Нимесулид-ТК

МНН: Нимесулид
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nimesulide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-0№025828
Информация о регистрации в РК: 27.05.2022 - 27.05.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Нимесулид-ТК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нимесулид

Дәрілік түрі, дозасы

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер, 100 мг∕2 г

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы стероидты емес препараттар. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы стероидты емес басқа препараттар. Нимесулид.

АТХ коды: М01AX17

Қолданылуы

  • жедел ауыруларды емдеуде

  • алғашқы дисменореяны емдеуде

Нимесулидті тек екінші желі препараты ретінде тағайындау керек. Нимесулидпен емдеу жөнінде шешімді жеке-дара пациент үшін барлық қауіптерді бағалау негізінде қабылдау керек.

Қолдану басталғанға дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • нимесулидке, кез келген басқа ҚҚСП-ға немесе қосымша заттарының біріне жоғары сезімталдық

  • бұдан бұрын орын алған ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды қабылдауға байланысты гиперергиялық реакциялар (мысалы, бронх түйілуі, ринит, есекжем)

  • бұдан бұрын орын алған нимесулидке гепатоуытты реакциялар

  • әлеуетті гепатоуыттылығы бар басқа заттарды қатар қабылдау

  • маскүнемдік, есірткіге тәуелділік

  • бұрынғы ҚҚСП емдеумен байланысты асқазан-ішектен қан кету немесе тесілуі

  • өршу фазасындағы асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасы, анамнезінде ойық жара, тесілу немесе асқазан-ішек жолынан қан кету

  • цереброваскулярлы қан кету немесе басқа да жедел қан құйылулар, сондай-ақ қанағыштықпен қатар жүретін аурулар

  • қан ұюының ауыр бұзылулары

  • ауыр жүрек жеткіліксіздігі

  • ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

  • бауыр жеткіліксіздігі

  • қызбасы бар пациенттер және/немесе тұмау тәрізді симптомдардың болуы

  • 18 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік және бала емізу

Қолдану кезіндегі қажетті сақтықшаралары

Нимесулидті басқа ҚҚСП-мен, соның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен бірге қолданудан аулақ болу керек. Нимесулидпен емдеу кезінде пациент басқа анальгетиктерді қабылдаудан бас тартуы тиіс.

Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, диагностикаланған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар ауруы және/немесе цереброваскулярлық патологиясы бар пациенттерге нимесулидті осы пациенттердің жай-күйін мұқият бағалағаннан кейін тағайындау керек. Жүрек-қантамыр ауруларына (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қантдиабеті, темекішегу) қатысты қауіп факторлары бар пациенттерді ұзақ емдеуді бастамас бұрын осындай мұқият бағалау жүргізілуі тиіс.

Нимесулид тромбоциттер функциясына әсер ете алатындықтан, оны геморрагиялық диатезі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Алайда, нимесулид жүрек-тамыр ауруларының алдын-алу кезінде ацетилсалицил қышқылын алмастырмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

Басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП)

Құрамында нимесулид бар дәрілік заттарды қабынуға қарсы дозаларда (≥1 г тәулігіне бір рет немесе ≥3 г жалпы тәуліктік доза)ацетилсалицил қышқылын қоса, басқа ҚҚСП-мен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Антикоагулянттар

ҚҚСП варфарин секілді антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Варфарин, баламалы антикоагулянттар немесе ацетилсалицил қышқылын қабылдайтын пациенттерде нимесулидпен емдеу кезінде қан кету сияқты асқыну қаупі жоғары. Осы себепті бұл біріктірілім ұсынылмайды, алкоагуляцияның ауыр бұзылулары бар пациенттерге оны қолдануға болмайды. Егер біріктірілген емді қолданбау мүмкін болмаса, қан ұю көрсеткіштеріне мұқият бақылаужүргізу қажет.

Антиагреганттар және серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер

Антиагреганттар және серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер асқазан-ішек жолдарының ойық жаралануы немесе қан кету қаупін жоғарылатады.

Кортикостероидтар

Кортикостероидтар: асқазан-ішек жолдарының ойық жаралануы немесе қан кету қаупін жоғарылатады.

Диуретиктер, ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштері, ангиотензин II антагонистері

ҚҚСП диуретиктермен басқа гипотензиялық препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, сусызданудан зардап шегетін пациенттерде немесе бүйрек функциясы шектелген егде жастағы пациенттерде) АӨФ тежегіштерін, циклооксигеназа тежегіштерін бір мезгілде тағайындау бүйрек функциясының ары қарай төмендеуін (жедел бүйрек жеткіліксіздігіне дейін) туындатуы мүмкін, ол әдетте қайтымды сипатқа ие. Аталған өзара әрекеттесудің болуын құрамында нимесулид бар АӨФ тежегіштері немесе АIIА бірге қабылдайтын пациенттерде ескеруі керек. Сондықтан препараттардың аталған біріктірілімі әсіресе егде жастағы пациенттерде сақтықпен тағайындалуы керек. Пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдауы керек және біріктірілген емді бастағаннан кейін және мезгіл-мезгіл оның барысында бүйрек функциясын бақылаудың қажеттілігі бағалануы тиіс.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер: нимесулидтің басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсері

Фуросемид

Дені сау еріктілерде нимесулид фуросемидтің натрийдің шығарылуына, және аз дәрежеде калийдің шығарылуына әсерін уақытша төмендетті және диуретикалық жауапты төмендетті.

Нимесулидті және фуросемидті бірге қабылдау «Концентрация-уақыт» (AUC) қисығы астындағы ауданның (шамамен 20-ға) азаюына және фуросемидтің бүйректік клиренсті өзгертпей, жиналып қалған фуросемид экскрециясының төмендеуіне әкеп соқтырады.

Фуросемидпен құрамынданимесулид бар дәрілік препараттарды

бүйрек немесе жүрек функцияларының бұзылуына ұшырағанпациенттерге бір мезгілде тағайындау айрықша нұсқаулар бөлімінде сипатталғандай сақтықты талап етеді.

Литий

ҚҚСП литийдің клиренсін азайтуы мүмкіндігі жөнінде деректер бар, ол қан плазмасында литий деңгейінің және оның уыттылығының жоғарылауына әкеп соқтырады. Нимесулидті литий препараттарымен ем қабылдап жүрген пациенттерге тағайындаған кезде плазмадағы литий деңгейіне жиі бақылау жасап отыруды жүзеге асырған жөн.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі: басқа препараттардың нимесулидке әсері

In vitro зерттеулер нимесулидтің толбутамидмен, салицил қышқылымен және вальпрой қышқылымен байланысқан жерінен ығысып шығатындығын көрсетті. Алайда, плазмадағы деңгейіне ықтималды әсеріне қарамастан, бұл өзара әрекеттесулер үшін клиникалық маңыздылығы көрсетілмеген.

Басқа да ақпарат

Глибенкламидпен, теофиллинмен, варфаринмен, дигоксинмен, циметидинменжәнеантацидтікпрепараттармен (мысалы, алюминий және магний гидроксидінің біріктірілімі) болуы мүмкін фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін анықтау мақсатында in vivo зерттеулер жүргізілген. Клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Нимесулид СҮР2C9 басады. Осы ферменттің субстраты болып табылатын препараттарды нимесулидпен бір мезгілде қабылдаған кезде плазмадағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

Нимесулидті метотрексатты қабылдаудан бұрын 24 сағатқа жеткізбей немесе қабылдағаннан кейін 24 сағатқа жеткізбей тағайындаған кезде сақ болу қажет, өйткен імұндай жағдайларда метотрексаттың плазмадағы деңгейі, тиісінше, осы препараттың уытты әсерлері артуы мүмкін.

Бүйрек простагландиндеріне, нимесулидте жататын простагландиндер синтетазасының тежегіштеріне әсеріне байланысты циклоспориндердің нефроуыттылығын жоғарылатуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Аурудың симптомдарын бақылау үшін қажетті ең аз ұзақтықтаең аз тиімді дозаны қолдана отырып, жағымсыз әсерлерді барынша азайтуға болады. Симптоматикасы жақсартылмаған жағдайда препаратпен емдеуді тоқтату керек.

Нимесулид-ТК препаратының құрамында сахароза бар. Бұл препарат фруктоза көтере алмаушылығының сирек тұқым қуалайтын проблемалары, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс.

Бауырға әсер етуі

Бауыр тарапынан күрделі реакциялардың сирек жағдайлары туралы, оның ішінде құрамында нимесулид бар дәрілік заттарды қолдануға байланысты өлімнің өте сирек жағдайлары туралы хабарланған. Нимесулидпен емдеу кезінде бауырдың зақымдану симптомдарына ұқсас симптомдарды сезінетін пациенттерге (мысалы, анорексия, жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы, қажу, несептің күңгірттенуі) немесе бауыр функциясының зертханалық талдауларының деректері қалыпты мәндерден ауытқитын пациенттерге препаратпен емдеуді тоқтату қажет. Мұндай пациенттерге нимесулидті қайта тағайындауға болмайды. Препараттың қысқа мерзімді әсерінен кейін бауырдың зақымдануы туралы – көп жағдайда қайтымды болғаны хабарланған.

Нимесулид қабылдаған және тұмауға немесе суық тиюге ұқсас симптомдары дамыған пациенттер препаратпен емдеуді тоқтатуы тиіс.

Асқазан-ішек жолына әсер етуі

Барлық ҚҚСП-ға қатысты асқазан – ішек жолдарындағы қан кету, ойық жаралануы және тесілуі туралы хабарланған, олар симптомдарымен - ізашарлармен немесе оларсыз, анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан күрделі бұзылулар бар немесе онсыз емдеудің кезкелген сәтінде орын алуы және пациенттің өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Асқазан-ішек жолында қан кетудің, ойық жараның немесе тесілудің пайда болу қаупі ҚҚСП дозасын арттырған кезде, пациенттерде анамнезінде, әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған ойық жарасы болғанда, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде жоғарылайды. Мұндай пациенттерде емді ең аз ықтималды дозадан бастау керек. Мұндай пациенттерге, сондай-ақ бір мезгілде төмен дозада аспиринді немесе асқазан-ішек жолы тарапынан патологияның пайда болу қаупін арттыратын басқа да препараттарды қабылдайтын пациенттерге қатысты протектор-препараттармен, мысалы, мизопростолмен немесе протондысорғы тежегіштерімен біріктіріп емдеу мүмкіндігін қарастыру керек.

Анамнезінде уытты сипаттағы асқазан-ішек жолдарының патологиясы бар пациенттер, әсіресе егде жастағы адамдар асқазан-ішек жолдары тарапынан кезкелген ерекше симптомдар туралы (әсіресе асқазан-ішек жолдарындағы қан кетулер туралы) хабарлауы тиіс. Бұл емдеудің бастапқы сатысында өте маңызды.

Асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ойық жараның түзілуі/тесілуі емдеуаясында – ізашар-симптомдар пайда болғанда, соларсызда, сондай-ақ анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан патологияның болуына немесе болмауына қарамастан кез келген уақытта дамуы мүмкін. Асқазан-ішек жолында қан кету немесе ойық жара дамығанда нимесулидпен емдеуді дереу тоқтату керек. Нимесулидті пептидтік жараны қоса, асқазан-ішек жолдары ауруларымен, анамнезінде асқазан-ішек жолынан қан кету бар, спецификалық емес ойық жаралы колит және Крон ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Ойық жараның немесе қанкетудің пайда болу қаупін арттыра алатын қатар жүретін препараттарды, мысалы, пероральді кортикостероидтар, варфарин сияқты антикоагулянттар, серотонинді қайта қармайтын селективті тежегіштер немесе аспирин сияқты антиагреганттарды қабылдайтын пациенттер препаратты қабылдаған кезде сақ болу қажеттілігі туралы ескертілуі тиіс.

Нимесулид қабылдайтын пациенттерде қан кету немесе асқазан-ішек жолының ойық жаралануы туындаған кезде препаратпен емдеуді тоқтату керек.

ҚҚСП анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар (спецификалық емес ойық жаралы колит, Кронауруы) пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, себебі бұл аурулар асқынуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде, әсіресе, кейбір жағдайларда өмірге қауіптөндіруі мүмкін асқазан-ішек жолынан қан кету және тесілуі, сондай-ақ бүйрек, бауыр және жүрек функциясының бұзылуы сияқты ҚҚСП – ға жағымсыз реакциялар жиілігі жоғарылауы мүмкін. Сондықтан осы пациенттерге тиісті клиникалық бақылауда болу ұсынылады.

Тері реакциялары

ҚҚСП қолдану аясында өте сирек ауыр тері реакциялары байқалды, олардың кейбірі эксфолиативті дерматит, Стивенс–Джонсон синдромы, сондай-ақ уытты эпидермальді некролизді қоса, өліммен аяқталды. Бұл реакциялардың пайда болу ықтималды едәуір қаупіне пациенттер емнің басында ұшырайды және бұл реакциялар емдеудің бірінші айы ішінде жиі орын алады. Тері бөртпесі, шырышты қабықтардың зақымдану белгілері немесе басқада аса жоғары сезімталдық симптомдары пайда болған кезде нимесулидті қабылдауды тоқтату керек.

Бүйрекке әсер етуі

Препаратты бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет, өйткені препаратты қолдану бүйрек функциясының нашарлауына әкелуі мүмкін. Нашарлаған жағдайда емдеуді тоқтату керек.

Фертильділікке әсер етуі

Нимесулидті қолдану әйелдерде бала туу функциясына теріс әсеретуі мүмкін, сондықтан препаратты жүктілікті жоспарлайтын әйелдерге тағайындау ұсынылмайды. Ұрықтандыру мен проблемалары бар немесе бедеулікке тексерілуден өтетін әйелдерде нимесулидті тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық жүйелер тарапынан бұзылулар

Анамнезінде артериялық гипертензия және/немесе ҚҚСП қолдану аясында организмде сұйықтықтың кешеуілдеуінде және ісінуде пайда болатын жеңіл/орташа ауырлық дәрежесіндегі іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге жағдайды тиісінше бақылау және дәрігердің кеңесі қажет.

Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП қолдану – әсіресе жоғары дозада және ұзақ қолданғанда артериялық тромбоз қаупінің елеусіз жоғарылауымен (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) байланысты болуы мүмкін деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Нимесулидті қолдану кезінде мұндай қауіпті болдырмау үшін деректер жеткіліксіз.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік

Простагландиндер синтезін басу жүктілікке және/немесе шарананың дамуына қолайсыз әсеретуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулер кезінде алынған деректер жүктіліктің ерте мерзімінде простагландиндер синтезін басатын препараттарды қолдану өздігінен түсік тастау, шаранада жүрек ақауын және гастрошизис пайда болу қаупін арттыратынына қатысты сақтануды қажет етеді. Жүрек-қантамыр жүйесі аномалиясының абсолюттік қаупі 1% - дан кем, шамамен 1,5% - ға дейін артты. Препарат дозасының жоғарылауымен және оны қолдану ұзақтығымен қауіп артады деп саналады.

Жүктіліктің үшінші триместрінде простагландиндер синтезінің барлық тежегіштері:

- шаранада:

  • пневмокардиальді уытты зақымданудың (артериялық түтіктердің мерзімінен бұрын жабылуы және өкпе артериясы жүйесіндегі гипертензия);

  • қағанақ суының азаюы дамуымен бүйрек жеткіліксіздігіне дейін үдейтін бүйрек дисфункциясының дамуына әкелуі мүмкін;

- жүктіліктің соңында анасы мен шаранада:

  • препаратты өте төмен дозаларда қолданған кездің өзінде туындауы мүмкін қан кету уақытының ұзаруы, антиагрегациялық әсер;

  • босанудың кідіруіне немесе ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін жатырдың жиырылу белсенділігінің бәсеңдеуі болуы мүмкін.

Лактация кезеңі

Қазіргі уақытта нимесулидтің ана сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз. Нимесулидті бала емізетін аналарға қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралдын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Құрамында нимесулид бар препараттардың көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етуге қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Бұған қарамастан, препаратты қабылдағаннан кейін естімей қалу, бас айналу немесе ұйқышылдық сезімін сезінетін пациенттерге көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдерге қызмет көрсетуге болмайды.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Жағымсыз әсерлерін барынша азайту үшін, емнің қысқа мерзімінде ең төменгі тиімді дозасын қабылдау керек.

Нимесулидпен емдеу курсының ең жоғары ұзақтығы 15 күнді құрайды.

Ересектер

1 пакеттен (100 мг нимесулид) тамақ ішкеннен кейін тәулігіне екі рет.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге тәуліктік дозаны азайту қажеттілігі жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Нимесулид бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Емнің жағымсыз әсерлерін тиісті ауру кезінде емдеу үшін қажет барынша аз уақыт бойы препаратты ең аз тиімді дозада тағайындау жолымен азайтуға болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл және орташа түрлері бар пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі жоқ (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин), ал ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі< 30 мл/мин) нимесулидті тағайындауға болмайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Пакеттің ішіндегісін бір стақан газдалмаған суда ерітіңіз. Қызғылт сары түсті суспензия алғанға дейін қасықпен араластырыңыз. Суспензияны араластырғаннан кейін бірден ішу қажет.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: ҚҚСП жедел артық дозалануы әдетте келесілермен шектеледі: апатия, ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу және іш аймағының ауыруы, бұлар демеуші емде әдетте қайтымды. Асқазан-ішектен қан кету пайда болуы мүмкін. Сирек жағдайларда артериялық қысымның жоғарылауы, бүйрек функциясының жедел ағымды жеткіліксіздігі, тыныстың тарылуы және кома. ҚҚСП емдік дозаларын қабылдағанда және осы препараттар артық дозаланғанда анафилактоидты реакциялардың пайда болуы туралы хабарланған.

ҚҚСП артық дозаланған жағдайларда симптоматикалық және демеуші ем жүргізіледі. Арнайы антидоты жоқ. Нимесулидтің гемодиализ жолымен шығарылуына қатысты деректер жоқ, әйтсе де плазма ақуыздарымен байланысуының (97,5 % дейін) жоғары дәрежесі негізінде препарат артық дозаланғанда диализдің тиімділігі аз деп тұжырымдауға болады. Артық дозалану белгілері болған жағдайда немесе препараттың үлкен дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде пациенттерге тағайындалуы мүмкін: құстыру және/немесе белсендірілген көмір (ересектерге 60-100 грамм) және/немесе осмостық іш айдағыш дәрі қабылдау. Еріктен тыс диурез, несепті сілтілендіру, гемодиализ немесе гемоперфузия препараттың қан ақуыздарымен жоғары дәрежеде байланысуының нәтижесінде тиімсіз болуы мүмкін. Бүйрек және бауыр функцияларына бақылау жасаған жөн.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар (қажет болса)

Жалпы сипаттамасы

Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер кейбір стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың (әсіресе, жоғары дозада және ұзақ уақыт қолданғанда) артериялық тромбоздық оқиғалардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) пайда болу қаупіне әкелуі мүмкін деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емдеуге байланысты ісіну, артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігінің пайда болуы туралы хабарланған.

Өте сирек жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді қоса, буллезді реакциялар орын алуы мүмкін.

ҚҚСП емдеу кезінде асқазан-ішек жолдары тарапынан жиі жағымсыз құбылыстар болды. Пептиттік ойық жара, әсіресе егде жастағы пациенттерде кейде өліммен аяқталған асқазан-ішек жолынан қан кету немесе тесілуі дамуы мүмкін. Қолда бар деректер бойынша, құрамында нимесулид бар дәрілік заттарды қолдану аясында жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, іш қату, диспепсия, іштің ауыруы, мелена, қан құсу, ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі және Крон ауруы туындауы мүмкін. Гастрит жиілігі аз байқалды.

Төменде атап көрсетілген жағымсыз әсерлер бақыланатын клиникалық зерттеулерден* (шамамен 7800 пациент) және постмаркетингтік зерттеулерден алынған деректерге негізделген.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Сирек

- анемия*, эозинофилия*

Өте сирек

- тромбоцитопения

- панцитопения

- пурпура

Иммундық жүйе бұзылыстары

Сирек

- жоғары сезімталдық*

Өте сирек

- анафилаксия

Метаболизм және тамақтану бұзылыстары

Сирек

- гиперкалиемия*

Психиатриялық бұзылыстар

Сирек

- қорқыныш сезімі*

- күйгелектік*

- түнгі қорқынышты түстер*

Жүйкежүйесітарапынанбұзылыстар

Жиі емес

- бас айналуы*

Өте сирек

- бас ауыруы- ұйқышылдық- энцефалопатия (Рейе синдромы)

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Сирек

- анық көрмеу*

Өте сирек

- көрудің бұзылуы

Есту мүшелері мен лабиринт аппараты тарапынан бұзылулар

Өте сирек

- вертиго

Жүрек аурулары

Сирек

- тахикардия*

Тамыр бұзылулары

Жиі емес

- артериялық гипертензия*

Сирек

- геморрагия* -артериялық қысымының ауытқымалығы*- "Қан кернеулер"*

Тынысалу жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі емес

- ентігу*

Өте сирек

- демікпе- бронх түйілуі

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жиі

- диарея* - жүрек айнуы* - құсу*

Жиі емес

- іш қату * - метеоризм * - асқазан-ішектен қанкету, 12-елі ішектің ойық жаралануы және тесілуі, асқазанның ойық жаралануы және тесілуі

Өте сирек

- гастрит *

- іштің ауыруы

- диспепсия

- стоматит

- қарамай тәрізді нәжіс

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

Өте сирек

- гепатит

- шұғылдамыған (фульминантты) гепатит, өлім жағдайларын қоса- сарғаю

- холестаз

Тері мен тері асты шелі патологиясы

Жиі емес

- қышыну* - бөртпе* - қатты терлеу*

Сирек

- эритема* - дерматит*

Өте сирек

- есекжем- ангионевроздық ісіну- беттің ісінуі- полиформалыэритема- Стивенс-Джонсон синдромы- уытты эпидермальді некролиз

Бүйрек және несеп шығару жүйесі тарапынан бұзылулар

Сирек

- дизурия*- гематурия*

Өте сирек

- несеп шығарудың іркілуі*

- бүйрекжеткіліксіздігі- олигурия - интерстициальді нефрит

Жалпы бұзылулар және препаратқа жергілікті реакциялар

Жиі емес

- ісіну*

Сирек

- дімкәстік* - астения*

Өте сирек

- гипотермия

*жиілігі клиникалық сынақтар нәтижесіне негізделген

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 пакеттің ішінде белсенді зат- нимесулид, 100 мг

қосымша заттар: макрогол цетостеарил эфирі, сахароза, мальтодекстрин, сусыз лимон қышқылы, апельсин хош иістендіргіші.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Апельсин иісті, ашық-сары түсті түйіршіктелген ұнтақ.

Дайындалған ерітінді, ішінара еріген затымен ақ немесе ашық-сары түсті.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Фармацевтикалық препараттарға арналған біріктірілген материалдан жасалған пакеттерге 2 г түйіршіктен салынған (буфлен).

9 немесе 30 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15

Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15

Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15

Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

ИМП_рус_Нимесулид-ТК.docx 0.06 кб
ИМП_каз_Нимесулид-ТК.docx 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту