін ғана бастау керек.
Грейпфрут шырыны нифедипиннің метаболизмін бәсеңдетеді, ол қан плазмасында соңғысының концентрациясының артуына препараттың гипотензиялық әсерінің күшеюіне әкеледі. Нифедипинді қолдану несептегі ванилил-миндаль қышқылын спектрофотометриялық түрде анықтағанда жалған жоғары нәтижелердің алынуына әкелуі мүмкін (алайда жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясын қолданғанда бұл әсер байқалмайды).
Препаратты, обструкциялық симптомдардың ықтимал пайда болуына байланысты, асқазан-ішек жолы күшті тарылған пациенттерге қолданғанда сақтық таныту қажет. Хирургиялық араласымды қажет етуі мүмкін безоарлар сирек туындауы мүмкін.
Бірлі-жарым жағдайларда анамнезде асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар жоқ болғанда, обструкциялық симптомдардың болғаны сипатталған.
Мықын-ішек резервуары (проктоколэктомиядан кейінгі илеостомасы) бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Препаратты қолдану барий контрастылы заттарды пайдаланып жүргізген рентгендік тексерулерде жалған оң нәтижелердің алынуына әкелуі мүмкін (мысалы, толу кемістіктері полип сияқты түсінік береді).
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер мұқият мониторингтеуді, ал ауыр жағдайларда дозаны төмендетуді керек етеді.
Нифедипин Р450 3А4 цитохромы жүйесі арқылы метаболизденеді, сондықтан ферменттердің осы жүйесін тежейтін немесе индукциялайтын препараттар нифедипиннің «алғаш өтуін» немесе клиренсін алмастыруы мүмкін.
Р450 3А4 цитохромы жүйесінің әлсіз немесе орташа тежегіштері болып табылатын және плазмада нифедипин концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін препараттарға мыналар жатады, мысалы:
- макролидтік антибиотиктер (мысалы, эритромицин);
- анти-АИТВ протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир);
- азольді антимикотиктер (мысалы, кетоконазол);
- антидепрессанттар нефазодон және флуоксетин;
- хинупристин/далфопристин;
- вальпрой қышқылы;
- циметидин.
Нифедипинді осы препараттармен бір мезгілде қолданғанда артериялық қысымды бақылау және қажеттілік болған жағдайда нифедипин дозасын төмендету жөніндегі мәселені қарау қажет.
Жекелей жүргізілген in vitro эксперименттер кальций антагонистерін, атап айтқанда нифедипинді қолдану, және сперматозоидтардың, олардың ұрықтандыруға қабілеттілігін нашарлататын, қайтымды биохимиялық өзгерулері арасында өзара байланыс байқалды. Іn vitro ұрықтандыру әрекеті ойдағыдай болмаған жағдайда, басқа түсіндірмелер жоқ болғанда, кальций антагонистері, мысалы, нифедипин осы құбылыстардың ықтимал себебі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Егер нифедипинді мұның алдында қолдану мен ишемиялық ауыру арасында байланыс болуы мүмкін болса, препаратты қолданбаған жөн. Стенокардиясы бар пациенттерде ұстамалар жиі туындауы мүмкін, ал олардың ұзақтығы және қарқындылығы, әсіресе емнің бас кезінде, артуы мүмкін.
Әсер етуші заты нифедипин бар дәрілік заттарды стенокардияның жедел ұстамалары бар пациенттерге қолданбайды.
Нифедипинді қант диабеті бар науқастарға қолдану емдеуді түзетуді қажет етуі мүмкін.
Ерекше қауіпсіздік шаралары
Артериялық қысым өте төмен болғанда (систолалық артериялық қысым 90 мм с.б.-ден төмен көрсеткіштері бар ауыр артериялық гипотензия), сондай-ақ жүрек қызметі айқын әлсіз болғанда (жүрек функциясының декомпенсацияланған жеткіліксіздігі) препаратты сақтықпен тағайындайды.
Айқын артериялық гипотензияда (систолалық қысым 90 мм с.б.-ден төмен), ми қан айналымының ауыр бұзылуларында, жүрек функциясының айқын жеткіліксіздігінде, ауыр аортальді стенозда, қант диабетінде, бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуларында Нифедипинді, препараттың жоғары дозаларын тағайындауға жол бермей, үнемі клиникалық бақылау жағдайында ғана қолдануға болады.
Егде жастағы (60 жастан асқан) пациенттерге препаратты үлкен сақтықпен дозалайды.
Жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолданылуы
Нифедипинді 20 аптаға дейінгі мерзімдегі жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды.
Нифедипинді 20 аптадан кейінгі жүктілік кезеңінде қолдану пайдасы/қаупін жекелей талдауды қажет етеді және, егер барлық қалған нұсқаларымен емдеу мүмкін болмағанда немесе тиімсіз болғанда ғана қарастырылуы тиіс.
Нифедипинді магний сульфатымен бірге вена ішіне тағайындағанда артериялық қысымға мұқият мониторинг жүргізу қажет, өйткені әйел және шарана үшін қауіп төндіруі мүмкін артериялық қысымның күрт төмендеу ықтималдылығы бар.
Нифедипин емшек сүтіне енеді. Сәбилерге нифедипинің ықпалы жөнінде деректер жоқ болғандықтан, ниведипинді қолданар алдында емшек емізуді тоқтату қажет.
Балалар
Препаратты балаларға (18 жасқа дейін) қолданбайды.
Қосымша заттары бойынша ақпарат
Қосымша зат ретінде лактоза моногидраты бар болғандықтан, қант диабеті бар пациенттерге абайлап тағайындау керек.
Автокөлікті немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік препараттың ықпал ету ерекшеліктері
Препаратты қолданған кезде көлік құралдарын басқаруға және басқа да потенциалды қауіпті механизмдермен жұмыс жасауға кеңес берілмейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: бас ауыру, бет гиперемиясы, ұзарқа созылған жүйелік гипотензия, шеткері артерияларда тамырдың соқпауы. Ауыр жағдайларда тахикардия немесе брадикардия, синустық түйін функциясының бұзылуы, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бәсеңдеуі, гипергликемия, метаболизмдік ацидоз және гипоксия, есінен айыратын коллапс және өкпенің ісінуімен қатар жүретін кардиогендік шок, комаға дейін сананың бұзылуы.
Емі. Шұғыл жәрдем беру шаралары ең алдымен препаратты организмнен шығаруға және тұрақты гемодинамиканы қалпына келтіруге бағытталуы тиіс. Науқастарда жүрек-қантамыр функциясын және тыныс алу жүйесін, қан плазмасындағы қант және электролиттер (калий, кальций) деңгейлерін, тәуліктік диурезді және айналымдағы қан көлемін үнемі бақылау қажет. Кальций препараттары енгізілуі мүмкін. Егер кальцийді енгізу тиімділігі жеткіліксіз болса, артериялық қысымды тұрақтандыру үшін допамин немесе норадреналин сияқты симпатомиметиктерді қолдану мақсатқа сай болады. Осы препараттардың дозаларын қол жеткізілген емдік әсерін ескере отырып таңдайды. Брадикардияны бета-симпатомиметиктерді қолданып жоюға болады. Өмірге қатер төндіретін жүрек ырғағы төмендегенде жасанды ырғақ тасымалдағышты қолдану ұсынылады. Сұйықтықты қосымша енгізуде өте сақтық таныту керек, өйткені мұндайда жүрекке жүктеме түсу қаупі ұлғаяды.
Нифедипин үшін қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесінің жоғарылығы және таралу көлемінің біршама азырақтығы тән болғандықтан, гемодиализ тиімді емес, алайда плазмаферез жүргізу ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг және 20 мг.
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгасы негізіндегі бума қаптама материалдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
Пішінді ұяшықты 5 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші
«Технолог» ЖАҚ.
20300, Украина, Черкасск облысы, Умань қаласы, Мануильский көшесі, 8.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Технолог» ЖАҚ
20300, Украина, Черкасск облысы, Умань қаласы, Мануильский көшесі, 8.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы және мекенжайы
«L-Фарма» ЖШС
050061, ҚР, Алматы қ., «Тастақ-1» ы/ауд, 3 үй
тел.: (727) 374-88-75, факс: 374-88-72
elfarma@rambler.ru