Неодекс®

МНН: Дексаметазон, Неомицин
Производитель: ЛеКос ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дексаметазон в комбинации с противомикробными препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013313
Информация о регистрации в РК: 26.12.2014 - 26.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

НЕОДЕКС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көз, мұрын және құлақ тамшылары 5 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар:

дексаметазон натрий фосфаты түрінде 1 мг дексаметазон,

неомицин сульфаты түрінде 5 мг неомицин

қосымша заттар: динатрий фосфатының додекагидраты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе сары мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Офтальмологиялық және отологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Глюкокортикостероидтар микробқа қарсы препараттармен біріктірілімде. Дексаметазон микробқа қарсы препараттармен біріктірілімде

АТХ коды S03СА01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Офтальмологияда және оториноларингологияда жергілікті қолдануға арналған бактерияға қарсы және қабынуға қарсы әсер ететін біріктірілген перпарат.

Конъюнктивальді қалтаға тамызғаннан кейін дексаметазон мөлдір қабық эпителийі мен конъюнктиваға жақсы енеді; мөлдір қабықта, көздің алдыңғы камерасында және шыны тәрізді денеде ең жоғары емдік концентрациясына тамызғаннан кейін 90-120 мин соң жетеді және 4-8 сағат бойы сақталады. Көз, мұрын, құлақ ауруларын жергілікті емдегенде дексаметазон жүйелік қан айналымына елеусіз сіңіріледі. Конъюнктивальді қалтаға тамызғанда неомицин іс жүзінде қанға сіңбейді және мөлдір қабық стромасында, алдыңғы камера ылғалында, шыны тәрізді денеде 6 сағат бойы сақталады.

Неомицин метаболизденбейді, шумақтық сүзілу жолымен өзгермеген күйде, несепте жоғары концентрацияға жете отырып, бүйрек арқылы шығарылады. Экскреция жылдамдығы емделушінің жасына, бүйрек функциясы мен қатар жүретін патологиясына байланысты болады. Бүйрек функциясы қалыпты ересектерде неомициннің жартылай шығарылу кезеңі 2-4 сағатты, балаларда - 2,5-4 сағатты құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде жартыдай шығарылу кезеңі 70 сағат және одан астамға дейін ұзаруы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Неодекс® препаратының емдік әсері дексаметазонның қабынуға қарсы әсерімен және неомицин антибиотигінің бактерияға қарсы әсерімен қамтылған.

Неомицин – Streptomyces fradiae өндірілген аминогликозидтер тобының антибиотигі. Микробты жасушаларда ақуыз синтезін бұза отырып бактерицидті әсер етеді. Бактерияға қарсы кең ауқымда әсер етеді. Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumonie, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Haemophilus influenzae, Proteus spp., Shigella spp қоса, көптеген грамоң және грамтеріс микроорганизмдеге қатысты белсенді; Pseudomonas aeruginosa және стрептококктарға қатысты белсенділігі аздау; патогенді зеңдер, вирустар, анаэробты флораларға қатысты белсенді емес. Неомицинге микроорганизмдер төзімділігі баяу және аз ғана дәрежеде дамиды.

Дексаметазон – глюкокортикостероид, минералокортикоидты белсенділігі жоқ. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және десенсибилизациялағыш әсер етеді. Жергілікті қолданған кезде қышынуға қарсы және тамыр тарылтатын әсері бар. Қабыну медиаторларының эозинофилдермен бөлінуін, жуан жасушалардың көшуін бәсеңдетеді және қылтамырлар өткізгіштігін азайтады. Гиалуронидаза, коллагеназа мен протеазалар белсенділігін тежейді.

Дексаметазонның неомицинмен біріктірілімі жұқпа үдерісінің даму қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қолданылуы

  • жедел және созылмалы бактериялық блефаритте

  • жедел және созылмалы бактериялық конъюнктивитте

  • аллергиялық конъюнктивитте

  • кератитте (эпителий зақымдануынсыз)

  • жедел және созылмалы бактериялық ирит және иридоциклитте

  • операциядан кейін көздің алдыңғы бөлігі қабынуының алдын алуда (эпителий бүтіндігі сақталған кезде)

  • жедел және созылмалы сыртқы отитте

  • сыртқы құлақтың жұқпалы-аллергиялық ауруларында

  • гайморитте, синуситте

  • ринитте (этиологиясы әртүрлі, асқынған бактериялық жұқпалар).

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолдану ұзақтығы зақымданудың типі мен емдік жауабына байланысты болады.

Ересектерге ауыр емес жұқпа үдерісінде конъюнктивальді қалтаға әр 4-6 сағат сайын 1-2 тамшыдан тамызады.

Ауыр жұқпа үдерісінің дамуы жағдайында препаратты қолдану жиілігін күніне 4-6 рет 1-2 тамшыға дейін біртіндеп төмендете отырып, күні бойы 1-2 сағаттық аралықпен 1-2 тамшыдан конъюнктивальді қалтаға тамызады.

Созылмалы қабынуда 1 тамшыдан күніне 2 рет.

Құлаққа: Препаратты қолданар алдында сыртқы есту жолын мұқият тазалап, тампонмен сүрту қажет. Ұсынылатын бастапқы доза 3-4 тамшыдан күніне 2-3 рет немесе препаратқа малынған мақталы тампонмен қою керек.

Оңды нәтижеге қол жеткізгеннен кейін дәрінің дозасын толық сауыққанға дейін біртіндеп азайтуға болады.

Тамшыларды құлаққа енгізер алдында жағымсыз сезімді болдырмау үшін құтыны қолда ұстап отырып жылыту ұсынылады.

Мұрынға: әрбір мұрын жолына 2-3 тамшыдан күніне 3-4 рет.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- күйдіру, көзден жас ағу, қышыну және қабақтың ісінуі, конъюнктиваның қызаруы

- кейіннен глаукома даму қаупі бар көзішілік қысымның жоғарылауы, соның нәтижесінде көру жүйкесіне тән зақымданулар нәтижесінде, көру өрісінің бұзылуы

- артқы субкапсулярлық катарактаның түзілуі

- жаралар жазылу үдерісінің баяулауы (мөлдір қабық немесе ақ қабықтық жұқаруын туындататын ауруларда, стероидты препараттарды жергілікті қолданғанда фиброзды қабықтың тесілуі мүмкін)

- салдарлы (зеңдік немесе вирустық) жұқпаның дамуы

- отоуыттылық (аминогликазидтермен бір мезгілде қолданғанда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • Herpes simplex немесе Varicella zoster (ағаш тәрізді кератитте) вирусы туындатқан кератитте

  • желшешек және көз бен құлақтың басқа да вирустық аурулары

  • көз бен құлақтың зеңдік аурулары

  • туберкулез

  • мөлдір қабықтан бөгде денені асқынбай жойылуы

  • конъюнктиваның, қабақтың іріңді жұқпалары

  • мөлдір қабық эпителийі бүтіндігінің бұзылуы және склераның жұқаруы

  • дабыл жарғағының жұқпалы немесе жарақатты зақымдануы

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа офтальмологиялық тамшылармен үйлестіре пайдаланғанда тамызулар арасында кем дегенде 10 минут аралықты сақтау қажет. Неомицинді жүйелік аминогликозидтік антибиотиктермен (мономицин, стрептомицин, гентамицин, амикацин, нетилмицин, ванкомицин) бір мезгілде жергілікті тағайындағанда нефро- және отоуыттылықтың күшею қаупіне байланысты қан сарысуында препараттың жалпы концентрациясын бақылап отыру керек. Аминогликозидтер нейробұлшықеттік берілісті нашарлатуға қабілетті, сондықтан анестетиктермен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Фармацевтикалық үйлесімсіздік аминогликозидтер және эритромицин немесе хлорамфеникол біріктірілімінде болады. Дексаметазонды иодоксуридинмен ұзақ уақыт қолдану мөлдір қабық эпителийінде деструктивтік үдерістердің күшеюіне әкеледі. М-холиноблокаторлармен (антигистаминдік препараттар, үшциклді антидепрессанттарды қоса), нитраттармен бір мезгілде тағайындау көзішілік қысымның жоғарылауы дамуына ықпал етеді. Неомицинге аллергия кезінде антибиотиктер – аминогликозидтермен айқаспалы аллергия болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты нақты диагноз белгіленген және шығу тегі вирустық және зеңдік қабынудың бар-жоғы анықталғаннан кейін ғана қолдануға болады.

Басқа аминогликозидтермен бір мезгілде қолдануға жол берілмейді.

Сақтықпен: егде адамдардағы ото- және нефроуыттылық қаупі. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде препараттың жинақталуы мүмкін. Емдеу кезеңінде шумақтық сүзілуді әрбір 3 күнде бақылап отырған жөн. Катаракта, глаукома кезінде сақтықпен қолдану керек. Құрамында глюкокортикостероидтар бар препараттарды 7 күннен артық қолданғанда көзішілік қысымды және мөлдір қабықтың жағдайын ұдайы бақылап отырған жөн.

Неодекс® препаратымен емдеу кезеңінде жұмсақ жанаспалы линза тағуға рұқсат етілмейді. Қатты линза пайдаланғанда тамызар алдында оларды шешіп қойып, препаратты тамызғаннан кейін 15-20 минуттан соң қайтадан кию керек

Тамшылатқыш ұштығы мен ерітіндінің ластануынан сақтану үшін тамшылатқыш-құтының ұштығын беткейлерге тигізбеу қажет. Қолданғаннан кейін құтыны жауып қойыңыз.

Педиатрияда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға дәрілік заттың тиімділігі мен қауіптілігі жөнінде деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты тамызғаннан кейін ашыту және көзден жас ағу мүмкіндігін ескере отырып, оны тікелей көлік құралын басқару немесе механикалық құралдармен қызмет көрсетуі алдында қолдану ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпақпен герметикалық тығындалған полиэтилен тамшылатқыш-құтыға құйылған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 оС-ден 25оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақталу мерзімі - 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ЛеКос» ЖШС

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

e-mail: lecos1@mail.ru; www.lecos.kz

Прикрепленные файлы

467727721477976571_ru.doc 60 кб
923885041477977733_kz.doc 68.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники