Нистатин

МНН: Нистатин
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nystatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019774
Информация о регистрации в РК: 01.04.2013 - 01.04.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 155.09 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Нистатин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нистатин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай 100 000 ӘБ/1 г

Құрамы

1 сықпаның ішінде

белсенді зат - нистатин - 0,3333 г (1 500 000 ӘБ)

қосымша заттар: сусыз ланолин, ақ вазелин

Сипаттамасы

Сары немесе қошқыл-сары түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Нистатин.

АТХ коды D01АА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сыртқа және жергілікті қолданғанда тері беткейі немесе шырышты қабат арқылы сіңірілмейді.

Фармакодинамикасы

Полиенді зеңге қарсы антибиотик, Candida тектес ашытқы тәріздес зеңдерге қатысты белсенділігі жоғары.

Антибиотиктің құрылымында зеңдердің цитоплазмалық жарғақшаларының

стеролды құрылымына жоғары ұқсастыққа ие қосарлы байланыс бар, ол

препарат молекуласының жасуша жарғақшасына түзілуіне және

олар арқылы электролиттердің бақыланбайтын тасымалдануы іске

асырылатын өзектердің көптеген мөлшерінің түзілуіне ықпал етеді; жасуша

ішінде осмолярлықтың жоғарылауы оның қырылуына әкеледі.

Толеранттылық өте баяу дамиды.

Қолданылуы

- тері кандидозы

- шырышты қабаттар кандидозы.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Жақпамайды зақымданған жерлерге 7-10 күн ішінде күніне 1-2 рет жұқа

қабатпен жағады.

Жағымсыз әсерлері

- тері бөртпесі

- есекжем

- терінің, шырышты қабаттардың тітіркенуі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жоғары сезімталдық

- бауыр жеткіліксіздігі, панкреатит, асқазан мен 12- елі ішектің ойық жаралы

ауруы

- жүктілік.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Нистатинді клотримазолмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының белсенділігі төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Жергілікті тітіркену, тері бөртпесі немесе есекжем дамыған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Педиатрияда қолданылуы

Нистатиннің педиатриялық тәжірибеде тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты клиникалық деректердің жеткіліксіздігіне байланысты, оны 1 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.

Лактация

Сыртқа қолданғанда нистатин ана сүтімен бөлінбейді, сондықтан нистатинмен емделу кезінде емшекпен қоректендіруді тоқтатудың қажеті жоқ. Әйтсе де емшекпен қоректендірілуде нистатин жақпамайын сүт бездері және емшек ареолы (ұштары) аймағына жағуға болмайды.

Автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Нистатин жақпамайын қолдану емделушінің көлік құралдарын басқару немесе басқа операторлық қызметке қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г- нан алюминий сықпаларда. Әрбір сықпаны мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

5 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27

тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекен-жайы:

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік

қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі,

64/27, тел/факс 8-(10375177) 744280, электрондық поштасы

market@borimed.com

 

 

 

Прикрепленные файлы

996893911477976894_ru.doc 47 кб
843897241477978061_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники