Неуробекс®

МНН: Пиридоксин, Тиамин, Цианокобаламин
Производитель: Балканфарма-Дупница АД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация витамина B1 с витаминами B6 и/или B12
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№006269
Информация о регистрации в РК: 13.09.2012 - 13.09.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Неуробекс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 15 мг тиамин нитраты, 10 мг пиридоксин гидрохлориді, 0,02 мг цианокобаламин,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, бидай крахмалы, тальк, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон.

қабықтың құрамы: целлюлозаның ацетат фталаты, сахароза, арабиялық шайыр, тальк, макрогол 6000, макрогол 400, глицерол, қан қызыл бояғыш Лагы 4R Е124.

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, дөңгелек, қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

В1 витаминінің В6 және В12 витаминдерімен біріктірілуі.

АТХ коды А11DB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың құрамдас бөліктері суда еритін витаминдер болғандықтан, организмде жинақталмайды.

В1 және В6 витаминдері ішектің жоғары бөлімдерінде сіңеді және организмде біркелкі таралады. Сіңу дәрежесі дозаға байланысты. В12 витаминінің сіңуі асқазандағы және ішектің жоғарғы бөлігіндегі ішкі фактордың болуымен айқындалады, одан әрі қарай В12 витаминін тіндерге тасымалдауды транскобаламин ІІ тасымалдаушы ақуызы жүзеге асырады.

В1, В6 және В12 витаминдері бауырда метаболизденеді.

В1 және В6 витаминдері бүйрекпен (8-10% жуығы - өзгермеген түрде) шығарылады. Артық дозалағанда тиаминнің және пиридоксиннің ішек арқылы шығарылуы жоғарылайды. В12 витамині негізінен өтпен шығарылады, бүйрекпен шығу дәрежесі ауыспалы – 6-дан 30%-ға дейін.

Фармакодинамикасы

Құрамына В тобының витаминдері кіретін біріктірілген препарат.

Тиамин (В1 витамині) адам организмінде фосфорлану үдерісінің нәтижесінде кокарбоксилазаға айналады, ол көптеген ферменттік реакциялардың коферменті болып табылады. Тиамин көмірсу, ақуыз және май алмасуында маңызды рөл атқарады. Ол синапстардағы жүйкелік қозуды өткізу үдерісіне белсенді қатысады. В1 витаминінің тапшылығы сүт және пирожүзім қышқылдарының жиналуына әкеледі, соның нәтижесінде полиневриттер, бери-бери ауруы, Вернике энцефалопатиясы және Корсаков синдромы, полиневропатиялар, жүрек қызметінің бұзылулары, асқазан-ішек зақымданулары (ойық жаралы колит, созылмалы іш өту) дамуы мүмкін.

Пиридоксин (В6 витамині) орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуіне қажет. Фосфорланған түрде аминқышқылдардың метаболизмінде кофермент болып табылады (декарбоксилдену, переаминдену және т.б.).

Жүйке жүйесінде әсер ететін маңызды ферменттердің коферменті ретінде болады.

Нейромедиаторлардың: допамин, норадреналин, адреналин, серотонин, гистамин және гамма-аминобутир қышқылының биосинтезіне қатысады. Тамақпен жеткіліксіз мөлшерде қабылдағанда, ішекте сіңуі бұзылғанда, оның антагонистері болып табылатын дәрілерді қабылдағанда, сәулелік ем қабылдағанда В6 витаминінің тапшылығы дамуы мүмкін. Жеткіліксіздік белгілері көз бен мұрынның айналасында себорея тәрізді зақымданудың пайда болуымен, глосситпен, стоматитпен; шеткергі невритпен, құрысулармен (гамма-аминомай қышқылының концентрациясы төмен болғандықтан), өте сирек анемиялармен көрініс береді.

Цианокобаламин (В12 витамині) қалыпты қан түзілуі үшін және эритроциттердің пісіп жетілуі үшін қажет. Сонымен бірге ол организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін бір қатар биохимиялық реакцияларға (метильді топтарды тасымалдауға, нуклеин қышқылдар мен ақуыздарының түзілуіне, аминқышқылдардың, көмірсулардың, липидтердің алмасуына) қатысады. Жүйке жүйесіндегі үдерістерге (РНҚ, ДНҚ, миелин синтезіне және цереброзидтер мен фосфолипидтердің липидтік құрамына) әсер етеді. Цианокобаламиннің коферменттік түрлері – метилкобаламин және аденозилкобаламин жасушалардың репликациясына және өсуіне қажет. В12 витаминінің тапшылығы гемопоэздық және жүйке жүйелері жағынан пайда болған белгілерімен көрініс береді. Гемопоэз тиімсіз, оның үсіне эритропоэз мегалобласты болады, ал ауыр жағдайларда панцитопения дамиды. Жүйке жүйесінде қайтымсыз зақымдану демиелиндену, жұлын мен ми қыртысындағы нейрондардың өлуі басталуы мүмкін, олар аяқ-қолдардың парестезияларымен, жүріс-тұрыстың үйлесімсіздігімен, кейбір рефлекстердің бұзылуымен және кеш сатыда – психикалық шатасу, елестеулермен, көңіл-күйдің тез ауысуымен, естен айырылуымен, көрмей қалумен және психозбен көрініс береді.

Қолданылуы

Келесі ауруларды және жай күйлерді кешенді емдеу кезінде:

  • астениялық синдромда, созылмалы шаршағыштық синдромында,

  • невритте, полиневритте, невралгияда, полинейропатияларда (алкогольдік, жұқпадан кейінгі, уытты, диабеттік)

  • ұзақ сауығу жағдайында, созылмалы алкоголизмде, уыттануда

  • В тобы витаминдерінің жеткіліксіздігінде (гиповитаминозда)

  • дерматитте, экземада, безеулі бөртпелерде

Қолдану тәсілдері және дозасы

Ересектерге тәулігіне 3-4 рет қабықпен қапталған 2-3 таблеткадан тағайындайды.

Таблеткаларды тамақтану кезінде немесе тамақтанғаннан кейін шайнамай, жеткілікті сұйықтықпен қабылдайды. Емдеу курсы – 2-3 ай.

Жағымсыз әсерлері

  • жүрек айнуы

  • қатты тершеңдік

  • тахикардия

  • қышыма, есекжем, ентігу, анафилактикалық шок

  • ауыр сенсорлы невропатия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жедел тромбоэмболия

  • эритроцитоз және эритремия

  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде зерттеулер жүргізілген жоқ)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Неуробекс® пен леводопаны бірге қабылдағанда леводопаның паркинсонизмге қарсы әсерінің төмендеуі байқалады. Этанолмен бірге қабылдағанда тиаминнің сіңуі төмендейді (қандағы деңгейі 30%-ға азаюы мүмкін). Құрысуға қарсы препараттарды (фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин) Неуробекспен® үйлестіріп ұзақ емделгенде тиаминнің тапшылығын туғызуы мүмкін.

В6 витаминінің жоғары дозасы осы туберкулезге қарсы препараттармен индуцирленген сидеробластты анемияны жоюмен қатар изониазидтің және тиосемикарбазонның әсеріне қарсы әсер етеді. Пеницилламинді ұзақ уақыт бойы қолдану В6 витаминінің жеткіліксіздігін туғызуы мүмкін. Гидралазин және циклосерин, сондай-ақ оның антагонисті болып табылады, оларды В6 витаминімен біріктіріп қолдану осы препараттардың жағымсыз неврологиялық әсерлерін азайтады. В6 витаминінің мөлшері ұрықтануға қарсы ішілетін дәрілермен бір мезгілде қолданғанда азаяды.

В12 витаминінің абсорбциясы колхицинмен, этанолмен және неомицинмен бәсеңдейді. Ішілетін бигуанидті диабетке қарсы препараттар және р-аминосалицил қышқылы, сондай-ақ хлорамфеникол және С витамині бұл витаминнің абсорбциясын нашарлатады.

Айрықша нұсқаулар

Қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігі мен стенокардияның ауыр және жедел түрлерімен ауратын науқастар препаратты аса сақтықпен қабылдауы қажет.

Осы дәрілік заттың құрамында қосымша зат ретінде лактоза болғандықтан лактоза жеткіліксіздігі бар, галактоземиясы немесе мальабсорбцияның глюкозалық/галактозалық синдромы бар науқастарға ұсынылмайды.

Препараттың құрамына бидай крахмалы кіретіндіктен глютен энтеропатиясы бар науқастар қабылдамайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Мәліметтер жеткіліксіз болғандықтан жүктілік және лактация кезеңінде препаратты тек қажеттілік туса ғана қабылдайды.

Дәрілік заттың көлікті жүргізу немесе қауіпті механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препарат көлік жүргізу және техникамен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Белгілері: жүйкелік қозу, тахикардия, жүрек тұсындағы ауыру сезімі.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді енгізу, симптоматикалық заттарды қолдану. Изониазид В6 витаминінің у қайтарғысы болып табылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты каптамаға немесе поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты каптамаға немесе қабырғалы поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты каптамаға 10 немесе 30 таблеткадан салынған.

10 таблеткадан 3 пішінді ұяшықты каптама немесе 30 таблеткадан 2 пішінді ұяшықты каптама мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Балканфарма-Дупница АД

2600, Дупница қ-сы, Болгария

Самоковский тас жолы к-сі, №3

тел.: +359701 58196, факс: +359701 58555

Тіркеу куәлігінің иесі

Балканфарма-Дупница АД, Болгария

Тұтынушылардан өнімнің сапасы жөнінде түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қаласындағы «Актавис Интернешнл Лтд.» өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Мұқанов к-сі, 241, 1-ші кеңсе

Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31, 313 74 32;

Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com

 

Прикрепленные файлы

717266911477977044_ru.doc 70 кб
242121281477978227_kz.doc 78 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники