Нистатин (500000ЕД)

МНН: Нистатин
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nystatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012814
Информация о регистрации в РК: 01.10.2024 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 10.2 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Нистатин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нистатин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 250 000 ӘБ және 500 000 ӘБ

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: нистатин – 55,5 мг (250 000 ӘБ) немесе 111 мг (500 000 ӘБ)

қосымша заттар: лактоза моногидраты (сүтті қант), магний гидроксикарбонаты (негізгі магний карбонаты), гипромеллоза (оксипропилметилцеллюлоза), кальций стеараты моногидраты, картоп крахмалы

қабықтың қосымша заттары: лактоза моногидраты (сүтті қант), гипромеллоза (оксипропилметилцеллюлоза), титанның қостотығы (Е171), полисорбат-80 (твин-80), тальк, ванилин, хинолинді сары бояғыш (Е 104), тропеолин О бояғышы бар

Сипаттамасы

Жеңіл ванилин иісімен, жасылдау реңді ақшыл-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Микробқа қарсы және қабынуға қарсы ішек препараттары. Бактерияға қарсы препараттар. Нистатин.

АТХ коды A07AA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат асқазан-ішек жолынан нашар сіңіріледі. Ішке қабылданған препараттың негізгі массасы нәжіспен шығарылады. Нистатин кумулятивтік қасиеттерге ие емес.

Фармакодинамикасы

Candida тектес ашытқы тәріздес саңырауқұлақтарға қатысты жоғары белсенді, полиенді зеңге қарсы антибиотик.

Антибиотик құрылымында саңырауқұлақтардың цитоплазмалық жарғақшасының стеролды құрылымына жоғары троптылыққа ие қосарлы байланыстар бар, ол жасуша жарғақшасына препарат молекулаларының түзілуіне және олар арқылы электролиттердің бақыланбайтын тасымалдануы жүретін өзекшелердің көптеген мөлшерінің пайда болуына ықпал етеді, жасуша ішінде осмолярлықтың жоғарылауы оның қырылуына әкеледі. Төзімділік өте баяу дамиды.

Қолданылуы

  • тері шырышты қабығының және ішкі мүшелердің кандидозында

  • антибиотиктермен ұзақ емделу кезінде зеңдік асқынулардың алдын алуда, әсіресе жүдеген және әлсіз науқастарда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішкі органдардың кандидозын емдеу үшін Нистатинді ас қабылдауға байланыссыз ішке қолданады.

Ересектерге тәулігіне 111 мг-ден (500 000 ӘБ) 3–4 рет немесе 55,5 мг-ден (250 000 ӘБ) 6–8 рет тағайындалады. Жайылған кандидоздарда тәуліктік доза 6 000 000 ӘБ-ге дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Емдеу курсының ұзақтығы – 10 – 14 күн. Қажет болғанда бір аптадан соң курсты қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы

- қалтырау, гипертермия

- терінің қышуы, аллергиялық реакциялар

Бұл жағдайларда дозаны төмендетеді немесе препаратты қолдануды тоқтатады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жоғары сезімталдық

- бауыр қызметінің бұзылуы, панкреатит

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралары аурулары

- жүктілік

- 18 жасқа дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Нистатинді клотримазолмен бір мезгілде қолданған кезде соңғысының белсенділігі төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Қынаптың зеңдік ауруларында жыныстық жұбымен бір мезгілде емделу ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезінде қолдану

Жүктілік кезінде препаратты қолдануға болмайды. Лактация кезінде ана үшін күтілетін пайда балаға қатысты ықтимал қауіптен асатын болса ғана қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлік құралдарын басқару және жоғары назар аударуды және жылдам психомоторлық реакцияны талап ететін басқа да аса қауіпті қызмет түрлерімен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етпейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе полиэтилен жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтармен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

”Биосинтез” ААҚ, Ресей

440033, Пенза қ-сы, Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,

e-mail: certificate@biosintez.com

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Биосинтез» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Биосинтез» ААҚ, Ресей

440033, Пенза қ-сы, Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,

e-mail: certificate@biosintez.com

 

Прикрепленные файлы

497350711477976718_ru.doc 70 кб
687834581477977864_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники