Нитроглицерин-KZ
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Нитроглицерин-KZ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Тіл астына салатын 0,5 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 0,5 мг нитроглицеринге шаққандағы лактозадағы 2 %
нитроглицерин;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон 25,
микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний
стеараты.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, жоғары және төменгі беткейі жайпақ, шеттері қиғаш, штрихтары бар, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір қабат таблеткалар. Таблеткалардың бетіндегі мәрмәрлікке жол беріледі. Лупамен қарағанда сындырған жерінде салыстырмалы түрде біртекті құрылымы көрінеді.
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек ауруларын емдеуге арналған вазодилататорлар.
Органикалық нитраттар. Нитроглицерин.
АТХ коды C01D A02.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Шырышты қабықтар бетінен жылдам және толықтай сіңеді. Сублингвальді қолданған кезде бірден жүйелі қан ағысына түседі, биожетімділігі - 100 %, қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясы 5 минут өткенде байқалады. Қан ақуыздарымен байланысуы 60 % құрайды.
Фармакодинамикасы. Негізінен көктамырларға әсер ететін шеткергі вазодилятаторлар. Нитроглицериннің әсері негізінен алдыңғы жүктемені (шеткергі көктамырларды кеңейту және оң жақ жүрекшеге қан келуін азайту) және кейінгі жүктемені (жалпы шеткергі тамырлар қарсыластығын азайту) азайту есебінен миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендетуіне байланысты. Ауыру синдромы қалыптасатын тамыр компонентін бәсеңдете отырып, тамырлардың симпатикалық тонусына орталықтық тежегіш әсер етеді. Менингиальдық тамырлардың кеңеюін туғызады, оны қолданғандағы бастың ауыруы осымен түсіндіріледі. Сублингвальді түрлерін қолданған кезде стенокардия ұстамасы әдетте 1,5 минут өткенде жойылады, гемодинамикалық және антиангинальді әсері 30-дан 60 минутқа дейін сақталады.
Қолданылуы
- стенокардия ұстамаларын басу және ұстамалардың алдын алу үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге қолданады.
Препаратты алғаш тағайындай отырып, оның артериялық қысым деңгейіне әсерін зерттеу керек. Нитроглицерин қолдану тиімділігін бақылауды жүрек жиырылуы жиілігі мен артериялық қысым деңгейі бойынша жүзеге асыру керек.
Стенокардия ұстамасының бірінші симптомдарында-ақ дереу қолдану керек.
Стенокардия ұстамасында ауыру басталысымен дереу бір
таблетканы тіл астына салады және толық ерігенше, жұтпай ауызда
ұстайды. Препараттың әдеттегі дозасы – тіл астына салатын 1 таблетка.
Антангинальдық әсері 3-5 мин ішінде болмаған кезде тағы да
1 таблетка нитроглицерин қабылдау керек. Ең жоғары дозасы
6 таблетка.
2-3 таблетка қабылдағаннан кейін емдік әсері болмаса дәрігер
шақыру керек.
Стенокардияның ұстамасы жиілеген жағдайда әсері ұзартылған
препараттарды қолданған дұрыс.
Жағымсыз әсерлері
ОЖЖ тарапынан: бұлыңғырланып көру, бас ауыруы, бас айналуы және әлсіздікті сезіну, үрейлену, психоздық реакциялар, мәңгіру, бағдардан жаңылу.
Жүрек-қан тамырлар жүйесі тарапынан: рефлекторлық тахикардия, тері жабындысының гиперемиясы, ысынуды сезіну, артериялық гипотензия, оның ішінде ортостатикалық коллапс, цианоз, бозару, метгемоглобинемия.
Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айнуы, құсу, ауыздың кеберсуі, іш ауыруы, диарея болуы мүмкін.
Иммундық жүйе тарапынан: аллергиялық реакциялар, оның ішінде тері
бөртпесі, қышыну; анафилактикалық шок.
Басқалары: қозғыштық, көрудің бұзылуы, глаукоманың асқынуы, гипотермия.
Кейде артериялық қысым күрт төмендегенде стенокардия симптомдарының (парадоксальді «нитраттық» реакциялар) күшеюі байқалуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- нитраттарға жоғары сезімталдық
- шок, коллапс, артериялық гипотензия (систолалық АҚ 100 мм
сын. бағ.төмен, диастолалық АҚ 60 мм сын. бағ.төмен)
- сол жақ қарыншаның толтыру қысымы төмен жедел миокард
инфаркті
- гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия
- бассүйекішілік қысымның (оның ішінде геморрагиялық инсульт
кезіндегі, таяуда алған бас жарақатынан кейінгі) көтерілуі
-
көзішілік қысымы жоғары жабық бұрышты глаукома
- силденафилмен және фосфодиэстеразаның басқа тежегіштерімен бір
мезгілде қолдану
- брадикардия (минутына 50 соғудан аз)
- церебральді ишемия
- жүрек тампонадасы
- біріншілік өкпе гипертензиясы
- уыттылықтан өкпе ісінуі
- жүктілік және лактация кезеңі
- аорталық стеноз
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа вазодилататорлармен, гипотензиялық дәрілермен, АӨФ тежегіштерімен, «баяу» кальций өзекшесі блокаторларымен, фосфодиэстераза тежегіштерімен, диуретиктермен, үшциклдық антидепрессанттармен, МАО тежегіштерімен, этанолмен және құрамында этанол бар препараттармен, бета-адреноблокаторлармен, прокаинамидтермен, хинидинмен, новокаинамидпен бір мезгілде қолданғанда нитроглицериннің гипотензиялық әсері күшейеді.
М-холинолитикалық әсер етуші басқа да препараттар және атропин
препараттың секрециялануы және биожетімділігі төмендеуі
салдарынан нитроглицерин әсерін төмендетуі мүмкін.
Дигидроэрготаминмен қолдану оның қан плазмасындағы
концентрациясының жоғарылауына және артериялық қысымының
ұлғаюына (дигидроэрготаминнің биожетімділігі жоғарылауы
салдарынан) алып келуі мүмкін.
Гепаринмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының антикоагулянттық әсері төмендеуі мүмкін (препаратты тоқтатқаннан кейін қан ұюының елеулі төмендеуі мүмкін, бұл гепарин дозасын төмендетуді талап етуі мүмкін).
Фенобарбитал бауырдағы нитраттар метаболизмін белсендіреді. Альфа-адреномиметиктер, гистамин, питуитрин, кортикостероидтар, ОЖЖ стимуляторлары, араның уы, жыланның уы, күн сәулесі нитроглицериннің антиангинальді әсерін төмендетеді. Салицилаттар қандағы нитроглицерин деңгейін жоғарылатады, барбитураттар оның метаболизмін жеделдетеді. Сульфгидрильдік топтың донаторлары (каптоприл, ацетилцистеин, унитиол) нитроглицеринге төмендеген сезімталдықты қалпына келтіреді.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты төмендегі жағдайларда пайдасы мен қаупін ескере
отырып, сақтықпен қолдану керек: бақыланбайтын гиповолемияда,
өкпе артериясының қалыпты немесе төмен қысымымен жүрек
жеткіліксіздігі бар науқастарда, ауыр анемияда, гипертиреозда, ми
қан айналымы бұзылуында, ауыр бүйрек және/немесе бауыр
жеткіліксіздігінде (метгемоглобинемия даму қаупі).
Аорталық стенозда, уыттылықтан өкпенің ісінуінде және айқын церебральдық атеросклерозы бар емделушілерге, егде жастағы емделушілерге сақтықпен қолдану керек. Емделу кезеңінде алкогольді қабылдауға болмайды. Емделу кезеңінде монша, сауна, ыстық душ қабылдауға болмайды.
Таблетканы шайнауға болмайды, өйткені ауыз қуысының шырышты қабығы арқылы қан ағыны жүйесіне әсер етуші заттың артық мөлшері түсуі мүмкін.
Басқа да органикалық нитраттарға сияқты, нитроглицеринге де жиі қолдануда дағдылану (толеранттық) дамуы мүмкін, ол дозаны арттыруды талап етеді. Нитроглицеринді ұзақ уақыт қолданғанда толеранттықтың туындауын болдырмау үшін препаратты тәулік бойына үзілістермен (10-12 сағат аралықпен) қабылдау немесе кальций антагонистерін, АӨФ тежегіштерін немесе диуретиктерді бір мезгілде тағайындау ұсынылады.
Толеранттық дамыған жағдайда керек болса Нитроглицеринді қолдануды уақытша тоқтату (бірнеше күнге) керек және оны фармакотерапиялық топтың антиангинальдық дәрілерімен алмастыру керек.
Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкозо-галактозды мальабсорбция синдромы бар емделушілерге
препаратты қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданылуы
Нитроглицеринді жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Балалар
Препаратты балаларға қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан оны емделушілердің бұл жастағы категориясына қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор
механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жоғары зейін қоюды талап ететін көлік құралдарын және механизмдерді басқаруда нитроглицерин қабылдау жылдамдық реакцияларын төмендетуге алып келуі мүмкіндігін ескеру керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: ортостатикалық дисрегуляциямен артериялық қысым төмендеуі (90 мм с. б. төмен), бас ауыруы, қатты бас айналуы, естен тану, жүрек қағуы жиілеуі, жүрек айнуы және құсу, ентігу, айқын әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы, артериялық гипотензия, ысынуды сезіну немесе қалтырау, жоғары тершеңдік.
Жоғары дозаларда қолданғанда (20 мкг/кг артық) – коллапс, ерін, тырнақ немесе алақан цианозы, метгемоглобинемия, диспноэ және тахипноэ.
Емі: науқасты жатқызу, аяғын көтеру, ауыр жағдайларда плазма алмастырғыш, симпатомиметиктер, оттегі, метгемоглобинемияда – метиленді көкті тағайындайды. Симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Тіл астына салатын 0,5 мг таблеткалар.
Полимерлі контейнерде 40 таблеткадан.
Әрбір контейнер медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік
және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау
керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін
пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші
«Технолог» жеке акционерлік қоғамы.
20300, Украина, Черкасск облысының Умань қаласы, Мануильский
к-сі, 8.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Технолог» жеке акционерлік қоғамы.
20300, Украина, Черкасск облысының Умань қаласы, Мануильский
к-сі, 8.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)
сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның
мекенжайы:
«Стофарм» ЖШС
111107, ҚР, Қостанай облысы
Қостанай ауданы, Затобольск кенті
Октябрьдің 40 жылдығы ат. көше, 74
тел: 00 73 142 280170, 00 73 142 280186
e-mail: vvnikushkin@stopharm.kz