Нигепан®

МНН: Бензокаин, Гепарин натрия
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Гепарин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011256
Информация о регистрации в РК: 25.12.2017 - 25.12.2022
Номер регистрации в РБ: 5501/02/07/12/15/17/17/22
Информация о регистрации в РБ: 20.07.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Нигепан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер

Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: натрий гепарині 1000 ХБ (8,3 мг)

бензокаин 50 мг,

қосымша заттар: тазартылған су, қатты май (Витепсол H-15, W-35 маркасы 1 : 1 арақатынаста, Суппосир NA 15, NAS 50 маркасы 1 : 1 арақатынаста), дистилляцияланған моноглицеридтер (Палсгаард 0093).

Сипаттамасы

Пішіні торпеда тәрізді, ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті суппозиторийлер

Фармакотерапиялық тобы

Ангиопротекторлар. Көктамырдың варикозды кеңею синдромын емдеу. Құрамында гепарині бар жергілікті қолдануға арналған препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген гепарин.

АТХ коды С05ВА53

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакоикнетикасы

Қан плазмасындағы гепариннің Cmax ректальді енгізгеннен кейін 30 минуттан соң жетеді.

Фармакодинамикасы

Тромбозға қарсы, қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсері бар біріктірілген препарат. Гепарин – тікелей әсер ететін антикоагулянт, жергілікті қолданған кезде тромбтардың түзілуіне кедергі жасайды және пайда болған тромбтың өсуін тоқтатады, қабынуға қарсы әсері бар. Бензокаин жергілікті ауыруды басатын әсер береді.

Қолданылуы

  • сыртқы және ішкі геморроидальді түйіндер тромбозында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді. Суппозиторийді ішек өздігінен босағаннан кейін немесе тазарту клизмасынан кейін тік ішекке енгізеді. 1 суппозиторийден тәулігіне 2 рет қолданады. Емдеу курсы – 10-14 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей аса жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған

Айрықша нұсқаулар

Балаларға талапқа сай бақыланатын зерттеулердің жүргізілмеуіне байланысты препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Ішке кездейсоқ қабылдап қойғанда, дереу білікті жәрдем көмегіне жүгіну керек.

Тік ішектен қан аралас бөлінулер көп болғанда немесе ауыру симптомдары 7-10 күннен артық сақталған кезде, қосымша проктологпен кеңесу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Байқалмаған. Дұрыс қолданғанда артық дозалануы мүмкін емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған, поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 20 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайты: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР «Нижфарм» АҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

343036031477976943_ru.doc 45.5 кб
766947991477978111_kz.doc 48.5 кб
5501_02_07_12_15_17_17_s.pdf 0.19 кб
5501_02_07_12_15_17_17_p.pdf 0.24 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники/ «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ