Нимид™ (Гранулы)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
НимидТМ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нимесулид
Дәрілік түрі
2 г түйіршіктер
Құрамы
1 саше-пакет ішінде
белсенді зат - 100 мг нимесулид,
қосымша заттар: таблетоза 80 (лактоза моногидраты), повидон K-30, натрий сахарині, лимон қышқылы моногидраты, Orange DC 100 PH дәмдеуіш қоспасы, Аэросил 200.
Сипаттамасы
Ақшыл-сары түсті, апельсин иісті түйіршіктер.
Фармакотерапиялық тобы
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Іріктелмеген қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
АТЖ коды М01АХ17
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Нимесулид пероральді қолданғанда жақсы сіңеді, тамақ ішу нимесулидтің сіңу қабілетіне ықпал етпейді. Ішке қабылдағанда қандағы ең жоғарғы концентрациясына (Тmax ) жету уақыты 1,2 – 3,3 сағатты құрайды. Таралу көлемі (Vd ) 0,18 – 0,39 л/кг құрайды, қан плазмасындағы ақуыздармен байланысуы – 99 % құрайды. Гисто-гематикалық кедергі арқылы жақсы өтеді. Нимесулид 4- гидроксинимесулид түзе отырып, бауырда белсенді метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі 1,8 – 5,25 сағатты құрайды.
Жалпы клиренсі - 31,02 мл/сағат/кг - 106,16 мл/сағат/кг дейін.
Метаболиттер түрінде – 50,5 –62,5 % несеппен, 17,9 – 36,2 % ішек арқылы және 0,1 % азырағы өзгермеген түрде шығарылады.
Фармакодинамикасы
НимидТМ қабынуға қарсы, ыстық түсіретін және ауыруды басатын қасиеттері бар, циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) ферменттерін тежеу салдарынан простагландин синтезін іріктеп тежегіш болып табылады, қабынуға қарсы стероидты емес дәрі болып табылады. IV типті фосфодиэстераз ферментін тежейді, фагоцитарлық және хемотаксиялық белсенділігіне әсерсіз нейтрофилдерді белсенділендіру жолымен супероксид түзілуі азаяды. НимидТМфагоцитоз үдерісінде түзілетін гипохлорлы қышқылдың жасушадан тыс қол жетімділігін азайтады, сондай-ақ базофилдер мен жуан жасушалардан гистамин босап шығуын тежейді, концентрациясына қарай тромбоциттерді белсенділендіру факторының түзілуін азайтады.
НимидТМ коллагеназа және стромелизин сияқты металлопротеаз синтезін басу жолымен сіңір тіндерінің бұзылыстарын азайтады.
Нимесулид қабынған бөліктегі эластаз ферменттері белсенділігін бақылау арқылы қабынуға қарсы әсерді қамтамасыз етеді.
Қолданылуы
-
жедел ауыруларды емдеу
-
ауыру синдромы бар остеоартритті белгілеріне қарай емдеу
-
алғашқы дисменореяны емдеу
Нимесулидті тек екінші желідегі препарат ретінде тағайындау керек. Нимесулидпен емдеу туралы шешім нақты емделушіге қатысты барлық қатерлерді бағалау негізінде қабылдануы тиіс.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге препарат 1 пакет дозасында (100 мг нимесулид) күніне екі рет тамақтан кейін ұсынылады. Емнің ең жоғарғы ұзақтығы 5 күнді құрайды.
Егде жастағы емделушілер: тәуліктік дозаны түзету талап етілмейді.
Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер: жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін (креатинин клиренсі 30–80 мл/мин) дозаны түзету талап етілмейді.
Пакеттегі бөлік құрамын стақан суда ерітеді.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥ l/100, < l/10):
-
диарея, жүрек айнуы, құсу
-
бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
кейде (≥ l/l,000, < l/100):
-
бас айналуы
-
гипертензия
-
ентігу
-
іш қату, метеоризм, гастрит
-
қышыма, бөртпе, жоғары тершеңдік
-
ісінулер
сирек (≥ l/10,000, < l/l,000):
-
анемия, эозинофилия
-
жоғары сезімталдық
-
гиперкалиемия
-
қорқыныш сезімі, жүйкенің тозуы, шым-шытырық түстер
-
көрудің анық болмауы
-
тахикардия
-
геморрагия, артериялық қысымның тұрақсыздығы, құйылулар
-
эритема, дерматит
-
дизурия, гематурия, несеп іркілуі
-
әлсіздік, астения
өте сирек (< l/10,000):
-
тромбоцитопения, панцитопения, пурпура
-
анафилаксия
-
бас ауыруы, ұйқышылдық, энцефалопатия (Рейе синдромы)
-
вертиго
-
көрудің бұзылыстары
-
астма, бронхтүйілуі
-
іштің ауыруы, диспепсия, стоматит, қара май сияқты нәжіс, асқазан-ішектік қан кету, 12 елі ішек ойық жарасы және тесілуі, асқазан ойық жарасы және тесілуі
-
гепатит, шұғыл пайда болған гепатит (өлім жағдайларын қоса алғандағы), сары ауру, холестаз
-
есекжем, ангионевротикалық ісіну, бет ісінуі, полиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз
-
бүйрек жеткіліксіздігі, олигурия, интерстициальді нефрит
-
гипотермия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
нимесулидке немесе препараттың қосымша заттарының біріне жоғары сезімталдықта
-
бұрын ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қабылдауға байланысты гиперергиялық реакциялары болғанда
-
сыртартқысында нимесулидке гепатоуыттылық реакциялары болуы
-
потенциалды гепатоуыттылығы бар басқа да заттарды қоса қабылдауда
-
маскүнемдік, есірткіге тәуелділік
-
асқыну фазасындағы асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы, сыртартқысында асқазан-ішек жолында ойық жара, тесілу немесе қан кету болғанда
-
сыртартқысында цереброваскулярлық қан кету немесе басқа да қан құйылулар, сондай-ақ қанағыштықпен қоса жүретін аурулар болғанда
-
қанның ұю жүйесінің ауыр бұзылулары
-
жүрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі
-
бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі (креатинин клиренсі 30 мл/мин)
-
бауыр ауруы, бауыр ферменттері деңгейі жоғарылауы, бауыр жеткіліксіздігінде
-
тұмау немесе суық тию симптомдары бар емделушілерде
-
балалық және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдік кезеңде
-
жүктілік және лактация кезеңінде
-
тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Нимесулидті фуросемидпен бірге қабылдағанда фуросемидтің пероральді биожетімділігі және оның шумақтық сүзіліске, бүйрек қан ағынына әсері төмендеуі мүмкін.
Нимесулид антигипертензиялық препараттар әсерін төмендетеді.
Бүйрек қызметі бұзылуы бар емделушілерде Нимесулидті циклооксигеназа жүйесін бәсеңдететін препараттар - АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II антагонистерімен бірге қолданғанда жедел бүйрек жеткіліксіздігі туындауы мүмкін, әдетте ол қайтымды болып келеді.
Теофиллинмен тұрақты ем қабылдау аясында Нимесулид қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы теофиллин деңгейі күрт төмендейді.
Нимесулидті варфаринмен немесе басқа да осыған ұқсас антикоагулянттармен, ацетилсалицил қышқылымен қоса қолданғанда соңғыларының әсері күшейеді.
ҚҚСД бета-адренобөгегіштермен бірге қолданғанда артериялық қысым жоғарылауы мүмкін.
Нимесулид литий клиренсін азайтуы мүмкін, бұл қан плазмасындағы литий деңгейінің және оның уыттылығының жоғарылауына алып келеді.
Циклоспоринмен бір уақытта қолданғанда оның нефроуыттылығы жоғарылауы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Нимесулидті екінші желі препараттары ретінде тағайындау керек. Нимесулидпен емдеу туралы шешім нақты емделуші үшін барлық қатерді бағалау негізінде қабылдануы тиіс.Нимесулидті циклооксигеназаны бәсеңдететін препараттармен, АӨФ тежегіштерімен, антигипертензивті дәрілермен, фуросемидпен бірге қолданғанда сақтық жасау керек, әсіресе егде жастағы адамдарда. Берілген біріктірілімдерді қолданғанда жеткілікті мөлшердегі сұйықтық қолдану қажет, сондай-ақ бүйрек қызметін бақылау қажет.ҚҚСД бета-адренобөгегіштермен бірге қолданғанда артериялық қысымды бақылау қажет.
Нимесулидті литий препараттарымен ем алушыларға тағайындағанда қан плазмасындағы литий деңгейіне бақылау қажет.
Нимесулидті метотрексат қабылдардан 24 сағат бұрын немесе қабылдаған соң 24 сағаттан кейінге тағайындағанда сақтық жасау керек, қан плазмасындағы метотрексат деңгейі, тиісінше оның уыттылық әсері күшеюі мүмкін.
Нимесулид қабылдайтын науқастарда дене температурасы жоғарылағанда және тұмауға ұқсас белгілер пайда болғанда препарат қабылдауды тоқтату керек.
Нимесулидпен ем қабылдау уақытында бауыр зақымдануы белгілері болғанда ( анорексия, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, қажығыштық, несеп түсінің күңгірттенуі) немесе бауыр қызметінің зертханалық көрсеткіштері қалыпты мәннен ауытқығанда препарат қабылдауды тоқтату керек.
Бұл жағдайда нимесулидті қайта тағайындауға болмайды.
Нимесулидпен емделу уақытында басқа анальгетиктерді қабылдаудан бас тарту керек. Нимесулидті басқа ҚҚСП қоса қолданудан, оның ішінде циклооксигеназа-2 іріктеп тежегіштерімен қоса қолданудан абайлау керек.
Төмендегі жағдайларда сақтықпен қолданылады:
-
бауыр ауруларында, қан ұюы бұзылуларында, артериялық гипертензияда, ісінулермен бірге жүретін жүрек-қан тамырлары ауруларында; асқазан-ішек жолының ойық жарасында (АІЖ), АІЖ қан кетуінде немесе тесілуінде, бүйрек жеткіліксіздігінде
-
ауырлығы ауыр немесе орта дәрежедегі дәрілік гепатитте, нимесулид қабылдайтын бұл емделушілерде бауыр қызметіне бақылау керек, (қажет болғанда, қан плазмасы АСТ/АЛТ деңгейін зерттеу керек).
Гепатоуыттылықтың бірінші белгілерінде препарат қабылдауды тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақтық жасаған дұрыс.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: гипогликемия, дене температурасының төмендеуі.
Емдеу: асқазанды шаю, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі
2 г препараттан саше – пакетке салынған.
30 саше - пакеттен медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан
Бхагат Сингх Марг, Нью Дели 110001
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан
Қаптаушы - ұйымның атауы мен елі
Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Кусум Хелткер Пвт. Лтд.» Серіктестігінің ҚР өкілдігі
Алматы қ., Төлебаев к., 38
Тел +7 727 2738297, +7 727 2738198, факс +7 727 2736810
Оffice-kusumhealthcare@intelsoft.kz